Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Ауданда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен, аз қамтылған жанұяларға қолдау көрсету, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық жасап, әлеуметтік қорғау саласын жақсартуға баса назар аударылып отырылады.
Халықтың анағұрлы м мұқтаж топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, коммуналдық шығыстарына өтемақы ретінде тұрғын үй көмегі, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төленуде.
2012 жылдың 12 айында 202 отбасының 714 мүшесіне 28129,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2011 жылы 271 отбасының 924 мүшесіне 26769 мың теңге төленген, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24 %-ға азайды.
2012 жыл көлемінде 763 отбасының 2087 мүшесіне 29489,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді, 2011 жылы аз қамтылған 1209 отбасының 3111 баласына 36374,2 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленген, немесе жәрдемақы алушылар саны 33 %-ға азайды.
Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін 2012 жылдың 12 айында 98 отбасының 2100 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 93 отбасыға 1900 мың теңге тұрғын үй көмегі төленген.
Аз қамтылған, тұрмысы нашар, әлеуметтік көмекті қажет ететін 286 адамға жергілікті бюджеттен 4182 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді, оның ішінде туберкулезбен ауыратын 92 адамға қосымша тамақ пен жол ақысына 2445,0 мың теңге, осы аурумен ауыратын 50 балаға санаторийге емделуге бару үшін 250 мың теңге қаражат бөлінді. 2011 жылы осы уақытта 227 адамға 2506,4 мың теңге материалдық көмек төленген.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 126 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 5778 мың теңге материалдық көмек төленсе, 2011 жылдың осы уақытына 150 адамға 7329 мың теңге материалдық көмек төленген.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 82 студентке 50410 мың теңге материалдық көмек төленді, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 87 студентке 44446 мың теңге төленген.
Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1542 көп балалы анаға 15400 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленсе, былтырғы жылы 1541 анаға 15250 мың теңге төленді.
Республикалық, облыстық дәрежедегі 16 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығыстары өтемақысына 216 мың теңге материалдық көмек төленсе, былтыр 406 мың теңге төленген.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 50 балаға 3828 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленсе, былтыр 42 мүгедек балаға 3143 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленген.
01.01.2013 жылға жұмыссыз ретінде 620 адам тіркелген.
01.12.2012 жылға жұмыссыздардың саны 167 адам болып, экономикалық белсенді халықтың ішінен жұмыссыздардың үлес салмағы 1%-ды құрады.
2012 жылды 530 адам әртүрлі жұмыстарға орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендердің ішінен 75% құрады, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 770 адам жұмысқа орналастырылған.
Ағымдағы жылдың 12 айында 263 жаңа жұмыс орны ашылды, былтыр 159 жұмыс орны ашылған.
Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар іс-тәжірибесіне 11 жұмыссыз қатысып, жергілікті бюджеттен бөлінген 770 мың теңге қаражат игерілді.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға -533 адам жіберіліп, осы мақсатқа бөлінген 16300 мың теңге қаражат толығымен игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам жұмысқа жіберілді, бұл шараға 375,3 мың теңге жұмсалды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. 2012 жылдың басынан бері аудан бойынша 39 жұмыссыз оқытылды, осы мақсатқа 1180 мың теңге қаражат игерілді. Жыл басынан 15 жұмыссыз мал дәрігері мамандығына, 13 жұмыссыз есепші, 11 жұмыссыз тігінші мамандығына оқытылды.
Ауданда бүгінгі күнге барлығы 1489 мүгедек адам бар. Олардың ішінде 1- топ мүгедегі -38 адам, ІІ-топ мүгедегі- 854 адам, ІІІ-топ-488 адам, 16 жасқа дейінгі балалар саны 109 бала.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 49 адамға 18491 дана подгузник таратылды, 1 диктофон, 6 телемагнитофон, көзі нашар көретін мүгедектерге 2 сағат, 4 мүгедектердің серуен арбалары таратылып берілді, 7 адам магнитола мен 1 көзі көрмейтін мүгедек бала Брайн системасының жазу құрылғысын, 3 музыкалы радиола алды. Өскемен, Семей қалаларындағы протез жсау заводтарына жолдамамен 33 мүгедек адам аяқ-қол протездері мен 3 мүгедек адам омырау протездерін жасатты.
«Уба» демалу-сауықтыру орнында 47 адам, «Бура» сауықтыру орнында мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы негізінде 4 мүгедек емделіп, демалып қайтты.
Чернобыль АЭС-дегі апатты жоюға қатысқан ауданның 15 азаматына 10 мың теңгеден 150 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» іс-жүзіне асыру мақсатында мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуы үшін аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне әлеуметтік нысандарға пандустар орнатылуын қадағалап, қамтамасыз ету туралы тапсырма берілген.
Аудан бойынша бүгінгі күнге 318 әлеуметтік нысанға пандус орнату қажет болса, пандус орнатылған нысандар саны барлығы 98.
Бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша екі бөлімше жұмыс атқарады. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде мемлекеттік стандартқа сай даму ерекшеліктерін ескере отырып 116 мүгедекке 8 әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде (әлеуметтік–тұрмыстық, әлеуметтік–медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік–еңбек).
Бөлімнің қарамағындағы І-топ мүгедегі Н.Шарибаева, мүгедек баласы бар Нусупова Зухра, 103 жастағы қарт зейнеткер М.Сергееваға баспана берілді.
Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде мемлекеттік стандарт негізінде 111 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілуде (оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлері-3, тыл ардагерлері-16, 1-топ мүгедегі-5, 15 адам ІІ- топ мүгедегі бар). Зайсан қаласында -50 адам, ауылдық округтерде-61 адам.
8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне –бөлім қарамағындағы 62 қарт аналарға, 1маусым балалар күніне – 120 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік жиынға шақырылып, аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен құттықтаулары берілді. 9 мамыр күні 22 ҰОС ардагерлеріне, 8 ҰОС жесірлеріне мерекелік дастарқан жайылып, азық-түлік пакеттері берілді.
2012 жылы аудан әкімінің тапсырмасымен «Қайырымдылық айлығы» өткізіліп, онда 10834,2 мың теңгенің көмегі берілді.
Зайсан қаласы бойынша мекеме басшылары өздеріне бекітіліп берілген аз қамтылған отбасыларына барып, тұрмыс-жағдайларымен танысып, 98 жанұяға 878 мың теңгенің ақшалай, азық-түлікпен, отын-көмір мен киім-кешекпен көмегін көрсетті.
Ауданда еңбек келісім шартымен және квота бойынша келген 1629 жанұя 7100 адамымен тұрады.
186 оралман отбасы шаруа қожалығын құрып, 23666 га шабындық, егіндік жерлері бар. Қазір оралмандардың қосалқы шаруашылықтарында 830 бас– iрi қара, 220-дан аса жылқы, 3500-ден астам қой- ешкi өсірілуде,
Бөлім Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰ) бірлесіп оралмандарды жергілікті жерге бейімдеуге, жұмысқа орналастыруға, сауаттарын ашуға шаралар белгілеп, жұмыстар атқаруда.
2012 жылы Зайсан қаласынан «Мүгедектерді тұрмыстық қамту орталығы» жобасы іске асырылып жұмыс істеуде. Бұл орталықта 3 оралман мен бір ІІ-топтағы мүгедек жұмыспен қамтылып отыр.
Қазіргі кезде 4 ауылда және Зайсан қаласында оралмандарға оқу курстары ашылып, оқу жүргізілуде. Бұған БҰҰ-нан 720 мың теңге қаражат бөлінді.
Ауданда 72 оралман кәсіпкерлікпен айналысуда. Олар аудан орталығында 6 шаштараз, 4 аяқ киім жөндейтін шеберхана, 4 киім тігетін цех, 2 фото салон, 1 компьютерлік орталық, 2 асхана ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Аудан бойынша 207 меморандумға 204,7 млн. тенгенің міндеттемесі қабылданды, оның ішінде аймақты дамытуға 66 меморандум-196346,0 мың теңгеге, 141 ағымдық меморандум - 8 млн. теңгеге. 10 айда барлығы 204 млн 67 мың теңгеге орындалды, оның ішінде аймақты дамыту- 196 млн. 316 мың теңгеге, ағымдық меморандум- 8 млн. 354 мың теңгеге орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |