көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші (бұдан әрі – заңды тұлғаның өтініші);
қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың көшірмелері);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:
еркін нысандағы өтініш;
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Порталға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне құжаттардың электронды көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың электронды көшірмелері);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы заңды тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электронды көшірмелері.
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электронды көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
бұрын қағаз түрінде берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия, ЭҮТШ арқылы төлеулер туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
|