Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -1 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Аудандық мәслихаттың он алтыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы №16-1 шешіміне қосымша
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық
мәслихатының кезекті 16 – сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ:
1.
|
Аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты алдын-алу және онымен күрес жүргізудегі атқарып жатқан жұмыстары туралы.
Баяндамашы: Б.Нүркенов - Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
|
2.
|
Қамқалы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Есеп беруші: А.Тлемісов-Қамқалы ауылдық округінің әкімі.
|
3.
|
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.
Есеп беруші: Б.Көкебаев – тұрақты комиссия төрағасы
|
4.
|
Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Есеп беруші: Д.Искаков-Тоғызкент ауылдық округінің әкімі.
|
5.
|
Досбол ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Есеп беруші: С.Ниязов-Досбол ауылдық округінің әкімі.
|
6.
|
«Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 57-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
7.
|
«Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
8.
|
«Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 маусымдағы № 51-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
9.
|
«Сарысу ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
10.
|
«Аудан әкімдігі жанындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы № 23-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
11.
|
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының он жетінші сессиясының төрағасы туралы.
|
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының
кезекті он алтыншы сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы 2013 жылдың 25 маусым күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Сессияның жұмыс регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға 15 минут, жарыс сөзге 5 минут, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша есеп берушіге 15 минут, жарыс сөзге 5 минут, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша есеп берушіге 5 минут, қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 10 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 5 минут.
Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі
1.
|
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге
|
15.00 – 15.05
|
2.
|
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға
|
15.05 – 15.20
|
3.
|
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге
|
15.20 – 15.25
|
4.
|
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша есеп берушіге
|
15.25 – 15.40
|
5.
|
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жарыс сөзге
|
15.40 – 15.45
|
6.
|
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша есеп берушіге
|
15.45 – 15.50
|
7.
|
Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін
|
15.50 – 16.00
|
8.
|
Анықтамалар беру үшін
|
16.00 – 16.05
|
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -2 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Кезекті он алтыншы сессияның редакциялық комиссиясының
құрамы туралы
Сарысу аудандық мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті он алтыншы сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:
Прекешов
Нұрхан Әбиұлы
|
-
|
№ 5 Бүркітті сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы;
|
Блалиев
Тоқтасын Амантайұлы
|
-
|
№ 8 Байқадам сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;
|
Сәдуақасов
Болат Мәлікайдарұлы
|
-
|
№ 12 Жаңаарық сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.
|
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -3 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты алдын-алу және онымен күрес жүргізудегі атқарып жатқан жұмыстары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты алдын-алу және онымен күрес жүргізудегі атқарып жатқан жұмыстары туралы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нүркенов Берік Сұлтанұлының хабарламасы назарға алынсын.
2. Аудандық ішкі істер бөліміне (Б.Нүркенов) ұсынылсын:
1) қоғамдық тәртіпті нығайту және қаладағы қылмыстың алдын-алу бойынша кешенді жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу;
2) орта мектептердің, колледждердің кәмелетке толмағандарымен оның ішінде мектепішілік есепте тұрғандармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кең ауқымды ата-аналар жиналыстарын өткізіп, онда мектеп инспекторларының жұмыстарын және алдағы уақыттарға қойылған бағыттар бойынша тыңдау тәжірибесін жүргізу;
3) ауданның көңіл көтеретін орындарында демалыс және мереке күндерінде күшейтілген рейдтік патрулдік іс-шараларды жүргізу;
4) аудандық «Сарысу» газетінің бетінде қылмыстың алдын алу, болдырмау және онымен күресті жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен жариялау және тұрғындарға заңдарды және оларға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
5) балалардың күтімі мен тәрбиесі бойынша өздерінің міндеттеріне ықылассыз қараған ата-аналарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан басқа да тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын тәжірибеге енгізу;
6) аудандық ішкі істер бөліміне қарасты ғимараттарда орналасқан мемлекеттік рәміздер стенділерінің мемлекеттік стандарттарға сәйкес жасалып, орналасуы мен сақталуына баса наза аудару;
7) аудан жолдарында жол қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты шаралар қабылдау, жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысы Қағидаларын сақтау бағытында бақылау жұмыстарын жандандыру, әрбір жол қозғалысына қатысушының жолда жүріс-тұрысына өзінің жауапкершіліктерін сезіну үшін алдын алу жұмыстарын жүргізу.
3. Аудан әкімдігінің білім бөліміне (І.Баймағамбетов) ұсынылсын:
1) ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып тұрмысы төмен отбасыларды анықтау және құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелеттік жасқа толмағандарды есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізу;
2) тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларының кәмелеттік жасқа толмаған балаларын спортпен шұғылдануға және оларды мәдени-ойын сауық іс-шараларына тарту;
3) жеткіншектердің ата-аналарымен кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылық пен қылмысты ескертуге бағытталған профилактикалық әңгіме өткізу бойынша ата-аналар комитеттері жұмысын жандандыру.
4. Аудан әкімдігіне ұсынылсын:
1) аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция тобына автокөліктердің жылдамдығын өлшейтін (радар) құралын сатып алу жолдарын қарастыру;
2) Жаңатас қаласы және ауылдық округтердегі учаскелік полиция тірек пуктерін материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін кезең-кезеңімен қаржы көздерін қарастыру.
5. Аудан әкімі аппаратына, аудан әкімдігінің білім бөліміне, аудандық ішкі істер бөліміне осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұханов Рәт Қырғызбайұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -4 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Қамқалы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қамқалы ауылдық округінің әкімі Асан Тлемісовтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.
2. Қамқалы ауылдық округі әкіміне (А.Тлемісов) ұсынылсын:
1) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;
2) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
3) Жайлаукөл ауылындағы ауыз су сорғысындағы қызметтік үйіне байланыс жүйесін орнату мәселесін шешу;
4) Т.Әубәкіров орта мектебінің шатырын ауыстыру жөнінде аудан әкімідігінің білім бөліміне ұсыныс беру;
5) Жайлаукөл – Қамқалы – Шығанақ жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті мекемелер және құзырлы органдар арқылы жұмыс жасау;
6) Жа йлаукөл ауылындағы ауыз су құбырларына «Сарысу сулары» мекемесімен бірлесе отырып жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жүйелі ауыз су беруді жолға қою;
7) айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету;
8) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, уақытылы мәлімет беру.
3. Қамқалы ауылдық округі әкімінің аппаратына осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
4. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы «Қамқалы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 3-6 шешімі жойылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -5 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және 12-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:
1. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары туралы тұрақты комиссия төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлының есебі назарға алынсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -6 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тоғызкент ауылдық округі әкімі Искаков Дүйсенбек Жолдыбайұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.
2. Тоғызкент ауылдық округі әкіміне (Д.Искаков) ұсынылсын:
1) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыру;
2) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;
3) ауыз су мәселесін ретке келтіру және көшедегі су құбыры құдықтарының бетін жабу мәселесін шешу;
4) айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету;
5) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.
3. Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратына осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
4. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы «Тоғызкент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 3-4 шешімі жойылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -7 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Досбол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Досбол ауылдық округінің әкімі Ниязов Серік Байсейітұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.
2. Досбол ауылдық округі әкіміне (С.Ниязов) ұсынылсын:
1) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;
2) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
3) Шағалалы елді мекеніне санитариялық нормаларға сай келетін жаңа медициналық пункт салу жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беру;
4) Жаңатас – Шығанақ бағытында қатынайтын жолаушылар автобусының Көкдала-2 елді мекеніне тұрақты кіріп шығуын қамтамасыз ету үшін басты жолдан елді мекенге 1,5 шақырым жол салу мүмкіншілігін қарастыру жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беру;
5) айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету;
6) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.
4. Аудан әкімдігінің білім бөліміне (І.Баймағамбетов) Досбол орта мектебі оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептің пайдалануға жарамдылығы немесе жарамсыздығын құзырлы органдардан анықтап, тиісті іс шаралар белгілеу ұсынылсын.
5. Аудан әкімдігінің білім бөлімі және Досбол ауылдық округі әкімі аппараты осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
6. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы «Досбол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 3-5 шешімі жойылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -8 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
«Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №57-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:
1. «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-8 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 16-8 шешіміне қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құрамы
Тоқсанбаева
Мағия Жұмабайқызы
|
-
|
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
Нүркенов
Берік Сұлтанұлы
|
-
|
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары, (келісім бойынша);
|
Молдабеков
Нұрлан Оңғарбекұлы
|
-
|
аудан әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
|
Комиссия мүшелері:
|
Бегеев
Сағынбек Арыстанұлы
|
-
|
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
|
Наурызбаев
Шыңғыс Сайлаубекұлы
|
-
|
аудан прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
|
Есмаханов
Бауыржан Мейрамбекұлы
|
-
|
Жаңатас қаласының әкімі;
|
Мұханов
Рәт Қырғызбайұлы
|
-
|
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша);
|
Баймағамбетов
Ілияс Алшынбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің білім бөлімінің бастығы;
|
Үсембаев
Болат Базарбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
|
Оспанбеков
Қамбар Қаңтарбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы;
|
Өзбеков Жамалбек
|
-
|
«Сарысу» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор - бас редакторы
|
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -9 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
«Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:
1. «Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 16-9 шешіміне қосымша
Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамы
Мәдібек
Қанатбек Қайшыбекұлы
|
-
|
аудан әкімі, комиссия төрағасы;
|
Досқұлов
Бақыт Оразқұлұлы
|
-
|
аудан прокуроры, комиссия төрағасының орынбасары, (келісім бойынша);
|
Алдабергенов
Қуандық Шалқығанұлы
|
-
|
аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміндегі аудан әкімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы
|
Комиссия мүшелері:
|
Асанбеков
Болатбек Қалыбайұлы
|
-
|
аудан бойынша салық басқармасының бастығы (келісім бойынша);
|
Аукенов
Қайрат Қостанайұлы
|
-
|
аудан әкімі аппаратының басшысы;
|
Әбілқайыров
Мақсат Романбекұлы
|
-
|
Қаратау аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
|
Бегеев
Сағынбек Арыстанұлы
|
-
|
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
|
Дондаұлы Болатбек
|
-
|
аудандық мәслихат хатшысы (келісім бойынша);
|
Маханов
Мақсат Тәттібекұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сарысу аудандық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
|
Нүркенов
Берік Сұлтанұлы
|
-
|
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
|
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -10 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
«Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 маусымдағы № 51-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:
1. «Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 маусымдағы № 51-8 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешіммен құрылған комиссия құрамына енгізілсін:
Әбенов
Әмірәлі Амангелдіұлы
|
-
|
Жайылма ауылдық округі әкімі;
|
Бердібаев
Айбол Абжапбарұлы
|
-
|
Игілік ауылдық округі әкімі;
|
Есмаханов
Бауыржан Мейрамбекұлы
|
-
|
Жаңатас қаласының әкімі;
|
Искаков
Дүйсенбек Жолдыбайұлы
|
-
|
Тоғызкент ауылдық округі әкімі;
|
2) комиссия құрамынан М.Мизенбаев, Р.Қозбағаров шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -11 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
«Сарысу ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:
1. «Сарысу ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешіммен құрылған комиссия құрамына енгізілсін:
Әбілов
Құдайберлі Абылашұлы
|
-
|
Сарысу аудандық Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы
(келісім бойынша);
|
2) комиссия құрамынан Б.Рыспанов шығарылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -12 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
«Аудан әкімдігі жанындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы № 23-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. «Аудан әкімдігі жанындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы № 23-13 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 16-12 шешіміне қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамы
Көкей
Олжас Тұрғынұлы
|
-
|
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
Тоқаев
Серік Елемесұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
|
Искаков
Дәулетбек Тұрғанбекұлы
|
-
|
аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміндегі аудан әкімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы
|
Комиссия мүшелері:
|
Асанова
Лаура Қырықбайқызы
|
-
|
аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша);
|
Бегеев
Сағынбек Арыстанұлы
|
-
|
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
|
Мұханов
Рәт Қырғызбайұлы
|
-
|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша);
|
Баймағамбетов
Ілияс Алшынбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің білім бөлімінің бастығы;
|
Тойшыбекова
Асияхан Омарқызы
|
-
|
аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;
|
Үсембаев
Болат Базарбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
|
Оспанбеков
Қамбар Қаңтарбайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы;
|
Ақділда
Диханбай Жұмабайұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
|
Оспанов
Ақылбек Аяжанұлы
|
-
|
аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің бастығы;
|
Рахымбеков
Алихан Әмірханұлы
|
-
|
«Жас жігер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).
|
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 16 -13 25 маусым 2013 жыл (кезекті он алтыншы сессия)
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының он жетінші сессиясының төрағасы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының он жетінші сессиясының төрағасы болып № 12 Жаңаарық сайлау округінің депутаты Садуақасов Болат Мәлікайдарұлы сайлансын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Қ. Тайжанов ___________Б. Дондаұлы
Достарыңызбен бөлісу: |