Ауыл шаруашылығы өнімдері қалдықтарын терең қайта өңдеу



Дата24.02.2016
өлшемі39.55 Kb.
#17996
Ауыл шаруашылығы өнімдері қалдықтарын терең қайта өңдеу
Оспанкулова Г.Х., "Астық дақылдарын биоөңдеу" зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к.. Нечай Н.Л., "Астық дақылдарын биоөңдеу" зертханасының ж.ғ.қ.

Полуботька О.В., "Астық дақылдарын биоөңдеу" зертханасының ж.ғ.қ


ЖШС "Қазақ-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты"
Қазақстан аграрлық шикізат өнімдерін өндіретін әлемдегі негізгі 25 елдің қатарына және ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы бойынша алғашқы ондыққа кіреді [http://www.rae.ru]. Астық шаруашылығы – халықты нан өнімдерімен, ал мал шаруашылығын - жемшөптермен қамсыздандыратын Қазақстан егіншілігінің басты саласы. Қазақстанда орта есеппен жылына 18 млн. тонна астық өндіріледі. Бұл ретте астық экспорттының шегі жылына 2,8-10,0 млн. тоннаны құрайды. Осыған қарамастан 1,3-2,2 млн. тонна ұн экспортталады. 2012 жылы дәнді дақылдардың өнімділігі 9,7 ц/га болып, жалпы жиыны – 12,3 млн. тоннаны құрады. Қазақстанда астықтың ішкі қолданысы, орташа есеппен, 6,6 млн. т, ал 4,5 млн. т астық экспортталады. Қазіргі күнде астықтың 25% ғана ұн өндірісінде қолданылады. Осыған байланысты астықты терең қайта өңдеудің дамуының біршама болашағы бар. Шамамен 2,5 млн. тонна астықты терең қайта өңдеуге болады.

Қазіргі күнде тек астықты терең өңдеу ғана көкейтесті мәселе емес, сонымен қатар басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін де терең өңдеу, олардың қатарына сабан, қауыз және т.б. жатады, өйткені олар өзінің химиялық құрамы бойынша химиялық, фармакологиялық және азық-түлік өндірістерінде қолданылудың болашақ маңыздылығын көрсетеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтарынан полисахаридтар, целлюлоза, бояғышар мен азықтық үстемелер, фурфуролды, дәрі-дәрмектер және басқа жоғары үстеме құнды өнімдер алынып қалдықсыз өндірістің дамуына мүмкіндік туады.

Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығының қалдықтарының қорына сұрау жоқ. Айталық, сабанның барлық көлемінің 10% ғана пайдаланылады (негізгінен, мал шаруашылығында, малға төсеніш, үстеме жемшөптер ретінде).

Осыған қарамастан 2009-2012 жж аралығында Қазақстанда қалдықтардың орташа көлемі 34 314 мың тоннаны құраған, ал 2012 ж Қазақстанда 387,9 мың тонна сабан қоры қамдалған.

Сол уақытта, ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2012 ж Қазақстан республикасына целлюлоза мен оның химиялық туындыларының импорты1777,7 тоннаға 9186,5 мың АҚШ долларын құраса, ал экспорты 53,5 тоннаға 157,85 мың АҚШ долларын құраған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы қалдықтары көбінесе топыраққа енгізіледі немесе өртеледі, бірақ осыған қарамастан ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын кешенді өңдеудің тиімді технологиялары бастапқы шикізатты кеңінен қолдануға, сонымен қатар, олардың қалдықтарынан құнды өнім целлюлоза, ксилоза және олардың туындылары - глюкоза, полиол (сорбит, ксилит) алуға мүмкіндік бар.

Мәселен, ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 ж ҚР глюкозаның импорты 6954,6 тоннаны құраған.

Құрамында целлюлозасы бар азыққа жарамсыз шикізаттан глюкозаны алу азық-түлік, микробиология, химия өнеркәсібі салаларының, энергетиканың, медицинаның және мал шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыруы мүмкін. Осы көзқарастан целлюлозадан глюкозаны алу, құрамында целлюлозасы бар қолдықтарды жоюдың құрылымдықмәселелерін шешуде негізгі үдерісі бола алады. Целлюлозаның ферментативті гидролизі біршама артықшылыққа ие: үдеріс улы қалдықсыз қанттың мол шығуымен өтеді.

Полиолдардың (қант алмастырушы) әлемдегі жылдық өндірісі құрғақ затқа қайта есептегенде шамамен 1 млн. тоннаны құрайды. Олардан 63% сұйық түрдегі сорбит және 20% кристалды түрдегі сорбит шығарылады. 180 мың тонна сорбит С витаминіне қорытылады. 280 мың тонна полиолдар тіс майұнтақтарында және жуу құралдарына тәтілендіруші ретінде қолданылады, ал 110 мың тоннасы фармацевтика өнеркәсібіне жіберіледі. Полиолдың тек 36% ғана азық-түлік өнімдерін өндіруде қант орнына қолданылады, негізінен қатты карамельдерде, шоколодта, ашытқыда сонымен қатар, сағыз резеңкелерінде [http://www.74rif.ru/saharoza].

Орта Азия мен Қазақстан аумағында гидролиз өндірісінің дамуы ҚСРО гидролиз зауыты қосылғанда бастау алғанын айта кету керек, мұнда әлемде алғаш рет мақта қауызынан, сүректі шикізаттан (қайыңдардан), күнбағыс қауызынан және басқа да құрамында пентозосы бар ауыл шаруашылық қалдықтарданксилит алу өндірісі жолға қойылған.

Қазіргі кезде полиолға, көбінесе ксилитке сұранысы бар отандық нарық Финляндия мен Қытайдан әкелінген импорттық өнімдерге толы. Бүгін қант алмастырушы – ксилит әлемдік нарықта 1 тоннасы $ 10.000 және одан да жоғары бағамен ұсынылады, ксилитнарығындағы жалғыз монополисі 80% көлемде әлемдік өндірісі бар "Култор-Ксирофин" атты фин компаниясы. Ксилитке деген сұраныс ұсыныстан біршама жоғары, бұл дегеніңіз "Култо-Ксирофин" компаниясының сараптамалық бөлімінің ксилит өндірісіндегі озыңқы өсуі бар тұрақты үрдіс тұжырымын растануы.

Осыған байланысты "Қазақ - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми - зерттеу институты" ЖШС базасында астық өндірісінің қалдықтарынан (сабан мен қауыздан) барлық күрделі технологиялық қатарды қамтитын глюкозаны алу технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Ферментативті гидролиз арқылы глюкоза алу технологиясы биотехнологиялықпен қатар технологиялық өндіріс кезеңдерін құрайды; соның ішінде шикізатты қайта өңдеу, ферментативті гидролиз, сиропты тазалау, сиропты қажетті концентрацияға дейін буландыру, кристалдандыру.



Ауыл шаруашылығы шикізаты қалдықтарын қайта өңдеу мәселелерін шешуге арналып құрылған жіті биотехнологиялар өсімдіктер қоры мен ауыл шаруашылық қалдықтарын өсімдік полимерлерінің гидролизіне қатысатын, белсенді құрылымдық ферменттер өндіруге қабілетті микроорганизмді өндіріс қолданысының аумағына тарту жолымен қайта өңдеуді қарастырады. Бұл ретте, жыл сайын жаңартылмалы және іс жүзінде сарқылмайтын энергия қоры болып келетін, өсімдік қоры халықтың әл-ауқаты мен өміріне маңызы бар әр түрлі пайдалы заттар өндірісі үшін маңызды шикізат көзі болып келеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын терең өңдеу технологиясының дамуы қалдықсыз өндірісті дамытуға, бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, отандық өндіріс шығаратын өнімнің спектрін кеңейтуге, түрлерін арттыруға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет