Аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет



Дата29.02.2016
өлшемі18.44 Kb.
#31210
Аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет.
Ауданның жер қоры 2013 жыл бойынша 1 543 396 гектарды құрап отыр.

Осы жерлер санаттар бойынша ауылшаруашылығы мақсатында жерлер 361 376 га, оның егістігі 30979 га жайылымдығы 281711 га, басқа алқаптар 48686 га.

Аудандағы 579 шаруа қожалығында 319376 га бар, оның 24669 га егістік, 251288 га жайылымдық жерлер. Ауылшаруашылығы айналысатын заңды тұлғаларға жалпы көлемі 23510 га, оның егістігі 1 292 га, жайылымдығы 19542 га. Ауданда елді мекендер жері 86629, оның егістігі 649 га, жайылымдығы 59876 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және ауылшаруашылығына арналмаған өзгеде жерлер 22429 га, оның егістігі 28 га жайылымдағы 17 785 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 21,0 га, орман қоры жері 791535 га, оның егістігі 518 га жайылымдығы 78280 га, су қоры жері 12728 га, болып отыр.

Жалпы босалқы жер көлемі 268678 га, оның 2411 га егістік, 183519 га жайылымдық 82748 га басқа алқап болып келеді.

Бөлім өз жұмысын 2013 жылға жасалған іс-жоспарға сәйкес атқарып келеді. Өткен 9 айда бөлімге келген арыз өтініштер саны 196 болса, оның 140 данасы жеке 56 данасы заңды тұлғалар дана келген.

Келген өтініштерге байланысты 76 аудан әкімдігінің қаулысы қабылданса, оның ішінде жер учаскелерін табыстауға мақсатын өзгертуге 32, өнеркәсіп мақсатқа 6, жай жерлерді егістікке ауыстыруға 34, жер учаскелерін қайтарып алуға 4 қаулы қабылданды Халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы 441 дана сәйкестендіру құжаты жасалды.

Тұрғын үйге жер учаскелерін табыстау мақсатында 82 адамның құжаттары дайындалып кент әкімі аппаратына шешім әзірлеуге жолданды.

Бөлімде жыл басынан бері 3 рет жер учаскелерін сауда-саттықта беру мақсатында аукцион (конкрус) өткізілді. Жалпы саны 41 учаске ұсынылып, 37 учаске сатылды. Жалға салынып берілген жер учаскелерінің жалпы көлемі 1740 гектар, сатылу құны 10529014 теңге құжаттары бюджетке кіріс бөлуде.

Бөлімде жыл басынан бері ҚР Призиденті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 сратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы жолдауы 3 рет талқыланды. Сыбайластықты болдырмау оның алдын алуға байланысты 6 отырыс өтті Бұл мәселеде аудандық прокуратура қызметкерлеріне 2 рет түсінік өткізді.

Біліктілігін арттыруға байланысты 2 маман қысқа мерзімде курстан өтті, аудан әкімдігінің осы мезгіл дейін өткізіп келе жатқан барлық саяси көпшілік, мәдини шараларына толық қатысып келеміз. Бөлімде жоспар боынша 9 айға бөлінген 58000 қаражатдан 52000 теңге игерілді, бөлімге жаңадан қызмет көлігі беріліп үлкен көмек болды. Қаражат игеруде немесе қызмет бабында сыбайластық орын алып, шара көрген мамандар көргкен жоқ. Бөлім өз қызметі шегінде міндеттерін атқара беретін болады.


Аудандық жер қатынастары

бөлімі басшысының міндетін

уақытша атқарушы Ә.Шерубайұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет