Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
оқушымен қарым-қатынастың болуы;
нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;
жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;
шығармашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыны (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;
дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;
дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.
Дарынды балаларды анықтау:
баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;
дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;
жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары;
түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: |