Аудан әкімінің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистер і



Дата23.02.2016
өлшемі227.38 Kb.
#4174
Аудан әкімінің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы » есебінің т е з и с т е р і
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдірдің есептік кездесулері өткен кезеңнің ғана емес, атқарылған жұмыстардың сапалы өлшемі мен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобаларды бағалаудың және келешектегі жоспарларды түзетудің өзіндік белесіне айналды. Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік – экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің берік негізін орнатты. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, елдің 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Біз бүгін ауданымыздың 2013 жыл ішіндегі әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылай келе, халықтың еңбекқорлығы мен тұрмыстық әл - ауқатты жақсартуға деген талпыныстары арқасында бірқатар жетістіктерге жетіп, Қазақстаннның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанымызды атап өтуіміз қажет.

Сонымен қатар есепті кезең саяси оқиғаларға толы болды, атап айтсақ:

Мемлекет Басшысының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін тиісті заңдар қабылданып, 2013 жылдың тамыз айында селолық округ әкімдерінің тұңғыш сайлауы өтті.

Өткен жылғы тұрғындар алдындағы Қарғалы ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға міндеттері туралы есебінде көтерген 10 проблемалық мәселені жүзеге асыру іс-шаралар жоспары бекітіліп, мәселелер бүгінгі күні шешімін тапты.


Ауыл шаруашылығы

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 168 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің 2013 жылғы 12 айдағы жалпы өнімі 8472,1 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен (7497,5 млн. теңге көп) немесе өткен жылмен салыстырғанда 113,0% құрап отыр.

2013 жылы егін көлемі 101700 гектар алқапты құрап – 60 632 тонна астық жиналды. Астық өнімділігі гектарынан 6,9 центнерден алынды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 23 110 тонна артық астық жиналды.

Сондай-ақ 725 гектар алқаптан 17800 тонна картоп, өнімділігі гектарынан 246,0 центнерден, 354 гектар алқаптан 10 400 тонна көкөніс, өнімділігі гектарынан 294,0 центнерден жиналды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда картоп 2,2 есеге, көкөніс 1,9 есеге артық жиналды.

2014 жылдың егісі үшін – 3800 гектар сүдігер, 32400 гектар сүр жер жыртылды және 520 гектарға күздік дақыл себілді.

Аудан бойынша 8549 тонна астықтық тұқым бастырылды.

Сондай-ақ, өткен жылымен салыстырғанда мал азығы дақылдары 3239 га жерге, майлы дақылдар 4181га жерге көп егілді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлемінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 100,3 пайыз, сүт өндіру- 98,8 пайыз, жұмыртқа өндіру – 94,6 пайызда болып отыр.

Аудан бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 0,5 пайызға, қой мен ешкінің бас саны 0,4 пайызға өсті.

Аудан бойынша шаруа қожалықтарында 1116 бас мүйізді ірі қара, 2328 бас қой, 337 бас шошқа, 677 бас жылқы бағылуда.


«Сыбаға» несиелеу бағдарламасы бойынша барлығы 91 бас аналық бас пен асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Мүйізді ірі қараның аналық басын жақсарту мақсатында қоғамдық малдардың тұқымын жаңғырту үшін 13 шаруа қожалығы 63 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Мал тұқымын асылдандыру үшін ауданда 11 қолдан қашыру пункті жұмыс істейді. 2013 жылғы жоспар 1121 бас болатын, ұрықтандырылғаны 1121 бас, оның ішінде 860 бас тұрғындардың малы ұрықтандырылды немесе 101 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары 100 пайызға орындалды.

Есепті кезеңге жоспарланған мал басының түрлері бойынша сырғалау жұмыстары толық аяқталды.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен барлығы 47 600 тонна қысқы мал азығы дайындалып, жоспар 100,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласының қайта өңдеу секторы даму үстінде. Атап айтсақ, 2500 тонна ұн, 333,3 тонна нан, 1119,7 тонна шұжық өнімдері, 1000 тонна кебек өндірілді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жыл басынан бері 12 жәрмеңке өткізілді. Олар облыс және аудан орталығында ұйымдастырылып, тұрғындарға 7,8 тонна ет, 960 кг сүт өнімдерін, 5235 дана жұмыртқа, 18 тонна картоп, 5,4 тонна көкөніс, 550 кг жеміс-жидектер, 30 кг ара балын және 11 тонна жем, 17 тонна шөп шығарылды.

Сондай-ақ аудан ауыл шаруашылығы құрылымдары Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, 2 тонна сиыр еті, 0,5 тонна шұжық, 5 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 0,5 тонна бекіре балығы сатуға шығарды.

Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге республикалық, облыстық бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы – 208,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 178,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 30,2 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығының 92 субъектісі 93,4 млн. теңгеге субсидия алды.

«Ақтөбе Ауыл микрокредит» шағын несие ұйымы арқылы 52,8 млн. теңге сомасына 11 шаруашылық несиеленді.

«Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдау қоры» арқылы 84,8 млн. теңге сомасына 35 шаруашылық несие алды.

«Үміт несие серіктестігі» ЖШС арқылы 20,7 млн. теңге сомасына 9 шаруаш лық несиеленді.

2013 жылдың 12 айында ауылшаруашылығы саласына 125,3 млн. теңге сомасында инвестиция салынды.
2014 жылға арналған міндеттер:

Мал шаруашылығы саласында:

Асыл тұқымды репродукторлар мен асыл тұқымды фермалар құру есебінен мүйізді ірі қара мен қой басының санын көбейту:

- «Степное» ЖШС-мен 500 бас малға асыл тұқымды репродуктор құру;

- «Бурлин» шаруа қожалығында 100 бас малға;

- «Аруан» шаруа қожалығында еділбай тұқымды қой басының санын 350 басқа арттыру;

- Қоғамдық ірі қара малдарға асыл тұқымды 70 бас бұқа сатып алу;

- Сыбаға бағдарламасы бойынша 190 бас мүйізді ірі қара сатып алу;

-Мал шаруашылығын дамытуға 54,0 млн. теңге субсидия алу.



Егін шаруашылығы саласында:

- майлы дақылдардың егістік алқабын 11,1 мың гектарға жеткізу;

- көпжылдық өсімдіктердің егістік алқабын 6,1 мың гектарға жеткізу;

- біржылдық өсімдіктердің егістік алқабын 8,7 мың гектарға жеткізу;

- картоптың егістік алқабын 776 гектарға жеткізу.

«Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту» Мастер-жоспары бағдарламасы бойынша келесі құрылыстар салу жоспарлануда:

-Бадамша селосында 2014 жылы жобалық құны 300,0 млн. теңге тұратын, қуаттылығы тәулігіне 90 тонна, ұн зауытын салу;

- Қосестек селосында «Аруан» шаруа қожалығымен 2014-2015 жылдарда жобалық құны 120,0 млн. теңге тұратын, қуаттылығы тәулігіне 3 тонна ірімшік шығаратын шағын сүт зауытын салу;

- Қосестек селосында «Аруан» шаруа қожалығымен 2014-2015 жылдарда жобалық құны 40,0 млн. теңге тұратын, қуаттылығы тәулігіне 3 тонна ет өңдейтін цех салу;



Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2013 жылдың 12 айында

2 034,1 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 101,1%.

Жыл басынан бері “Ақтөбе – Темир ВС ЕК” жауапкершілігі шектелген серіктестігі Велихов темір рудасы кенішінде кен қазу жұмыстарын жүргізген жоқ. Кәсіпорын тек қараша-желтоқсан айында 140 мың тонна темір рудасын өндірді. Кәсіпорын өткен жылы қазылған руда есебінен руда жарумен және жүктеумен айналысты. Есепті кезеңде кәсіпорын Соколов-Сарыбай тау-өндіріс бірлестігіне және Ресей Федерациясының Магнитогор металлургиялық комбинатына 290,5 мың тоннадан астам темір рудасын жүктеп жөнелтті.

Есепті кезеңде «Степной» ЖШС-нің қайта өңдеу цехтары 297,3 млн. теңгенің өнімін өндірген. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда өндіріс көлемі 70,3 пайыз құрады. Ұн, ет, шұжық, кебек шығару көлемі төмендеп кеткен.

Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 1084,8 млн. теңгені құрайды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне (1867,1 млн. тенге) шаққанда 58,1 %.

Инвестицияның физикалық көлемінің азаю себебі – ағымдағы жылы ірі инвестициялық жобалардың болмауы және жаңа нысандар құрылысының салынбауына байланысты болып отыр.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны өткен жылғы деңгеймен (4081/4110 адам) салыстырғанда 0,8 пайыз, шағын және орта бизнес субъектілердің саны (599/621 бірлік) 3,6 пайызға өскен. Олардан – 42 заңды тұлға, 579 жеке кәсіпкерлер, оның ішінде 168 шаруа қожалығы. Өткен жылмен салыстырғанда субектілер санының артқаны байқалады, мысалы жыл басынан бері 76 субекті тіркелген, оның ішінде 4 ЖШС, 4 шаруа қожалығы және 68 жеке кәсіпкер. Өндірілген өнім көлемі (6857/6925,6 млн. теңге) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайызға өсіп отыр.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық түсімдері 591,4 млн. теңгені құрайды, өткен жылғы деңгеймен (531,4 млн. тенге) салыстырғанда 111,3 пайыз құрайды.

Шағын және орта бизнес субъектілердің белсенді санының үлесі 83,7 пайыз құрайды, яғни тіркелген 621 субъектінің 520 бірлігі белсенді болып табылады. Жыл басынан бері жаңадан бизнестің 9 нысаны ашылды, олар: жылыжай, шаштараз, 2 кафе, кулинария, кондитер цехы, наубайхана, пластикалық бұйымдар жасау цехы және техникалық қызмет көрсету (СТО) станциясы. Жалпы бизнес субъектілермен 98 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан бастап ауданның бизнес субъектілерімен алынған несие қорының жалпы көлемі 158,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

-«Ақтөбе Ауыл микрокредит» шағын несие ұйымы арқылы 52,8 млн. теңге сомасына 11 заемщик несиеленді.

-«Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдау қоры» арқылы 84,8 млн. теңге сомасына 35 заемщик несие алды.

-«Үміт несие серіктестігі» ЖШС арқылы 20,7 млн. теңге сомасына 9 заемщик несиеленді.


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,8 млн. теңге тұратын 2 жоба мемлекеттік қолдауға- грантқа- ие болып, іске асырылды.

2014 жылға арналған міндеттер:

- бизнестің белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің санын ұлғайту;

- Жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Ақтөбе-ауыл-Микрокредит» ШНҰ» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие ресурстарын тарту.

- ауданның кәсіпкерлік субъектілерінің «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуын ұйымдастыру.


Салық және бюджет

Мемлекеттік бюджетке жиналған салықтар мен төлемдердің жалпы көлемі 724,2 млн. теңге құрады, жоспарланғаны 685,8 млн. теңге немесе жоспарға шаққанда 105,6 пайызы.

Жергілікті бюджетке түскен салықтардың жалпы көлемі 486,9 млн. теңге құрады, жоспарланғаны 479,6 млн. теңге немесе болжамның 101,5 пайызын құрайды.

Бюджет шығысының орындалуы 2558,8 млн. теңге немесе күтілген болжамға (2564,6) шаққанда 99,8 пайыз. Игерілмеген қаражат – 5469,0 мың теңгені құрайды.


«Дипломмен ауылға»

Жас мамандарды ауылда жұмыс істеуге тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен: көтерме жәрдемақыларды 2060,0 мың теңгеге 17 адам алды, оның ішінде:

1.білім саласының мамандары-14 адам, 1696,0 мың теңге;

2.денсаулық сақтау саласының мамандары-1 адам, 121,0 мың теңге;

3. спорт – 1 адам, 121,0 мың теңге;

4. ветеринария – 1 адам, 121,0 мың теңге.

13 жас маманға - тұрғын үй алу үшін 31375,0 мың теңге бюджеттік несие берілді, оның ішінде:

1.білім саласының мамандары-11 адам, 26213,1 мың теңге;

2.денсаулық сақтау саласының мамандары-1 адам, 2565,3 мың теңге;

3.ветеринария саласының мамандары-1 адам, 2596,5 мың теңге.

2014 жылға 33 жас маманға 4278,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және 15 жас маманға үй алу үшін несиеге 41670,0 мың теңге жоспарланды.

Тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, автомобиль жолдары саласы


Ауданның өндірістік және әлеуметтік нысандарын жылыту маусымындағы жұмыстарды сапалы және уақытылы орындау үшін, келесідей жұмыстар жүргізілді:

«Бадамша-Сервис» кәсіпорнының орталық және кіші қазандыққа бөлінетін, жалпы әр қайсысының қуаттылығы 2 Гкал/сағаттан тұратын 7 суысытқыш қазандықтары бар. Қазіргі уақытта, аталған қазандықтар бойынша тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, барлық айналмалы және қоректендіру сорғылар тексеруден өткізіліп, 11 кВт-тық 5 сорғы сағатына 5кВт-тық сорғыларға ауыстырылды.

Сондай-ақ, ұзындығы 740 метр су құбырының трубалары ауыстырылды.

Ауданның жылу желілерінің жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайды. Жылу желілерінің бүгінгі күнгі жағдайы – қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта, жылу беру маусымы бірқалыпты өтуде.

2013 жылдың қараша айында аудандық бюджеттен бөлінген 26,8 млн. теңгеге кәсіпорынға 3 бірлік арнаулы техника сатып алынды.

Бюджет қаражаты есебінен көмір сатып алу және жеткізу үшін 35049,4 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті 3074,5 тонна көмір отыны барлық нысандарға толықтай жеткізілді.

Сондай-ақ, бюджеттен 31619,55 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті 228,3 тонна сұйық отын толық тасымалданды.

Аудандық маңыздағы автожолдарын ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет қаражаты есебінен 15 833,0 мың теңге бөлініп, мердігермен келісімшарт жасалып, жолдарды тегістеу және қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, есепті жылы 494,6 мың теңгеге аудан бойынша 25 жол белгісі орнатылды.

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 48-НҚ бұйрығымен (Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы) аясында жөндеу жұмыстарын жүргізетін «Жаңа үй Қарғалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруға келісім беріліп, аталған Бағдарламаға сәйкес, Әйтеке би көшесіндегі №27 үйді жөндеу жұмыстары 2014 жылға жоспарланып отыр.

Әбілқайыр хан көшесіндегі №49 екі қабатты үй апаттық деп танылып, тұрғындар уақытша жалдамалы үй-жайларға көшірілді. Аталмыш үйдің тұрғындарын үй-жаймен қамтамасыз ету мақсатында, 2014 жылға аудандық бюджет қаражаты есебінен 25,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

2013 жылдың маусым айынан бастап, аудан көлемінде 3 ай бойы 47 жастар мен студенттер «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жұмыс жасады.

2013 жылы ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге аудандық бюджеттен бөлінген 4511,4 мың теңгеге күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 1700,0 мың теңгеге бөлім балансындағы 400 кВольт амперлік 2 трансформаторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылға өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша, 16 млн. теңге қаржы бөлініп, елді-мекендердің көшелерін жарықтандыру, қоқыстан тазалау, құлаған ғимараттардың орындарын қалпына келтіру және балалардың жазғы ойын алаңдарын салу жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда, 2014 жылға 15350,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоғарыда аталған жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.

Сонымен қатар, Бадамша селосындағы магистралды су тартқыштың электр желісіне қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау нысаны бойынша, облыстық бюджеттен бөлінген 82112,0 мың теңгеге, «АктобеЭлектроСетьСтрой» ЖШС-мен екіжылдық келісім шарт жасалып, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, аудандық бюджеттен бөлінген 1339,0 мың теңгеге «АктобеГенСтрой» ЖШС келісім шартқа отырып, Бадамша ауылының М.Әуезов және Ш.Уәлиханов көшелерінің электр желілерін қайта жаңарту үшін, жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 2100,0 мың теңгеге «АқтөбеСтройЭксперт» ЖШС келсім-шартқа отырып, Жосалы, Кемпірсай және Қос-Естек ауылдарының газ құбыры құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме даярланды.

2013 жылдың ІІІ тоқсанында «Степной және Қайрақты селоларына жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысы» нысаны аяқталып, 2014 жылы бюджеттен бөлінген 128,0 млн. теңгеге ауылішілік газ желісін тарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Жосалы, Ақкөл ауылдарының орталықтандырылған су құбыры жүйелерін қайта жаңарту үшін бюджеттен бөлінген 11,2 млн. теңгеге жобалық-барлау жұмыстары жүргізілуде.



2014 жылға арналған міндеттемелер:

  • Ауданның елді-мекендерін көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтардан тазарту және ауылішілік жолдарды күтіп ұстау мен қардан тазалау мақсатында 3 арнайы техника (самосвал, автогрейдер...) сатып алу;

  • «Жалғыз үйі авариялық» деп танылған азаматтарға тұрғын үйлер (9 үй) сатып алу;

  • Бадамша ауылының магистральді су тартқыштың электр желісін қайта жаңартуды аяқтау;

  • Жосалы және Ақкөл ауылдарының орталықтандырылған су құбыры жүйесін қайта жаңарту үшін, жобалық-барлау жұмыстарын аяқтау;

  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Бадамша ауылы Әйтеке би көшесіндегі №27 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Аудандық маңыздағы «Бадамша-Степное» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу үшін, 2014 жылға бюджет қаражаты есебінен бөлінген 192,0 млн. теңге көлеміндегі қаржыны мақсатты игеріп, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Бадамша ауылындағы орталық және кіші қазандықтарға қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін, 2014 жылға бюджет қаражаты есебінен бөлінген 150,0 млн. теңге көлеміндегі қаржыны мақсатты игеріп, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Бадамша ауылы М.Әуезов және Ш.Уәлиханов көшелерінің электр желілеріне қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу;

  • «Энегосистема» ЖШС тарапынан Қос-Естек – Велихов елді-мекендерінің аралығындағы қуаттылығы 10 КВт-тық электр желілеріне күрделі жөндеу, ал Велихов селосындағы қуаттылығы 0,4 КВт-тық электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • «Темір ВС» ЖШС демеушілігімен Велихов елді-мекеніне орталықтандырылған су құбыры жүйесіне суды сүзгілеу құрылғыларын сатып алу (бүгінгі күні, аталған селоны орталықтандырылған сумен қамту жұмыстарын жүргізу бойынша, уәкілетті органдарға тиісті хаттар жолдануда);

  • Жосалы, Кемпірсай және Қос-Естек ауылдарына жеткізуші газ құбырын тарту үшін, жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу;

  • Қос-Естек елдімекенінің жерасты су қорларына қайта барлау жұмыстарын жүргізу (қазіргі уақытта, аталған селоның жерасты су қорларына уақытша ұйғарым алу жұмыстары жүргізілуде. Уақытша ұйғарым алынған жағдайда, жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады);


Құрылыс саласы

Бадамша ауылында 150 орындық орта мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2012 жылдың тамыз айында басталып, 2013 жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсырылды. Жобаның жалпы құны – 248,8 млн. теңге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына – 240,1 млн. теңге бөлінді.

Тұрғын үй құрылысы саласында 2013 жылдың 12 айында жалпы ауданы 2597 шаршы метр құрайтын 25 тұрғын үй салынған, оның ішінде коммуналдық жалдамалы тұрғын үй – 141 ш/м. Жылдық жоспарға шаққанда 56,0 пайыз. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салынған тұрғын үй көлемі 90,1 пайыз.

Бадамша ауылында жалпы ауданы 141ш/м болатын, бірпәтерлік 2 коммуналдық жалдамалы тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.

Есепті кезеңде Петропавл ауылында 6 көшеге газ және электр желілерін жүргізу жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны – 39,3 млн. теңге құрады.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша инженерлі – коммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту және дамытуға 5 млн. теңге 4 қатысушының жобаларына бағытталды.

Петропавл ауылы Ақтөбе қаласының ұзақ мерзімді даму бағдарламасына енуіне байланысты, елді мекендердің жоспарлау жобасына 2013 жылы – 1,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Елбасымыз төрағалық ететін, қоғамда халық сеніміне ие болған «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жобаға 9200,0 мың теңге бөлінді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік

қорғау саласы

Есепті жылы 371 жаңа жұмыс орны құрылды. 2013 жылғы жоспарға (жоспар – 300 адам) шаққанда 123,7 пайыз. Жыл ағымында жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп 877 адам жолықты. Жаңадан құрылған және бос жұмыс орындарына (жоспар – 350 адам) 751 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 240 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды. Жұмысқа орналастыру деңгейі, жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша жүгінгендерге шаққанда 85,6 пайызды құрады. Әлеуметтік жұмыс (жоспар – 30/60 адам) орындарына 162 адам жолданды, оның ішінде 91 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 360 жұмыссыз жіберілді. Жылдық жоспарға (жоспар - 300 адам) шаққанда 120 пайыз. Қатысқан жұмыссыздардың еңбекақысына 12,0 млн теңге төленді. Жастар практикасына (жоспар – 30/33 адам) жыл басынан бері оқу орындарының 68 түлегі жолданды, олардан 37 түлек жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды. Байқалған жұмыссыздық деңгейі 0,14 пайызды (2014 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған жұмыссыздар саны 15 адам) құрады. Кедейлер мен табысы аз азаматтар саны өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде (7 адам) қалып отыр. 2013 жылдың ағымында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 240 отбасына 562 балаға 7460,4 мың теңге көлемінде тағайындалды.2013-2014 жылдың жылыту маусымына 949 отбасына 17627,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 қыркүйектегі №313 шешіміне сәйкес, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне ай сайын 3,0 мың теңгеден 468 мүгедекке жалпы сомасы 15 735 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аудан бойынша 87 жалғызбасты зейнеткерлер мен 13 мүгедекке 16 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ І-топтағы 5 мүгедекке 4 жеке көмекші бекітілген. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын 10 тұлғаға ай сайын 3,0 мың теңгеден жалпы сомасы 213,0 мың теңге тағайындалып төленді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда аудан бойынша 332,2 млн.теңге қарастырылған. 2013 жылы бағдарламаға 304 адам қатысты, олардың ішінде: 15- өз-өзін жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз азаматтар- 287, 29 жасқа дейінгі жастар үлесі- 107 адам әйелдер үлесі – 134 адамды құрады.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша құрылған жұмыс орындарының нақты саны 8 нысан (білім-4, денсаулық-2, мәдениет-1, спорт-1) құрылған жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалпы саны 223 адам, соның ішінде: жұмыспен қамту орталығы арқылы барлығы 112 адам жұмысқа жолданды.



«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты- ауылда кәсіпкерлікті дамытуды іске асыруға жәрдемдесу бойынша 30 қатысушыға 45,0 млн.теңге несие беру жоспарланып, аталған бағыт бойынша 28 адамға 55,0 млн.теңге несие берілді.

2014 жылға арналған міндеттер:


- Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға және аурулары әлеуметтік мәні бар азаматтарға жаңа қағида негізінде бөлінген қаражаттарды уақытылы игеру.

-қоғамдық ақылы жұмысқа 300 адам орналастыру;

-әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адам орналастыру;

-Жастар практикасына 50 адам орналастыру;

-18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 300 отбасыға (7,0 млн. теңге);

-тұрғын үй көмегін 1000 отбасыға (10304,0 мың теңге);

-атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасыға (212,0 мың теңге);

-30 мүгедекке емделуге жолдама беру;

-20 мүгедекті жұмысқа орналастыру.



Білім саласы

Аудан бойынша 2013-2014 оқу жылында 29 білім беру нысаны жұмыс істеуде:

- 20 жалпы білім беру мекемесі (4 бастауыш мектеп, 5 негізгі мектеп, 11 орта мектеп);

- 6 мектепке дейінгі ұйым, - 3 мектептен тыс мекеме.

Білім бөліміне қарасты мекемелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 14396,4 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына аудандағы үш орта мектепке, бір балабақшаға барлығы 161698,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен иегерілді.


Сонымен қатар 2014 жылы 6 білім мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасына жалпы сомасы 1560,0 мың теңге қаражат бөлінсе, мемлекеттік сараптамаға 936,2 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар толығымен игерілді.

Білім ошақтарының материалды-техникалық базасын нығайту қалыпты түрде жүргізілуде. Мәселен, 11338,9 мың теңгеге компьютерлік техникалар сатылып алынды. Аудан мектептерінде жалпы 359 компьютер бар. 6 оқушыға 1 компъютерден келеді.

Аудан мектептеріне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 4922,8 мың теңге, оқулықтарды тасымалдауға 199,0 мың теңге игерілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ащылысай орта мектеп-балабақшасына 4010,0 мың теңгеге химия кабинеті сатып алынды. Жергілікті бюджет қаражат есебінен 5 мектепке 2 340,0 мың теңгеге интерактивтік тақталар алынды.

Балалардың демалуы мен сауықтырылуына аудандық бюджеттен 5814,7 теңге қаражат бөлінді. Жазғы кезеңде мектептер жанында 17 лагерь жұмыс жасап, 1647 оқушы демалыспен қамтылды.

Қарғалы ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 6 балабақша , 4 мектеп – балабақша және жартыкүндік 11 шағын орталықтар бар. Бүгінгі таңда ауданда 21 мектепке дейінгі мекеме 897 баланы қамтып отыр (81,5 %), соның ішінде балабақшалар мен мектеп-балабақшаларда 765 бала, ал шағын орталықтарында 132 бала. Есептік кезеңде «Балапан» бағдарламасы бойынша «Балапан» балабақшасына 26 608.0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

2013- 2014 оқу жылдың басына оқушылардың жалпы саны 2298 бала, олардың бәрі де 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды.

2013 жылға ас блоктарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2 142 000 тенге бөлініп, толығымен игерілді.

Аудан бойынша жалпы 41 жаңа модификациялы кабинеттер бар, оның ішінде: биология – 9 (56,2%), физика – 15(93,7%), химия – 8(50%), лингафонды-мультимедиялық кабинеттер– 9 (45%). Интернет желісіне мектептердің қосылуы– 100%, кең жолақты интернет желісіне – 14 мектеп қосылған (70%.). Интерактивті тақтасы бар кабинеттер саны – 47.



ҰБТ қорытындысы бойынша 2013 жылы мектеп түлектерінің орташа балы – 73 балл болды (2012 жылы 72,7 балл болған еді), осылайша облыс бойынша былтырғы жылғы 7 орыннан 5 орынға қол жеткізілді. Аудандағы 2 мектептің орташа балл көрсеткіші (Ащылысай ОМ-ББ -80,3 және № 2 Бадамша ОМ -76,9) облыстық көрсеткіштен (76,8) жоғары деңгейде. №2 Бадамша орта мектебінің оқушысы «Алтын белгі» игері атанды.

2014 жылға арналған міндеттер:

- 2014 жылы Әлімбет ауылында 100 орынға орта мектеп және 75 орынға балабақша салуға жобалық сметалық құжаттар әзірлеу үшін 7000,0 мың теңге қаражат қарастырылды;

- 2014 жылы Кемпірсай ауылында 10 орындық шағын орталық ашу;

- 2014 жылға 10 білім нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу.



Денсаулық сақтау саласы

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 80 керуеттік аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория мен 12 медициналық пункттері көрсетуде.

2013 жыл ағымында емхана мен амбулаторияның дәрігерлерімен -166724 қабылдау жасалып, 21191 үйге шақыртулар болған. Бір тұрғынға шаққандағы емханаға келу – 11,2-ден келеді.

Стационар ауыстыратын технология дамуда. Тәуліктік стационардағы керует қорын азайтып, экономикалық тиімді, халыққа ыңғайлы күндізгі стационар керуттері көбеюде. Стационарда 2011 жылы 100 керует болса, 2013 жылы 80-ге төмендеді. Емхана мен дәрігерлік амбулаториялардың барлығында күндізгі стационардың керуеттері 20–дан 30-ға көбейтілді.

Есепті кезеңде туберкулезге шалдыққандардан 7 адам тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7 адам болатын. Ал балалар өлімі өткен жылғы деңгейден 1 сәбиге артып отыр, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарына 3 оқиға тіркелген.

Ауданда 41 дәрігер қызмет етеді, оның 7-і амбулатория дәрігерлері. Дәрігерлермен қамтылу – 100 пайыз.

Есепті кезеңде аудандық ауруханаға 3 санитарлы УАЗ автокөлігі беріліп, жедел медициналық жәрдем бөліміне және ауылдық амбулаторияларға берілді.

2013 жылдың шілде айында құны 12,4 млн. теңге тұратын Ащылысай дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді.

Сондай-ақ құны 10,9 млн. теңге көлеміндегі аудандық орталық аурухананың әкімшілік ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Туберкулездің алдын алу мақсатында аудан тұрғындарын жылжымалы «Флюкар» автокөлігінде флюрографиялық тексеру жыл сайын өткізіледі.

Есепті кезеңде амбулаторлы жағдайдағы науқастар – 35,2 млн. теңге сомасындағы тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Аудандағы медициналық мекемелердің жылыту жүйелері толық жұмыс істеуде.



2014 жылға арналған міндеттер:

  • Ана мен баланың денсаулығын сақтау сұрақтары, балалар өлімі мен әлеуметтік ауруларды төмендету және жүрек қан-тамыр аурулары салдарына болатын өлімді төмендету;

  • Аудан бойынша дәрігерлерді толық жаңа компьютерлік техникамен, амбулаторияларды megаlinе интернет жүйесімен қамтамасыз ету.

  • Ақкөл ауылында медициналық пунктінің ғимратының салынуы мен морг ғимаратының күрделі жөндеуін ұйымдастыру.

  • Аурухана ауласының қоршауын алмастыруы мен аурухана алаңының толық брусчаткамен жабылуы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі.

  • Мәдениет саласы

Ауданда 31 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 18 кітапхана, 12 клуб және 1 музей.

2013 жылдың ағымында мәдени-бұқаралық 1012 іс-шара өткізілді. Көрсетілген ақылы қызметтердің сомасы 387,1 мың теңгені құрайды.

Ащылысай ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жүргізуге жалпы сомасы 28 904,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат толық игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.Кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры – 221142 дананы құрайды, оның мемлекеттік тілдегісі – 45798 дана, кітап оқушылар саны – 10377 адам, кітап таралуы – 222463 дана. Ұйымдастырылған кітап көрмесінің саны – 405. 2013 жылы 1,2 млн. теңге сомасына кітап сатып алынды. Кітапхана жүйелерін жарақтандыруға 840,0 мың теңгеге 9 компъютер жиынтығы сатып алынды.

2014 жылға арналған міндеттер:

-Ауылдық клубтарды акустикалық аппаратуралармен қамтамасыз ету;

- модельді кітапханалар санын ұлғайту;

- Ш.Қалдаяқов және Қосестек ауылдарында клуб ғимараты салуға ЖСҚ әзірлеу.


Дене тәрбиесі және спорт


Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 01 шілдедегі №97 қаулысымен «Қарғалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і құрылды.

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану үшін ауданда 62 спорт нысандары мен спорт қондырғылары қызмет көрсетеді.


Спортпен айналысатындар саны аудан бойынша 3681 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санына 22 пайызды құрайды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша 39 спорттық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ аудан спортшылары облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, келесі жүлделі орындарды иеленді.

-аудан командасы ұлттық спорт ойындары бойынша облыстық спартакиадаға қатысып, киіз үй конкурсынан І-орынды және ат спортының бірнеше түрінен жүлделі орынды иеленді.

-Астана қаласында өткен республикалық ұлттық спорттық ойындарға асық атудан III –орынға;

-бокс бойынша Түркістан қаласында өткен республикалық чемпионатта Қарғалы ауданы жүлделі II –орынға;

-кикбокс бойынша Байқоныр қаласында өткен республикалық чемпионатта біздің команда III –орынға;

-жеңіл атлетика бойынша облыстық чемпионатта біздің команда I –орынға ие болып, облыстық команда құрамында республикалық жарысқа қатысты.

2013 жылы спорт саласына бюджеттен 1 828,7 мың теңге бөлінді. Оның ішінде аудандық спорттық жарыстарды өткізуге 657,0 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысуға 415,0 мың теңге, спорттық құрал жабдықтар мен спорттық формалар сатып алуға 846,7 мың теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, мектептерге 6 068,6 мың теңгеге спорттық жабдықтар сатылып алынды.

Бадамша селосындағы Балалар мен жасөспірімдер (ДЮСШ) спорт мектебінің стадионы 28 639,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.



2014 жылға арналған міндеттер:

  • Жаңа қабылданған Президенттік тестілер қағидасын енгізу;

  • Ауданда спортпен шұғылданатын адамдардың санын өсіру, яғни 30 пайызға дейін жеткізу;

  • Аудан көлемінде спорттық, аула клубтар санын көбейту;

  • Халық арасында салауатты өмір салтын, көпшілік спортты насихаттау.


Оперативтік жағдай

2013 жылы ауданда қылмыспен күрес, құқықтық тәртіпті нығайтуға жүктелген міндеттерді орындау жұмыстары мақсатты түрде жүргізілді.

Алайда аудан бойынша қылмыстың өсуі байқалады. 2012 жылы 268 қылмыс тіркелсе, 2013 жылы 335 қылмыс тіркелген. Қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 67 бірлікке немесе 25 пайызға өскен.

Өзгенің мүлкін ұрлау қылмыс түрлері 186- дан 201-ге, оның ішінде пәтер ұрлығы 25-тен 40-қа, бұзақылық 26-дан 47-ге, көлік қуып кету 5-тен 10-ға дейін, жол көлік оқиғасы 1-ден 4-ке дейін, оның ішінде өліммен аяқталғаны 0-ден 3-ке дейін өскен.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 53-тен 78-ге өскен немесе 147,2 пайыз. Көшелерде жасалған қылмыстар 31-ден 64-ке дейін немесе 106,5 пайызға, бұрын сотталған тұлғалармен жасалған қылмыстар 2-ден 9-ға дейін немесе 350 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 29-дан 38-ге дейін немесе 131 пайызға артқан.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны өткен жылғы деңгейде (8) қалып отыр.

Тіркелген қылмыс санының өсу себебі – барлық қылмыстарды толық тіркеу туралы мемлекет саясаты болып табылады, оның ішінде қылмысты жасырғаны үшін жауапкершілікті қатайту, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тарту. Қылмыс санының өсуіне учаскелік полициялардың орны бос болуы да септігін тигізеді.

Сонымен қатар, тіркелген аса ауыр қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 1-ден 0-ге, ауыр қылмыстар саны 9-дан 8-ге, оның ішінде қасақана кісі денсаулығына зардап келтіру 2-ден 1-ге, ірі көлемдегі ұрлық 3-тен 1-ге дейін азайды.

Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстардың жалпы ашылу деңгейі жақсарды, (63,6 пайыздан 77,8 пайызға дейін) оның ішінде ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 60 пайыздан 77,8 пайызға өсті.
2014 жылға міндеттер:

- қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысты азайту үшін ішкі істер бөлімі мен жұртшылық өзара бірлесіп әрекет етуді жандандыру, оның ішінде аудан тұрғындарымен кездесулер өткізу;

-қылмыстың алдын алу және оны ашуда полициямен бірлесіп әрекет ететін «Сақшы» еріктілер жасағы мүшелерін мұқият іріктеу қажет;

-апта сайын ішкі істер бөлімінің барлық қызметімен елді мекендерде шұғыл алдын алу жұмыстарын жүргізу;


Құрметті аудан тұрғындары!
Біз, ауданның жергілікті атқарушы органдарының және меншік түріне қарамастан шаруашылық субъектілерінің келісілген әрекеттерінің, тұрғындардың күн сайынғы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 2013 жылы оң қорытындыларға қол жеткіздік.

Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндеттерін орындауға аудан еңбеккерлерінің бар күш-жігерін салатынына сенімдімін.



Ұлт көшбасшысымен бірге бірлікті береке тұтып, сенімді болашақтың мызғымас іргесін бірге қалайық.

Жолы-жарқын, мақсаты-айқын барша жерлестерге толағай табыс, отбасыларына берекелі бірлік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет