Ауезов Гарифулла Сражадинұлы «Қызылорда қаласының білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдарында



Дата04.07.2016
өлшемі283.76 Kb.
#177378
түріДиссертация
ӘОЖ 341. 231: 376.6 (574.54)

Қолжазба құқығында




Ауезов Гарифулла Сражадинұлы
«Қызылорда қаласының білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдарында (жалпы білім беру мекемелері материалдары негізінде)»

6M011400-тарих мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы,

Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Тарих, құқық және экономика институтының Тарих, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды.




Ғылыми жетекші:


Ресми оппонент:





тарих ғылымдарының кандидаты,



А.Ж. Оразбақов

тарих ғылымдарының кандидаты,



А.А. Енсепов



Диссертация 2013 жылы 3 маусымда сағат 9.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Тарих, құқық және экономика институтында қорғалады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, желтоқсан 40, І оқу ғимараты, 206 дәрісхана.

Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі күнгі отандық тарихнамада тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің дамуы туралы және де республикада бұл саланың қалыптасып, дамуын әрбір аймақ бойынша тұтас қарастырған зерттеу жұмыстары бар. Алайда мұндай жұмыстарда авторлар көпшілік жағдайда нақты бір өңірдің білім беру жүйесінің тарихын ғана жазумен шектеледі. Ал тәуелсіздік жылдарындағы республиканың басқа салаларында жүргізілген реформалардың осы білім беру жүйесіне тікелей әсерін арнайы қарастырған зерттеулер жоқтың қасы десе де болады. Мәселен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 1991-2005 жылдары елімізде, оның ішінде Қызылорда қаласында білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Атап айтқанда, көрсетілген жылдары Қызылорда қаласының орта мектептері, мектеп интернаттар мен өндірістік білім беру мектептері бұрынғы кеңестік идеялогиядан арылып, ұлттық құндылықтар мен жаһандық инновациялық өзгерістерге сай жұмыс жасады. Әсіресе, бұл кезеңде Сыр өңірінде орыс мектептері қысқартылып, қазақ мектептерінің саны артты. Дегенмен Қызылорда қаласындағы білім беру саласының даму жолдары осы уақытқа дейін өлкетанушылардың еңбектерінде біршама қарастырлғанымен, арнайы зерттеу нысаны ретінде ғылыми негізде кешенді түрде зерттелмеді. «Біздің мақсатымыз деп жазады елбасымыз Н.Ә. Назарбаев, - ғылымды жаңадан жасап, оны ешнәрсеге жарамай қалған, ескірген идеалардан тазартуға тиіспіз. Әсіресе, мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек»[1].

Яғни, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайында ұлттық сананы жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегі кеңейту үшін отандық тарихтың өзекті мәселелерінің бірі ретінде өлке тарихының білім беру саласын жаңаша көзқараспен жазуды қажет етеді. Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан өз бағасын алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі тәуелсіздік жылдары қазақ халқының жан-жақты білім алуына, Қазақстанның білімі мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқан, Қызылорда қаласының білім беру және халық-ағарту мекемелерінің тарихы болып табылады. Аталған мәселе отандық тарихнамада қарастырылмаған және бұл тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектер күні бүгінге дейін жазылмаған. Сондықтан да тарих ғылымында білім беру мекемелерінің арнайы зерттелуі сол кездегі қаламыздың қоғамдық-мәдени дамуындағы өмірін ғылыми негізде тура және терең түсінуге жол ашпақ. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы ұстаздарымыз білім беру мекемелерінде қызмет жасап, қаламызда білім мен ғылымды дамытуға аянбай күш салды. Алайда Кеңес үкіметі кезінде көп уақыт бойы отандық тарихта орныққан таптық көзқарас пен қағида білім беру саласын обьективті зерттеуге кедергі жасады. Әсіресе, аймақ ұстаздарының ағартушылық қызметі бір жақты қарастырылды. Диссертация тақырыбының өзектілігі сонда, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 1991-2005 жылдары елімізде, оның ішінде Қызылорда қаласында білім беру жүйесінің тарихы арнайы түрде зерттелмеген. Бұл білім беру мекемелері қызметкерлерінің Қазақстанның білімін көтерудегі рөлі мен маңыздылығы, еліміздің халық шаруашылығын көтеру жолындағы жас оқушыларға білім берудегі қызметі тарихта мүлдем ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге дейін алмаған. Сол себептен де зерттеліп отырған 1991-2005 жылдары Қызылорда қаласында білім беру жүйесінің Отан тарихында салмақты үлесі бар екенін деректер негізінде ашып көрсету өзекті мәселенің бірі болып табылады.



Мәселенің зерттелу деңгейі: Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің атқарған қызметі жайлы және халықтың сауаттылық деңгейінің мәселесі бойынша көптеген еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерді жазылған бағыттарына қарай мәселені шешуі мен сипатына байланысты әр түрлі топтарға бөлуге болады:

Бірінші топ – кеңестік кезеңде жазылған еңбектер болса, екінші топқа – Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі кезеңде жүргізілген зерттеулер. Бірінші топтағы ғылыми жұмыстарға назар аударатын болсақ, ХХ ғасырдың 60-шы және 80-шы жылдардың өзінде-ақ Қазақстанның мәдени және ағартушылық өмірі туралы ұлттық зиялы қауым өкілдері көптеген тарихи еңбектер жазып қалдырды. Сондай-ақ большевиктер білім беруді кеңейтумен қатар, халыққа маркстік-лениндік идеологияны саналарына сіңіріп, социалистік қоғамның теориясы мен практикасын өмірге енгізді. Яғни, бұл зерттеушілердің еңбектерінде қаралған мәселелерге қатысты құжаттық материалдарды сұрыптап, пайдалануда тар таптық, партиялық кағидаларды басшылыққа алды, соның негізінде көптеген құжаттар бір жақты түсіндірілді немесе мүлдем назардан тыс қалып қойды. Дегенмен Қазақстандағы оқу-ағарту ісі және оның дамуына өз үлестерін қосқан қазақ зиялыларының еңбектерін ашуға тырысқан зерттеулер мен еңбектер айналысқа енді. Қазақстанда жалпы білім беру мен халық ағарту қызметіне байланысты мәселелермен айналысуда Ж. Амантаев, Р.Б. Сүлейменов, Х.И. Бисенов, Ж. Карагусов, А.И. Сембаев, А.Н. Нүсіпбеков, С. Бисембаев, Б.А. Төлепбаев [2] және тағы басқа ғалымдар ерекше еңбек сіңірді. Ж. Амантаевтың монографиясында Қазақстанда қалыптасқан қазақ зиялы қауым өкілдерінің рөлі көрсетіліп қоймай, олардың өлкедегі білім және оқу-ағарту саласындағы қызметтеріне баға беріп кетеді. Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисеновтің еңбегінде қазақ зиялыларының өлкедегі халық шаруашылығын көтеру жолындағы атқарған іс-әрекеттерінің негізгі аспектілеріне тоқталса, Ж. Карагусов А.И. пен А.Сембаев қазақ зиялыларының ағартушылық қызметіне Кеңес өкіметінің ықпалы әсер етті деп баға береді. А.Н. Нүсіпбеков болса халық ағарту саласы бойынша ғылыми еңбектерге жан-жақты талдау жасаған. Бірақ зерттеуші сол кезеңде орын алған бір жақтылық баға берушіліктен аса алмағандықтан, кейбір мәселелерге терең бара алмаған. С. Бисембаев және Б.А. Төлепбаевтың еңбектеріне келетін болсақ, онда Қазақстанда кеңес үкіметінің ғылым мен білімнің дамуына жасаған ықпалы көрсетіліп, халық ағарту саласы деректік құжаттар негізінде талданады .

Қазақстанның тәуелсіздік алуы отан тарихының жылдам дамуына, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашылды. Әсіресе, 70-80 жылдардағы еліміздегі білім беру мәселелері жөнінде және сол кездегі ұлттық мамандар мен қазақ зиялыларына байланысты ой-пікірлер мен ұстанымдар тарихнамада айналымға түсіп, тарихи танымдық көзқарастар туындады. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдары рухани өмірімізге бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді. Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етудегі ауыртпашылықтарға қарамастан Қазақстанның мәдениетін, бірінші кезекте, өзінің күш қуатын бүгінгі немесе ертеңгі құндылықтарды іздеуден гөрі бұрынғының мұраларын танып білумен ерекшеленді. Осыған байланысты Қазақстандағы мәдени және оқу-ағарту салаларын дамытуға күш салған қазақ зиялылары туралы деректер мен құжаттар жариялана бастады. Рухани әлеуметтік сұраныс өткенді білуге деген құлшыныс пен талпыныс түрінде көрініп, баспасөзде жаңа қолданысқа түскен деректерге сүйеніп жазылған еңбектер жарық көрді. Яғни, қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру мен халық ағарту мекемелерінің ағартушылық қызметтеріне тарихи тұрғыда шолу жасап, өз бағаларын берген еңбектер баршылық. Қазақстандағы білім беру мен халық ағарту мекемелері және ондағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметіне қатысты мәселелер және олардың білім беру жүйесін қалыптастыруда атқарған жұмыстары туралы деректер негізінде зерттеген М.Қ. Қозыбаев, М.Х. Асылбеков, К.Н. Нұрпейісов, Б.Ғ. Аяғанов, Т. Омарбеков және Х.М. Әбжанов [3] сияқты елімізге танымал ғалымдардың еңбектері орасан зор.

Мәселен, М.Қ. Қозыбаевтың еңбектері тарих ғылымын бұрынғы догмалардан арылтып, мәдениет пен ұлт зиялыларының тарихын бұрмалаушылықтан тазартуда елеулі рөл атқарса, М.Х. Асылбековтың Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процесстерге байланысты жазылған зерттеуінде халықтың білім деңгейінің өсуі, оның динамикасы сандық мәліметтері негізінде жан-жақты талданған. Ал академик К. Нұрпейіс болса қазақ зиялыларының кеңестік дәуірдегі қоғамдық-саяси және мәдени салалардағы қызметін жаңа методологиялық арнада талдап, деректік негізде қарастырды. Профессор Б.Ғ. Аяғанның еңбектерінде мұрағаттық тың деректер арқылы Қазақстандағы қоғамдық-саяси және білім беру мекемелерінің оқу-ағартушылық қызметі жан-жақты баяндалып, сындарлы тұжырымдар жасалады. Т. Омарбековтың еңбектері елміздегі әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірде орын алған әр түрлі қайта құрылуларға жаңа әдістемелік деңгейде тарихи баға береді. Х.М. Әбжановтың зерттеулері Қазхақстанда халық ағарту саласының қалыптасуы және ондағы мұғалімдердің республика экономикасының күш-қуатын арттыруға, мәдени тұрмысын дамытуға қосқан үлестері туралы баяндалады.

Сонымен қатар Қазақстандағы халық ағарту мекемелерінің қызметтеріне басқа да ғалымдар өз зерттеулерін арнайды. Оған біздің көтеріп отырған мәселеге неғұрлым жақын келетін ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Соның ішінде Алчимбаева А.Б [4], Омаров Д.К. [5], Сманқұлова. Ж.Е[6], Беркімбаева Ш.К. [7] және тағы басқаларды айтуға болады. Аталған зерттеушілердің кандидаттық диссертацияларында Қазақстандағы білім беру мен халық ағарту мекемелерінің ағартушылық саласындағы қызметтерімен қатар, еліміздегі оқу-материалдық базасының нығаюы, ғылыми-педагогиялық мамандардың даярлану жолдары, шығармашылық-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі мен ұйымдастырылуы және олардың сандық өсу көздері мен сапалық құрамының көрсеткіштері көрсетілген.

Қорыта алғанда Қазақстандағы білім беру мен халық ағарту мекемелерінің қызметі жөніндегі еңбектер мен зерттеу жұмыстары мол жазылған. Осыған байланысты көптеген деректер жиналып, арнайы еңбектерге енгізілді және рет-ретімен сұрыпталды. Дегенмен осы жазылғандардың бәрін жинақтай келе тарихнамада біз қарастырып отырған мәселеге байланысты зерттеулердегі табыстар мен жетістіктерге қарамастан өңіріміздегі білім беру мен халық ағарту мекемелерінің еліміздің халық шаруашылығын өрістетудегі рөлі мен тарихын әлі де арнайы зерттеу қажет екенін, бұл тақырыптың ашылмаған қырларының мол екендігін көрсетеді.



Зерттеу жұмысының деректік көзі ретінде алынған материалдарды бірнеше топтарға жіктеуге болады. Солардың бірі жұмыста қарастырылып отырған кезеңдегі және қазіргі таңдағы баспасөз жарияланымдары, статистикалық жинақтардың мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметі шығарған әр түрлі заңдық жинақтар және құқықтық актілер мен ережелер, резолюциялар мен шешімдері, міндеті мен әрекет ету жөніндегі мәліметтер енді. Қарастырылып отырған тақырып бойынша әр түрлі сипаттағы деректердің тобына жеке адамдар жасаған құжаттар, еңбектер, естеліктер және тағы басқа туындыларды жатқызуға болады. Олардың қатарында, Әли Мүсілімұлы, Кенжәлі Атабаев, Айғани Жәлиев, Марат Төкен, Ділдәхан Торғаева, Нүрия Сәдібекова сынды өңірімізге белгілі білім қайраткерлерінің естеліктерін жатқызымыз. «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі», «Учитель казахстана», «Бастауыш мектеп», «Сыр бойы», «Ақмешіт апталығы» және т.б. республикалық басылымдарда аталмыш кезеңде білім беру саласындағы өзгерістер мен реформалар, білім жаңалықтары, оқу-әдістемелік жұмыстар жайлы жазылған материалдарды дерек көзі ретінде пайдаландық.

Зерттеу барысында жергілікті мекемелердің ресми іс-қағаздары мен жазбалары, ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің естеліктері мен күнделіктері және хаттары ғылыми айналымға тартылды. Міне, бұл тарихнамалық шолулар Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің қызметін зерттеудің кажеттілігі мен ғылыми маңыздылығын аңғартса керек. Ал оны талдауға алуды Қызылорда Облыстық Мемлекеттік Мұрағаты қорларда сақтаулы жоғарғы және жергілікті орындарына тән дерек көздері ерекше. Мұндағы құжаттық деректерден біз қарап отырған кезеңдегі яғни, Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің Қазақстандағы ағарту және мәдени деңгейін көтерудегі орны мен маңызы туралы біршама жақсы мәліметтер аламыз.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің қызметін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету - зерттеу жұмысының басты мақсаты.

Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:

- Қаламыздағы білім беру және қазақ мектептерін ашу жолындағы білім беру мекемелерінің орнын көрсету;

- Қаладағы білім беру жүйесіне мектеп мұғалімдерінің тартылуының себебін анықтау;

-Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы орта және кәсіптік оқу орындарын ашудағы білім беру мекемелерінің рөлі мен қызметін талдауға алу;

-Қазақстандағы мәдени және ағарту саласын дамытудағы Қызылорда қаласы мұғалімдерінің қосқан үлесін айқындау;

-Тәуелсіздік жылдардағы Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің қалыптасуы мен даму жолдарын ашу;

- Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесінің даму деңгейін анықтау;



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - Қызылорда қаласындағы білім қызметкерлерінің өлкедегі білім беру саласын көтерудегі маңызы анықталды;

- Қаладағы оқу-тәрбие жүйесі алғаш рет нақты, әрі деректі құжаттар негізінде баяндалды;

- Қала мектептердің материалдық-техникалық базасы мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайының алғаш рет талдауға алынды;

- Қаламыздағы білім беру мекемелер желісінің ұйымдастырылуы мұрағат деректері негізінде көрсетілді;

-Қала ұстаздарының шығармашылық жұмыстарының ұйымдастырылуы деректер негізінде талданды;

- Қала мұғалімдерінің қоғамдық-саяси өмірдегі қызметіне жан-жақты зерттеулер жүргізілген;



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар - Қызылорда қалалық білім беру мекемелерінің сандық және сапалық құрылымы анықталды.

- Қызылорда қалалық білім беру бөлімдері мен мекемелерін басқару жүйесі айқындалды.

- Қызылорда қаласы мектептерінің материалдық-техникалық базасы және мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы айшықталды.

- Қызылорда қаласы мұғалімдері мен оқушыларының жазғы тынығу-еңбек лагерлерінің тарихы ғылыми негізде сараланды.



- Білім беру жүйесінің тағылымдары мен сабақтары ұрпақтар сабақтастығы үшін тарихи маңызы айқындалды.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны Қызылорда қалалық білім беру мекемелерінің қызметі.

Зерттеудің негізгі пәні орта және кәсіптік оқу орындарының ұстаздары мен оқытушылары және тағы басқалар.


Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Диссертацияның қаралып отырған тақырыбына сәйкес оның қамтылу аймағы мен уақыты анықталды. Негізгі Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелері қызметінің тәуелсіздік жылдарындағы яғни 1991-2005 жылдар аралығындағы уақытын көрсеттік.

Тақырыпқа негіз болған зерттеудің территориялық қамту аймағы – Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласы.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеу жұмысын талдауда соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістерді негізге алынды. Бұған дейін Қазақстанның ағарту саласын дамытуда білім беру мекемелерінің ағартушылық қызметтері кешегі Кеңестік әміршіл-отаршылдық жүйедегі тарихнамада мүлдем ескерусіз қалған. Міне, сондықтан зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды. Диссертациялық зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау және қорыту, жүйелілік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдар мен концептуальдық ережелер, танымдық теория негіздері сарапқа салынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік құндылығы. Қызылорда қалалық білім беру мекемелері қызметі мен тарихына байланысты арнайы зерттеу ретінде оның теориялық және методологиялық негізін жасауға мүмкіндік беретін ғылыми еңбек. Зерттеу барысында көтерілген мәселелер қала тарихын жете тануға ерекше мән беретін оқырмандардың да өткенімізді жаңаша саралануына септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының тұжырымдамаларын Қазақстан тарихын танып, білгісі келетіндерге, тарихшы мамандарға, құқық қорғау органдары қызметкерлерін дайындайтын оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне, тарих және педагогика факультеттерінде дәріс алатын болашақ зерттеушілерге арнайы курс және семинар ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация жұмысының негізгі тұжырымдамалары екі республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес екі ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген «Ақмешіт хабаршысы» журналында жарық көріп, сыннан өтті. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында дайындалып, талқылауға түскен және қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы: Кіріспеден, әрқайсысы 4 бөлімнен құралған екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Диссертацияның кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, жұмыстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, деректік және методологиялық негіздері, ғылыми жаңалықтары мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалып, зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы, сыннан өтуі мен құрылымы көрсетілген.

