Көрсетілетін қызмет атауы



Дата03.07.2016
өлшемі103.78 Kb.
#173895
«Адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» көрсетілетін қызмет паспорты


1

Көрсетілетін қызмет атауы

 


Адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру

2

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Заңдары, Қаулылары, Бұйрығы, Стандарты және т.б. негізінде көрсетіледі, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің толық тізбесін көрсету.

  1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі;

  2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңы;

  3. «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы;

  4. Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы

3

Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Көрсетілетін қызметті тұтынушылар

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны

*


Электрондық

6

Қызметті ұсыну орны

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында

7

Қызметті ұсыну тәртібі

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдауды және порталда тіркеуді жүзеге асырады;

мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды тұлға ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді;



құжаттарды қарау нәтижелері бойынша лауазымды тұлға бұйрық жобасын дайындайды және басшыға береді;

ұсынылған құжаттардың толықтығы, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында уәжделген бас тарту жолданады;

басшы бұйрыққа қол қояды және оны орындау үшін лауазымды тұлғаға жібереді;

лауазымды тұлға адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензияны электрондық құжат нысанында ресімдейді және басшыға қол қоюға береді;

басшы лицензияға қол қояды – орындау мерзімі;

кеңсе маманы лицензияны электрондық құжат нысанында береді.



8

Субъектінің типіне және жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немее сенімхат бойынша оның өкілі) құжаттар тізбесін ұсынады:

         1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:


осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

     қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

     сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

     адам тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн), қан және оның компоненттерін әкелу, әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға өкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаты;

     адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелу, әкету кезінде «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесі, сондай-ақ лицензияға қосымшаның көшірмесі (түпнұсқа немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірме);

     қан және оның компоненттерін әкелу, әкету кезінде «қан дайындау» мамандығы бойынша медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесі мен түпнұсқасы, сондай-ақ лицензияға қосымшаның көшірмесі (түпнұсқа немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірме);

2) порталға жүгінген кезде:   

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

     сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың электрондық көшірмесі электрондық сұратуға тіркеледі;

     адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан және оның компоненттерін әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаты;

ЭҮТШ арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.


9

Көрсетілетін қызметтің құны және ақы төлеу тәртібі

Ақылы

10

МҚ ресімдеу кезінде қандай жеңілдіктер бар

Жеңілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процесін сипаттау

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы порталда өтініштердіқабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

басшы орындаушыны белгілейді;

мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды тұлға ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді;

құжаттарды қарау нәтижелері бойынша лауазымды тұлға бұйрық жобасын дайындайды және басшыға береді;



ұсынылған құжаттардың толықтығы, біліктілік талаптары сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында уәжделген бас тарту жіберіледі;

басшы бұйрыққа қол қояды және оны орындау үшін лауазымды тұлғаға жібереді;

лауазымды тұлға адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензияны электрондық құжат нысанында ресімдейді және қол қоюға ұсынады;

басшы лицензияға қол қояды – орындау мерзімі 30 (отыз) күн;

кеңсе маманы электрондық құжат нысанында лицензия береді.



      

Қызмет көрсету мерзімі

     Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге лицензия беру кезінде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
     адам ағзаларын (ағза бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні.

13

Қызмет көрсетудің нәтижесі

 


      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелуге, әкетуге арналған лицензия,

- қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензия



14

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту рәсімі

Көзделмеген

15

2013 жылы көрсетілген қызметтердің саны

0

16

Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы

    «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген «Адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысаны

17

Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімдерді қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің болуы

«Электрондық үкімет»: www.egov.kz және «Е-лицензиялау: www.elicense.kz веб-порталы

 

*          *         Толық автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет оны көрсету процесінде қағаз түріндегі құжат айналымын болдырмайтын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Ішінара автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет оны көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналым реттілігін қамтитын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Автоматтандырылмаған мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақпараттық технологияларды қолданбай, дәстүрлі түрде ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

 

**        Паспортпен бірге аталған электрондық түрдегі НҚА-ны, сондай-ақ барлық толтырылған қосымшалар мен Өтініштер бланкілерін жіберу қажет.


Шағымдану тәртібі туралы ақпарат
      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.



     Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

     Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.

     Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

     Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

                         
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Әлия Тиыштыққызы Рахымжанова

2. Лауазымы – бас сарапшы



3. Жұмыс телефоны 74 31 21

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет