Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 12 желтоқсан 2013 жыл №



Дата24.02.2016
өлшемі28.79 Kb.
#17136

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ




12 желтоқсан 2013 жыл №___



2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №___ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №___ болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 17 668 641 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 13 866 863 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 26 484 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 673 109 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 3 102 185 теңге;



  1. шығындар – 17 497 641 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 171 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 171 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.


  1. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 23,6 пайыз;

әлеуметтік салық – 23,6 пайыз.

3. Бюджет қаражаты есебінен, селолық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

4. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен дамытуға арналған, жалпы сомасы – 3 102 185 мың теңге жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

5. Қала әкімдігінің резерві 20 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

6. 4 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2014 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

7. 5 қосымшаға сәйкес 2014 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

8. 6 қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы бойынша 2014 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

9. Қалалық мәслихат аппаратының басшысына (Д. Тлегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде тіркелгеннен кейін ғаламтор-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

10. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет сурағы бойынша комиссиясына (С.Кутеповқа) жүктелсін.

11. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың

хатшысы

Ж. Жолдасбаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

______________А. Ким



«___» желтоқсан 2013 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет