Ақтөбе облысы Темір ауданы №4 Шұбарқұдық орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі: Исатаева Назигүл Бақытқызы Сабактын тақырыбы



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі55.5 Kb.
#464357
түріСабақ
1   2   3   4
3940 nazigul-perneta

Пернетақтаның негізгі блоктары:

  1. Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.

  2. Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.

  3. Символдық пернелер-алфавиттi цифрлық ақпаратты енгiзуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

  4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:

  1. Enter немесе енгізу пернесі – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет