ПТЛ теория
1.Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және
оларды қамтамасыз ету әдістері.
Дәрілік қалыптар – дәрілік препараттың оны енгізу мен қолдану тәсілдеріне сәйкес келетін
және қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай күйі.
Дәрілік қалып – дәрілік затқа немесе дәрілік өсімдік шикізатына қолдануға қажетті емдік
әсерге қол жеткізу үшін берілетін ыңғайлы жағдай.
Дәрілік қалыптарды жіктеудің келесі топтарын анықтауға болады:
1) Дәрілік қалыптардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі;
2) Қолдану тәсіліне немесе мөлшерлеу (дозалау) әдісіне байланысты дәрілік қалыптың
жіктелуі;
3) Ағзаға енгізу тәсіліне байланысты дәрілік қалыптың жіктелуі.
Дәрілік қалыптардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі
1)
Қатты
2) Жұмсақ
3) Сұйық
4)
Газ тәріздес
Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық,
жұмсақ және газ тәріздес.
Қатты дәрілік түрлерге –жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлялар,
суппозиторийлер,
шариктер, таяқшалар, түйіршіктер, микротүйіршіктер; жұмсақ дәрілік түрлерге – жағар
майлар, пластырлер; сұйық дәрілік түрлерге – микстуралар, тамшылар, басуға (дәрілі
дымқыл
дәке), шаюға арналған ерітінділер; газ тәріздес дәрілік түрлерге – газдар, булар,
аэрозольдер жатады.
Агрегаттық күйі дәрілік препаратқа белгілі бір түр беру мүмкіндігіне де байланысты
болады. Мысалы, жұмсақ массалардан жасалуы мүмкін
емес пилюлялар, шариктер. Бұл
жіктелу дәрілік түрдің әсер ету жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ,
агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуінің бірқатар кемшіліктері бар.
Мысалы, бір дәрілік түр құрамындағы қосымша заттардың физикалық қасиетеріне
байланысты әртүрлі топқа жатуы мүмкін (мысалы, майлы негізде дайындалған
суппозиторийлер – жұмсақ дәрілік түрге,ал полиэтиленоксид негізінде дайындалған
суппозиторийлер – қатты дәрілік түрге жатады). Қолдану
тәсіліне байланысты дәрілік
түрлерге қойылатын ерекше талаптар ескерілмейді (мысалы, ішуге қолдануға арналған
ұнтақтар және жара бетіне себуге арналған ұнтақтар). Сонымен бірге, дәрілік түрлердің
агрегаттық күйі бойынша жіктелуінде, дәрілік түрлерді дайындау барысында қолданылатын
технологиялық процестер жөнінде ақпарат болмайды. Ал ол – технологиядағы
негізгі белгі
болып саналады, өйткені, технология –өндірістік процестер жөніндегі ғылым.