Жоба Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы



Дата26.02.2016
өлшемі25.37 Kb.
#26583

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ




2015 жылғы 25 тамыз №33/306



Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы

23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017

жылдарға арналған қалалық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2568 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №5-6 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 23 818 493 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 14 154 070 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 151 900 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 375 350 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 5 137 173 мың теңге;



  1. шығындар – 21 391 253,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 571 280 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 571 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 37 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 37 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 181 040,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 181 040,3 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 7 571 280 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 537 500 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 147 260,3 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.

Сессия төрайымы Қалалық мәслихат

хатшысы МММ

Ж. Үмбетова М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



2015 жылғы 25 тамыз




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет