Ағымдағы жылы аудан бойынша 10467 га жерге егістік алқаптар орналастырылған болса, соның 8175 га ақ бидай және 2292 га арпа. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33% төмен, («Жұма» ШҚ (5100 га) және «Қуан» ШҚ (60 га) қаржылық қиындықтарға байланысты жоспарланған егістік жұмыстарын жүргізбеген). Егін шаруашылығымен шұғылданатын ауыл шаруашылық құрылымдарға («Сабанов» ШҚ, «Қайрат» ЖШС, «Самат» ШҚ) 3 млн. 363 мың 900 теңге мөлшерде субсидия бөлінді, сондай-ақ көктемгі – далалық жұмыстарын жүргізуге аудан шаруашылықтарына әр литрі 58 теңгеден 217 тонна жанар – жағар май бөлінді. Егістік жұмыстарға 24 шынжыр табанды және «К-700» маркалы 9 трактор, 552 тырма, 104 егістік агрегат және «Джон Дир» егістік кешені қатынасты.
Биылғы жылы аудан бойынша 1560 га егістік алқап шабылып, 470 тонна өнім, с.і. 380 тонна ақ бидай және 90 тонна арпа жиналды. Биылғы қолайсыз табиғи жағдайлардың (ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың болмауы) салдарынан дәнді дақылдарының 8907 га егістік алқаптары оруға жарамсыз болды.
Күні бүгінге тұқым шаруашылығы – «Қайрат» ЖШС 2008 жылғы егін науқанынан жиналған 300 тонна ақ бидай тұқымы сақталуда. Бұл тұқым қорын 2011 жылғы егістік жұмыстарына пайдалануға толық мүмкіндік бар. «Қайрат» ЖШС-де 777 га парды жырту және үш мәрте өңдеу жұмыстары жүргізілді.
2010 жылы 250 га жерге бау-бақша дақылдары егілді. Егілген 130 га көкөністен 115 га жиналып, 1290 тонна өнім алынды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. 60 га бау-бақша дақылдарының 50 гектарынан 510 тонна (өткен жылғыдан 0,6 пайызға артық) және 60 га картоптың 45 гектарынан 474 тонна өнім алынды, ол өткен жылғымен бір деңгейде. Ауылдық округтерде бау-бақша дақылдары егуге жалпы көлемі 58 га құрайтын 14 жер учаскесі белгіленіп берілді. Қамысты ауылдық округінде «Жақсылық» ШҚ 8 га жер учаскесінде тамшылап суару әдісін қолданды. Аудан орталығында үстіміздегі жылдың тамыз, қыркүйек айларында 8 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда 19,2 тонна қияр, 17,7 тонна қызанақ, 27,1 тонна қарбыз, 12,2 тонна қауын, 1620 кг алма, 14,3 тонна картоп, 5 тонна бұрыш, 1350 кг сәбіз, 3395 кг пияз, 1,4 тонна баялды (баклажан), 1тонна асқабақ, 4,8 тонна қырыққабат (капуста), 95 тонна шөп, 45 тонна жем, 200 литр қымыз, 740 дана жұмыртқа және 604 кг сүт және сүт өнімдері мен 237 бас қой сатылды.
2010 жылғы 11 айлық есеп қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара саны 26369 бас (былтырғы жылмен салыстырғанда 2% артық), қой мен ешкінің саны 1,5% кеміп, 47277 басқа жеткізілді, жылқы саны 3,7% көбейіп, 4385 басты құрады, түйе саны 13% артып, 62 басқа жеткізілді, құс саны 1,5% кеміп 20275 болды. Осы мерзімге ауданда 3534,9 тонна ет (былтырғы жылғы тиісті мерзімімен салыстырғанда 19,6% артқан), 1063,0 тонна сүт (былтырғы жылғы тиісті мерзімімен салыстырғанда 0,4% артқан) және 1507547 дана жұмыртқа (былтырғы жылғы тиісті мерзімімен салыстырғанда 2% артық) өндірілді.
Ауыл шаруашылық малдарын егу шаралары жоспарға сай 100% орындалды. 1 қарашаға қолдан ұрықтандырылған ірі қараның саны 1307 басты құрады (жоспар 100,5% ). Аудан бойынша 5000 бас ірі қара (53%), 1085 бас жылқы (100%), 9000 бас қой мен ешкі (44%), 7 бас түйе (88%) бірдейлендірілді. Ауданда 9 мал сою алаңы салынып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы 1 мал сою цехын іске қосу жоспарлануда. Асыл тұқымды ірі қара малын өсіретін «Әлем» ШҚ 7 бас асыл тұқымды жылқы сатып алды және 300 бас ірі қара бордақылаудан өткізіп, 70 тонна жоғары сапалы ет тапсыруға мүмкіндік алды. «Дидар» ШҚ 14,4 тонна сиыр еті мен 14,1 тонна жылқы етін дайындап, жалпы көлемі 9 млн 828 мың теңге субсидия алу үшін қажетті құжаттарды тапсырылды.
Биылғы жылы 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды 10 бас айғыр, 9 бас бұқашық, 2 бас қашар сатып алып, 1 млн 75 мың 900 теңге субсидия алуға құжаттарын тапсырды.
Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге 148,3 мың га жердің шөбі шабылып, 72,7 мың тонна шөп (жоспар 110,2 %) дайындалды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу саласында 3 диірмен, 3 шағын наубайхана жұмыс жасауда. Аудан орталығында жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайтын екі жылыжай салынып іске қосылуда. Ол аудан тұрғындарын жыл бойы көкөністермен қамтамасыз етуге және бағаларды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |