«Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылында мектепішілік өткізілген ата-аналар жиналысының
№4 хаттамасы. Өткізілген күні: 25.01.2024ж
Қатысқаны: 35 Қатыспағаны: - Тақырыбы: «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады»
Жаңа форматтағы ата-аналар сасабағының мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Міндеттері: 1) Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның зияткерлік қабілеттерін дамытуға әсері туралы идеяларды қалыптастыру;
2) Ата-аналардың балалар ойындары туралы дамытушылық іс-әрекет пен дамытушылық ойындардың түрлері, оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту;
3) Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: Ынтымақтастық, ата-ананың борышы, сыйластық, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, шығармашылық, ықыластылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Жоспар 1. Ойын балаларды дамыту құралы ретінде.
2. Интеллектуалдық ойындар және олардың балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға әсері.
3. Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық зияткерлік ойындар.
4. Отбасы мен мектептің баланың тапқырлығын, эрудициясын дамытуғы өзара әрекеті.
Қорытынды. Қорытындылау, тілек айту.
Күтілетін нәтижелер Соңында ата-ана мыналарды жасай алатын болады:
Отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;
Отбасы мен білім беру мекемесінің тиімді өзара әрекеті үшін шарттар: 1. Отбасы мен мектептің сенімді қарым-қатынасы, еріктілік;
2. Қарым-қатынастың ұзақ мерзімділігі ұстау
3. Екіжақты жауапкершілік қарау
Бастауыш сынып мұғалімдері: Н.С. Омарова Г. А. Сейтахметова А.Ж. Көбес М.Т. Аятова С.С.Адамбаева Т.Ж.Таймасова Ж.Ерболатқызы А.Е.Сагадиева Д.Б.Алламберген