«атфбанкі» АҚ ипотекалық несиелер қоржынының актив операцияларының және кұрылымының талдауы



Дата24.02.2016
өлшемі197.26 Kb.
#17138
Айдосова Б.Х.

э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«АТФБанкі» АҚ ипотекалық несиелер қоржынының актив операцияларының және кұрылымының талдауы
Ипотеканы алу - әрбiр отбасының бiрiншi кезектегi қажеттiлiгi. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың дәстүрлi сұлбасы, өткен кеңестiк тұрғын үй қаржыландыру жүйесiнiң бiр бөлiгi сияқты, мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бюджеттiк ресурстарын орталықтандырылған бөлу үшiн және оны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға кезекте тұрған азаматтар арасында ақысыз бөлу болды. Бұл сұлба Қазақстан тәуелсiздiк алу және нарықтық экономикаға өту кезеңiнде өзiнiң дәрменсiз екенiн көрсеттi.

Құрылысқа бюджеттiк қаржыландырудың және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудiң қысқаруы жағдайында тұрғын үй алудың негiзгi көзi халықтың жеке меншiктi қаржысы болып отырғанда, сонымен қатар, банк несиелерi, дүниежүзiндегi экономикасы дамыған елдердiң көпшiлiгiнде болатын. Бұл жағдайда құнсыздану әсерiне аз ұшырайтын және өз кезiнде қайтаруға ең көп қамтамасыз етiлген тұрғын үй құрылысына халыққа ұзақ мерзiмдi несие қажеттiлiгi обьективтi туады.

Мiне, осы талапқа тауарлы-материалдық құндылықтар кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық несие жауап бередi. Көптеген шетел мемлекеттерiнiң тәжiрибесi мемлекеттiк саясатты дұрыс ұйымдастырып және ойланып жүргiзуде, ипотека тұрғын үй нарығының қызмет етуiн маңызды дәрежеде анықтайтын және қамтамасыз ететiн, өзiн өзi қаржыландыратын жүйеге ауысады. Сөйте тұра, халық жағынан төлеу қабiлеттiлiгi сұранысының тез кеңейюi есебiнен жаңа құрылыс белсендi бола бастайды, құрылыс материалдарын шығару өседi, арнаулы техникалар, жаңа архитектуралық жобалар пайда болады, экономиканың көптеген салаларының дамуы тездетiледi.

Енді қазақстандық ипотекалық несиелеудің құрылымдық қоржынының соңғы үш жылдағы өзгерісін қарастырып өтейік (1-кесте).

2011 жылы ипотекалық несиелердің жиынтық көлемі 124,9 млрд.тенгені құраған және оның сыйақы ставкалары 11,5%-ды құраған, 2012 жылы -171,5 млрд. тенге және сыйақы ставкалары 11,9%. Ал 2013 жылы -219,2 млрд.тг. және 11,5%-дық сыйақы ставкалары болды. Осылайша ипотекалық несиелеудің көлемінің өсуі 2012 жылы 37,4%, ал 2013 жылы – 28%-ды құраған

Кесте 1


Банктердің азаматтарға тұрғын үй салуға жəне сатып алуға (ипотекалық несиелер) берген кредиттері жəне олардың сыйақы ставкалары

Млрд. тенге



Көрсеткіш атауы

2011

2012

Ауытқуы

2012/2011%



2013

Ауытқуы 2013/2012 %

Көлемі

%

Көлемі

%

Көлемі

%

Барлық кредиттер

124 901

11,5

171 552

11,9

37,4

219 265

11,5

28,0

Үлесі,%

100,0

-

100,0

-

-

100,0

-

-

оның ішінде:

























Ұлттық валютада:

117 485

11,4

166 563

11,9

42,0

214 332

11,5

29,0

Үлесі,%

94,1

-

97,1

-

-

97,8

-

-

қысқа мерзiмдi

1 290

12,6

1 631

11,8

26,4

2 148

11,7

32,0

Үлесі,%

1,1

-

1,0

-

-

1,0

-

-

ұзақ мерзiмдi

116 194

11,4

164 931

11,9

42,0

212 184

11,5

29,0

Үлесі,%

93,0

-

96,1

-

-

96,8

-

-

Шетел валютасында :

7416

12,9

4 990

13,1

-33,0

4 933

12,7

-1,1

Үлесі,%

5,9

-

2,9

-

-

2,2

-

-

қысқа мерзiмдi

76,9

10,8

81

10,1

5,3

291

10,4

3,6 есе

Үлесі,%

0,1

-

0,1

-

-

0,1

-

-

ұзақ мерзiмдi

7339,1

12,9

4 908

13,1

-33,1

4 643

12,9

-5,4

Үлесі,%

5,8

-

2,8

-

-

2,1

-

-

Е С К Е Р Т У- кесте [ 1-2] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Талданып отырған бүкіл кезең ішінде ипотекалық несиелердің жиынтық қоржынында алдыңғы орынды ұлттық валютамен берілген ұзақ мерзімді несиелер алды: 2011 жылы олардың үлесі 93% (немесе 116,1 млрд. тенге), 2012 жылы – 96,1% (немесе 164,9 млрд. тенге), ал 2013 жылы – 96,8% (немесе 212,1 млрд. тенге). Берілген несиелердің өсімі 2012 жылы 42%, 2013 жылы – 29%-ды құраған.

Ипотекалық несиелеудің жиынтық құрылымындағы екінші орынды шетел валютасы түрінде берілген ұзақ мерзімді несиелер алып отыр: олардың үлесі 2011 жылы 5,8% (немесе 7,3 млрд. тенге), 2012 жылы – 2,8% (немесе 4,9 млрд. тенге), яғни алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 33,1% - ға кемігендігін көрсетеді. ал 2013 жылы – 2,1% (немесе 4,6 млрд. тенге), яғни 2012 жылдағы көрсеткіштен 5,4% кемігендігін көрсетеді.

Ипотекалық несиелеудің жиынтық қоржынындағы үшінші және төртінші орында ұлттық валютадағы және шетел валюталарындағы қысқа мерзімді несиелер алып отыр. Орташа есеппен алғанда аталған несиелердің үлес салмағы:

-теңгемен берілген қысқа мерзімді несиелер-1%, және соңғы екі жылдағы өсімі-29,2 %-ды құрап отыр;

- шетел валютасы түрінде берілген қысқа мерзімді несиелер – 0,1% және олардың өсімі 2012 жылы 5,3%ды құраған, 2013 жылы аталған несиелердің көлемі 4 есе ұлғайған.

АТФ Банк несие қоржыны құрылымының талдауын жасайық (2-кесте).

2-кестеден көріп отырғанымыздай банктің несие қоржынының құрылымында талданып отырған кезең ішінде корпоративті клиенттерге берілген несиелердің үлес салмағы жоғары екендігін байқауымызға болады: 2011 жылы олардың үлесі 84,5% (немесе 805,4 млрд. тенге), ал 2012 жылы – 82,5% (немесе 710,1 млрд. тенге), 2013 жылы – 84% (немесе 707,8 млрд. тенге). Осылайша берілген несиелердің көлемі соңғы екі жылда 12% және 0,3%-ға кеміп отыр.

Өз кезегінде корпоративті несиелер құрылымындағы үлкен үлесті ірі корпорацияларға берілген несиелер алып отыр, олардың үлесі 2011 жылы 60,9% (немесе 580 млрд. тенгеден артық), 2012 жылы – 58,7% (немесе 505,5 млрд. тенге), ол өткен жылғыдан 13% кем, 2013 жылы – 60,8% (немесе 512,3 млрд. тенге), яғни 2013 жылғы көрсеткіштен 1,3% артық болып отыр.

Орта және шағын бизнес кәсіпорындарына берілген несиелер үлесі 2011 жылы 23,6% (немесе 225,4 млрд. тенге), ал 2012 жылы – 23,8% (немесе 204,5 млрд. тенге), 2013 жылы – 23,2% (немесе 195,4 млрд. тенге). Осылайша соңғы жылдары аталған несиелердің көлемі 9,3% және 4,4%-ға төмендеген


Кесте 2

«АТФ Банкі» АҚ несие қоржының құрамы мен құрылымы

Млн. тенге

Көрсеткіш атауы

2011

2012

Ауытқуы

2012/


2011,

%


2013

Ауытқуы 2013/

2012,


%

Көлемі

Үлесі

%


Көлемі

Үлесі%

Көлемі

Үлесі%

КОРПОРА-ТИВТІК КЛИЕНТТЕР-ГЕ БЕРІЛГЕН НЕСИЕ

805 487,6

84,5

710 105,1

82,5

-12,0

707 832,8

84,0

-0,3

Ірі кәсіпорындарға берілген несие

580 017,8

60,9

505 565,5

58,7

-13,0

512 384,0

60,8

1,3

Шағын және орта кәсіпорындарға берілген несие

225 469,8

23,6

204 539,6

23,8

-9,3

195 448,8

23,2

-4,4

БӨЛШЕК КЛИЕНТТЕР-ГЕ БЕРІЛГЕН НЕСИЕ

147 623,2

15,5

150 742,8

17,5

2,1

134 828,6

16,0

-11,0

Ипотекалық несие

80 677,4

8,5

76 944,8

8,9

-5,0

55 160,7

6,5

-28,3

Тұтыну несие

65 184,1

6,8

71 421,8

8,3

10,0

77 311,1

9,2

8,2

Автокөліктер сатып алуға арналған несилер

1 761,7

0,2

2 376,2

0,3

35,0

2 356,8

0,3

-1,0




953 110,8

100,0

860 847,9

100,0

-10,0

842 661,3

100,0

-2,1

Несиелерді

қамсыздандыру резервтер



(260 915,7)

(27,4)

(275 477,7)

(32,0)

6,0

(284 449,4)

(33,8)

3,3

КЛИЕНТТЕРГЕ БЕРІЛГЕН НЕСИЕ

692 195,1

72,6

585 370,2

68,0

-15,4

558 211,9

66,2

-5,0

Е С К Е Р Т У- кесте [ 3-4] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Банк несие қоржыны құрылымындағы екінші орында жекелеген бөлшек клиенттерге берілген несиелер алып отыр, олардың үлесі 2011 жылы 15,5%-ды құраған (немесе 147,6 млрд. тенге), 2012 жылы – 17,5% (немесе 150,7 млрд. тенге), 2013 жылы – 16% (немесе 134,8 млрд. тенге).осылайша 2012 жылы біз аталған несиенің 2,1-ға өсуін және, 2013 жылы – 11%-ға кемігендігін байқауымызға болады.

Бөлшек несиелер ішінде өз кезегінде 2011 және 2012 жылдары басты орынды ипотекалық несиелер алып отырды. Олардың үлесі 8,5% (немесе 80,6 млрд. тенге) және 8,9% (немесе 76,9 млрд. тенге)құраған. 2013 жылы бөлшек несиелер құрылымында ипотекалық несиелер үшінші орынды иеленіп 6,5% (немесе 55,1 млрд. тенге) құраған. осылайша соңғы екі жылда ипотекалық несиелер көлемі 5% және сәйкесінше 28,3%-ға кеміген.

Несие қоржыны құрылымында тұтынушыдық несиелер үлесінде 2011 жылы 6,8% ( немесе65,1 млрд. тенге), 2012 жылы – 8,3% (немесе 71,4 млрд. тенге), 2013 жылы – 9,2% (немесе 77,3 млрд. тенге). Тұтынушылық несиенің соңғы екі жылдағы өсімі 10% және 8,2%-ды құраған.

Автонесие үлесіне 2011 жылы 0,2% (немесе 1,7 млрд. тенге)кеген, 2012 жылы – 0,3% (немесе 2,376 млрд. тенге), 2013 жылы – 0,3% (немесе 2,356 млрд. тенге). 2012 жылы аталған несие боынша өсім 35%, 2013 жылы олардың көлемі 1%-ға төмендеген.

2011 жылы провизияларды есептегенге дейінгі несиелер көлемі 953,1 млрд. тенге, 2012 жылы – 860,8 млрд. тенге, яғни өткен жылдан 10% кем, 2013 жылы – 842,6 млрд. тенге, яғни 2012 жылға қарағанда 2,1% кем.

Несиелерді құнсыздандыру резервтері 2011 жылы 260,9 млрд. тенге құраған (немесе несиенің жалпы көлемінің27,4%), 2012 жылы – 275,4 млрд. тенге (немесе 32%), 2013 жылы – 284,4 млрд. тенге (немесе 33,8%). Осылайша провизиялар көлемінің соңғы екі жылдағы өсімі 6% және 3,3%.

Жасалып отырған талдау нәтижесінде мынадай тұжырым жасауға болады:

- 2012 жылы банк клиенттеріне берілген несиелер 260,9 млрд. тенгеден 275,4 млрд. тенге (на 15,4%) дейін төмендеп кеткен, негізгі себебі корпоративтік несиелердің (на 12%) және ипотекалық несиелердің (5%) төмендеуі;

- в 2013 жылы несиелер көлемі 558,2 млрд. тенге (на 5%) төмендеген. Оның себебі шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берілген несиелер (4,4%ға ), ипотекалық несиелер ( 28,3%) автонесиелер (на 1%) төмендеуінде.

1-суретте банк несие қоржынының құрылымдық өзгерісі көрсетілген.

Сурет 1. «АТФ Банкі» АҚ несие қоржының құрылымы, %


3-кестеде банк ипотекалық несиелерінің сапалық құрылымы берілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, талданып отыған уақыт кезеңінде алғашқы позицияны мерзімі өтпеген несиелер құрап отыр. Олардың үлесі 2011 жылы 65% (немесе 52,4 млрд. тенге), 2012 жылы – 68,2% (немесе 76,9 ипотекалық несиелер құрылымында екінші орынды 360 күн астам мерзімі өткен несиелер иеленіп отыр, олардың үлесі 2011 жылы 18,9% (немесе 15,2 млрд. тенге), 2012 жылы – 22,8% (немесе 17,6 млрд. тенге), 2013 жылы – 34,5% (немесе 19 млрд. тенгеден астам). Осылайша мерзімі 1 жыл өткен несиелер талданып отырған уақыт ішінде 2012 жылы 16%, 2013 жылы – 8% артқан.

Банк ипотекалық несиелерінің құрылымында үшінші орынды 2011 жылы мерзімі 180-нен 360 күнге дейін өткен несиелер алып отырған. Олардың үлесі 6,3% (немесе 5,1 млрд. тенге), ал 2012 және 2013 жылы – мерзімі 30 күн немесе 30 күннен кем мерзімі өткен несиелер 3,4%-дық үлеспен (немесе 2,5 млрд. тенге) және 1,8% (немесе 990,9 млн. тенге), сәйкесінше алып отырған. Аталған несиелер көлемі 2013 жылы 3 есеге дейін азайған.
Кесте 3

«АТФ Банкі» АҚ ипотекалық несилердың сапа құрылымы

Млн. тенге

Көрсеткіш атауы

2011

2012

Ауытқуы

2012/2011,%



2013

Ауытқуы 2013/2012, %




Көлемі

Үлесі%

Көлемі

Үлесі,%

Көлемі

Үлесі,

%





ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ

80 677,4

100,0

76 944,8

100,0

-5,0

55 160,7

100,0

-28,3




- мерзімі өтпеген

52 403,7

65,0

52 459,7

68,2

0,1

32 107,6

58,2

-39,0




- 30 күн кемірек мерзімі өткен

2 578,9

3,2

2 584,6

3,4

0,2

990,9

1,8

-2,6 есе




- 30 – 59 күн мерзімі өткен

1 193,4

1,5

533,2

0,7

-55,3

522,8

1,0

-2,0




- 60 – 89 күн мерзімі өткен

1 130,3

1,4

814,7

1,1

-28,0

334,8

0,6

-59,0




- 90 – 119 күн мерзімі өткен

717,7

0,9

436,9

0,6

-39,1

341,3

0,6

-22,0




- 120 – 149 күн мерзімі өткен

1 145,1

1,4

243,6

0,3

-5 есе

249,8

0,5

3,0




- 150 – 179 күн мерзімі өткен

1 180,6

1,5

311,9

0,4

- 4 есе

282,6

0,4

-9,4




- 180 – 360 күн мерзімі өткен

5 118,1

6,3

1 911,3

2,5

-63,0

1 325,2

2,4

-31,0




- 360 күн астам мерзімі өткен

15 209,6

18,9

17 648,9

22,8

16,0

19 005,7

34,5

8,0




Е С К Е Р Т У- кесте [ 11-12] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Мерзімі өткен басқа да ипотекалық несиелердің орташа үлесі мынадай болды:

- 30-59 күн мерзімі өткен несиелер – 1,1%. Соңғы екі жылда олардың көлемі 55,3% және 2% ға кеміген;

- 60-89 күн мерзімі өткен несиелер – 1%. Соңғы екі жылда олардың көлемі 28% және 59% кеміген;

- 90-119 күн мерзімі өткен несиелер – 0,7%. Соңғы екі жылда олардың көлемі 39,1% және 22% кеміген;

- 120-149 күн мерзімі өткен несиелер – 0,7%. Соңғы екі жылда олардың көлемі 5 және 3% кеміген;

- 150-179 күн мерзімі өткен несиелер – 0,8%. Соңғы екі жылда олардың көлемі 4 есе және 9,4% кеміген.

Осылайшы, АТФ Банк ипотекалық несие қоржынын талдай келе жасаған тұжырымымыз: банк аталған қоржынды жақсарту үшін біршама тиімді жұмыстар атқаруда.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы банк секторының ағымдағы жағдайы. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша // http://www.afn.kz

2. Қазақстан Республикасы банк секторының ағымдағы жағдайы. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша // http://www.afn.kz

3. «АТФ Банк» акционерлік қоғамының 2012 жыл бойынша шоғырыландырылған қаржылық есептемесі // http://www.kase.kz



4. «АТФ Банк» акционерлік қоғамының 2013 жыл бойынша шоғырыландырылған қаржылық есептемесі // http://www.kase.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет