«Қазынашылық-клиент» АЖ, ҚИАЖ-да 2012 қаржы жылын аяқтау бойынша іс шаралар
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті ҚИАЖ-да 2012 қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты келесі жұмыс тәртібін белгілейді:
1) 2012 жылғы 27 желтоқсан – төменде келтірілгендерді есептемегенде, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен төлем құжаттарын қабылдаудың соңғы жұмыс күні болып табылады:
- шетел валютасындағы ақшаларды аударуға және қайта ауыстыру өтінімдерін;
- салық органдары арасында және бюджеттік сыныптама коды арасындағы түсімдерді есепке алатын төлем құжаттарын;
- міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды, жалақыларды, стипендияларды, жәрдемақыларды, алименттерді қайтаруды аудару үшін төлемге берілетін шоттар мен төлемге берілетін тапсырмаларын.
Операциялық күн бекітілген кестеге сәйкес жабылады.
2) 2012 жылғы 28 желтоқсан - мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен қабылданып, бірақ ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында жіберілмеген төлем құжаттарын жолдауға арналған операциялық жұмыс күні;
3) 2012 жылғы 28 желтоқсанда «Ұлттық валютадағы айқындалғанға дейінгі өзара есептесу бойынша аударылған сомалар» (бұдан әрі-902 шот) шотына келіп түскен төлемдерді, сонымен қатар салық органдары арасында және бюджеттік сыныптама кодтары арасындағы түсімдерді есепке алынуына төлем құжаттарын өткізу үшін төмендегі бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алымдарды жүргізуге арналған төлемге берілетін шоттарды қабылдау іске асырылады.
Операциялық күн бекітілген кестеге сәйкес жабылады.
4) 2012 жылғы 29 желтоқсан – барлық келіп түскен төлемдерді иелігіне қарай есепке жатқызу ( бюджетке, қолма-қол ақшаны бақылау шотына, мемлекеттік мекемелердің шоттарына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына, 902 шотқа).
5) міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды, жалақыларды, стипендияларды, жәрдемақыларды, алименттерді қайтару:
2012 жылғы 27 және 28 желтоқсанда келіп түскендерді – мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша оларды тағайындалуы бойынша ары қарай аудару үшін желтоқсанның 27-і мен 28-і және мемлекеттік мекемелердің төлемге берілетін шоттары негізінде 2012 жылдың соңғы жұмыс күні;
2012 жылдың соңғы жұмыс күні келіп түскендер – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпанда № 220 қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 337т. сәйкес ары қарай аударылуы үшін 902 шотқа есепке жатқызылады.
6) қазынашылықтың бөлімшелерімен мемлекеттік мекемелерден қолма-қол ақшаны алуға чектерді қабылдаудың соңғы күні 2012 жылғы 27 желтоқсан болып табылады, оларды екінші деңгейдегі банктермен төлеуі 2012 жылғы 28 желтоқсан, 2012 жылғы 28 желтоқсандағы операциялық күні төленген сомаларды қалпына келтіруімен.
7) 2012 жылғы 3 қаңтар –2013 жылдың бірінші операциялық күні. Төлемдерді жүргізу бойынша жұмыстар мен операциялық күннің жабылуы белгіленген тәртіпте іске асырылады.
Қазынашылық – клиент АЖ бойынша
8) 2012 жылғы 27 желтоқсан - квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік мекемелерден электронды төлем құжаттарын қабылдаудың соңғы жұмыс күні. Көрсетілген мерзімнен кейін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен электронды төлем құжаттары келіп түскен жағдайда құжаттар қабылданбайды.
9) Мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері 2012 жылдың 27 желтоқсанында қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберілмеген барлық қаржы құжаттардың күшін жоюды жүргізуі қажет (Бухгалтер/Бас Бухгалтерде алыстату, Бас Бухгалтер/Директорда қабылдамау). Жүйе есеп нысандарын қалыптастыру үшін және АҚБ жауапты орындаушыларымен қабылданбаған төлем шоттарын қарау үшін жұмыс істейтін болады.
10) 2012 жылғы 28 желтоқсан - мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 2012 жылдың 27 желтоқсанында қабылданып, бірақ өңделмеген электронды төлем құжаттарын өңдеу бойынша соңғы жұмыс күні. Хабарламалар ақпарында өңделмеген хабарламалар болмауы керек.
11) 2012 жылдың 28, 29 желтоқсаны - міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, жалақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және алименттер қайтарымын қағаз тасығышта қабылдау күні болып табылады:
2012 жылдың 27мен 28 желтоқсанында келіп түскендері – мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша олардың ары қарай белгіленуі бойынша аударылуы үшін қалпына келтіріледі, 27 желтоқсанда – электронды төлем құжатымен, 28 желтоқсан мен 2012 жылдың соңғы жұмыс күні келіп түскендері – мемлекеттік мекемелердің төлемге берілетін шоттары негізінде қағаз тасығышта қалпына келтіріледі;
2012 жылғы 29 желтоқсанда келіп түскендері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпанда № 220 қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерінің 237 тармағына сәйкес ары қарай аударылуы үшін 902 шотқа есепке алынады.
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің әкімшілігі
Достарыңызбен бөлісу: |