«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру»



Дата01.07.2016
өлшемі60.62 Kb.
#169560




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы _________

№ __ бұйрығына

1-қосымша


«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру (бұдан әрі – шешім) туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан


әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

3) құрамында ауыл және су, қоршаған ортаны қорғау бойынша ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының қорытындылары және келісімдері болатын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша тұжырымдамалары және ұсыныстары барқорытынды;

4) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;

5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жататын жер учаскелерінің жоспарлау-картографиялық материалдары, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық зерттеу актiсi және көшіруге жататын анықталған жерлер көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылардың өкілдеріқол қойған далалық зерттеу сызбасы;

6) ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалық сипаттамасы;

7) жалпы баланстық құндылығы мен ескіру сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорларын ары қарай пайдалануға жарамсыздығы туралы актісін қоса суландыру жүйесінің техникалық жағдайы туралы ақпараттар.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға уақыты мен күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, қызмет нәтижесін алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарынбір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
___________________________________

ауданының (облыстық маңызы бар ____________________________________қаланың) әкімі

____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

____________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

____________________________________

(ЖСН/БСН, жеке немесе заңды тұлғаның

____________________________________ жеке басын куәландыратын құжаттың

____________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

___________________________________

мекенжайы)

Өтініш

_________________________________________________________________ бойынша

(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты____________________________________, кадастрлық нөмірі _____________, алаңы _____________ гектар ауыл шаруашылық алқабын

_________________________________________________________________

(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)

ауыстыру шешімін беруіңізді сұраймын.
Өтініш беруші_________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңдытұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы,қолы)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет