Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Ой сергіту. «Толағай» ойыны.
Екі топ болып қатарға тұрады. Бірінші топ – мәшине, екінші топ ұшақ құрастыруы керек. Ол үшін алдында кездескен кедергілерден сүрінбей жылдам өтіп, өздеріне қажет құралдарды алып барулары керек. Қай топ бірінші болып құрастырса, сол топ жеңімпаз болады. Жеңімпаз топ мадақталады.
Үй тапсырмасын пысықтау
«Өкіл» әдісі.
1-топ: «Әлеуметтік желіде ақпарат алмасу».
2-топ: «Плагиат» дегеніміз не?
Топтар бір-бірлеріне келген өкілдерге жұмыстарын түсіндіріп береді.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
Ауызша мадақтау, ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Компьютерді функционалдық қызметін жұмыс өнімділігі мен өлшеміне байланысты жіктеуге болады. Бүгінгі таңда «Cray», «NEC», «Fujitsu» компанияларының компьютерлері қуатты суперкомпьютерлер өндірісіндегі көшбасшылар болып табылады. Олар белгілі бір температура режимі бар арнайы бөлмелерді қажет етеді. Суперкомпьютердің температуралық режимі сумен немесе сұйық азотпен салқындатылады.
1-тапсыр ма. 2-кестені толтырыңдар.
2-тапсырма. Компьютерді іске қосып, құрылғылар дың атқар тын қызметі мен қасиетт рін анықтаңдар (3-кесте).
3-тап сыр ма. «Кубизм» әдісі пайдаланылады. Қарапайым қағаздан жасалған текшені алып, оның қырларына мына тапсырмаларды жазыңдар. 1. Компьютер конфигурациясын анықтауды үйреніңдер. 2. Артур Беркс, Герман Голдcтайн, Джон фон Нейман ның мақалаларын сипаттаңдар. 3. Екілік принцип және жадтың біртектілік принципін салыстырыңдар. 4. Ең қолайлы принципті қолданыңдар. 5. Дәлелдемелер келтіріп, түсіндіріңдер. 6. Ұсыныңдар: Болашақта дербес компьютерге тағы қандай қосымша құрылғы қосар едіңдер?
|
Мұғалімді тыңдайды
Дескриптор
Дербес компьютердің ішкі, сыртқы құрылғыларының
қызметін анықтайды.
Дескриптор
Компьютер конфигурациясын дұрыс таңдайды.
|
Оқушылардың жұмыстары қоржынға фишкалар жинау
арқылы бағаланады.
|
Фишкалар,
қоржын
|