Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша



бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#2913
  1   2   3   4   5   6   7


Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша

2013 жылға қорытынды есеп

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, ТАПСЫРМАЛАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Бағыт: Экономика


Есепті кезең

2013 жылға

Іске асырылу кезеңі

2011 -2015 жылдар

Мекеме

«Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі




(Есепті жасауға және мониторинг жүргізуге жауапты органның атауы)


1. Мақсатқа қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлік

2013 жылға жоспар


Нақты


Орындалғаны жөнінде ақпарат


1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 1: өнеркәсіпті дамыту

1.НИ Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі


%

104,7

101,0

Нысаналы индикатордың орындалмау себебі – «Ақтөбе Темир –ВС» ЖШС тек 2013 жылдың қараша-желтоқсан айында 205,7 млн. теңгенің 140,0 мың тонна темір рудасын өндірді. Алуан түрлі қиыршық тас өндіретін «Иврус» ЖШС қиыршық тас зауыты өз қызметін тоқтатты.

Талап 1. Жоғары қосылған құнмен жаңа өндірістерді құру

1.1Өнеркәсіп өнімінің көлемі


млн. тг.


2000,0


1581,9

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары мыналар: «Ақтөбе Темир ВС» ЖШС, «Степное» ЖШС-нің қайта өңдеу цехтары, «Бадамша-Сервис» МКК. Ақтөбе Темир –ВС» ЖШС жыл ағымында қысқа мерзімді темір рудасын қазуына байланысты, өнеркәсіп өнімінің көлемі азайды. 2013 жылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1581,9 млн. теңгені немесе 101,0 пайызды құрады.

Талап 2. Өңдеу өнеркәсібін дамыту

1.2 Өңдеу өнеркәсібінің өнімін шығару көлемі

млн. тг.

1238


369,4

Жоспардың орындалмау себебі - түрлі қиыршық тас өндіретін «Иврус» ЖШС қиыршық тас зауыты өз қызметін тоқтатып, жабылуына байланысты болып отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда «Степное» ЖШС-нің қайта өңдеу цехтарының өнім өндірісі 245,7 млн. теңге құрап, 126,0 млн. теңгеге азайған.



1.3 Қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі

%

61,9

23,4


Қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің азаюына байланысты төмен болып отыр.

Қол жеткізу жолдары:

- «Қызыл қайың –Мамыт» ЖШС-мен 2015 жылы никель өңдейтін зауыт салу;

- «Степное» ЖШС-мен ұн зауытын салу;

- «Аруан» шаруа қожалығымен өт өңдеу цехын салу;

- «Жана тұрмыс» шаруа қожалығымен 500 бас ірі қараға репродуктор салу.
6. Талдау жазба
Өнеркәсіп
Есепті жылы аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1581,9 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 101,0 пайызды құрады. Аудан бойынша өнеркәсіп өндірісі «Ақтөбе-Темір ВС» ЕК» ЖШС (темір рудасын қазу,, тарту, жүктеу), «Степное» ЖШС-нің қайта өңдеу цехтары, «Ақжол-2» шаруа қожалығының сүт өңдейтін шағын зауыты болып табылады.

«Ақтөбе-Темір ВС» ЕК» ЖШС есепті жыл ішінде 140,0 мың тонна темір рудасын өндіріп, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, Магнитогорск металургиялық комбинатын қоса есептегенде және Қытай тұтынушыларына 290,5 мың тонна жіберді.

«Қызыл қайың Мамыт» ЖШС банкроттыққа байланысты өз қыметін тоқтатты.

«Степное» ЖШС- нің қайта өңдеу цехтары тамақ өндіру көлемін өткен жылға қарағанда 70,2 пайызға немесе 126,0 млн. теңгеге азайтты. Ет, ұн, шұжық өнімдерінің азайғаны байқалады.




Агроөнеркәсіп кешені

Атауы

Өлшем бірлік

2013 жылға жоспар


Нақты


Орындалғаны жөнінде ақпарат


1

2

3

4

5

Мақсат 2. агроөнеркәсіп кешенінің бәсекелесу қабілетін арттыру

2.НИ Ауыл шаруашылық өнімі өндірісінің нақты көлемінің индексі

%

103,7

113,9

2013 жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім 9050,7 млн. теңгені құрады.

Талап 1. АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2.1.Жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің (қызметінің) нақты көлемінің индексі

%

100,2

111,2

Жалпы өнімннен өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 4093,7 млн теңгені құрады

2.2 Жалпы мал шаруашылығы өнімінің (қызметінің) нақты көлемінің индексі

%

107,0

116,2

Жалпы өнімннен мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 4957,0 млн теңгені құрады

2.3 Жемшөп дақылдарының үлесін ұлғайту*

%

13,9

6,5

Мал басының азаюына байланысты, жем дақылдары алқабының көлемі қысқарды.

2.4Ет өндірісінің көлемін арттыру*

%

8,7

7,0

2013 жылы тірілей салмақта 6095,4 тонна ет өндірілді.

2.5Сүт өндірісінің көлемін арттыру*

%

3,7

3,5

2013 жылы 32,4 мың тонна сүт өндірілді.

2.6 Тұқымдық мал үлесін арттыру* (%)










Мал шаруашылығын дамытудың шешуші факторлары болып шаруашылықты асылдандыру жұмыстары саналады. Қазақтың ақбас сиырын өсіру жұмыстары «Степное» ЖШС мен «Саха» ЖШС-де қолға алынған. «Қосестек Агро» ЖШС-де кушум тұқымды жылқы өсіретін ферма құрылған. Қазақтың қатты жүнді еділбай қойын өсіру «Степное» ЖШС-де дамыған.

Мүйізді ірі қара

%

10,5

8,9

Жылқы

Қой, ешкі



%

%


7,9

21,7


12,4

10,3


Қол жеткізу жолдары:

-Азық түлік өнімдерімен толық өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін егін шаруашылығында өнімділікті арттыруға, егістік алқаптарды кеңейту және ылғал сақтағыш технология мен тамшылатып суару әдісін енгізумен қамтамасыз етілетін болады;

-Асыл тқұымды мал базасын дамыту мен генетикалық әлеуетін арттыру негізінде мал өнімдерін өндіруді ұлғайту есебінен мал шаруашылығы дамытылатын болады;

-Асыл тұқымды репродуктор құру және мал бордақылау алаңын салу;

-мал азығы дақылдарын егуді ұлғайту есебінен жеммен қамтамасыз ету;

-«Сыбаға» даму бағдарламасы арқылы мүйізді ірі қара басын көбейту.



Іс-шаралардың орындалуы





Іс-шара атауы

Аяқталу түрі

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі


Орындалуы жөнінде ақпарат


1

2

3

4

5

6

1

Отандық ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне тыңайтқыштардың құнын арзандатуға көмектесу (органикалық тыңайтқышты қоспағанда)

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 7,53 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

2

Тұқым шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарын дамытуға көмектесу (субсидиялау жолымен)

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 41,44 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

3

Ауыл шаруашылығында тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесу (субсидиялау жолымен) іріктелген (элиталық) тұқым

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

Республикалық бюджеттен 1,25 млн. теңге бөлініп игерілді.

4

Ауыл шаруашылығында тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесу (субсидиялау жолымен) 1,2,3 репродукция

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 6,5 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

5

Зиянды ағзалармен күресуге көмектесу, 020 Бағдарламасы бойынша

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 10,1 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

6

Көктемгі егістік және астық жинау жұмыстары маусымдарында қажетті жанар-жағармайлармен қамтамасыз ету (субсидия жолымен)

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

2013 жылы 92,4 млн.тенге бөлініп, игерілді

7

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруға жәрдемдесу

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

Республикалық бюджеттен 17,8 млн. теңге бөлініп игерілді.

8

Мал қорымдарының құрылысы (биотермиялық үңгірлер) және олардың таза ұсталуын қамта-масыз ету

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

2013 жылы қаражат бөлінген жоқ

9

Жануарлардың санитарлық сойылуын ұйымдастыру

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.

10

Энзоотикалық ауру жануарлар бойынша ветеринарлық шаралар жүргізіп, оларды сақтау мен тасымалдауды ұйымдастыру

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.

11

Эпиотизикаға қарсы іс-шаралар өткізуге көмек көрсету

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2011-2015

2013 жылы республикалық бюджеттен 26,47 млн. теңге қаражат бөлініп игерілді.

12

Ақтөбе қаласы және аудандарда ветеринарлық станция КМК құру (шаруашылық құқығын енгізу үшін)

Ақпарат

АШБ, аудан әкімі

2013

2012 жылғы 27 ақпандағы №37 Қаулыға сәйкес «Аудандық ветеринарлық станция» МКК ашылды.




  1. Ведомоствааралық өзара қатынасқа талдау




Атауы

Өзара қимыл талдауы

1

2

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіштері

Бірлесіп орындаушы - орган




Отандық ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне тыңайтқыштардың құнын арзандатуға көмектесу (органикалық тыңайтқышты қоспағанда)

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 7,53 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

Ауыл шаруашылығында тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесу (субсидия)

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 41,44 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

Ауыл шаруашылығында тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесу (субсидия) іріктелген тұқым

Республикалық бюджеттен 1,25 млн. теңге бөлініп игерілді.

Ауыл шаруашылығында тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесу (субсидия) 1,2,3 репродукция

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 6,5 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

Зиянды ағзалармен күресуге көмектесу 020 Бағдарламасы

АДБ бойынша облыстық бюджеттен 10,1 млн. теңге қаралған, бірақ 2013 жылы қаражат бөлінбеді.

Көктемгі егістік және астық жинау жұмыстары маусымдарында қажетті жанар-жағармайлармен қамтамасыз ету (субсидия жолымен)

Облыстық бюджеттен 92,3 млн.тенге бөлініп, игерілді

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруға жәрдемдесу

Республикалық бюджеттен 17,8 млн. теңге бөлініп игерілді.

Мал қорымдарының құрылысы (биотермиялық үңгірлер) және олардың таза ұсталуын қамта-масыз ету

2013 жылы қаражат бөлінген жоқ

Жануарлардың санитарлық сойылуын ұйымдастыру

2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.







Энзоотикалық ауру жануарлар бойынша ветеринарлық шаралар жүргізіп, оларды сақтау мен тасымалдауды ұйымдастыру

2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.

Эпиотизикаға қарсы іс-шаралар өткізуге көмек көрсету

2013 жылы республикалық бюджеттен 26,47 млн теңге қаражат бөлініп игерілді.

Ақтөбе қаласы және аудандарда ветеринарлық станция КМК құру (шаруашылық құқығын енгізу үшін)

2012 жылғы 27 ақпандағы №37 Қаулыға сәйкес «Аудандық ветеринарлық станция» МКК ашылды.







4. Сыртқы әрекеттесуді талдау


Сыртқы әрекеттесуді талдау және көрсеткіштерге қол жеткізуге олардың әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған сәйкесінше Іс-шаралар жоспарланды, алайда қаражаттардың жетіспеушілігімен байланысты, көрсеткіштерге нақты көрсетілген мөлшерде қол жеткізілмейді.





5. Қаражаттың игерілуі


Қаржыландыру көзі

2013 жылға жоспар, мың теңге

2013 жылға нақты, мың теңге

Игерілмеу себебі

1

2

3

4

Источник 1 местный бюджет

271,73

0

-

Источник 2 РБ

351,6

137,85

-












Итого

623,33

137,85

-


6. Талдау анықтама.

Қарғалы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы ауданның агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік қауіпсіздігін бірқалыпты дамытуға қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

Қарғалы ауданының ауыл шаруашылығы саласында бүгінгі таңда 129 шаруа қожалығы мен 11 заңды тұлға бар.

2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес, басты мақсат агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту, нысаналы индикаторларда көрсетілген көрсеткіштер АДБ-ның маңызды элементтері болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Қарғалы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен қыруар жұмыстар атқарылды. Алайда аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарында, бюджетте қаражат болмағандықтан орындалмайтын көрсеткіштер бар. Біздің тарапымыздан аудандық мәслихат отырысына қосымша қаражат бөлу жөнінде хаттар жолданды.

Өсімдік шаруашылығы саласында басым бағыттағы ауыл шаруашылығы дақылдарының (азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, бәсекеге қабілетті өнімдерді сыртқа шығаруды ұлғайту үшін) егістік алқабын кеңейту мақсатында «Степное», «Велиховка» ЖШС мен «Жосалы-Агро» АҚ-да құрылымдық және технологиялық жұмыстар жүргізу жалғасуда.

Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері мыналар:

-өсімдік шаруашылығында заманауи агротехнология мен жоғары өнім беретін тұқыммен жеткіліксіз қамтылуы;

-ауылшаруашылығы құрылымдарының техникалық паркінің физикалық және моралдық тозуы;

-мал шаруашылығында орта және ірі өндірістердің нашар дамуы, ірі көлемдегі селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуді, қолданытағы жайылымдарды тиімсіз пайдалану, малшаруашылық үдерістерінің төмен деңгейі дамуды тежейді;



-сапалы шикізат жоқтығынан қайта өңдеу деңгейінің төмендігі.



Мақсат 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті дамыту

3.НИ. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының өсу қарқыны

%

104,8

110

2012 жыл ішінде шағын және орта бизнестің 674 субъектісі тіркелді, оның ішінде 657 субъекті белсенді болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызды құрайды.

Талап 1. кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау

3.1. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны

бірлік


22

21

Есепті жылы – 4 ЖШС тіркелді, 2 ЖШС есептен шығарылды. Шағын бизнестің 30 субъектісінен 21 субъекті белсенді болып саналады, өткен жылмен салысчтырғанда 4 субъектіге артты.

3.2. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындар саны

бірлік

1,4

1,2

Тұрғындар санының өсу нәтижесінде көрсеткіштер төмендеп отыр.

4.ЦИ. Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

107

105,5

Есепті жылы жаңа сауда нысандарының құрылысы салынбады.

Ішкі сауда тиімділігін арттыру

4.1.Тұрғындардың сауда орындарымен қамтамасыз етілуі

ш.м.

307,2

317,5

Ауданда азық-түлік емес 1 шағын базар жұмыс істейді.

Мақсат 4. Инновациялар мен инвестицияны дамыту

5.НИ. Негізгі капиталға инвестицияның физикалық көлемінің индексі

%

80

58,1

2013 жылғы инвестиция 1084,7 млн. теңгені құрады, өткен жылға шаққанда 58,1 пайыз. Азаю себебі – есепті жылы жаңа объектілер, елді мекендерді газдандыру, су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілмеді.

Талап 1. Қолайлы инвестициялық жағдай жасау

5.1. Қайта өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемінің физикалық индексі

%

-


-




5.2. Тұрғындардың жан басына шаққандағы негізгі капитал

мың тенге

83

63,9

Төмендеу себебі - негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеміне байланысты

Көрсеткіш нәтижесі














Қол жеткізу жолдары:

-Бұдан әрі бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламаларын іске асыруға белсенді атсалысу;

- Ауылдық бизнес жобаларды несиелеу бойынша қаржылық ұйымдармен тұрақты жұмыс жүргізу;

- Қызметтерін жаңғырту бойынша жұмыс істемейтін бизнес субъектілермен белсенді жұмыс жүргізу.

-Жаңадан заманауи сауда нысандарын салу;

-Сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасау.

- Степной, Қайрақты, Жосалы, кемпірсай селоларын газдандыру;

- Қосестек селосын сумен қамту;

- «Жана тұрмыс» Ш/Қ-мен мал репродукторын салу;

- «Сыбаға» Бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара сатып алу және өсіру;

-Жаңа кәсіпкерлік нысандар салу, көлік құралдар сатып алу


.

2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара атауы

Аяқталу түрі

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі


Орындалуы жөнінде ақпарат


1

2

3

4

5

6




«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы

АҮК шешімі

ЭБЖК

2013

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,8 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылды оның ішінде, 3,0 млн. теңге «Қауіпсіз мектеп» жобасына және 2,8 млн. теңге «Өсімдіктерді химиялық өңдеу» жобасына.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша 28 жобаға 55,0 млн. теңге несие берілді, оның ішінде, 15 жоба мал шаруашылығын дамытуға, дәмхана, тойхана, наубайхана, СТОашуға, монша, бизнес орталығы ғимаратын сатып алуға және т.б.



2

Кәсіпкерлік қызметті қолдау


есептер

ЭБЖК

2013

«Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларына түсінік беру мақсатында оқу курстары, семинарлар, жылжымалы іс-шаралар өткізілді.

«Даму» АҚ мен бірлесіп «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін қолданыстағы кәсіпкерлермен 2 жетілік оқу-семинар өткізілді. Оқу қорытындысы бойынша 52 адам сертификат алды. Сервистік қызмет көрсетуге тендерлерге қатысуға шарттар мен құжаттамаларды заңды ресімдеу мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.






Ауданда жәрменке өткізу


Жәрменке, көрмелер

ЭБЖК

2013

Есепті жылы 72 тауар өндіруші қатысқан 11 аудандық жәрмеңке өткізіліп, 10 млн. теңгенің тауары сатылды. Жергілікті тауар өндірушілер облыстық 5, республикалық 1 жәрмеңкеге қатысты.



Бағаның қымбаттауына мониторинг жүргізу

Штаб отырысы

ЭБЖК

2013

Есепті жылы ауданда бағаны тұрақтандыру бойынша аудандық штабтың 12 отырысы өткізілді. Тұтыну нарқындағы бағаны тұрақтандыру бойынша аудандық штабтың жұмысшы органымен негізгі азық-түлік тауарларының 33 түріне айсайын талдау жүргізіледі. Аудандағы негізгі азық-түлік тауарларының жағдайы есепті жылдың мамыр айында облыстық штаб отырысында қаралды. Әлеуметтік-маңызы бар тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауданның негізгі ұн мен нан өндіруші «Степное» ЖШС мен және аса ірі сауда орындарымен шектелген баға қолдану жөнінде мемарандум жасалдған болатын. Жасасқан мемарандумға сәйкес «Степное» ЖШС сауда нүктелеріне 1 сұрыпты 750 грамдық 1 көмеш нанды наубайханадан 41 теңгеден босатады. Дүкендегі бөлшектеп сатылу бағасы 43 теңгеден сатылды. Аудан аумағында әлеуметтік маңызды тауарларға баға бір қалыпты сақталуда.


3. Ведомоствааралық сыртқы әрекетке талдау

Атауы

Өзара ықтимылға талдау

1

2

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіштері




Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу

Ауданның бизнес субъектілерімен алынған несиенің жалпы сомасы 158,3 млн. теңгені құрады. Оның ішінде «Ақтөбе-Ауыл-Шағын несие» ШНҰ ЖШС арқылы 52,8 млн. теңгеге 11 жоба қаржыландырылды, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 55,0 млн. теңгеге 28 жоба қаржыландырылды. «Үміт» несие серіктестігі 9 ауылшаруашылығы тауарын өндірушіге 21,43 млн. теңге несие берді. «Ислам даму банкі» арқылы 11,3 млн. теңгеге 4 жоба және 2,0 млн. теңгеге егістік жұмыстарына 1 жоба қаржыландырылды.

2 «Сыбага» Бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға

Мүйізді ірі қара мал аналықтарын дамытуға «Сыбаға» Бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы жалпы сомасы 16,5 млн. теңгенің несиесін алды. «Томирис» - 13,0 млн. тенге, «Сапар» - 3,5 млн. теңгеге 96 бас мүйізді ірі қара мал сатып алды.



4. Сыртқы әрекеттерді талдау


Сыртқы әрекеттесуді талдау және көрсеткіштерге қол жеткізуге олардың әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Бағдарламаның бүкіл іс-шараларын жүзеге асыру мәселесі несие қаражаттарын алуға байланысты. «бизнестің жол картасы- 2020» Бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы бизнес субъектілерін несиелейді ЕДБ тек қала маңындағы кепілге қойылатын мүліктер болса ғана жұмыс істейді.. Соның өзінде несие алу мәселесі өте қиын.

«Степное» ЖШС»-мен салынатын ұн зауытын салу жобасы халық банкі қаражаттары есебінен жүзеге асырылады, қазіргі кезеңде құжаттар пакеті келісу үстінде. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы – 5 кәсіпкер, «Ақтөбе-Ауыл шағын несие» ШНҰ арқылы – 11 ЖШС мен шаруа қожалығы, «Үміт» несие серіктестігі арқылы – 9 шаруа қожалығы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 12 кәсіпкер несие алды.


5.қаражаттардың игерілуі

Қаражат көздері


Жоспар,

мың теңге

Нақты мың теңге

Пайдаланылмау себебі

1

2

3

4

Қаржы көзі 1:

Қарыз қаражат












Қаржы көзі 2










Меншік қаражат










Қаржы көзі 3:










Бюджеттік қаражат

Аудандық 6юджет






927,1 мың теңге




Қорытындысы




927,1 мың теңге






6. Талдау жазба.
5. Инвестициялық қызмет
Жыл басынан бері ауданға 1084,7 млн. тенге инвестиция тартылды. 2012 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 782,2 млн. теңгеге азайған немесе 58,1 пайыз, азаю себебі өткен 2012 жылға қарағанда есепті жылы ірі нысандар құрылысы және елді мекендерде газдандыру мен сумен қамту жобалары жүргізілген жоқ.
6. Кәсіпкерлік

2013 жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы сны – 674 бірлікті құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны өткен жылғы деңгеймен (4110 адам) салыстырғанда 0,8 пайыз.

Өндірілген өнім көлемі (6925,6 млн. теңге) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайызға өсіп отыр.

Жыл басынан бері 76 субекті тіркелген, оның ішінде 4 ЖШС, 4 шаруа қожалығы және 68 жеке кәсіпкер. Жабылғаны – 38 (2ЖШС, 6ШҚ, 30ЖК).

Тіркелген 674 субъектінің 657 бірлігі белсенді болып табылады. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің үлесі – 97,5 пайыз. Шағын 30 мекеменің 21 бірлігі белсенді болып табылады немесе 70 пайызы.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық түсімдері 591,4 млн. теңгені құрайды, өткен жылғы деңгеймен (531,4 млн. тенге) салыстырғанда 111,3 пайыз құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет