Әлемде АҚҚ көтерілуі көптеген маңызды проблемаға айналып отыр, және тек егде жастағы кісілерде емес, сондай – ақ, жастар арасында, оның ішінде жүкті әйелдер арасында кең етек жаюда. Сол себепті жүктілік кезіндегі гипертензивті бұзылыстар – денсаулық сақтаудағы бірден бір маңызды халықаралық мәселе болып табылады. Жүктілік кезіндегі гипертензивті бұзылыстар 5-20% дені сау әйелдерде, 25-70% жағдайда олар созылмалы артериялық гипертензияның ағымын асқындырумен байқалады. Әлемдік құрылымдағы ана өлімінің еншісінде преэклампсия 12% құрайды, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 30% жетеді. Қазіргі таңдағы дамушы елдерде преэклампсия перинаталды аурулар мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болса, ал дамыған елдердегі преэклампсиямен байланысты ана мен перинаталды өлім көрсеткіштері дамушы елдерге қарағанда едәуір төменді көрсетеді, яғни, бұл преэклампсияның асқынған түрін басқаруға болады дегенді куәлайды.
Гипертензия дегеніміз бір рет өлшегенде диастолалық қан қысымы 110 мм.с.б.б және одан жоғары болса немесе арасына 4 сағат салып екі рет өлшеу кезінде 90 мм.с.б.б және одан жоғары болса.