Аудан тұрғындарының назарына!!!



Дата01.07.2016
өлшемі37 Kb.
#170189
Аудан тұрғындарының назарына!!!
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-VҚРЗ Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы №400-V ҚРЗ заңы қабылданып, мүлікті жария ету бойынша рақымшылық 2016 жылдың аяғына дейін, яғни желтоқсан айының 31-не дейін ұзартылды.

«Мүлікті заңдастырудың маңыздылығы неде?»,- Бұл акция бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің жанынан құрылған мүліктерді жария етуді өткізу жөніндегі комиссия жұмыс істеуде.

Аудан көлемінде жария етілуге тиісті мүліктер әлі де жетерлік.

2014-2015 жылдары аралығында мүлікті жария ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, елді мекендер бойынша ауыл округ әкімдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірақ өкішішке орай мүмкіндікті пайдаланғандар аз болды.

Сондықтан да, мүмкіндікті мүлт жібермеу керек.

Тұрғындар ең алдымен мүліктерінің құжаттарын дұрыстап алады.

Сонан кейін мүліктің орналасқан жеріне қарай өзіндік бағасы болады.

Соған сәйкес тиісті мөлшерде салық төленеді.

Ал, мүлікті жария ету мерзімін өткізіп алса, ол мүлік заңсыз деп танылып, комиссия шешімімен бұзылуы да әбден мүмкін.

Сондай-ақ, 2017 жылдан елімізде жалпыхалықтық декларациялау басталады.Сол кезеңде жауапкершілікке тартылмай, бүгіннен қолдағы барды заңдастыру үшін бұл шара біз үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп түсінуіміз керек.

Мүлікті жариялау бойынша да жұмыстар барынша ықшамдатылған.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша комиссияға жария ету субъектілері нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтініш, өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып оның көшірмесін, объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қортындысын сонымен қатар жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беру арқылы жүргізіледі.

Басқа тұлғаға ресімделген мүлікті жария ету бойынша мүлкін жариялағысы келген әрбір азамат мемлекеттік кіріс органына белгіленген үлгідегі декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.

Декларацияға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жариялануға тиісті мүлікке қатысты өзінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусіз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі, жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және мәліметтер қоса беріледі.

Мүлікті жария ету бойынша барлық сұрақ жауаптар алу үшін аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан аудан әкімі аппараты заң бөлімшесінің қызметкерлерімен 2-25-21 сымтетігі арқылы, сонымен қатар комиссия хатшысымен (Е.Избасов) төмендегі ұялы телефон арқылы хабарласуға мүмкіндік бар. (8-702-907-82-16)

Ендеше, қолда барды жасырып-жаппай, керісінше мемлекет беріп отырған мүмкіндікті мүлт жібермей, мүлікті заңдастыруға асыққан абзал.



Өтініштер қабылдау пунктері және байланыс телефондары




Жауапты орындаушы комиссия хатшысы: Избасов Ертөстік Омарбекұлы

ОҚО «Бәйдібек ауданы әкімі аппараты» ММ аудандық әкімдік ғимараты 1 қабат

Шаян ауылы Б.Қарашаұлы №49

8(72548) 2-25-21

Ұялы тел: 8-702-907-82-16













Ақпарат көзі: Бәйдібек ауданы әкімі аппараты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет