Әлеуметтік жұмыстың принциптері
Жоспар
Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Әлеуметтік педагогиканың мақсат міндеттері
Әлеуметтік педагогиканың объектісі, пәні.
Әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде сипаттау үшін оның объектісін және пәндерін анықтап алу қажет. Қазіргі күнде әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәнін анықтайтын төрт негізгі тұрғы бар.
Бірінші тұрғы - педагогикалық. Бұл тұрғының негізгі көзі, әлеуметтік педагогика- бұл педагогиканың бөлігі. Сондықтан да әлеуметтік педагогиканың объектісі және пәні объектісімен бірге және әлеуметтік пәнді анықтайды. Әлеуметтік педагогиканың объектісі- бала, пәні- баланың әлеуметтену заңдылығы.Педагоикалық тұрғыда әлеуметтік педагогика баланың қоғамға енуін , оның әлеуметтік дамуын зерттесе, ал педагогикалық тұрғыда қоғамның өзі қаралмайды, егер де қоғамда тәрбиелік потенциал болған жағдайда, балаға қоғам соншалықты нәтижелі әсер еткен жағдайда қаралады.
Екінші тұрғы - әлеуметтік. Әлеуметтік педагогика- бұл социологияның бөлігі. Сондықтан да объект анықталады. әлеуметтік педагогиканың объектісі- социум. әлеуметтік педагогиканың пәні- қоғамды әлеуметтендіруші күш. әлеуметтік тұрғыда әлеуметтік педагогика педагогикалық ортаға енеді. әлеуметтенуде және баланың әлеуметтенуіне көп көңіл бөлінбейді.
Үшінші тұрғы - әлеуметтік педагогикалық: әлеуметтік педагогика механикалыққа ауысады, басқа білім ғылымдары араласады, ең алдымен педагогика және социология. Бұл білімдер әлеуметтік педагогиканың терминдерімен, түсініктерімен өңделмейді, олар жеңіл түрде бір-бірімен байланысады. Сол уақытта осы тұрғыда «бала-орта» деген толық картина құрылады.
Төртінші тұрғы - қайта дүниеге келуші, жаңа-әлеуметтік педагогика, барлық негізгі тұрғыларды біріктіреді. (педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық тұрғылар).
әлеуметтік педагогикаға мыналар енеді: баланың педагогикалық-әлеуметтік дамуы, педагогикалық орта және әлеуметтік жұмыс педагогикасы. Бұл тұрғыдағы әлеуметтік педагогиканың объектісі- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы, пәні- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасқа заңдылығы.
Әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан шыға отырып, әлеуметтік педагогика ғылым ретінде негізгі функцияларға қатысты:
теориялық-таным функциясы: баланың әлеуметтік дамуы, жүйеленуі және білімді синтездеуі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы және өзара қарым-қатынас әсері.
қолданбалы: әлеуметтік қажеттілікті, баланың әлеуметтік педагогикалық шығармашылық технологиясын, әдістерін өңдеу;
гумандық функция: әлеуметтік педагогиканың құндылығы және бағыттылықты анықтау.
Баланың және қоршаған ортаның объект және пәні ретінде өзара күрделілігі әлеуметтік педагогикада әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен, соның ішінде бірінші орында қоғамдық ғылым және адам туралы ғылымының өзара күрделігін, тереңдігін анықтайды.Мысалы, әлеуметтік педагогика философиямен тығыз байланысты. әлеуметтік педагогиканың негізінде гуманисттік философия идеясы адамның үлкен құндылықтары туралы түсінік жатыр. әлеуметтік педагогикада философияның жан-жақты категорияларын түсіну қажет, адам туралы әлеумет, бостандық гуманизм, әлеуметтік әділеттілік. әлеуметтік педагогика тарихпен байланысты, ең алдымен қоғамның әлеуметтік құрылымдарының тарихы, білім мекемелерінің жүйелілік дамуы және әлеуметтік қызметтермен байланысты. Тарихи дамуды объект ретінде қарай отырып, әлеуметтік педагогиканың құбылысын және тенденциясын, заңдылықтарын ашады
Әлеуметтік жұмыс принциптері әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмектің тиімдңлңгңн қамтамасыз етеді. Принцип – бұл қандай да іс-әрекеттің жетекшілік ережесі, басты талап, негізгі идея. Әлеуметтік жұмыстың принциптері жалпы гуманитарлық құндылықтармен және метадеңгейдегі құндылықтармен анықталады Мысалы, адамның өмір сүруге құқысы, бостандық, теңдік, шындық, әлеуметтік жауапкершілік, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Осылардың негізінде қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауға талаптар қойылады.Осы негізде принциптердің бірінші тобы:клиентоцентризм, әлеуметтік қызметкердің клиенттің өзіндік күшіне арқа сүйеуі, конфиденциалдық, универсалдық, толеранттылық.Әлеуметтік жұмыс клиентті өзінің құндылықтар жүйеісінің орталығына қояды. Сондықтан, клиентоцентризм, яғни, әлеуметтік қызметтің клиентінің қажеттелектері, қызықғушылықтарын қорғау және сыйлау басты орында.
Достарыңызбен бөлісу: |