ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҮЙЕСІ
Досмурзаева Д.О., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының оқытушысы
XX ғасырды «балалар ғасыры» деп атаймыз. Оған түрлі жоспардағы халықаралық зерттеулер болғандықтан, Балалық шақ феноменінің құндылығын тануға мүмкіндік туғызды. Халықаралық қауымдастықта балаларға деген қатынас бірте-бірте жаңа сапаны иемденді. Қандай болмасын мемлекет кәмелетке толмаған балаларға өмір сүру үшін жағдайлар жасап, оларды қамқорлыққа алып және жан-жақты қорғау қажет. Бірақ ол үміттерді ақтаған жоқ. Оның барлығы елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгеру кезеңінде бастан кешірген әлеуметтік құбылыстардың яғни, балалардың қаңғыбастығы, панасыздық және қайыр сұраудың әсерінен болды. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның трансформациясы халықтың ең аз қорғалмаған бөлігіне – балалар әлеміне ерекше ауыртпалығын тигізді. Өкінішке орай жұмыссыздық сияқты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сақталған тұрақсыздандыру тенденциясы, балалардың жағдайларын күшейтіп отыр. Аталған жағдайлардың барлығы балаларды әлеуметтік қорғау институтының маңызды екенін көрсетіп отыр.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы балалар мәселесін шешу қоғамдағы гуманизация процестерімен үздіксіз байланысты. Қоғамның ізгілігі оның маңызды ізгілікті институтын яғни, балаларды әлеуметтік қорғау институтының бар болуын талап етеді. Қазіргі заманғы әлемде балаларды әлеуметтік қорғау, сол сияқты Қазақстанда да, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін көрсететін ең маңызды, негізгі қоғам дамуының мәдени, әлеуметтік, экономикалық факторлардың бірі болып отыр. Әлеуметтік қорғауды алу құқығы бала кұқығы статусының ең маңызды элементі болып табылады.
Оның барлығы халықаралық құқықтық стандарттарда және көптеген дамушы елдердің конституцияларында бекітілген. Мысалы: БҰҰ бала құқықтары Конвенциясының Преамбуласында (1989 ж.).
Заңдық және ғылыми әдебиеттерде «балаларды қорғау» түсінігінің түрлі көзқарастары бар, оны оған туыс категориялармен теңдестіреді: «баланы құқықтық қорғау», «бала құқықтарын сақтау», «балаларды әлеуметтік қорғау».
«Қорғап қалу» түсінігінің жалпы қолданылатын мағынасы: қорғау, сақтау, орына отыру, жәбір көрсетпеу деген мағынаны білдіреді. Құқық теориясында қорғау бұл – жеке тұлғаның өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасауға бағытталған, ұйымдастырушылық, саяси, экономикалык құқықтарын жүзеге асырудың қалыпты барысын қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы деп тусіндіріледі. Балаларды әлеуметтік қорғаудың мәні баланың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, оған қолдау мен көмек көрсетуді, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-психолого-педагогикалық құралдар, формалар мен әдістердің көмегімен жүзеге асыру дегенді білдіреді. Бұл ұстанымда балаларды әлеумеітік қорғау ұғымы «баланы құқықтық қорғау», «бала құқықтарын сақтау» ұғымдарынан әлдеқайда кең, өйткені бала құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психоло-педагогикалық кепілдіктердің барлық жиынтығын қамтиды. Басқаша айтқанда, балаларды әлеуметтік қорғау жүйе ретінде түсіндіріледі.
Жүйе (грек. тілінен systета – бүтін, бөліктерден құралған; бірігу) – белгілі бір тұтастықты, бірігуді құрайтын, бір-бірімен байланыста болатын. көптеген элементтерді айтамыз [2, 1102 б.]. Әрбір жүйенің келесідей негізгі белгілері бар:
- оның қызмет ету құрамдарын, формаларын, міндеттерін және мазмұнын анықтайтын, жалпы мақсаттық бағыттылығы;
- өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің белгілі бір, құрылымның бар болуы;
- оның элементтерінің функционалды құзіреттілігінің белгілі бір сатылылығы (үйлестірушілік, бақылаушы, ұйымдастырушылық). Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі түрлі деңгейлі, баланың тұлғалық әлеуметтену процесінің барлық институттарында өтеді және сол процестің көбінесе тиімділігін анықтайды.
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуын О.В. Степанов [3, 146 б.] келесі сәттерін бақылап шыкты:
- балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы қогамнын барлық институттарының дамуымен үздіксіз байланысында болады;
- ұлттың өмір сүруін, адамзаттық потенциалды жаңадан өндіруді камтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік институттардың дамуы қоғамның қажеттіліктерін анықтайды;
- балаларды әлеуметтік қорғаудың құрылымы, әдістері, формаларының қалыптасуы қоғам дамуының социомәдени ерекшеліктерімен, дамудың әлеуметтік-экономикалық деңгейімен айқындалады.
Балаларды әлеуметтік қорғауды жүйе ретінде қарастыру кезінде жалпы мағынада, келесі құрамдас жиынтықтардан шығады:
- заңмен қамтамасыз ету және құқықтық нормативтік өрісінің ұйымдастыру дәрежесі;
- басқару тетіктері, мекемелер мен органдардың құзіретті өзараәрекеттесу тәртібі, ведомствоаралық өзара байланыс, мекемелердің іс-әрекеттерінің ұйымдастырылған формалары;
- атқару тәртібі;
- қаржылы-экономикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету;
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі дегенде балалардың қызығушылықтары мсн қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында. баланың үйлесімді дамуы мен өмірлік қамсыздандыруды қолдау, өмірдің кепілдендірілген жағдайлары бойынша ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-психоло-педагогикалық шараларды қоғам және оның ресми құрылымдарымен жүзеге асыратын жүйе деп түсіну қажет. Бірақ «балаларды әлеуметтік қорғау» және «балалардың әлеуметтік қорғалуы» ұғымдарын ажырата білу керек. Балалардың әлеуметтік ұорғалуы балаларды әлеуметтік қорғау бойынша шаралардың тиімділігінің көрсеткіші ретінде қарастырылады (балалардың физикалык, материалдық және рухани саулылығы).
Балалардың әлеуметтік қорғалуының негізгі көрсеткіштері объективті (сол қоғамда бекітілген тағамдық, тұрмыстық, құқықтық қорғалу және т.б. нормаларға балалардың әлеуметтік-экономикалық, материалдық-тұрмыстык өмірлік жағдайларына сәйкес болуы) және субъективті (балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы шаралардың балаларды қанағаттандыру дәрежесін сипаттайтын индикаторлар) болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасында балалардың жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары келесідей:
-
балаларды құқықтық қорғауды нығайту;
-
балаларды өмірлік қамтамасыз етудің табиғи ортасы ретіндегі отбасын қолдау;
-
ана мен бала денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
-
балалардың тамақтануын жақсарту;
-
балаларды тәрбиелеу, білім алу және дамуын қамтамасыз ету;
-
ерекше қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсету.
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі құрылымдық компоненттеріне оны жүзеге асырудың әдістері мен формалары жатады. Балаларды әлеуметтік қорғаудың әдістері мен формаларына толық сипаттама берген В.А. Варывдинов және И.П. Клемантович болды [4, 49-52 бб.]. Олардың позицияларына сәйкес балаларды әлеуметтік қорғаудың формаларына келесілер жатады:
Құзіретті органдардың шешімдері мен үкімдері. Балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы заңдар, заңдар мен Жарлықтарға қол қоятын Президент, балаларды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша үкімдерді шығаратын Үкімет; балаларды әлеуметтік қорғау саласында проблемалық және даулық жағдайларды қарастыратын соттар; балаларды әлеуметтік қорғаудың нақты аспектілерін қарастыратын министрліктер; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; балаларды әлеуметтік қорғау мәселесі бойнша құқықтық актілерді құрастыратын кәсіпорындар мен мекемелердің жетекшілері.
Бағдарламалар. Бұл форма балаларды әлеуметтік қорғаумен айналысатын мемлекеттік билік органдарына тән.
Балаларды әлеуметтік қорғау бойынша шаралар жоспарлары. Оған балалардың жағдайларын жақсартуға бағытталған жоспарлар жатады.
Балаларды әлеуметтік қорғау үшін материалдық базаны құрастыру мен дамуы. Ол үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстарды мобилизациялау, қаражатты шығындалуды бақылау жасау қажет. Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің қажетті элементтеріне материалдық база жатады және ол келесі құрамдастардан тұрады:
- қаржылық база (бюджеттік қаражаттар, бюджеттен тыс қаражаттар, демеушілердің бөлетін қаражаттары, және т.б. қайнар көздер мысалы, шіркеу, азаматтардың еркін жарналары);
- көпсандық ғимараттар, құрал-саймандар. Бұл мектептер, мектептен тыс және мектепке дейінгі кешендер, бала бақшалар, санаторийлер, демалыс орындары, лагерьлер және т.б. объектілер;
- балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі:
- әйелдерге төленетін бір жолғы жәрдемақылар, жүктілігі мен тууына байланысты жәрдемақылар, баланың бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақылар және т.б.
Балаларды әлеуметтік қорғау әдістеріне: балаларды әлеуметтік қорғауда қажетінше белсенді қатысуға балаларды әлеуметтік қорғаудың әрекет ететін және потенциалды субъектілерін сендіру; балаларды қорғау бойынша шараларды өткізу барысында елге танымал және әйгілі мемлекеттік, коғамдык, діни қайраткерлерді, ғылым және мәдениет, еңбек және соғыс ардагерлерінің аты танымал қайраткерлерді, Олимпиада ойындарының, халықаралық конкурстардың жеңімпаздарының беделдерін қолдану; балаларды әлеуметтік корғау бойынша шараларды мадақтау және стимулдау; мәжбірлеу әдісі: балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуындағы болжау және анализ әдісі жатады.
Қазіргі таңда балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы объектілері мен субъектілері мәселесіне қатысты бір көзқарас жоқ. Сондықтан балаларды әлеуметтік қорғау саласы бойынша (В.А. Варывдинов және И.П. Клемантович) және әлеуметтік жұмыс (П.Д. Павленок, Е.И. Холостова) мамандарының өңдеген жұмыстарын ескере отырып, бір жеке объектілер мен субъектілердің түсінігін қарастырамыз.
Объект бұл – пәндік-практикалык және танымдық іс-әрекетінде субъектіге қарама-қайшы келетін ұғым ретінде баяндалады. Субъект бұл – объектіге бағытталған, белсенділіктің қайнар көзі, пәндік-практикалык және танымдық іс-әрекеттің (индивид, әлеуметтік топ) тасушысы.
Балаларды әлеуметтік қорғаудың объектісі кең мағынада алғанда бұл барлық балалар, яғни 1959 ж. бала құқықтары Декларациясына сәйкес арнайы қолдау мен қамқорлықты қажет ететін кәмелетке толмағандар болып табылады. Қазақстан Республикасының «Отбасы және неке туралы» Заңына сәйкес әр балаға өмір сүруге, отбасында тәрбие алуға, қорғалуға құқылы болуға, аты-тегін алуға құқылы, өзінің көзқарасын білдіруге және басқа құқықтарына кепіл берілген.
Бірақ әр баланың өзінің өмірінің әртүрлі кезеңдерінде және әлеуметтік жағдайларына байланысты, бала белгісіз бір себептерге байланыссыз түрлі дәрежедегі әлеуметтік қорғауды қажетсінетін болады. Сондыктан балалық шақтың дефинициясын кешенді әлеумегтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, оның біртекті еместілігін, оның дифференциациясын ескеру қажет. Соған байланысты балаларды әлеуметтік қорғаудың объектілерін келесідей жіктеуге болады:
- жастық кезеңдерінің дамуына байланысты: нәрестелік шақ (1 жасқа дейін), мектепке дейінгі шақ (1 жастан – 6-7 жас), кіші мектеп жас (6-7-10 жас), орта мектеп жас (11-15 жас), жоғарғы мектептегі жас (16-18 жас);
- денсаулығына байланысты: мүгедек балалар, психикалық стрестерге ұшыраған, суицидке бейім, психикалық ауытқуы бар балалар;
- көмек көрсету бағьттарына сәйкес (қиын өмірлік жағдайға байланысты): зорлық-зомбылықты бастан кешірген, жетім балалар, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасының балалары, толық емес отбасылардың балалары, жас отбасылардың балалары, аз қамтылған отбасылардың балалары, асоциалды отбасылардың балалары, босқын отбасылардың балалары және т.б.;
- девиантты мінез-құлықтағы балалар: кәмелетке толмаған немесе құқық бұзушы балалар, алкоголь және наркотикалық заттарды қолданатын балалар, кішкентай жастағы жезөкшелер және қаңғыбастықпен айналысатын балалар;
- ерекше жағдайдағы балалар: талантты балалар, және де баланың сол немесе басқа да әлеуметтік, этникалық топтарға, таптарға, дінге жатуы.
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйелерінің негізгі субъектілерінің ең негізгілеріне ұйымдар, мекемелер, қоғамдық әлеуметтік институттар жатады. Сонымен қатар субъектілерге саяси партиялар, практикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын мамандар, волонтерлік қозғалыстар, оқытушылар, ғылыми қайраткерлерді жатқызамыз. Нақ осы субъектілер көбіне оның тиімділігін анықтай отырып балаларды әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының қызмет ету әдістерін, формаларын, мазмұндарын анықтайды.
Әдебиеттер:
-
«Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы.
-
Большой энциклопедический словарь. 2-е издание перереб. и доп. – М., 1998. – С.1102.
-
Степанов О.В. Мир детства в условиях выживания (Социально-прововые проблемы защиты детства) / О.В. Степанов. – Ростов-на-Дону, 1997. – С.146.
-
Варывдин В.Л. Управление системой социальной защиты детства:Учебное пособие / В.А. Варвыдин, И.П. Клемантович. – №4.. – 2004. – С.49-52, 58-59.
-
Поддубная Т.Н. Управление системой социальной защиты детства /
Поддубная Т.Н., Поддубный А.О. – Ростов-на Дону: 2005. – С.48-69.
Достарыңызбен бөлісу: |