ӘӨЖ 338.433.4:338.436 (574.54)
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін еңбек құралдарымен қамсыздандыру
Өтегенова К.А. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.
Маманова А. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің магистранты
Қазақстан Республикасының президенті 2012 жылдың желтоқсан айында жолдаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты дәстүрлі Жолдауында «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру»- деп атап көрсетті [1].
Ауылшаруашылық өндірісінде техникалық база ерекше рөл атқарады, онда әр түрлі өндірістік үдерістерді орындау қатаң түрде белгілі бір мерзімге ие болады. Сондықтан да техникалық еңбек құралдарының құрамы қолданыстағы технология мен технологиялық үдерістерді орындаудың агротехникалық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін жеткілікті мөлшерде қаржыландыру ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің ылғал сақтау және жер қыртысын қорғау технологияларын игеру арқылы дәнді, картоп, көкөніс, жеміс және басқа да дақылдарды өндірушілердің табыстарының өсімін арттырады, жылы жайлар құрылысын қамтамасыз етеді, тұқым сапасының сараптаушы зертханаларды, дайындау-өткізу кооперативтерін, мамандандырылған мал бордақылау орындарын, қала және ірі елді мекендердің айналасында мамандандырылған «сүт» белдеулерін құрады, жануарлардың өнімділігін арттырады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық қамсыздандырылуының қалыптасқан төмен деңгейі оның тиімді дамуын тежеуші негізгі фактор бола отырып, дәнді дақылдарды өндіру технологиясының қарапайымдануына, арамшөптердің таралуына, өсімдіктердің ауыруына, топырақтық құнарсыздануына және де нәтижесінде өнімнің саны мен сапасының төмендеуіне әкелді.
Қалыпты эксплуатациялық мерзімнің 7-10 жыл екендігіне қарамастан, Қазақстандағы қазіргі ауыл шаруашылығы машиналар паркінің орташа жасы 12-13 жасты құрайды. Қолда бар техниканың техникалық дайындық коэффициенті 0,7- ден аспайды және техника бірлігіне шаққандағы жүктеме қалыпты жағдайдан 1,3-1,5 есе артық.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын тиімді өндіру үшін тиеселі ауыл шаруашылық техникасы қажет. Пайдаланылатын техника әрі тұрақты жетілдірілуі тиісті: техникалық және эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, егін жинау машиналардың өндіру қабілетін арттыру қажет. Ауыл шаруашылығының мәліметтері бойынша, 2011 жылы республиканың ауылшаруашылық бөлімдерінде 154 725 трактор, 46 652 астық жинаушы комбайн, 1 786 азық жинаушы комбайн, 569 егін кешені, 91040 тұқым себуші машина, 14 746 егін оратын машина, 315 900 топырақ өңдеуші техника, 49 683 жүк көлігі және 134 940 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникасы болды.
Ауылшаруашылық техника тозығының деңгейі 75%-ды құрайды, бұл индикаторлар белгілеген бастапқы мағынадан жоғары болып табылады. Тракторлар паркі 7 жыл ішінде – 5,5% (орта есеппен жылына 0,8%), комбайндар паркі 22,3% (орта есеппен жылына 3,2%) жаңарған.
Егер облыстың бір агроқұрылымына шаққанда келетін ауыл шаруашылық техниканың болуын қарастырсақ, онда тракторлардың 0,4 данасы, астық жинайтын комбайндардың 0,7 данасы, жемшөп жинағыш комбайндардың 0,1 данасы, қызылша жинайтын комбайндардың 0,02 данасы, трактор соқаларының 1,0 данасы, жүк автомобильдерінің 0,1 данасы келеді.
Сонымен, ауыл шаруашылық құрылымдардың көпшілігінде өз техникасы жоқ және олар МТБ қызметтеріне жүгінеді. Ескеретін жағдай, қолданылып жатқан отандық техника өзінің сапалық параметрлері бойынша әлемдік деңгейден анақұрлым төмен, сондықтан олар ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі мен жинауға байланысты технологиялық операциялардың минимальді жоғалтуларын қамтамасыз ете алмайды. Біздің жағдайда техникалық құралдардың тозуы өсірген астық өнімінің 40% дейін жоғары жоғалтуларға әкеледі. Агроқұрылымдардың техникамен төмен жабдықталғандығы оны лизингке алудың қатаң шарттарымен, екінші деңгейлі банктер үшін несие алуға кепілдіктің жоқтығымен байланысты болып отыр. Осының барлығы әртүрлі ұйымдармен ұсынылатын қымбат ауыл шаруашылығы техникасының кең ассортиментінің негізінде болып жатыр.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникамен және ауыл шаруашылық машиналармен қамтамасыз етілуі Батыс елдердің және АҚШтың фермерлік қожалықтарына қарағанда едәуір төмен. Мысалы, Германияның егістік жерлерінің 1000 гектарына есептегенде тракторлардың саны 115 дананы, Ұлыбританияда – 82 дананы, АҚШ – 32 дананы, ал Қазақстанда шамамен 17 дананы құрайды. Германияның дәнді дақылдардың егістік алқаптарының 1000 га 25 астық жинайтын комбайндар, Ұлыбритания мен АҚШ – 19 дана, Қазақстанда – 3,0 комбайн келеді [2].
Соңғы жылдары облыс ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстары республикада 1994 жылдан бастап қолданылатын лизингтік қызметтерді пайдалану көмегімен толтырылып жатыр. Ауылдық тауар өндірушіге лизингтік қызметтер қаржы және натуралдық түрінде ұсынылады. Мысалы, натуралдық түрі кезінде лизинг алушы арендаға беруші мен арендаға алушы арасында техниканың ұзақмерзімді арендасы туралы келісім-шарт жасайды, сол кезде аренданың төлемі ауыл шаруашылығы өнімімен жүргізіледі. Ал, лизингтің қаржылай түрі кезінде лизинг алушы техниканың құнын төлейді. Агроқұрылымдар өздерінің материалдық-техникалық негізін кеңейту екінші деңгейлі банктерден, ауылдық несие серіктестіктерінен және әртүрлі қорлардан берілетін несиелік құралдардың көмегімен жасайды.
Машина-тракторлық паркін толтыру түрлі көздердің қаржысы есебінен жүзеге асады, соның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ едәуір үлеске ие (1-кесте).
1кесте - Қаржыландыру көздері бойынша астық жинайтын комбайндар сатып алу (дана)
Жылы
|
Барлығы
|
Соның ішінде:
|
жергілікті бюджет есебінен
|
АШТӨ қаржысы есебінен
|
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржысы есебінен
|
лизингтік компаниялар қаржысы есебінен
|
2006
|
3101
|
43
|
947
|
100
|
11
|
2007
|
1051
|
46
|
587
|
329
|
89
|
2008
|
1424
|
67
|
878
|
343
|
136
|
2009
|
1441
|
64
|
766
|
515
|
96
|
2010
|
1217
|
33
|
456
|
627
|
101
|
2011
|
1628
|
26
|
843
|
578
|
181
|
Ескерту – ҚР АШМ мен ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
|
2011 жылы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың әртүрлі көздерінің пайдаланылуы агроқұрылымдарға 843,4 млн. теңгеге жаңа ауыл шаруашылығы техникасының 223 данасын сатып алуға мүмкіндік берді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 101 данаға және 416 млн. теңгеге артық [3].
Облыста машина-тракторлық паркін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Соңғы бес жыл ішінде (2007-2011 жылдар) облыстың машина-тракторлық паркін жаңартудың қарқындары тракторлар бойынша 3,6%-ды, тіркелетін техника бойынша 3,1%-ды, астық жинайтын комбайндар бойынша 11,6%-ды құрады. Жаңартудың мұндай қарқындары айтарлықтай төмен. Облыс ауыл шаруашылығын техникамен және ауыл шаруашылығы машиналармен қамтамасыз етудің нақты қалыптасқан жағдайы өте күрделі деп бағаланады.
Қазіргі заманғы жағдайда техникалық еңбек құралдарын: ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтаудың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламасы бойынша; қаржылық лизинг бойынша; шаруашылық субъектілерінің өз қаржылық жинақтары есебінен; ауылшаруашылық техникасының қайталама нарығында; машина-технологиялық станциялар арқылы; қызмет көрсетуші кооперативтер арқылы; отандық машина жасау кәсіпорындарының делдалдық қызметі арқылы сатып алу ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту мен дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Жолдауы // Сыр бойы – 2012. – 15 желтоқсан. – 1б.
2 Кузенков А.Л О границах эффективности применения лизинга // Проблемы прогнозирования. – 2003.-№6.-с.153-158.
3 Суеубаев Ж. Оценка показателей конкурентоспособности видов транспорта // Материалы межд.научно-практической конференции «Наука и инновации на железнодорожном транспорте». – Алматы, 2007. – С. 169-175
Резюме
Эффективность сельскохозяйственного производства, продовольственная безопасность страны во многом зависит от состояния ее технической базы. В данной статье проведена оценка организационно-экономическим условиям развития технической базы сельского хозяйства. А также, были рассмотрены основные направления развития базы сельского хозяйства в условиях рыночной конкуренции.
Summary
Efficiency of agricultural production, food security of the country in many respects depends on a condition of its technical base. In this article the assessment to organizational and economic conditions of development of technical base of agriculture is carried out. And also, the main directions of development of base of agriculture in the conditions of the market competition were considered
Достарыңызбен бөлісу: |