Қызылорда қалаласындағы әлеуметтік экономикалық ахуал және білім беру саласының ерекшеліктері деп аталатын бірінші тарауда тәуелсіздік қарсаңындағы Қызылорда қалалық білім беру мекемелерінің жағдайы және тәуелсіздіктің жылдарындағы Қызылорда қалалық білім беру жүйесі: тарихы мен тағылымы атты мәселелер қарастырылған. КСРО тарихында 1970-1991 ж.ж. «тоқырау» жылдары деп аталғаны белгілі. КСРО-ның тоқырауға ұшырауының обьективті себептері болды. КСРО федеративтік негізде құрылды, қоғамдық меншікке және жоғарыдан жасалған жоспарлы экономикаға негізделді, елді бір партия басқарды, ол біздің «ұйымдастырушы және дем беруші күшіміз», «Маркс-Ленин ілімі, оның теориялық негізі» деп насихатталды. Мұнан басқа баламалық пікір, ұсыныс айту бұл ілімге жат деп есептелінді. Маркстік-Лениндік консептуалдық іліммен қаруланған қоғам «Қоғамның бүкіл саласында жетістікке жетеді» - деген түсінік үстем болды. Бұл жүргізілген солақай саясат өз кезегінде халық-ағарту органдарында айналып өтпеді[8, 16 б]. Жалпы Кеңес дәуірінде халық-ағарту саласы коммунистік партияның үлкен ықпал алаңына айналды. Сол кездегі әдебиеттерде совет мектебі оқыту орны ғана емес, - мемлекетіміздің жас ұрпаққа жан-жақты коммунистік тәрбие беретін идеологиялық мекемесі деп айтылды. Сондай-ақ мектеп бітірушілер білім алумен бірге коммунизм ісі үшін идеялық күрсекер болып шынығады. Мектеп партия ұйымы – мектептегі барлық оқу тәрбие жұмысының жетекші күші, ұйытқысы және дем берушісі. 1986-1987 оқу жылында алты жастан бастап оқытуға көшуге байланысты педагог кадрларды қайта оқыту, 6 жастан бастап оқытуға эксперимент жүргізу, «Ынтымақтастық педагогикасының идеясы» негізінде мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын дамыту, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелерін әртүрлі жолдармен мектеп практикасына ендіру жұмыстарына баса назар аударылды. 1989 жылы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің облыстық бірінші слеті өткізілді. Жыл сайын оннан астам шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-тәжірибелерін баспахана арқылы кітапшалар, буклеттер түрінде шығарып, облыс мектептеріне тарату белсенді түрде жүрді. Сонымен қатар институт әдіскерлері мен озат мұғалімдерден жасақталған шығармашылық топтар (сол кездегі педагогикалық басылымдарда «педагогикалық десант» деп аталды) әрбір оқу жылында екі-үш ауданның мектептерін, мектеп басшыларына, мұғалімдер мен тәрбиешілерге әдістемелік көмектер көрсетіп, үлгі сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасулар өткізді. Озат тәжірибелі мектептерде-озат тәжірибені тарату, жас мұғалімдердің шеберлігін шыңдау, бағдарламалар мен оқулықтардың құрылымын, мазмұнын зерттеу, оларға толықтырулар енгізу, ұсыныстар беру және оқып-үйрену курстары жұмыс істеді және олардың тұрақты тыңдаушылары болды. Сондай-ақ Қызылорда, қаласында қоғадық негізде мұғалімдер білімін жетілдіру институттары құрылды. Бұларды қаладағы №4 мектеп директоры Қ. Ыбыраев, басқарды. [9, 15-б].

Қоғамның интеллектуалдық дәрежесі жас ұрпақтың рухани кемелденуіне тікелей байланысты екенін терең ұғынған қаланның ұстаздар қауымы өздерінің күнделікті оқу процесіндегі сабақтарына оқытудың жаңа техналогиясын енгізе бастады. Өйткені жаңа технология-заман талабы. Бүгінгі сабақ процесінің басты мәселесі, көшелі жолы. Қаржы тапшылығы деген желеумен бұдан біраз жылдар бұрын оңтайландыру(оптимизация) кезінде әдістемелік кабинеттердің жабылып қалуы мектеп жұмысына кері әсерін тигізгені ешкімге жасырын емес. 2001-2002 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасы оқу министрлігі қалалық оқу бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттерді қайта ашты. Сонын арқасында қала мектептерінің мұғалімдері арасында әдістемелік жұмыс қайта жандана бастады[10, 90 б].

2002 жылы әдістемелік кабинет меңгерушісі болып, бұған дейін қалалық гимназия директорының оқу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген тәжірибелі маман Базарбай Орманов тағайындалды. Бұл әдістемелік кабинетте білікті, шығармашылықпен жұмыс жүргізе білетін өз мамандығының шеберлері Байғазиева Шолпан, Арысбаев Бауыржан, Бұзауова Құралай, Жүнісов Досан, Мырзахметов Нұрлан, Сыздықов Пірмұхаммет,Ахметова Жанар, Бектұрғанов Қалдыбай, Ерназарова Запура, Шораев Болаттар қызмет етеді. Әдістемелік кабинет ашылғаннан бастап, қала мұғалімдерімен «Оқыту үрдісіндегі жаңа педагогикалық ізденістер», «Оқытудың ұтымды технологияларын пайдалану-шәкірттердің тұлғалық болмысын дамыту туралы», «Биология сабақтарында экологиялық білім берудің жолдары мен әдістері», «Гуманитарлық пәндер бойынша пікірталас (дебат) сабағын өткізудің әдістері мен технологиясы» тақырыптарында семиранлар өткізіліп, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату қолға алындар. Сол сияқты «Табиғат сыйы » (қалалық көрме), 222 мектеп базасында «Талаптың мініп тұлпарын» тақырыбында үкілі үміт күттіріп жүрген ақындық бейімділігі бар балалармен «Ғасыр замандасы» (№171 мектеп) атты кездесулер өткізілді[11, 95 б].

1996 жылы дарынды балалар мектеперін дамыу және оны мемлекет тарапынан қолдау жөнінде Республика Прнзиденінің Жарығы шықты. «Жас таланттарды қолдау жөніңде екі этапқа бөлінген (1998-2000, 2001-2005 жж.) Мемлекеттік бағдарлама» жалған. Осы бағдарламаны іске асыру үшін Үкімет Республикда «Дарын» ғылыми-практикалық мектеп алаңын қамтиды. Оқушы дарынын ашу қазіргі білім жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі деп қараған қала ұстаздарының қауымы оқушыларды біліммен, дағдымен, іскерлікпен қаруландырып, қала мектептерінде өткізуге мектептерінде оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу жүзеге аса бастады. Қалалық гимназияның 11 сынып оқушысы Сабит Есболғанов 2000 жылы Астанада «Дарын» орталығы ұйымдастырып өткізген републикалық ғылыми конференцияда «Экономикадағы математекалық модельдер» тақырыбында жасалған жұмысы (жетекшілері Жүсіп Дінисламов пен Әлия Бәкірова) бірінші орын алып мемлекеттік білім грантына ие болды. Сол жылы өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында Есболғанов Сабит Қазақстанның атынан қатысып, алтын медаль иеленді.

2002 жылдың 20 ақпанында оқушылардың «Республикалық ғылыми жоба жарсы нәтижелерін насихаттау» тақырыбында облыстық білім беру, оқу-әдістемелік орталығы «Дарын» бөлімінің бірлесіп ұйымдаструымен бірнеше облыстық кщнференция өтті. 2001-2002 оқу жылында шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдер тобы модульдік оқыту жүйесінде М.Жанпейісованың ғылыми жобалар жасады. №9 мектеп-гимназия ұстаздары модульдік оқыту технологиясын енгізуді инноваациялық үрдіс негізінде қабылдады. Облыс әкімі жанындағы кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (облыс Әкімінің қаулысымен 2002 жылдың маусым айынан бастап «Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институты» болып аталады) қызметкерлерімен бірлесіп, №9 мектеп-гиназия базасында «Модульдік оқыту технологиясы» (2001 жыл, сәуір), «Модульдік технологиясын мектеп практикасына енгізу тәжірбиесі» (2001 жыл, қыркүйек) облыс мектептері басшылары мен мұғалімдеріне арналған облыстық семинар, «Оқытудың ұтымды технологияларын пайдалану шәкірт болмысын қалыптастырудың құралы» (модульдік рейтингтік жүйе) тақырыбында қала мектептері басшылары мен мұғалімдеріне 2002 жылдың 16 қарашасында семинар өткізілді[11, 102 б]. Сол жылы қалалық оқу бөлімі инновациялық үрдіс теориясын басшылыққа ала отырып, № 9 мектеп-гимназиядағы модулдік оқыту технологиясы бойынша шығармашылық бастаманы ғылыми негіздей мақсатынла, сондай-ақ № 212 мектепте басталған модильдік оқыту бойынша эксперимент, № 2 мектепте шет ел тілдерін тереңдете оқыту және инновациялық бағдарламалар мен жобалар бойынша жетістіктерін ескеріп педагогикалық лаборатория ұйымдастыру үшін облыстық оқу бөлімі арқылы Республикалық білім көтеру институтына ұсыныс түсірді. Бүгінде қалада өз ісінің білгірлері, педагогикалық қызметтің шебері ұйымдастырушылары ретінде көрініп жүрген К.Ежетаева (№1), М.Төкенов (№10), Г.Тоқсейтова (№12), Б.Бекенов (140), Р.Қарсақбаева (№23) басшылық ететін мектептерде оқу-тәрби жұмыстарының сапасы жоғары, мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары жолға қойылған.

Жалпы қорыта алғанда, аймақтық дәрежеде болса да Қазақстан үшін Қызылорда қалалық білім беру мекемелерінің орны ерекше болды. Оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде қалалық білім беру мекемелері маңызды орын алды. Әсіресе, білім беру мекемелерінің сандық және сапалық көрсеткіші орасан зор еді. Сонымен қатар мектептердің материалдық-техникалық базасы және мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы біршама жақсарды.

Дисертацияның Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қалалық білім беру мекемелерінің еліміздің қоғамдық-мәдени өміріндегі рөлі деп аталатын екінші тарауында өңіріміздің білім беру саласын өрістетудегі қала мұғалімдерінің рөлі мен қызметі, орта білім беру жүйесіндегі мектептер мен мектеп-интернаттар және өндірістік білім беру саласы мәселелері жан-жақты талданады 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел екенін дүние жүзі елдеріне танытты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы Заңы» қабылданды[12, 15 б]. Қазақ ССР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы болып аталатын болды. Табалдырығын жаңа аттап отырған жаңа ғасырымызды білімнің алатын орны айрықша болатын. Демек, егемендігін жаңа алған еліміздің болашағы білімді жастардың қолында болатыны айдан анық еді. Бүгінгі жас ұрпақтың білімімен тәрбиесінің сапасы қандай болса, еліміздің ертеңі де сондай деңгейде болатынына көз жеткізген біздің мектептеріміздің жұмыс мазмұны түбегейлі жаңаша құрыла бастады.

1991жылы қалада 32 орта мектеп, 56 балабақша,19 мектептен тыс тәрбие мекемелері болды. Бұл мектептермен тәрбие орындарында 3,5 мыңнан аса мұғалімі жоғары білімді, 7-еуі Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім, 200 жуық ССРО, Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздіктері еді[4, 15 б]. Бұл жылдары педогогикалық озат тәжірибе мектептерінің жүйесі кеңейді. Қалада 76 озат тәжірибе мектебі жұмыс істеді.Ал 14 мектеппен 7 балабақша үлгі тірек мекемелері болды. Қалалық әдіскерлік кабинеттің жұмыс стильі өзгерді. Жаңашыл ұжымдардың тәжірибесі және ғылым жетістіктерімен озат тәжірибе практикасы негізінде мұғалімдерді, мектеп басшыларын оқу-тәрбие процесінің озық әдістерін қолдана білуге үйрету жұмыстары жолға қойылды. Семинарлар, проблемалық пікір сайыстарда, ашық сабақтар фестивальі, «ұстаз-91», «Жас ұстаз-91», «Тәрбиеші-91» байқауларын өткізу осы жылдардан бастап қала мектептерінің дәстүріне енді[13, 15 п]. Ғылым негіздері тереңдетіліп оқытылатын кластар ашуға еркіндік берілді.1991-1992 оқу жылында мұндай кластар саны 65-ке жетті. Сондай-ақ мектеп-лиций, мектеп-гимназиялар ашыла бастады. Республикамызда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты қазақ мектептері жүйесі кеңейе түсті.Сол жылдың өзінде қалада 3 қазақ мектебі ашылды. Кейінгі жылдары аралас мектепке айналған №1,№136 мектептер таза қазақ мектебіне айналды. 11қазақ, 12 аралас мектептің қазақ кластарында 16 мыңнан аса бала оқыды.6 қазақ балабақшасы мен 92 топтарда 4 мың бала қазақша тәрбиеленді. 1991-1992 оқу жылында қала мектептеріндегі оқушылардың ұлттық құрамы төмендегідей еді.



Жалпы оқушылар саны – 30132. Оның ішінде: қазақ - 23842, орыс - 3113, кәріс - 1822, татар - 444, неміс - 71, түрік - 7, басқа ұлттар – 883 [14, 34 п]. Мектептердегі оқу шеберханалары өндірістік бағыт алды, еңбекке үйрету, тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беруде базалық мекемелердің көмегі өсті. Нарықтық экономика жағдайында мектеп өзін-өзі қаржыландыруға бейімделе бастады. Оқушылар қолымен жасалған өндіріс бұйымдары «Алтын қолдар» сауда дүкені арқылы сатылады. Нарықтық қатынастар білімге деген жаңа талаптар қоя бастады. Тәуелсіз егеменді ел болғаннан кейінгі 1992-1993 оқу жылында қала мектептерінде 2755 мұғалім (оның ішінде жоғары білімдісі 2301) қызмет етті. Олардың арасында 2 Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген, 22 КСРО халық ағарту ісінің үздігі, 187 Қазақстан Республикасы білім беру үздігі, 12 әдіскер, 36 аға мұғалімдер болды [15,12 п]. Ал, 1993 жылға дейін қалада 34 жалпы білім беретін, екі кешкі, екі қосалқы арнаулы мектеп-интернат, 60 мектепке дейінгі балалар мекемелері, 5 спорт, 4 әуез, 1 өнер мектебі, оқушылар сарайы, қалалық жас техниктар және жас натуралистер мекемелері жұмыс істеді. Бұларда 4368 мұғалім, тәрбиешілер, арнаулы мамандар еңбек етті. №9 мектептің химия пәні мұғалімі Г.Н. Руснактың, №136 мектептің әуез пәні мұғалімі Т.Дәуметовтің, 253 мектептің бастауыш класс мұғалімі К. Қойшыбаеваның, №7 мектептің техникалық еңбек пәнінің мұғалімі Борис Қалназаровтың атаулы мектептері және №3 балабақшасы болды. Осы жылы №43 мектепте «Қазақтың ұмытпайық ата салтын» тарихи этнографиялық ансамблі құрылды. №136 мектеп оқу министрінің эстетикалық тәрбиені «Елім-ай» бағдарламасы бойынша эксперимент жүргізетін тірек мектебі етті [16, 18 п]. Бұл оқу жылы Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші оқу жылы еді. 1993жылы халық ағарту ісіндегі аса үздік еңбегі үшін №198 орта мектептің директоры М.З.Подольскийге Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайреткері» құрметті атағы берілді. Марк Захарович Подольский ширек ғасыр бойы Қызылорда қаласындағы №198 орта мектептің директоры болып келді.Ол Қызылорда пединститутын бітіргеннен кейін ұстаздық жолын осы мектепте мұғалімдіктен бастады, кейін оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ол 50 жылдық ұстаздық, директорлық қызметтерін атқарып, қаладағы халық ағару ісіне зор үлес қосты. Әсірсе, М.З. Подольский №198 мектепті басқарған кезде мектеп оқушыларын өнімді еңбекке тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқу-тәрбие жұмысын жоғары сатыға көтере білді. Мектеп облыс, республика көлеміне кең танымал болды. Қала мектептерінің ішінде бірінші болып, нарықтық экономикаға бейімделген Марк Захарович басқарған №198 мектеп еді. Мектетің өзін-өзі қаржыландыруы, мұғалімдерге он үшінші айлық жалақы төлеу, озат оқушыларға степендия тағайындау, Аралға көмек қолын созу бәрі, бәрі осы мектептен басталған еді. Миллионер атанған тұңғыш мектеп те осы.Олардың басы қасында өзінің тынымсыз ізденімпаздығы мен талапшылдығы арқасында педагогикалық ұжымды бір мақсатқа ұйыта білген Марк Захарович жүретін М.З.Подольский «Республикаға еңбегі сіңген қызметкері» атағына осылайша жеткен еді[17, 25 п].

Нарықтық экономика жағдайында мектептер мен балалар мекемелері қосымша табыс табу арқылы өзін-өзі қаржыландыру проблемасын шешулері керек болды. Ол үшін мектеп басшылары мен мұғалімдерге нарық жағдайында оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жолдарын үйрету қолға алынды.Олардың ең алдымен қысқа мерзімді курстар, семинарлар өткізу арқылы дайындау қажеттілігі туындады. Өмірдің өзі талап еткен осы маңызды шараларды ұйымдастыруда білікті басшы ретінде танылған кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының сол кездегі директоры К.Атабаев елеулі еңбек етті. Ал мектептерді нарықтық қатынас жағдайына бейімдеп жұмыс істеудің оңтайлы жақтарын іске асыруға, мектеп басшыларын жұмылдыруда елеулі еңбек сіңірген қалалық білім бөлімінің бастығы С. Жүнісов болды. Нәтижесінде қала мектептері қосымша қаржы табуға бірыңғай бетбұрыс жасады.Қала мектептерінің қосымша табыс табуға қаншалықты мән бергенін келесі кестеден-ақ анық байқауға болатын еді.



XXI ғасыр – жастар ғасыры. Жаңа ғасыр –интеллект ғасыры. ХХІ ғасырдың жасапаздық істерін жүзеге асыратын –бүгінге ұрпақ. Олай болса, бүгінгі біздің алдымызда отырған шәкірт еліміздің болашағы. Заман талабы – білім мен білік. Мұның өзі жаңа типтік мектептер: лицей, гимназия,дарынды балалар мектептердің ашылуын обьективті түрде қажет ете бастады. Қалалық білім бөлімі мектептердің педагогикалық ұжымдары өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын іске асыру мақсаттарына бағыттап білім беруге жаңа сатыға көтеріп ұлттық мектеп тұжырымдамасын енгізіп жетілдіруді біршама жұмыстар жүргізді. Мектептер жаңа оқу жоспарлары бойынша жұмыс істей бастады.Онда оқушылардың қабілетіне , таңдауына қарай бөліп, оқыту, кәсіби бағдарлау сыныптарын құру, музыка мен бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарының саны көбейту қарастырылды.

1996 жылдары қалада 30 жалпы орта білім беретінғ 5 гимназия лицейлер,2 сегіз жылдық, 2 бастауыш мектеп, 15 мектептен тыс мекемелер 38 мектепке дейінгі балалар мекемелері бар еді.1996-1997 оқу жылында оңтайландыру (оптимизация)саясаты салдарынан қала көлемінде 4 мектеп, 21 бабабақша 8 мектептен тыс мекемелер жабылып қалды[18, 16 п]. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелері біраз қысқаруға ұшыраса да, олардың атқарып тұрған жүйесі халық сұранысын қанағаттандыратын деңгейде болды. Қала әкімшілігі мен мәслихат білім мекемелері жұмысына жағдай жасады. Қызылорда қаласының арнайы экономикалық аймақ болуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 26 қаңтарындағы 2823 заңы күші бар жарлығының талаптарын орындау мақсатында 1996 жылдың 18 қазан күні қалалық білім бөлімінің арнаулы кеңесі өткізілді. Қызылорда экономикалық арнайы аймағы құрылғаннан кейін осы аймаққа кіретін елді мекендердегі №143, №11, №179, №128, №187, №148, №104, №178,№145, №172 мектептер қалалық білім бөлімінің қарауына өтті[18, 18 п]. Қаладағы №136 Т. Жүргенов атындағы қазақ орта мектебі 1988 жылы қазан айының 20-да ашылды. Мектепте 66 класс бөлмелері мен лабораториялар бар. Оның ішінде спорт залы, акт залы, асхана, компьютер кабинеті, ағылшын тілінен лингафон кабинеті, этнографиялық музей және ырғақ залы, 43 оқу кабинеті талапқа сай етіп жабдықталған.Мектеп ашылған жылдан бастап “Елім-ай” этнографиялық бағытта білім беріле бастады. Мектептің ізденіс тақырыбы” Оқыту, тәрбиелеу процесін демократияландыру мен ізгілендіруді халықтың педагогикалық негізінде оқушыларды әлемдік білім деңгейіне көтеру”. Мектептің тұңғыш директоры Жәнібеков Нәзір Мадемханұлы болды. Ал, 1991-1992 жылдан бастап мектепті Дәуренбекова Нәзипа басқарды[15, 34 п]. 1994 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының «Жоғары білім туралы Заңына», жоғары оқу орындарының жарғысына, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің шешіміне сай институт жанынан республикамыздағы жаңа типті мектептердің алғашқыларының бірі «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды. Мектеп гимназиясы педагогикалық ұжымы алдында жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеп, жаңа, өркениетті қоғам талаптарына сай тереңдете білім беріп келді. «Қабілет» мектеп-гимназиясының алғашқы директоры тарих ғылымының кандидаты, доцент М.Н. Аңсатова ұйымдастыру кезеңіндегі қиыншылықтарды жеңіп, білім ордасының қалыптасуы үшін үлкен үлес қосты. «Қабілет» мектеп гимназиясында алғашында профессорлар М.Қ. Кереев, А. Тәжмағанбетов, Т.К. Кемелова, Б.Қ. Қалиев, кейіннен К.М. Ілясова, У.С. Ибреав, Б.Б. Енсепов сынды ғалым оқытушылар дәріс берді. 1994-1995 оқу жылында 92 оқушы дәріс алса, 2002 жылдары 200 ден аса шәкірт білім алды. Гимназияда ұзтаз дәріс береді. Олардың 4 ғылым кандитаты, 2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, 4 жоғары санатты, 5 бірінші санатты мұғалімдер.Гимназия оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда уақыт талабына сай жүргізіп келді. 1997-1998 оқу жылынан бастап ғылыми-әдістемелік кеңес пен кафедралық басқару тәжірбиеге енгізілді[19, 44 п]. Жалпы мәселені қорытар болсақ, қаламыздағы білім мен мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында білім беру мекемелері ерекше белсенділік танытып, нағыз көшбасшысы болып табылды. Оған мұғалімдер мен оқушылардың жазғы тынығу-еңбек лагерлерін ұйымдастырылуы, қала мектептеріндегі оқу-тәрбие жүйесі және қала мұғалімдерінің қоғамдық-саяси өмірдегі қызметі толық дәлел бола алды.

Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысында алынған нәтижелер нақтыланып, білім беру мекемелері қызметкерлерінің қоғамның мәдени - саяси өміріндегі орны мен рөлі айшықталған. Қаламыздағы жалпы білім беру мен халық ағарту мекемелерінің тарихын жан-жақты саралауға құлшына кіріскен әдебиетшілер мен педогогтардың тарихшылардан көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті аймақтағы жалпы білім беру мекемелерінің қызметтерін зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстарды енгіземіз:

1. Тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қаласының білім беру мекемелерінің тарихын зерттеу және кемел ұрпаққа насихаттау мақсатында тарихи деректі фильм түсірген жөн;

2. Қызылорда қаласына білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаздардың өмірі мен қызметін, шығармашылығын терең зерттеу бағытында арнайы жоблалар дайындап, білім беру мекемлерінің қызметін халықаралық деңгейге жеткізіп, әлемге таныту қажет;

3. Қызылорда қалалық білім бөлімінің аймақтағы қызметін зерделеп, жоғары және орта мектептің оқу үрдісіне енгізуді қолға алып, арнайы бағдарлама жасаса, өскелең ұрпақ өлке тарихын жан-жақты біліп, қастерлейтін болады;


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости.-Алматы: Казахстан,1996.- 624с.

2. Сембаев А.И. Очерки по истории казахской советской школы. – Алматы: Казахское государственное учебно-педагогическое издательство, 1958. – 325.

3. Аяған Б.Ғ, Әбжанов Х.М, Махат Д.А. «Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы: Раритет, 2010. -386 б.

4. Алчимбаева А.Б. Қазақстанда білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік-педагогикалық ынталандырудың тарихы. (1956-1991 ж.ж.) Тарих. ғыл. канд. дисс. авторефераты - Алматы. 2010 жыл

5. Омаров Д.К. «Қызылорда облысының білім беру және халық-ағарту мекемелерінің қызметі (1970-1991 жж) Тарих. ғыл. магистрі. дисс. рефераты - Қызылорда. 2012 жыл.

6. Сманқұлова. Ж.Е. Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық оқу орындары (1970-2000 ж.ж.) Тарих. ғыл. канд. дисс. авторефераты - Алматы 2004 жыл.

7. Беркімбаева Ш.К. Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу тәрбие үрдісінің дамуы. (1980-2000 ж.ж.) Тарих. ғыл. канд. дисс. авторефераты - Алматы. 2003 жыл.

8. Ұстаздар коллективінің басшысы.// Қазақстан мектебі №10 1971 «Бас мақала»

9. Байжанов. М Мамандар біліктілігінің бастауы» тарихи-деректер. -Қызылорда 2004.15-бет.

10. Мүсілімұлы Әли. «Ізденіс пен Ізгілік» Астана: «Сарыарқа» БҮ,2005, -342 бет.

11. Сейітбек Өтегенов «Қызылорда қалалық білім жүйесінің тарихы» /1917-2003 ж.ж/ Қызылорда -2004

12. Байғараева Ж. Облыс білім ошақтарының тарихы.// Сыр бойы. 2001 жыл. 7 тамыз.

13. ҚОММ. 127-қ., 2-т., 2-іс.

14. ҚОММ. 127-қ., 2-т., 6-іс.

15. ҚОММ 447-қ, 2-т, 12-іс.

16. ҚОММ 447-қ, 2-т, 28-іс.

17. ҚОММ 447-қ, 2-т, 38-іс.

18. ҚОММ 447-қ, 2-т, 73-іс.

19. ҚОММ. 127-қ., 2-т., 15-іс.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалардың тізімі:

1. Тәуелсіздік қарсаңындағы Қызылорда қалалық білім беру мекемелері мен бөлімдерінің басқару жүйесі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қызылорда – Киевь. 2013 ж. 202-204 бб.

2. 12 жылдық білім беру жағдайында білестік жұмысының рөлі. Әдістімелік нұсқаулық. Қызылорда – 2011. 68 бет.
Кілт сөздер: Қалалық білім бөлімі, ұстаздар, оқушылар, орта мектептер, кәсіптік мектептер, Дарын орталығы, қазақ-түрік лицейі, халық ағарту мекемелері.


Р Е З Ю М Е

Ауезов Гарифолла Сражадинович



«Города Кызылорды система образования в годах(общее образование на основе материалов учреждений) независимости»

Актуальность кандидатской диссертации: Актуальность данной кандидатской диссертации заключается в том, что с момента образования Независимой Республики Казахстан, период с 1991 по 2005 г., в стране, а именно, в городе Кызылорде, специально не изучалась история системы образования . Не была дана научная оценка и осталась неисследованной история деятельности работников образования. До сегодняшнего времени должным образом не было раскрыто значение и роль работников образования Кызылорды, внесших неоценимый вклад в развитие народного хозяйства Республики Казахстан на пути подготовки молодого поколения. В связи с этим раскрытие темы исследовательской работы является актуальной и имеет весомый вклад в освещении исторического развития региона.

Цели и задачи диссертационной работы: Основная цель научной работы – раскрытие форм и методов преподавания работников образования города Кызылорды в период независимости республики путем инновационно исследованных материалов. В связи с этим в работе поставлены задачи:

- Анализ деятельности учреждений образования и профессионального обучения в период независимости республики Казахстан;

- Определение уровня общеобразовательной системы в целом по республике Казахстан.

Научная новизна диссертации: - Определено значение работников образования Кызылорды в развитии просвещения региона;

- Впервые точно показана и озвучена документально система воспитания и обучения;

- Анализировано социальное положение учителя и материально-техническое состояние школ города;

- Показаны исторические фундаментальные страницы построения городских учреждений образований на основе документальных архивных сведений;

- Сделан анализ творческих работ учителей города.

Основные выводы, предложенные к защите диссертации: - Определен качественный состав учителей городского отдела образования Кызылорды;

- Раскрыты особенности управления системы народного образования города;

- Показана степень материально-технической базы городских школ и социальное положение учителя;

- Раскрыта историческая ценность и связь поколений в развитии системы народного образования.



Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, двух глав, четырех частей, заключения и списка использованной литературы.


Summary

Auezov Garifolla Srazhadinovich

«The city of Kyzylorda, the education system in years (General education based on institutions) independence»
The main goal of the research work: After taking its Independence Kazakhstan from the years 1991 till 2005 in Kyzylorda oblast the history of Town Department of Knowledge was not researched.

Town Department of Knowledge played a great role in the sphere of educating a new generation, a new citizen of Kazakhstan Republic, but the teachers of education were not awarded in nowadays. For this the works aim to show the importance of the Department of Knowledge its workers from the years 1991-2005.



The research work deals with: Collecting the material about the workers of the educational system in Kyzylorda, the well-known educated teachers after Kazakhstan took its Independence according the facts, the research work was done by taking facts.

- During the Independent years how the Educational system in Kazakhstan developed, the great role of workers in doing this difficult tasks.



- The Development of Educational System in Kazakhstan.

The research work scientific sights: - The Town Department of Knowledge workers, how to rise the educational System.

- For the first time the work gave the concrete facts about the system of Town Department of Knowledge.

- The technical sphere of Education and teachers social life was researched.

- All the facts was taken from the basis of documents.

- The works of teachers organization was given according to the facts.

The research work prefers: - The Town Department of Knowledge was taken by all the facts.

  • The heads of the department sphere.

  • The technical basis of the schools and teachers social life.

  • The works of the department sphere of education in future life.

Structure of dissertation: Dissertation consists of introduction, two chapters, four parts, conclusion and list of the used literature.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет