Атмосфералық қысым. Жерге денелердiң тартылуы



Дата30.06.2016
өлшемі27 Kb.
#169072
Атмосфералық қысым. Жерге денелердiң тартылуы.

    Барлық денелер - үйлер, ағаштар, жануарлар, мұхиттар, теңiздер және көлдер мен өзендердiң сулары Жерге тартылады. Сiз жоғары секiрсеңiз де Жерге тартыласыз. Денелердiң жерге тартылуы оған кез келген дененiң оған қысым жасауы арқылы жүредi. Мысалы, столдағы кiтаптар, столға қысым жасайды; шелекке құйылған су оның түбiне қысым жасайды.

    Атмосфера да Жерге тартылады. Атмосфералық қысымның болуы XVII ғ.-дың ортасында Италияндық ғалым Эванджелиста Торричелли мынадай тәжiрибе жасау арқылы дәлелдедi. Ол бiр шетi жабылған ұзындығы 1 м. түтiктi алып, сынаппен толтырды. Оның бетiн тығындап, сынап толтырылған тостағанға салды. Түтiктегi сынап бағаны төмендей бастады, өйткенi сынап тостағанға құйыла бастады. Бiрақ сынап тостағаншаға толығымен төгiлген жоқ, сынап бағанасынан төмендеуi тоқтады. Нелiктен түтiктегi сынап толығымен тостағаншаға құйылған жоқ ?

    Тостағандағы сынапқа ауа қысым жасайды, сондықтан ол қысым сынапқа түтiктен толығымен құйылмауына әсер етедi. Бұл құралды сынап барометрi деп атады.Оның көмегiмен теңiз деңгейiнде түтiктегi сынап бағанасының биiктiгi 760 мм-ге тең екенi анықталды. Бұл қысымды қалыпты атмосфералық қысым деп атайды, оны сынап бағанының 760 мм деп атады (760мм. с. б.). Атмосфералық қысым төмен болса, сынап бағанасы төмен түседi, ал жоғары болса, оның биiктiгi де жоғарылайды.

    Москва теңiз деңгейiнен 120 метр биiктiкте орналасқан, оның қысымы 748 мм. с.б. тең. Сонымен атмосфералық қысым жергiлiктi биiктiкке байланысты өзгередi. Егер тауға шыққанда, атмосфералық қысым әр 10м - сайын 1мм-ге көтерiледi.

    Күн сайын сiз ауа райын тыңдайсыз. Атмосфералық қысымның шамасын да айтады. Оны арнайы құралдар арқылы өлшейдi. Олардың бiрi- барометр-анеройд (грекше «барос» ауырлық және «анероид» - сұйықсыз). Ол ауасы шығарылған металл қорапша. Атмосфералық қысым артқан сайын қорапша жиырылады, ол төмендегенде кеңейедi. Бұл өзгерiстер шкаладағы атмосфералық қысым мөлшерiн көрсететiн тiлшеге берiледi.



    Нелiктен атмосфералық қысымның мөлшерiн бiлу маңызды?    Бiрiншiден, атмосфералық қысым мөлшерiнiң өзгеруi - ауа райының өзгеруi туралы ескертедi. Егер атмосфералық қысым артса, ауа райы ашық болады, егер төмендесе бұлтты ауа райы, жаңбыр немесе қар жауу мүмкiн. Екiншiден, көптеген адамдарға атмосфералық қысым өзгеруi әсер етедi: оның артуы немесе төмендеуi әсерiнен көңiл-күйi бұзылады. Жерге ауа тартылып, оның бетiне және кез келген затқа қысым көрсетедi. Бұл қысымды атмосфералық деп атайды. Қалыпты атмосфералық қысым – 760 мм. с. б. тең. Ол барометрлер көмегiмен өлшенедi. Атмосфералық қысым теңiз деңгейi биiктiгiне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет