Аудан әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген



Дата01.07.2016
өлшемі88.01 Kb.
#170275
Аудан әкімдігінің

2008 жылғы « » ___________

_____ қаулысымен бекітілген



8 -ҚОСЫМША

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

1) өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым, өтемақы төлеуді жүзеге асыратын Қаратөбе аудандық әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2) өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – Қаратөбе аудандық Пошта байланыс торабы;

3) арнайы комиссия – әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі комиссия;

4) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға біржолғы ақшалай көмек.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: бұл жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болады :

1) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы;

2) Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы №27 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы»;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4 бөлімнің 88-тармағы.

5. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеменің атауы – «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мекен жайы: Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 18.

6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі): Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі – мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша бекітіледі.

1) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды тапсырғаннан (тіркелген, талон алған сәттен, т.с.с) бастап, мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап - 20 жұмыс күні ішінде.

2) қажет құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақыты (тіркелген, талон алған сәттен, т.с.с) бастап, электрондық сұрау қалыптасқаннан кейін– 20 минут.

3) қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін кезек күтуге ең ұзақ уақыт жоқ.

Әлеуметтік көмекке белгіленген сома өтініш берушінің банкідегі есепшотына қажет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде аударылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне енгізілген мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің тізімі:

1) келісім - жоқ

2) үйлестіру – жоқ

3) ақпараттық жүйені итеграциалау - жоқ

9. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдарсыз және өзге де субъектілерсіз көрсетіледі.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


10. Кіріс құжаттары Бөлімнің 14 кабинетінде қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 18 кіріс құжаттары журналында тіркеледі (азаматтардың жазбаша өтініштері).

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі, нысаны,қалыптары:

1) Үлгі бойынша өтініш;

2) Жеке куәлік (көшірмесі);

3) Салық төлеушісінің куәлігі (СТН);

4) Азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы);

5) Қазақстан Руспубликасы Ұлттық Банкінің лицензиясы берілген екінші деңгейдегі банктегі есепшотының нөмірі;

6) соңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама;

7) Өтініш беру себебін дәлелдейтін құжаттар: емделуге – емханадан

дәрігерлік кеңес комиссиясы қорытындысы, тұрғын жайда өрт болған

жағдайда – өрт туралы акт, қайтыс болған адамды жерлеуге – жәрдемақы алуға Азаматтардың хал актілерін жазу бөлімінің анықтамасы және қайтыс болу туралы куәлік.

12. Қажет болған кезде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: тұтынушының құжаттарының мазмұны жөнінде ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктерді (бұдан әрі - ҚФБ) санамалау және сипаттау (ҚФБ-бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с.)

ҚБФ-1 – Бөлімнің Әлеуметтік көмекті, жәрдемақыны тағайындау және төлеу секторының мамандары;

ҚБФ-2 – Аудандық маслихаттың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу комиссиясы;

ҚБФ-3 – Экономикалық сараптама және бухгалтерлік есеп секторының мамандары;

14. Осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы.

15. Осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес 14-тармақтағы олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар.

16. Хабарлама нысандары, түрлі хаттары, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, қалыптар, бланкілер және т.с.с. (қосымша 3).

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» регламентіне

1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


1

іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3


2

ҚФБ атауы

ҚБФ-1 Бөлімнің Әлеуметтік көмекті, жәрдемақыны тағайындау жәнетөлеу секторының мамандары

ҚБФ-2

Орал қалалық маслихатымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу комиссиясы



ҚБФ-3 – экономика, талдау және сараптау секторының мамандары.

3

Іс-әрекеттің (үрдістің, рәсімнің,операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдау.

Комиссияда қарау.

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар мен хаттаманы қабылдау.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-әкімгерлік шешім)

Комиссия қарауына құжаттарды ұсыну

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде шешім шығару

Әлеуметтік көмек ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы берілген екінші дәрежелі банкі арқылы аударылады

5

Орындалу мерзімі

20 минут

20 жұмыс күні ішінде

Бір күн ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс




Негізгі үрдіс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚБФ 1

ҚБФ 2

ҚБФ 3

Іс-әрекет №1. Қажетті құжаттарды қабылдау

Іс-әрекет №3. Комиссияда қарау

Іс-әрекет №5. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар мен хаттаманы қабылдау

Іс-әрекет №2. Құжаттарды комиссия қарауына ұсыну

Іс-әрекет №4. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде шешім шығару

Іс-әрекет №6. Әлеуметтік көмек ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы берілген екінші дәрежелі банкі арқылы аударылады.

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдіс




Баламалы үрдіс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

1 ҚФБ

2 ҚФБ

1 ҚФБ

Іс-әрекет №1. Қажетті құжаттарды қабылдау.







Іс-әрекет №2. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы регламенттің 11 тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы.







Іс-әрекет №3. Отбасының (арыз иесінің) табысы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен артуын немесе өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға жылына 2 реттен артық жолығуын анықтауы.







Іс-әрекет №4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуден бас тарту.






«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» регламентіне

2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» регламентіне

3-қосымша

Өтініш нұсқасы


Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлаламалар бөлімінің меңгерушісіне ____________

_________үй _____ пәтер

мекен жайында тұратын,

Аты-жөні:______________

Өтініш

(Материалдық көмек сұрау себебі)



__________________________________________________________

__________________________________________________________



Уақыты: _________ Өтініш иесінің қолы:_________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет