2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған"Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Оқу озаттарының шеруі.(көңілді музыка ойналады)
Дарындылар елдігімнің айғағы,
Дарындылар қаламыздың айбары.
Марқайтады намысы бар қазақты
Дарындының қанатын кең жайғаны.
1-жүргізуші: Жарайсыздар! Мектебіміздің мәртебесін әрқашан биікке көтере беріңіздер!
1-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2-жүргізуші:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны,
1-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
(Ортаға түлектер бүлдіршіндермен қол ұстаса шығады. Түлектер орындарына тұрады,бүлдіршіндер кетіп қалады)
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау салтанатының негізгі иелерін ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Оқушылар, түзеліңдер, тік тұрыңдар! Мектеп Туына теңеліңдер.
Мектеп Туы әкелінсін!
2-жүргізуші: 2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жарияланады.
(Гимн ойналады)
2-жүргізуші:
Ажырамай ұжымынан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
1-жүргізуші: Мектеп бітірушілердің құрметіне арналған салтанатты жиынды ашу құрметі мектеп директоры – Булатова Гулсара Қабылшақызына беріледі.
2-жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мейірің,
Енді аяңдап оларға да келейін!
Уақыт бөліп, бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Түлектерді құттықтау сөзі ---------------------------------------------------- беріледі.
Ән.
1-жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Сөз кезегі мектебіміздің 11 класс оқушысы, алтын белгіге үміткер Сүлеймен Әйгерімге беріледі.
-
11 класс оқушыларының әні («Ұстазым» Мерует,Айсұлтан)
1-жүргізуші: Өз ұстаздарын құттықтау сәтін түлектер асыға күтіп тұр. Олар өздерінің шәкірттік лебізін, шын көңілінен шыққан ән – жырларын сіздерге арнамақ, құрметті ұстаздар!
(11 класс оқушылары сөз алады).
-
Надира 1 класс оқушыларына кітап тапсырады
-
Ән «Қош бол мектебім» Гүлсезім, Мұрат, руслан, Айзат
1 –жүргізуші: Тіршілік тілін білетін,
Баланы шексіз сүйетін.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Тілегін күнде тілейтін.
Әкелер де асқар тау,
Аналар да бір жалғау.
Ешкімге тең келмейтін.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы
1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін құрметпен Құрманбаева Сәуле Ахметқалиқызын шақырамыз
-
Монолог. Қуанышбай Толқын.
2-жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді
Батылдықпен асыңдар сан белдерді
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті
Жақсы ізбен қуантыңдар елді енді.
1-жүргізуші: Мектептің айбынды да, айдынды белгісіндей болған қастерлі туымызды кейінгі ізбасарларымызға тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Ту тапсыру құрметі мектебіміздің түлегі Серікқалиев Қажымға ұсынылады. Қабылдау құрметі, мектебіміздің 10 класс оқушысы Орысбаев Санатқа беріледі.
2-жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен осы жылдың білім кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы «Алтын белгі» белгісіне
үміткер оқушыларымыз: Сүлеймен Әйгерім, Қандығұлова Гүлдана, Тоғжанова Дамира, Сүйеуова Мадина, «Үздік аттестат» үміткері- Жайшылықова Айнұр
кейінгі ізбасарлары, мектебіміздің 10 класс оқушылары, оқу үздіктері: Қорқытова Ақмерей, Жақсылық Ақтоты, Ерғалиева Аягөз, Елеусінова Ару, Шакимова Мадина, Орысбаев Санат, Есенғалиұлы Жандос, Таңатар Биғали, Ермағанбетова Айгерімге «Білім кілтін» тапсыруға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
-
(«Білім кілт» тапсыру сәті.)
1-жүргізуші:
Ашылып өмір бағы алдан
Қиялдың құсын ерттеп алып
Бұл күнге арман саналған
Жетерміз біз де ертең – ақ!
Соңғы қоңырау соғу сәті.
11кластан 1 ұл,1қыз,1кластан 1-ұл мен қыз бала шығады.
11 класс
Шарықтасын соңғы қоңырау сыңғыры
Жайқалсын даламыздың қыр гүлі.
Қосылсын түлектердің ән – жыры
Өсе берсін еліміздің ұл-қызы!
(4-еуі қол ұстаса қоңырау соғады)
Фонда жүргізушілер өлең оқиды:
2-жүргізуші: Ең соңғы қоңырау сыңғыры қымбат,
Бітірер түлекке соңғы үн қатшы.
Сәт сапар дегендей бітірер түлекке,
Ертеңін ойлатып тұрғандай тым нақты.
1-жүргізуші: Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
-
11 класс оқушыларының қоштасу вальсі
-
Көгершін мен шарлар ұшыру сәті.
2-жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаң да міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығармаңдар.
1-жүргізуші: Адам баласы еңбекпен есейеді, сондықтан еңбекті сүйіңдер. Жоғары сезім сұлулық пен жылулықты сақтай біліңдер, білім берген алтын ұя білім ордаң, киелі орын мектебіңді, аяулы ұстаздарыңды сыйлаңдар. Мектеп туын жоғары тұғырдан түсірмей ұстаңдар, жас түлектер! Арман – мақсаттарыңызға жетіңіздер, алдағы сындардан мүдірмей өтіп, қалаған мамандықтарыңның иесі болыңыздар.Талаптарыңыз оң болсын!
2-жүргізуші: Оқушылар, түзеліңдер,тік тұрыңдар! Мектеп Туына теңеліңдер! Мектеп Туы әкетілсін!
1-жүргізуші:
Арман ойын жеткізген тілектермен,
Қимас сезім туғызған жүректерден.
Қадамыңа сәттілік, ақ жол тілеп
Қоштасайық, жас талап түлектермен!
Мектеп түлектеріне ақ жол, сәт – сапар тілеп шығарып салайық.
-
(«Жас түлектерге тілек» әні).
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер! Мектебімізде әр жыл сайын тек қана білімді де тәрбиелі ұрпағымыз кһбейсін деген ниетпен бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына арналған салтанатты мерекені аяқтаймыз. Көріскенше күн жақсы болсын!
«Менің Қазақстаным!» атты әдеби – сазды кештің сценарийі
(Слайд-1)
Төлеген: Құрметті ән мен жыр сүйер қауым! Егемен еліміздің гиміне айналған «Менің Қазақстаным» атты ҚР-ң гимні авторларына арналған ән мен жырға толы әдеби-сазды кешті тамашалауға қош келдіңіздер!
(Слайд-2,3,4)
Ақмерей: Биылғы жыл ҚР-сы Гимнінің авторларының мерейтойларымен есімізде.
Ал, сен байқайсыңба, бір қызығы араларында 5 жыл айырмашылық бар. Бұл дегеніміз, тамаша сәйкестік емес пе?!
Төлеген: Иә, әрине. Сазгер Шәмші Қалдаяқов – 80 жаста.
Ақтоты: Ақын Жұмекен Нәжімеденов – 75 жаста.
Мейірхан: Ал Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев – 70 жаста!
(Слайд-5-6)
Ақмерей: Осыған орай мектебімізде күні кеше «Жас қалам» тобына мүшелікке қабылдау мақсатында дәстүрлі «Жас қалам шақырады!» фестивалі өтті. Бұл фестивалде 5-6 класс оқушылары өздерінің қабілеттерін шыңдап, бақтарын сынаған болатын.
Төлеген: Міне, бүгін сол талапкерлеріміздің үміті ақталатын кез де келіп жетті. Дәл бүгінгі кеште қазылар алқасы қорытындысын жариялайтын болды. Және бүгін де фестиваль тамаша кешке ұласпақ.
Ақтоты: Бүгінгі кешімізде вальс королі-Шәмшінің әні шырқалып, ақын Жұмекеннің жыры да оқылып, Елбасының өлеңдері де айтылатын болады.
Мейірхан: Сондай-ақ, Шәмші әндерін бәріміз де бірге шырқайтын боламыз.
(Слайд-7)
Ақмерей: «Шәкең туралы не айтып бере аласыз?» деген журналистке «өзі айтып берген бір оқиға есімі түсіп отыр» дейді,- актер Асанәлі Әшімов: «Әйгілі Моцарт төрт жасында «құлағым шулады да тұрады» деп, екі құлағын алақанымен басып, шыңғырып жылайды екен. Осыған ұқсас оқиға Шәмшінің де басынан өтіпті. Бір күні жатақханасында түнгі сағат екі шамасында бірдеңе жазып отырса, терезе жақтан құлағына сылдырлаған дыбыс естіледі. «Бұл не болды екен» деп , терезені ашса, ешкім жоқ дейді. Қайтып келіп отырса, әлгі дауыс және жалғасады. Терезені тағы ашып көреді, ештеңе жоқ. Сонда Шәмшінің мазасын алған музыканың құдіреті екен ғой! Жоғарыдан кеген дарын сол қалқан құлақ балаға қонып, ұйықтатпай жатқан екен де!» Сол жағдайдан кейін Шәмші қазіргі шоқтығы биік әндері – «Қайықта», «Ақмаңдайлым», «Ақ бантик» әндерін жазды.
(Слайд-8)
Төлеген: Әлемге әйгілі кемеңгер Мұхтар Әуезов: «Пәлі-і, мынау жиырмасыншы ғасырдың төбесінен тамшылап тұрған лирика ғой!..» деп жас сазгердің «Ақмаңдайлым» әніне өзгеден бұрын баға да берген.
Ақмерей: «Ақмаңдайлымды» кезінде кім атқанын білесің бе?
Төлеген: Әрине, оны иісі қазаққа танымал бұлбұл әншіміз – Роза Бағланова апамыз.
атайды. (Слайд-9)
(Слайд 10-11)
Ақмерей: Ендеше, дәл қазір, Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әнін 11 класс оқушысы Қалдығұлова Ақбөбектің орындауында қабыл алыңыздар!
(Слайд-12)
Ақтоты:
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі,
Менің елім, менің елім – гүл елі
Мейірхан:
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді-
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді,
Менің елім, менің елім – жыр елі!-
Ақтоты: Сахнаға ақын Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін оқуға балдырғандарымызды шақырамыз.
-
«Отан»-Есенаманов Алитшер – 4кл
-
«Қошлақ» - Қорқытов Нұрдаулет – 4 кл
-
«Туған жер» - Ешенқұлов Нұрдаулет – 4 кл
-
«Сенің, туған жер, деміңді бір алған» - Жұмағалиев Данияр – 4 кл
Ақмерей: Шәмші туралы
(Слайд-13) (видео ролик)
Төлеген: Шәмші Қалдаяқовтың туған жері, өскен ортасы және отбасы жөнінде---------дайындаған----------------- бейне материалына назар аударайық.
(Слайд-14)
Ақтоты: Ақын Мұхтар Шаханов Шәмші Қалдаяқовты былай деп еске алады: «Анам марқұм Ұмсын Айтбайқызы, 13 құрсақ көтерген, сол перзенттерінің менен өзгесі түгіл о дүниелік болып кетсе де, рухы мен үмітін құлатпаған дархан әрі қайсар адам еді. «Неше перзентіңіз бар?» - деп сұрағандарға: «Ұлым үшеу, үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншсы – Төлеген Айбергенов, кішісі – Мұхтар Шаханов», - дер еді. Анам Шәкеңді де, Төкеңді де өзгеше аналық парасатпен жақсы көрді. Ол екеуі де анам дегенде ішер асын жерге қоярдай құрметінен танған емес.
(Слайд-15-16)
Мейірхан: Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған ән «Кешікпей келем деп ең?!»
Орындайтын Өмірбаев Айбат. Қарсы алыңыздар!
(Слайд-17)
Ақтоты: Келесі тыңдайтын әндеріңіз Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған
«Дүнген қызы» әні. Бірге тыңдайық!
(Слайд-18)
Ақтоты:Жазушы, Шәмшінің досы-Қалаубек Тұрсынқұлов былай дейді: «Шәмші Шымкенттегі үйде тұрып жатқан. Біздің жігіттер ақша жинап, Шәмшіге пианино сатып алды, бірақ берейін десе, ешқандай реті жоқ. Содан Шәмшіге «Ел, туған жер туралы ән жазсаңшы» дедік. Ән туып жатса соны желеу етіп пианиноны сыйламақ ойымыз бар. «Арыс жағасынданың» ең алдымен әуені дүниеге келді. Содан кейін Мұхтар сөзін жазды. Комсомол комитетінің жиналысында осы ән алғаш орындалды. Біз де пианиноны тапсырдық»
(Слайд-19)
Мейірхан: Қазіргі орындалар ән – «Арыс жағасында». Сөзін жазған Мұхтар Шаханов.Орындайтын 8 клас оқушылары – Қорқытов Ақмерей және Жақсылық Ақтоты. Қарсы алыңыздар:
(Слайд-20)
Ақмерей: Адамзат адамзат атанғалы бері оған бір елі ажырамас баянды серік болып келе жатса да, сырын түгел алдыра қоймаған бір жұмбақ дүние - өлең.
Төлеген:
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып,
Көзін сулап, қалып еді қамығып.
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп-
Коңырқай ой маза бере емес түк.
Ақмерей:
Қоңырқайып жатыр алда жол әлі-
Кеудем кейде қоңыр жырға толады.
Қазақ қоңыр әнімен бесік тербетіп,
Өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.
Төлеген:
Қоңыр күпі, қоңыр дала,қоңыр үн...
Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен
Қоңсы қонғанқоңыр қызғаүйленгем.
Ақмерей:
Қоңыр – қоңыр күй тыңдап ем жасымда,
Шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоян жонға қоңыр ымырт түскенде
Қоңырқайып отырамын үстелге...
(Слайд-21) (Видеоролик)
Ақмерей: Ақын Ж. Нәжімеденовтің өмірбаянына қысқаша шолу жасаған Төлегеннің бейне материалына назар аударайық.
(Слайд-22)
Мейірхан: Ж.Нәжімеденов «Тамыр» монологы. Оқитын Кенганов Елнұр.
(Слайд-23)
Ақтоты: Жұмекен ақын шығармашылығында көтеріңкі, көңілді сарын – сирек кездесетін құбылыс. Оның юморы да, күлкісі де әдетте қоңыр мұңды, терең сырлы болып келеді.Табиғатынан асқан музыкант болып туған Жұмекен көбіне ішкі драматизмге тұнып тұрған шерлі күйлерді шебер орындар еді.
Мейірхан: Ақын Ж.Нәжімеденов Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Ахмет Жұбановтың бірнеше күйлеріне сөздер жазды.
Ақтоты: Құманғазының күйі «Қайран шешем». Орындайтын оркестр. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі-Каиров Саражадик Аманұлы. Мәтінін оқитын Қалдығұлова Ақбөбек:(Сахна сыртында Ж.Нәжімеденовтің «Қайран шешем» өлеңін оқып тұрады).
Мейірхан: Келесі тыңдайтын күйлеріңіз «Алатау».
(Слайд-24)
Ақмерей: Қазіргі сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың: «Шәке, әндеріңіз бірінен – бірі өткен керемет. Осының бәрі қай жағыңыздан шығып жатыр?» деген әзіл-шыны аралас сұрағына,Шәмші: «Бұл қасиеттің бәрі әжеммен келген. Әр әнімді шығарғанда әжемнің әлдиін есіме түсірем» деген екен.
Төлеген: Шәмші әндерінің ерекшклігі – ол жерге, елге, табиғатқа, мақтаға, күрішке, өзенге ән арнаса да махаббатпен байланыстырып отырған. Мәселен, «Сыр сұлу», «Егіз мақта», «Мойынқұмда», «Ақерке-АқЖайық», «Қарқаларым»... Осының бәріне аруларды қосып, махаббатпен ұштастырып жіберген. Шәмшінің құдіреттілігі де осында!
(Слайд-25)
Ақмерей: Төлеген Айбергеновтың сөзіне жазылған «Ақерке-Ақ Жайық» әні.Орындайтын Алданова Алтынай. Қабыл Алыңыздар!
Төлеген: Ортаға биге шақырамыз!
Ақмерей: Академик, профессор Рахманқұл Бердібаев: «Жүзден- жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, ән шығарғандардың бәрі бірдей әйгілі боп кете бермейтіні мәлім. Біреу жорға, біреу жортақ-әркім әліне қарай сілтемек.
Шәмші Қалдаяқов шашасына шаң жұқтырмайтын қазақ әнінің хас жүйрігі»,- десе.
(Слайд-26)
Төлеген: Ал, дарынды композитор Әсет Бейсеуов: «Ақиқатына келгенде, Шәмшінің Тәңір жаратқан таланты асқақ. Әсем қай атақ, қандай сыйлықтан да жоғары», - деп баға береді.
(Слайд-27)
Ақмерей: «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...» деп басталатын «Ана туралы жыры»- жалпылама ән емес, нағыз зар-мұңнан туған ән. Оның шығу тарихы былай. Жамшид Шәмші атанып, оның композиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде, оның ғазиз анасы қайта айықпастай кеселге ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін айқын сезген ол Алматыдағы Шәмшіні шақырады.
-
Балам,- дейді кіреуке тартқан көздеріне қос тамшы үйіріліп. – Бұл өмірден жас кеттім дмеймін, арманда кеттім деймін... Жазмыш маған келіннің қызығуын көруді, немесе сүюді бұйыртпады. Тағдыр солай да... Қайтейін?... Жалғыз тілеуім-сен аман бол... Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа кетсін. Бақытты бол, балам .
Төлеген: Ананың ақтық лебізін естігенде ғана Шәмші өзінің отызға тақалып қалғанын, ән соңында жүріп үйлі-жайлы болуды да еске алмағанын бір-ақ білді. Беттің ажары тайса да, көзінің нұры жоғала қоймаған анасы өзіне ұмсына қарағанда Шәмші бірден талай жасқа кері шегініп, өзін нәрестедей, сәбидей сезінген еді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, самсаған құстардың қанатын беріпті, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты. О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, ең асыл адамынан тыс өксіп жылап жібергенін сезбейде қалды.
-
Апа, қарыздармын саған... қарыздармын, апа! Сенің басыңа мавзолей орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әнінің ең сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын...деді Шәмші даусы үзілді-кесілді шығып, көз алдындағы бар дүние тұманға сүңгіп.
Ақмерей: Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уағидасын 1961 жылы орындады. Осы жылы «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән – қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді.
Төлеген: Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өлмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді...
Ақмерей: Бұл ән есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді...
Төлеген: Бұл аналар туралы гимн еді.
Ақмерей: Қазір «Ана туралы жырды» білмейтін бірде – бір қазақ жоқ десем мұным өтірік бола қоймас. Бұл, ән, тіпті, татар, башқұрт ағайындардың да төл әніндей болып кетті. Монғолиядағы қазақ мектептерінің оқушылары сабақ басталмастан бұрын алдымен Монғолдың мемлекеттік гимнін, сонан соң осы әнді айтады екен.
(Слайд-28-29)
Төлеген: «Ана туралы жыр» сөзі Ғафур Қайырбековтікі. Орындайтын Қалдығұлова Ақбөбек. Қабыл алыңыздар!
Ақтоты: Жұмекен Нәжімеденов өлеңдерінің құдіреті- сыршылдығында, сыршылдықтың құдіреті – шыншылдығында деп ұғғады. Ол тек шыншылдық қан өміолік болмыстың сырларына үңілте алар тереңдікті, замана келбетін жан-жақты қамти алар ауқымдылықты қамтамасыз ете алады деп ұғады.
(Слайд-30) «Светофор». Оқитын 8 класс оқушысы Ермағанбетова Айгерім
(Слайд-31)
Мейірхан: «Домбырам, саған». Оқитын 6 класс оқушысы Амангельдиева Назерке
Ақтоты: Дәулеткерейдің күйі «Жігер». Орындайтын 8 класс оқушысы Есенғалиұлы Жандос. Қабыл алыңыздар!
(Дэкко жанры) («Жігер» күйінің сөзін сахна сыртында оқиды?????)
(Хабар записі қосылады).
( Слайд-32) (Бөлек слайд)
Мейірхан: Алдарыңызға «Рухани әңгіме» бағдарламасымен «Хабар» теле арнасының жас жүргізушісі Көлдеева Дананы шақырамыз (Слайд қосылды).
Ару записі қосылады.
(Слайд-33)
Ақтоты: Ендігі кезек « Жас қалам» тобына үміткерлеріміздің тағатсыздана күтіп отырған фестиваль қорытындысына да келіп жетті. Сөз қазылар алқасында.
(Қазылар алқасы сөлейді)
(Слайд-34,35,36,37)
Мейірхан: «Жас қалам» тобына қабылданған жас қаламгерлеріміздің қаламы ұштала берсін! Жеңістеріңіз құтты болсын!
(Слайд-38)
Ақтоты: Бүгінгі жеңімпаз болған оқушыларымыздың құрметіне Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Қайдасың» әнін Ақерке мен Айымгүлдің орындауында қабыл алыңыздар.
Төлеген: Ахмет Жұбановты өзіне пір тұтатын Шәмші оның қызы Ғазизаны Мәскеудегі оқуын бітіріп, Алматыға қайта оралған шағында тұңғыш көргенде жазған әні. Ақаң секілді дүниеге бір-ақ рет келетін адамның тал шыбықтай бұралған қызын көріп, оған деген, тіпті өнерпаз қазақ қыздарына деген құрме,ті бірден оянған еді. Ғазиза пианино тартып, өзі шығарған музыкалық этюдтерді орындаған кезде сол бір шағын шығармалардан үлкен дүниенің көш басы сезіліп тұрған еді.
(Слайд-39)
Ақмерей: келесі тыңдайтын әндеріңіз Сабырхан Асановың сөзіне жазылған «Шынарым» әні.
(Слайд-40)
Төлеген:
Жаса, жаса, Жұмыр Жер!
Салмағыңа сай ұлға
Бір үміт бер күніне,
Тым құрыса айында.
Ақмерей:
Салмақты емес, сен салмақсызды ауырла,
Салмақты бас – дән болар,
Жел, байқап ес, жай ырға.
Талқыңа сал, о, тағдыр,
Саулығымды ал,
Санамды ал,
Туңған жерден тек мені – салмағымнан айырма!
Төлеген: Ақынның «Салмақсыздық» және «Салмақ» өлеңдерін оқуға 4 класс оқушыларыц Шакирбекова Аружан мен Айдарбек Абылайханды шақырамыз.
Ақтоты: Жұмекен Нәжімеденовтың «Күй кітабы» - қазақ поэзиясының әуенділігін танытудағы қыруар жаңалығын былай қойғанда төл әдебиетіміздің философиялық пайымдылығын тереңдете түскен санаулы шығармалардың бірі.
Әр күйдің астарында жатқан «жеңілдігі шабыттай, ауырлығы табыттай» құпия сырларды ашады.
(Слайд-41)
Ақтоты: «География сабағында оқушыларға Пасха аралын таныстыру» Оқитындар 6 класс оқшылары Болатов Асқар және Қазығұлова Динара
(Слайд-42)
Мейірхан: Жұмекен Нәжімеденов «Ұлым, саған айтам»
Оқитын 7 класс оқушысы Қалауов Бекнар
(Слайд-43)
Ақмерей: « Таудан құлап сылдырлап ағып жатқан бұлақ қандай әсем үн шығарады? Бұлаққа жағадан домалап келіп бір тас түсіп кетті... Өмірдің сұлулығын сүйетін жас қыздың ашық күлкісінде қаншалықты терең музыка бар. Сонан соң ең дәлірегі адам жанының қуаныш-сүйеніші, күйініш-кейісі, толғаныс-тебіренісі, жалпы сан алуан көңіл күй-теңдесі жоқ ғажайып, сырлы музыка! Адам болған соң күледі, мұңаяды, жылайды, қаһарланады – соның бәрін музыка тілімен жеткізуге болады». Бұл Шәмшінің өз сөзі.
(Слайд-44)
Төлеген: «Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері саналатын қосып жіберген еді. Содан да оны тұрғыластары: «қазақ вальісінің королі» деп құрметтеп, орынды мақтан етеді», - дейді халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов.
(Слайд-45)
Ақмерей:(Көрермендермен жұмыс) Сазгердің «Ақ бантик», Сыр сұлуы, Сыған серенадасы, Қуаныш вальсі, Кешікпей келем деп ең?!.
Төлеген: Ақ сұңқарым, Әнім сен едің, Бақыт құшағында, Қайықта, Мойынқұмда, Өмір-өзен, Бәрінен де сен сұлу т.б көптеген әндерінің әуездері әлі де халықтың құлағынды
Ақмерей: Бүгінгі кешіміздің Шәмшінің барлық әнін қамту мүмкін емес. Сондықтан да көрермендеріміздің де осы кешке деген үлестерін көргіміз келеді.
Шарты??????
(Слайд-46)
Ақтоты: 1990 жылы бұрынғы Қызылқұм ауданына «Отырар ауданы» деген тарихи ат берілді. Сол тойға арнап Шәмші «Отырардағы той» әнін жазады.
Ал бұл ән сазгердің соңғы туындысы еді.
(Слайд-47)
Достарыңызбен бөлісу: |