Ақтоғай ауданы Мүткеновауылдық округі әкімінің 2014 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша іс-әрекеттерінің есебі



Дата24.02.2016
өлшемі38.75 Kb.
#13652
Ақтоғай ауданы Мүткеновауылдық округі әкімінің 2014 жылғы

мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша іс-әрекеттерінің

ЕСЕБІ
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету –

мемлекеттік органдардың аса маңызды қағидаларының бірі

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру бұл жемқорлыққа қарсы әрекеттің аса маңызды қадамы және тұрғындардың мемлекеттік органдарының іс-әрекетіне деген сенімі.
Мемлекеттік қызметтер келесі принциптер негізінде іске асырылады:


  • Қызмет алушыға қандай да бір әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға қарап кемсітушілікке жол берілмей, теңдей қолжетімді болатындығы;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілгенде бюрократизм мен сөзбұйдалыққа салынуына жол бермеуде;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің айналасында тазалық пен есептілікке;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің қолжетімділігі және сапалылығы;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің үрдісінің үнемі жетілдіріліп отыруында;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсетілудің тиімділігі және үнемділігінде.

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылының Шарапиденов көшесі, 1а мекен-жайында орналасқан. “Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі төрт мемлекетік қызмет түрін көрсетеді: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Ветеринариялық анықтаманы беру», «Жануарға ветеринариялық паспорт беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау». Екі мемлекеттік қызмет «Ветеринариялық анықтаманы беру», «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» ақылы негізінде, екі мемлекеттік қызмет «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» тегін негізде көрсетіледі. Барлық 4 мемлекеттік қызмет қағаз формасында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен бекітілген “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 Қаулысымен бекiтiлген “Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттiк қызмет стандарты.

2014 жылы ауылдық округте 859 мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылды.

2014 жылы мемлекеттік қызмет алушы тұлғалар саны – 859.

2014 жылғы өткізілген анализ қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы сферасында көбірек сұранысқа ие: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - 587, «Ветеринариялық анықтаманы беру» - 59, «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» - 175, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» қызметі – 38 .

2014 жылдың сәуір айынан «Ветеринариялық анықтаманы беру», «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» қызметтері ветеринария саласының атқарушы органдарына табыс етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету реті туралы ақпарат Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа жалпы қолжетімді жерде бір стендте орналасқан.




2014 жылғы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндірме іс-шаралар өткізілді.

Электронды Үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету реті туралы ақпарат Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппаратында стендте орналасқан.

2013 жылы тамызда әкімдік ғимаратында қоғамдық қолжетімді пункті орнатылды.

Электронды Үкімет арқылы тұрғындарға 27 электронды қызмет көрсетілді.

Олардың ішінде: мекенжай туралы анықтама – 15, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу– 10, Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы ақпарат – 1, жұмыссыздық туралы анықтама алу- 1.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген іс-шаралар: Мүткенов ауылдық округінде желтоқсан айындағы 2014 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды және сапасы бойынша 2014 жылы бір кеңес өткізілді.

Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметкерлері үш жылда 1 рет кесте бойынша санатын көтеру курстарынан өтеді.

2014 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін «Мүткенов ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетілуіне ешқандай арыз түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет критерийлерінің сапасын бағалау «Мемлекеттік орган көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушылардың қанағаттануын, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу карточкасын толтыру арқылы өткізіледі.

Алдағы уақыттағы мемлекеттік қызмет түрлерінің қызмет алушылардың қанағаттануын және тиімділігін көтерудің маусым сайынғы мониторингін өткізіп, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу карточкасын толтырып, аппарат ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ауылдық округтегі бюрократизм мен сөзбұйдалыққа салынуды көрсетпей, мемлекеттк қызмет үрдісін үнемі жетілдіріп отыру.



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг мына қағидаларын негізге ала отырып жүзеге асады:

  1. Заңдылық;

  2. Объективтілік;

  3. Әділдік;

  4. Тыңғылықтылық.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет