1. Әйел 47 жаста, көкіректің сол жақ жартысының ауыруына, кейде сол жақ қолға беріледі, ұзақ жүрген кезде аяқтарының сыздап ауыруына шағымданады. 2 жыл бұрын қан құрамында глюкоза және холестериннің мөлшері жоғары екені анықталған. Қандағы глюкоза мөлшерін төмендету үшін дәрі-дәрмекті тұрақты ішеді. Төмендегі факторлардың қайсысы ЖИА дамуының аса ықтимал қаупі болып табылады?
А.Ақыл-ой еңбегі
В. Гиперкалиемия.
С. Өкпе гипертензиясы
D. Қант диабеті
E. Асқазанның ойық жарасы
2. Ер адам 55 жаста, жүрегінің ұдайы батып ауыруына, айқын жүрек қағуына, жүрек ырғағының бұзылуына және тоқтап қалған сияқты сезіміне шағымданады, артық жүктеме кезінде ауыру күшейеді. Күнделікті 300-400 грамм арақ үшіп тұрады. Перкуторлы – жүрек шекарасы солға кеңейген. ЭКГ – ырғақ дұрыс емес, атриовентрикулярлы өткізгіштік (РQ-0,30) бәсеңдеген, жиі жүрекше және қарыншалық экстрасистолалар, SТ сегменті кеуде жалғамдарында төмендеген, екіфазалық тісше Тв V3- V6. ЭхоКГ – лақтыру фракциясы 32%. АСА ықтимал диагноз қандай?
А. Ревматизмдік емес миокардит
В.Идиопатиялық гипертрофиялы кардиомиопатия
С. Ішімдікті кардиомиопатия
D. Жүректің ишемиялық ауруы
E. Жүректің митралдық ақауы
3. Ер адам 70 жаста, екі рет миокард инфаркті болған, айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жүрек қағысының жиілеуіне, бірден әлсіреуге шағымданады. ЭКГ-да – Р тісшесі жоқ, қарынша жиырылуының артимиясы анықталды, ырғақ жиілігі минутына 170 жуық. Амиодарон тиімсіз. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар тез өршіді. Жүрекше фибрилияциясының пароксизмасы кезінде қандай жағдайларда синусты ырғақтың шұғыл реверсиясын жасайды?
А.Алғаш рет пайда болған пароксизма кезінде
В. Пароксизма ұзақтыңы 6 сағаттан асқан кезде
С. Гемодинамикалық бұзылыстар артқан кезде
D. Науқастың жасы 60 жастан асқан
E. QRS кешені бастапқы ұзақтықтан 25% кеңейгенде
4. Ер адам 49 жаста, артық жүктеме кезінде күшейетін айқын ентігуді, жүрек қағуын, субфебрилитет, әлсіздік, тершеңдікті, артралгияны, аяқтарының ісінуін байқады. Бұрын жиі іріңді баспамен ауырған. Тоңудан кейін жағдайы нашарлады. Объективті: жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы жоғары және оңға үлкейген. Аускультация кезінде: жүрекше фибрилляциясы, бөдене ырғағы, жүрек ұшында диастолалық шу. Науқаста қандай диагноз аса ықтимал?
А. Бактериялық эндокардит. Трикуспидалды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ 1
В. Жіті ревматизмдік қызба, митралды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ0
С. Қайталамалы ревматизмдік қызба, митралды қақпақша стенозы. СЖЖ1
D. Ревматизмдік емес миокардит
E.Диффузиялы уытты зоб, тиреотоксикоз
5. Әйел 67 жаста, аздаған жүктеме кезінде ентігуге, жүрек соғуының бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: миокард инфаркті болған, темекіні көп шегеді. Қараған кезде: өкпеде тұрақты ылғалды сырылдар, жүрек үні бәсеңдеген. ЖЖЖ – мин 106. АҚҚ - 150/95 мм рт.ст. ЭКГ: сол жақ жүрекшенің алдыңғы қабырғасының тыртықты өзгерісі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы-37%. Коронарография: ПМЖВ ЛКА проксималды үштен бір бөлігінің стеноздалуы 85%. Спирография: тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті түрі. Төмендегі критериялардың қайсысы СЖЖ ағымын болжау үшін АСА ақпаратты?
А. Тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті түрі
В. Сол жақ тәждік артерияның стеноздалуы
С. Жиі қарыншалық экстрасистолалар
D. ЭКГ-да тыртықты өзгерістер
E.ЭхоКГ лақтыру фракциясы
6. Әйел 27 жаста, инфекциялық миокардитке күмән бар. Қандай клиникалық белгілер АСА тән болады?
А. Жүрек айнуы, құсу, іш өтуі
В. Ісіну, гематурия, гипертензия
С. Гипертензия, тахиаритмия
D. Қызба, жүрек тұсының ауыруы, ентігу
E. Қызба, «тат тәрізді» қақырықпен жөтел
7. Әйел 27 жаста, ұй шаруашылығында, қызба 39,5 °С, қатты тершеңдікті, қалтырауды, аздаған жүктеме кезінде ентігу мен бас айналуын, әлсіздікті, тәбеті жоқтығын, соңғы 2 айда 9 кг арықтағанын айтады. 2 ай бұрын – тісін жұлдырған. ҚЖА - лейкоцит-14х109/л, ЭШЖ-27 мм/ч. Терісі бозарған сарғыш түсті, ылғалды, серпімділігі төмендеген, алақандарында ауырмайтын диаметрі 3 мм геморрагиялық дақтар. ЭхоКГ: аорта қақпақшасының жақтауында мөлшері 1,0х0,8 см эхогендік өсінді бар. Аса ықтимал диагноз қандай?
А. Бактериялық эндокардит
В. Миокардит
С. Жіті ревматизмдік қызба
D.Фибринозды перикардит
E.Плеврит
8. Ер адам 43 жаста, тұмаудан кейінгі миокардит диагнозы қойылды. Төмендегі ЭКГ-белгілерінің қайсысы осы науқаста АСА ықтимал болады?
А. ЭКГ төменгі вольтаж, кешен ені PQ=0,22 с, QRS=0,12 с
В. ST сегментінің ығысуы изосызықтан төмен және Т тісшесі теріс
С. ST сегментінің конкорданттық көтерілуі
D.ST сегментінің дискорданттық көтерілуі
E. Q тісшесі терең және кең, R тісшесі жоқ
9. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 47 жастағы әйел ошақты миокардитке күдіктеніп қаралды. Оын жағдайына АСА тән шағымдар қандай болады?
А. Тыныштық кезінде ентігу, жүрек тұсының ауыруы
В. Тұншығу ұстамалары, жалпы әлсіздік
С. Жүрек ырғағы бұзылуын сезіну, жүрек тұсының сыздап ауыруы
D. Бас ауыруы, тыныштық кезде ентігу
E. Аяқтарының ісінуі, бас айналуы
10. Ер адам 20 жаста, жүрек тұсының ұзақ шаншып ауыруына, тахикардияға, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, әлсіздікке шағымданады. 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Дене қызуы 37,80 С. Қараған кезде: жүрек шекарасы солға +2 см кеңейген, ұшында – систолалық шу, иррадиациясыз, ЖЖЖ минутына 97. Зертханалық тексерулер: лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдауы анықталды, С-реактивті ақуыз оң. ЭКГда: миокард реполяризациясы бұзылған және қарыншаішілік өткізгіштік баяулаған. Аса ықтимал диагноз қандай?
А. Кардиомиопатия
В. Миокардиодистрофия
С. Эндокардит
D.Миокардит
E. Перикардит
11. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 64 жастағы ер адам липидограмма нәтижесімен келді. дәрігер зертханалық тексерулер нәтижесіне интерпретация жасады: жалпы холестерин деңгейі жоғарылаған, ЛПНП деңгейі жоғарылаған, ТГ деңгейі жоғарылаған. Қанның биохимиялық талдауында глюкоза, АЛТ, АСТ деңгейі жоғарылаған. Анамнезінде: қант диабеті. Осы жағдайда қандай дәрі АСА тиімді болады?
А.Пробукол
В.Симвастатин
С.Фенофибрат
D.Никотин қышқылы
E.Холестриамин
12. Ер адам 68 жаста, ЖИА диагнозы қойылды: стенокардия кернеуі ФК II, атеросклерозды кардиосклероз, ХСН І, ФК І. Объективті: АҚҚ 140/60 мм рт.ст. ЖЖЖ 79 уд/мин, жалпы холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л.
Гиперхолестеринемия кезінде статиндер тобы дәрілерімен емдеу ұзақтығы қандай?
А. Курспен 3 айдан
В. Бір жыл
С. Жарты жыл
D. Өмір бойы
E. Холестерин деңгейіне байланысты
13. Әйел 34 жаста, салмақ артуын, шөлдеу, тәбеті жоғарылауын айтады.
Объективті: бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. ДСИ - 35,8 кг/м2. Гликемия ашқарынға - 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 7,8 ммоль/л, триглицеридтер – 2,9 ммоль/л. Төмендегі дәрі-дәрмектің қайсысын тағайындау АСА дұрыс?
А.Манинилді
В.Метформинді
С.Диабетонды
D.Никотин қышқылын
E.Инсулинді
14. Әйел 57 жаста, кеуді ішінің күйдіріп ауыруы, 500 м аса қашықтыққа жүрген кезде, 2-ші қабатқа көтерілген кезде ауа жетпеу сезімі мазалайды. Тексеруден өткен кезде ЛПНП холестерин деңгейі жоғары екені анықталды.
Коронароангиографияда сол жақ тәжді артерияның қарыншаралық артқы бұтағының 70% стенозы анықталды. ЖИА ЖЖ ФК ІІ диагнозы қойылды. Төмендегі гиполипидемиялық дәрілердің қайсысын тағайындау АСА дұрыс? А. Липантил
В.Фенофибрат
С. Крестор
D.Холестирамин
E.Никотин қышқылы
15. Ер адам 67 жаста, әкесі жас кезінде миокард инфарктінен қайтыс болған, артық физикалық жүктемеден кейін ұзақтығы 25 минуттан аса кеуде ішінің күйдіріп ауыруына шағымданады, ауыру нитраттан басылмайды, жүрек қағуымен, үрей сезімімен және тершеңдікпен жүреді. Тамақтануы жоғары,
жалпы холестерин - 7,8 ммоль/л; гоюкозаға төзімділік бұзылған. ЭКГда: ST V1-V4 2 мм аса монофазалық элевация. Төмендегі дәрілердің қайсысын негізгі терапияға қосқан АСА дұрыс?
А.Омакор
В.Бензафибрат
С.Аторвастатин
D.Холестирамин
E.Никотин қышқылы
16. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 59 жастағы ер адам балтыр бұлшықетінің сыздап ауыруына шағымданып қаралды. Анамнезінде – ЖИА, стенокардия кернеулі. Кардиолог 3 ай бұрын кешенді ем тағайындаған: изосорбидадинитрат (кардикет), ацетилсалицил қышқылы (тромбоАСС), триметазидин (предуктал), симвастатин (симвор), милдронат (мельдоний). Тексеру кезінде АЛТ, АСТ жоғарылауы анықталды. Қандай дәрі осы аталған жанама әсерді тудыруы АСА ықтимал?
А.Милдронат (мельдоний)
В.Кардикет (изосорбиддинитрат)
С.ТромбоАСС (ацетилсалицил қышқылы)
D.Предуктал (триметазидин)
E.Симвор (симвастатин)
17. Ажар 4 жаста, дауысы қарлығуына, үрмелі жөтелге шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 күн. Объективті: қараған кезде гиперемия, көмекей қақпашасының ісінуі байқалады. Терісі мен шырышты қабаты таза, түсі әдеттегідей. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек үні анық, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Физиологиялық бөлінділер қалыпты. АСА ықтимал диагноз қандай?
А. Жіті фарингит
В. Жіті трахеит
С. Жіті ларингит
D. Жіті бронхит
E. Жіті пневмония
18. Ұл бала 4 жаста, дауысы қарлығуына, үрмелі жөтелге шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 күн. Объективті: қараған кезде гиперемия, көмекей қақпашасының ісінуі байқалады. Терісі мен шырышты қабаты таза, түсі әдеттегідей. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек үні анық, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Физиологиялық бөлінділер қалыпты. Диспансерлік бақылаудың АСА ықтимал ұзақтығы қандай?
А.6 ай
В.1 жыл
С.5 жыл
D. Есептен шығарылмайды
E. Диспансерлік бақылауға жатпайды
19. Анасы 6 айлық баласымен қосымша тамақ беруге қатысты сұрақпен емханаға қаралды. Сәбидің туған кездегі салмағы 3700 г. Перзентханадан шыққан соң дені сау болды. Баланы қараған кезде терісінің түсі әдеттегідей, барқыт тәрізді. Органдары мен жүйелерінде патология анықталмады. Белсенді емеді. Қандай қосымша тағам беру керек? АСА дұрыс жауапты таңдаңыз:
А. Жеміс шырынын
В. Жеміс езбесін
С. Көкөніс езбесін
D. Жұмыртқа сарысын
E. Сүзбе
20. Анасы 7 айлық баласымен қосымша тамақ беруге қатысты сұрақпен емханаға қаралды. Сәбидің туған кездегі салмағы 3700 г. Перзентханадан шыққан соң дені сау болды. Баланы қараған кезде терісінің түсі әдеттегідей, барқыт тәрізді. Органдары мен жүйелерінде патология анықталмады. Белсенді емеді. Қандай қосымша тағам беру керек? АСА дұрыс жауапты таңдаңыз:
А. Қарақұмық ботқасын
В. Манна ботқасын
С. Сұлы ботқасын
D. Асбұршақ ботқасын
E. Арпа ботқасын
21. Бала 14 жаста, созылмалы гастрит, НР (-) диагнозымен диспансерлік есепке алынды. Өршу болмаған жағдайда диспансерлік бақылаудың АСА ықтимал ұзақтығы қандай?
А. 1 жыл
В. 2 жыл
С. 3 жыл
D. 5 жыл
E. Есептен шығарылмайды
22. Қыз 14 жаста, эпигастралды аймақтағы қарқынды ауыруға шағымданады, ауру тамақ ішкен соң 1,5-2 сағаттан кейін күшейеді. Ауырғанына бір жылға жуық. Объективті: терісі құрғақ, тілі қалың ақ түсті өңезделген. Іші: пальпацияда жұмсақ, эпигастрия аймағы ауырады. Бауыры мен көкбауыры білінбейді. ҚЖА: Hb– 125 г/л, Эр-3,0х1012/л, Л-7,7х109/л, ЭШЖ-15 мм/ч. ФГДС–асқазанның шырышты қабаты антрумда ошақты қызарған, қатпарлары
гипертрофиялы. НР++. Эрадикациялық терапияның қандай үлгісі АСА тиімді?
А. Амоксициллин
В. ИПП+амоксициллин
С. ИПП+амоксициллин +кларитромицин
D. ИПП +амоксициллин+ метронидазол+соли висмута
E. ИПП+амоксициллин+кларитромицин+ метронидазол +висмут тұздары
23. Қыз 13 жаста, емханаға қабылдауға алып келді, полиартритке байланысты 2-ші ай индометацин ішеді. Эпигастрияда ауырсыну, әлсіздік, қара түсті қайталап құсу пайда болды. Қараған кезде қыз бозарған, пульс -120 минутына. АҚҚ 90/70 мм.рт.ст. Ішін басқанда жұмсақ, бұлшықет тырысуы жоқ. Патологиялық процесс сипатын нақтылау үшін қандай тексеру АСА мәліметті болады?
А. Фракциялық асқазанды зондылау
В. Асқазанішілік рН-метрия
С. Асқазанның УДЗ
D. ЭФГДС
E. Асқазанның рентгенографиясы
24. Емханаға 13 жасар қыз қаралды. Эпигастрия аймағында ұстама тәрізді, кесіп, қадалып қатты ауыруға шағымданады, әсіресе түнгі мезгілде. Күндіз тамақ ішкен соң ауыру басылады. Ішіне пальпация жасау қиын, пилородуоденалды аумақта ауырсыну байқалады, Мендель симптомы оң. Төмендегі алдын ала диагноздардың қайсысы АСА ықтимал?
А. Жіті гастрит
В. Жіті панкреатит
С. Жіті холецистит
D. Созылмалы гастрит
E. Ұлтабардың ойық жарасы
25. Ұл бала 10 жаста, ЖТД дәрігер қабылдауына емханаға алып келді. Ата-анасының айтуынша ауру жарты жыл бұрын дене қызуының 38°С дейін көтерілуімен басталған. Ары қарай ауырусыну, иық және сан бұлшықеттерінің айқын әлсіздігі, мұрнынан сөйлеу, қатты тағамды жұту кезінде қақалу байқала бастады. Қараған кезде: аяқ-қолының бұлшықеттері басқан кезде ауырады, бұлшықет күші бірден төмендеген. Органдары бойынша – патологиялар жоқ. ЭШЖ- 30 мм/ч. Осы науқас үшін тері бұзылысының қандай белгілері аса ықтимал?
А. Алопеция, жарылулар, ксеродермия
В. Телеангиэктазия, құрғақтық, қабыршықтану
С. «Күлгін көзілдірік», «Готтрон», «шәлі» симптомы
D. «көбелек» симптомы, беттің эритемасы, тырнақ сынғыштығы
E. Капиллярит, «механиктің қолы», полиморфты бөртпелер
26. Ұл бала 11 жаста. Ата-анасының айтуынша шағымдары жарты жыл бұрын дене қызуының 38°С дейін көтерілуімен басталған. Ары қарай ауырсыну, иық және сан бұлшықеттерінің айқын әлсіздігі, мұрнынан сөйлеу, қатты тағамды жұту кезінде қақалу байқала бастады. Қараған кезде: аяқ-қолының бұлшықеттері басқан кезде ауырады, бұлшықет күші бірден төмендеген. Органдары бойынша – патологиялар жоқ. ЭШЖ- 30 мм/ч. Осы науқас үшін тексерудің қандай түрін жүргізу аса дұрыс?
А. Спирография
В. Электромиография
С. Электрокардиография
D. Кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы
E. Құрсақ қуысы органдарының ультрадыбысты тексеруі
27. Қыз 14 жаста. Қол саусақтары мен табан башпайларының тоңуына, ұйып қалуына және тері түсінің өзгеруіне, білек пен қол басының ұсақ буындарының ауыруына, қатты тағамды жұту қиындығына шағымданады. Қараған кезде: маңдай, жақ терісі қалыңдаған «бетпердетәрізді» бет, еріні жұқарған, қабағын түйген кезде қиналады, саусақтары мен қол сыртында «тығыз» ісік. Осы науқас үшін қандай алдын ала диагноз аса ықтимал?
А. Жүйелі склеродермия
В. Жүйелі қызыл жегі
С.Ювенилді дерматомиозит
D. Жіті ревматизмдің қызба
E.Ювенилді ревматоидты артрит
28. Қыз 14 жаста. Қол саусақтары мен табан башпайларының тоңуына, ұйып қалуына және тері түсінің өзгеруіне, білек пен қол басының ұсақ буындарының ауыруына, қатты тағамды жұту қиындығына шағымданады. ауырғанына 4 жыл болған. Қараған кезде: маңдай, жақ терісі қалыңдаған «бетпердетәрізді» бет, еріні жұқарған, қабағын түйген кезде қиналады, саусақтары мен қол сыртында «тығыз» ісік. Осы науқас үшін қандай тексеру әдісін жүргізген аса дұрыс?
А. Капилляроскопия
В. Эхокардиография
С. Буындардың рентгенографиясы
D. Фиброгастодуоденоскопия
E. Кеуде қуысы органдарының компьютерлік томографиясы
29. Бала 5 айлық. Қараған кезде жағдайы ауыр. Кеуденің шығыңқы тұстары ішке тартылғаны, мұрыны делигені, ауыз айналасының көкшілденуі байқалады. ТЖ минутына 60. Перкуссияда: өкпе үстінде өкпе дыбысы қораптық реңкпен. Аускультацияда: көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар, дем алғанда және дем шығарудың басында крепитация. Қанның жалпы талдауы:
Нb - 118 г/л, Эр - 4,3х1012/л, Лейк - 6,2х109/л, п/я - 1%, с - 30%, э - 3%, л - 58%, м - 8%, ЭШЖ -15 мм/час. Кеуде клеткасының рентгенографиясы: өкпе алаңдарының мөлдірлігі артқаны байқалады. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
А. Жіті бронхиолит
В. Ошақты пневмония
С. Обструктивті бронхит
D. Созылмалы бронхит
E.Бронх демікпесі
30. Ұл бала 3 жаста. Дене қызуының көтерілуіне, бас ауыруына, мұрыннан су ағуына, бірнеше күннен кейін ылғалды болған құрғақ жөтелге шағымданады. Терісі айқын бозарған, мұрынерін үшбұрышының цианозы, тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттердің қатысуы. Жөтел ылғалды, аз өнімді. Дене қызуы
37,2°С. Кеудесі бөшке тәрізді кепкен, перкуторлы дыбыс қораптық реңкпен.
Аускультацияда: созылған тыныс шығару негізінде – шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар, орташакөпіршікті ылғалды дем алғанда, дем шығару бірден ұзарған, ТЖ – минутына 54. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
А. Жіті бронхиолит
В. Ошақты пневмония
С. Обструктивті бронхит
D. Созылмалы бронхит
E. Бронх демікпесі
31. Бала 4 жаста. Анамнезінде атопиялық дерматит. Қазіргі кезде құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, ұзарған ысқырықты дем шығару мазалайды.
Аускультативті – ылғалды түрлікалиберлі дем алғанда және құрғақ ысқырықты сырылдар дем шығарғанда. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
А. Бронхиолит
В. Пневмония
С. Обструктивті бронхит
D.Созылмалы бронхит
E.Бронх демікпесі
32. Дәрігерді үйге шақыртты, бала 1 жаста. Шулы тыныс алуға шағымданады, алыстан естіледі, тыныс шығару қиындаған. Өкпеде қораптық реңті өкпе дыбысы, аскультативті: шулы тыныс шығарумен әлсіреген тыныс, көптеген құрғақ ысқырықты және ылғалды орташакөпіршікті сырылдар. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
А. Жіті бронхит
В. Жіті обструктивті бронхит
С. Жіті пневмония
D. Жіті бронхиолит
E. Өкпе поликистозы
33. Бала 4 айлық. Қатты жөтелге, дене қызуы көерілуіне шағымданады, тыныс алуы шулы, алыстан естіледі, ТЖ минутына 84. Өкпеде тимпанит. Аускультативті: қзарған қйындаған тыныс шығару, жайылмалы ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар барлық алаңдарда. Гемограммада лейкопения. Пациентте аса ықтимал диагноз қандай?
А. Жіті бронхиолит
В. Жіті пневмония
С. Муковисцидоз
D. Бронх демікпесі
E. ЖРВИ
34. Бала 5 жаста. Анасының айтуынша шағымдары: физикалық жүктеме кезінде тыныс алуы қиындаған, теш шаршайды, құрғақ жөтел, ентігу. Қараған кезде баланың физикалық дамуы артта қалған, акроцианоз, «барабан таяқшалары». Өкпеде ылғалды ұсақкөпіршікті және крепитициялық сырылдар. Рентгендік тексеру кезінде – өкпе мөлдірлігінің диффузды төмендеуі, интерстициалды фиброз белгілері. Қойылған диагноз:
Идиопатиялық фиброзды альвеолит. Науқасқа аса көрсетілген емдеу тактикасы қандай?
А. Купренил + Антибиотиктер
В. Преднизолон + Азатиоприн
С. Ингаляциялық кортикостероидтар + Антибиотиктер
D. Оксигенотерапия + -2 агонист әрекеті ұзақ
E. Купренил + -2 агонисты әрекеті қысқа
35. Бала 7 жаста. Тәбеті жоғарылауына және шөлдеуге, соңғы ай ішінде арықтауға, тез шаршауға, жиі және көп зәр шығаруға шағымданады. Қараған кезде: терісі құрғақ, қасу іздері бар. Теріасты-май қабаты артық дамыған, салмағы 34 кг. ДСИ – 28. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек шекарасы кеңеймеген, үндері бәсеңдеген. ЖЖЖ мин 95. Іші жұмсақ, бауыры үлкеймеген. Ашқарынға капиллярлы қандағы қант - 5,5 ммоль/л. Пациентке дене салмағының кг 1,7 гр глюкоза есебінен қант жүктемесімен сынама жасалды. 2 сағаттан кейін глюкозаны қайталап анықтау кезінде оның деңгейі
11,1 ммоль/л құрады. Төмендегі берілген алдын ала диагноздардың қайсысы АСА ықтимал?
А. Қантсыз диабет
В. Бүйректік глюкозурия
С. Қант диабеті
D. Глюкозаға төзімділік бұзылған
E. Ашқарынға бұзылған гликемия
36. Қыз 3 жаста. Қатты шөлдеуге, туғаннан тәбеті жоғары, арықтауға, тез шаршауға, жиі және көп зәр шығаруға шағымданады. Объективті: терісі құрғақ. Жүрек үні бәсеңдеген, тахиаритмия түрі бойынша жүрек ырғағы бқзылған, ЖЖЖ мин 135. Іші жұмсақ, бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Тексерген кезде ЗЖА глюкозурия 1,5 %. Гликемия ашқарынға 5,1 ммоль/л, түстен кейін 2 сағаттан соң - 6,1 ммоль/л, ұйқы алдында - 4,6 ммоль/л, түнгі сағат 3-те 4,4 ммоль/л. Глюкозотолерантты тест: ашқарынға - 4,1 ммоль/л, глюкозамен жүктемеден соң 2 сағаттан кейін - 5,7 ммоль/л. Қандай алдын ала диагноз АСА ықтимал?
А. Бүйректік глюкозурия
В. Қантсыз диабет
С. Қант диабеті 1 тип
D. Қант диабеті 2 тип
E. Біріншілік альдостеронизм
37. Бла 4 жаста. Қаралған кездегі шағымдары үнемі шөлдеу, тәбеті жоғары, арықтау, тез шаршау, жиі және көп зәр шығару, тәулігіне 2,5-3 литрге дейін.
Объективті: терісі құрғақ, таза, қасыну іздері. өкпеде тыныс алу барлық алаңдарда. Жүрек шекарасы кеңеймеген, үні аздап бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ мин 105. Теріасты май қабаты жұқарған. ДСИ – 17. Капиллярлы қандағы глюкоза - 10,8 ммоль/л. Қантты жүктемемен сынама жасалған соң – глюкоза – 14,5 ммоль/л. қантты төмендету мақсатында базалық инсулин 0,5 ед/кг/тәу тағайындалды. Жүргізілген емнің тиімділігін бағалау үшін динамикада қанның қандай көрсеткішін анықтау АСА мәліметті болады?
А. Глюкозурия
В. Капиллярлы қандағы глюкоза
С. Көктамырдағы глюкоза
D. Микроальбуминурии
E. Гликирленген гемоглобин
38. Ұл бала 9 жаста. Дәрігерге жөтелге, дене қызуының 37,8ºС дейін көтерілуіне, қатты шөлдеуге, көп мөлшерде зәр шығаруға шағымданып қаралды. Қабылдау кезінде есінен танып қалды. Қараған кезде: баланың тамақтануы төмен, терісі құрғақ, суық. Тілі қызыл түсті, құрғақ. Шығарған демі ацетон иісімен. Тынысы терең, сирек, шулы. АҚҚ 60/30 мм рт.ст. ЖЖЖ - 105 рет мин. Бауыры қабырға доғасы шетінен 3,5 см шығып тұр, тығыз. Глюкозаға қан талдауы - 27 ммоль/л. ЗЖА - глюкоза 2,1%, айқын кетонурия. Балада АСА ықтимал қандай жағдай дамыған?
А. Инфекциялыө-уытты шок
В. Кетоацидотиялық кома
С. Ми қан айналымы бұзылуы
D. Синкопальды жағдай
E. Гипогликемиялық кома
39. Бала 2 айлық. Баланың анасы емшек емуде енжарлыққа, нашар салмақ қосуға, белсенділігі аздығына шағымданады. Қараған кезде: терісі бозарған, құрғақ, беті мен табаны жеңіл домбыққан. Жылауы енжар, дауысы дөрекі. Тілін жиі шығарады. Макроглоссия. Тынысы пуэрильді. ТЖ мин 24. Жүрек үні бәсеңдеген. ЖЖЖ - 60 рет мин. Іші гипотониялық,жұмсақ. Психомоторлық дамуы: басын ұстай алмайды, тірегі әлсіз. Туа біткен автоматты рефлекстері төмендеген. Анализдерде: ТТГ 36мкМЕ/л. Емдеуде қандай дәрі АСА көрсетілген?
А. Тирозол
В. Левокарнитин
С. Нейромидин
D. Левотироксин
E. Витаминдер
40. Жоғарғы ерін сыздауығы кезінде АСА қауіпті асқыну қандай?
А. Перитонит дамуы
В. Плевраның қабынуы дамуы
С. Медиастинит дамуы
D. Жақасты лимфаденит дамуы
E. Сагитталдық синус тромбозы дамуы
41.Тілмелі қабыну кезінде АСА жиі зақымдалатын не?
А. Бет, бас, аяқтар
В. Шырышты қабаттар, шырышты қабат негізі
С. Қолдар, кеуде клеткасы
D. иық, шырышты қабаттар
E. Қол саусақтары және башпайлар
42. Хирургиялық науқастырды диспансеризациялау қамтамасыз етеді:
А. Тиімді мерзімде емдеудің қажетті әдістерін қолдануды
В. Стационар мен емханалық бірлестік жұмысының сабақтастығын
С. Хирургиялық төсектерді ұтымды пайдалануды
D. Хирургиялық бейінді науқастар контингентін дер кезінде анықтауды
E. Хирургиялық көмектің негізгі сапалық көрсеткіштерін жақсартуды
43. Диспансеризация мақсатын анықтау үшін АСА дұрыс жауапты көрсетіңіз?
А. Құрсақ қуысы органдарының жіті хирургиялық ауруларын және тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялық ауруларын анықтау
В. Ауруды ерте анықтау және науқастарды сауықтыру мақсатында белгілі контингенттердің денсаулық жағдайын белсенді динамикалық бақылау
С. Экосфераны оқып-үйренумен қоршаған орта жағдайын бақылау
D. Шұғыл көмек көрсету
E. Тіркелген тұрғындардың жағдайын сараптамалық бағалау
44. «Фурункул» түсінігіне АСА нақты анықтама беріңіз
А. Спецификалық жіті инфекциялық ауру
В. Анаэробты клостридиальды инфекцияның түрі
С. Шаш фоликуласы және оны қоршаған тіндердің жіті іріңді қабынуы
D. Дененің әртүрлі жерінде бірнеше шаш фоликуласының жіті іріңді бұзылысы
E. Бірнеше шаш фоликуласының жалпы инфильтрат пайда болуымен жіті іріңді-некрозды қабынуы
45. Егер завод жұмысшысы ішімдікке мас күйінде жарақат алса, жарақат алған кезден бастап еңбекке жарамсыздық парағы қандай мерзімге беріледі?
А. Үш күнге
В. Алғашқы күнге
С. Алтыншы күнге
D. Бүкіл ауру кезеңіне
E. Берілмейді
46. Төмендегі емдеу тәсілдерінің қайсысы флегмонаны емдеуде АСА тиімді болады?
А. Бакерияға қарсы ем тағайындау
В. Антибиотикпен новокаин ерітіндісін салу
С. Пункция арқылы іріңді эвакуациялау
D. Физиотерапиялық емдеу
E. Флегмонаны жару
47. Жараны хирургиялық өңдеудің төмендегі әдістерінің қайсысы іріңді жара үшін АСА көрсетілген?
А. Алғашқы тігіс салу
В. Алғашқы-кейінге қалдырылған тігіс салу
С. Жара қуысына антибиотик енгізу
D. Жараны дренаждау
E. Екіншілік тігіс салу
48. Науқас 22 жаста, дене қызуының 39°С дейін көтерілуіне, сүт безінің ауыруына және ісінуіне шағымданып қаралды. Екі апта бұрын босанған. Сүт безі ісінген, қошқыл-қызыл түсті. Пальпацияда – ауырсыну, диффузды инфильтрат. Қолтық асты аймағында лимфатүйіндер ауырады. Сіздің алдын ала диагнозыңыз
А. Созылмалы мастит
В. Тілметәрізді обыр
С. Түйінді мастопатия
D. Жіті мастит
E. Диффузды мастопатия
49.Емханаға босанудан кейінгі серозды қабыну кезеңіндегі оң жақты маститпен науқас келді. Қандай ем тағайындау дұрыс?
А. Емшек ұшына дезинфекциялаушы ерітінді жағу
В. Емшекті жоғары көтеру
С.Уультракүлгін терапия
D. Емшекке массаж жасау
E. Сүтті сауып тастау
50. Амбулаторлық хирургке оң жақ иығында тістелген лас жарақатпен науқас келді. Анамнезінде – қаңғыбас ит қауып алған. Төмендегінің қайсысы осы науқасқа керек емес?
А. Антибиотик салу
В. Тырыспа және құтыру профилактикасы
С. Антибиотик тағайындау
D. Жараны біріншлік хирургиялық өңдеу
E. Жараны тігу
51.Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын кенеттен кеуденің сол жақ бөлігінде қатты ауырсынуды, ауа жетпеуді сезді. Жарақат алмаған, өкпе ауруларын теріске шығарады. Дене қызуы қалыпты. Сол жақ өкпе үстіндегі тыныс естілмейді. Сол жақта – қораптық дыбыс. Рентгенограммада – сол жақта жаппай пневмоторакс, көкірекортасы органдары оңға ығысқан. Бронхоскопия жасалмаған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз
А. Өкпенің жіті абсцессі, пиопневмоторакспен асқынған
В. Өздігінен пневмоторакс
С. Кеуденің жабық жарақаты, жарақатты гемопневмоторакс, теріасты эмфизема
D. Кеуденің тесілген жарақаты, жарақатты пневмоторакс
E. Плевраның эмпиемасы
52. Науқас 22 жаста, дене қызуының 39°С дейін көтерілуіне, сол жақ қол басының бірінші саусағының ауыруына, саусақтың ісінуіне шағымданып қаралды, функциясы жоқ, бірнеше іріңді жыланкөз байқалады, ол жерден ірің ағып тұр. Науқасқа қандай операция аса көрсетілген, неге?
А. Асқынуды болдырмау үшін саусақты кесіп алып тастау
В. Іріңді қуысты тазалау үшін тесікті дренаждау
С. Консервативті ем, гипсті лонгета, бұл ем емханада мүмкін
D. Жарадағы некрозды алып тастау үшін некрэктомия
E. Жыланкөзді тілу, тесікті жою үшін және іріңді процессті тоқтату үшін некрозды алып тастау
53. Ер адам 45 жаста, құрылысшы, емханаға қозғалған кезде күшейетін оң жақ қол басының қатты ауыруына, ісінуіне, әлсіздікке, дене қызуының 39 C дейін көтерілуіне шағымданып қаралды. Анамнезінен бірнеше күн бұрын оң жақ қолдың бірінші саусағының прокималдық фалангаға тікенекті сым кіргізіп алғаны анықталды. Қараған кезде: науқастың жағдайы орташа ауыр, дене қызуы 38.8 С, пульс 100 рет минутына. Оң жақ қол басы ісінген, қошқыл-көк түсті. Алақан бетін басқан кезде қатты ауырады, әсіресе 1 және 5 саусақтың бүгілетін сіңір проекциясында. Қолдың белсенді қозғалысы жоқ, саусақтары алақанға қарай бүгілген, оларды пассивті жазу кезінде науқас ауырсынудан айқайлайды. Сондай-ақ оң жақ иықтың дисталды бөлігінде гиперемия, ауырсыну бар. Қолтықасты лимфа түйіндері оң жақта үлкейген және басқанда ауырады. Еңбекке қабілеттілік қанша күннен кейін қалпына келеді?
А.1 айдан кейін
В. 2 айден кейін
С. 5 күннен кейін
D. 10-14 күннен кейін
E. 17-21 күннен кейін
54. Ер адам 36 жаста, емханаға қозғалған кезде күшейетін оң жақ қол басының қатты ауыруына, ісінуіне, әлсіздікке, дене қызуының 39 C дейін көтерілуіне шағымданып қаралды. Анамнезінен бірнеше күн бұрын оң жақ қолдың бірінші саусағының прокималдық фалангаға тікенекті сым кіргізіп алғаны анықталды. Қараған кезде: науқастың жағдайы орташа ауыр, дене қызуы 38.8 С, пульс 100 рет минутына. Оң жақ қол басы ісінген, қошқыл-көк түсті. Алақан бетін басқан кезде қатты ауырады, әсіресе 1 және 5 саусақтың бүгілетін сіңір проекциясында. Қолдың белсенді қозғалысы жоқ, саусақтары алақанға қарай бүгілген, оларды пассивті жазу кезінде науқас ауырсынудан айқайлайды. Сондай-ақ оң жақ иықтың дисталды бөлігінде гиперемия, ауырсыну бар. Қолтықасты лимфа түйіндері оң жақта үлкейген және басқанда ауырады. Сіздің алдын ала диагнозыңыз.
А. Оң жақ қол басының беткері флегмонасы, сол жақ қолтықасты лимфаденитпен асқынған
В. Оң жақ қол басының камиссуралды флегмонасы, оң жақ қолтықасты лимфаденитпен асқынған
С. Оң жақ қол басының беткері флегмонасы, қолтықасты гидраденитпен асқынған
D. Оң жақ қол басының камиссуралды флегмонасы, қолтықасты гидраденитпен асқынған
E. Оң жақ қол басының терең флегмонасы, қолтықасты гидраденитпен асқынған
55. Оберст-Лукашевич бойынша анестезия жасау техникасы:
А.Негізгі фаланга деңгейінде жгут астына екі жақтан 2 мл 2% новокаин енгізеді
В. Анестетик асқыну ошағына неғұрлым жақын периневральды енгізеді
С. 10 % новокаин ерітіндісін 10 мл мөлшерде қолданады
D. 0,25% новокаинды негізгі фаланга деңгейінде жгут астына екі жақтан 2 мл енгізеді
E. 0,5% новокаин ерітіндісін 10 мл мөлшерде қолданады
56. Хирург қабылдауына 32 жастағы ер адам жалпы тоңудан кейін қаралды, мойынның артқы жағында 4х5 см ауыратын тығыздалу пайда болды, теріде ортасы «сүзгіш» тәрізді бңрнеше некрозбен инфильтрат бар, айналасындағы терісі қызарған, тырысқан. Дене қызуы 37,1°С. Диагноз: Мойындағы карбункул. Осы патологияны ашу үшін қандай тілік аса жиі қолданылады?
А. Тілік-тесу – кішігірім іріңдікте қолданылуы мүмкін
В. Крест тәрізді, сау тіндер шегінде некрозды тіндерді кесуге мүмкіндік береді
С. Доға тәрізді – іріңді қуысты жаруға және дренаждауға мүмкіндік береді
D. Сопақша – терінің бір бөлігіні кеседі және іріңдікті ашады
E.Ппараллелді сызықты – теріні сақтауға және іріңдікті жаруға мүмкіндік береді
57.Әйелдер кеңесінде жүкті әйелдерді өараудың АСА ыөтимал әдісі қандай?
А. Қаралған кезде медициналық көмек көрсету
В. Кәсіпорындарда профилактикалық қарау
С. Пассивті патронаж
D. Белсенді патронаж
E.Диспансерлік бақылау
58. Әйел 28 жаста. 8 ай бұрын босанған. 1 ай бұрын емшекпен емізуді тоқтатты. Етеккір функциясы 3 ай бұрын қалпына келді. Ұдайы сақтанбайды, презервативпен, 3 апта бойы етеккірі тежелген. 5 апталық жүктілік диагнозы қойылды. Жүктілік қажет емес, себебі әйел тұрмысқа шықпаған және қаржылық қиындықтар бар. Дәрігердің қандай тактикасы АСА дұрыс?
А. Жүктілікті үзуге жіберу
В. Толық клиникалық – зертханалық тексеру
С. Тексеруден өткізу және жүктілікті үзуге жіберу керек
D. Жатырдың УДЗ және жүктілікті үзуге жіберу керек
E. Толық тексеруден өткізу және жүктілікті үзуге жіберу керек
59. Әйел 21 жаста, оң жақ сүт безінің ауыруына, дене қызуының 39,5 С дейін көтерілуіне шағымданып бөлімшеге түсті. 3 күн бұрын ауырған, босанғаннан соң 10-шы күні. Бөлімшеге түскен кезде оң жақ сүт безінің жоғарысыртқы квадратында терінің қызарғаны, ортасында флюктациямен үлкен инфильтрат анықталды. Диагноз: жіті оңжақты мастит. Пациентке операция жасалды. Сіздің тағайындауыңыз?
А. Цефазолин
В. Бензилпенициллин
С.Тетрациклин
D. Гентамицин
E. Спирамицин
60. Әйел 28 жаста, бастапқы бедеулік бойынша метросальпингография таағйындалды. Рентгенограмма қорытындысы: жатыр қуысы Т-тәрізді, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлікте түйреуіштәрізді кеңейген; контрасты заттың құрсақ қуысына шығуы байұалмайды. Қандай диагноз АСА ықтимал?
А. Созылмалы сальпингоофарит
В. Жатыр түтікшелерінің туберкулезі
С. Созылмалы сальпингит
D. Жатыр түтікшелерінің эндометриозы
E. Жатыр түтікшелерінің обыры
61. Отбасылық жұпқа үш жыл, балалары жоқ. Әйел толық клиникалық-зертханалық тексеруден өткен, патология анықталмады. Күйеуі тексеруден өтпеген. Еркектердің бедеулігі кезінде төмендегі тексеру әдістерінің қайсысын қолдану АСА мәліметті болады?
А.Цистоскопия
В.Уретроскопия
С.Посткоиталды тест
D.Бүйректің компьютерлік томографиясы
E.Антиспермалық антиденелерді анықтау
62. Төмендегілердің қайсысы бедеу жұптың алғашқы скринингі кезінде енгізілуі АСА ықтимал?
А.Лапароскопия
В.Спермограмма
С.Бактериоскопия
D.Жамбас қуысы органдарының УДЗ
E.Гистеросальпингография
63. Әйел 30 жаста, тұрмысқа шыққанына 3 жыл, балалары жоқ. Етеккір циклы бұзылмаған, тексеруден өтпеген. Төмендегі диагностика әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін АСА дұрыс?
А.Гистероскопия
В.Метросальпингография
С. Гирсут санын анықтау
D.Посткоиталды тест өткізу
E. Қалқанша без гормондарын анықтау
64. Жас әйел 24 жаста, тұрмысқа шыққанына 2 жыл, балалары жоқ. Етеккірі 14 жастан 28 күн аралығында 3-4 күн болады, орташа, ауырсынусыз. Соңғы жыл ішінде етеккірі тұрақсыз 1,5-2 ай тоқтап қалатынын байқаған. Төмендегі гормондардың қайсысын бірінші кезекте тексерген АСА дұрыс?
А. АКТГ
В.ЛГ, ФСГ
С.Альдостерон
D.Тиреотропты гормон
E.Соматотропты гормон
65. 20 жастаңы ійелді тексеруден өткізу кезінде анықталды: қынап бөліндісінің рН 4,5 жоғары, қынаптың шырышты қабаты гиперемиялы, аминді тест оң, қынап бөліндісін микроскоппен тексергенде «басты жасушалар». АСА ықтимал диагноз қандай?
А.Бактериялық вагиноз
В. Спецификалық емес вагинит
С.Кандидозды вагинит
D.Трихомонадты кольпит
E. Климаксты қан кету
66. Әйел 35 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліндіге шағымданады. Соңғы жыл ішінде ұзақ көп мөлшерде етеккірді байқайды. Вагинада: жатыр мойыны цилиндр тәрізді, ауызы ашық. Жатыр 8-9 апталық жүктілікке дейін үлкейген, қозғалмалы, ауырсынусыз, тегіс. Қосалқылар білінбейді. Күмбез терең. Қандай диагноз аса ықтимал?
А. Дисфункционалды жатырдан қан кету
В. Толық емес өздігінен түсік
С. Аденомиоз, түйінді түрі
D.Климаксты қан кету
E. Жатыр миомасы
67. Әйел 33 жаста, етеккір қызметі бұзылуына, жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданады. Алдын ала диагноз: аномалиялы жатырдан қан кету. АСА ықтимал дәрігердің тактикасы қандай?
А. Диагностикалық гистероскопия, гормонды гемостаз
В.Диагностикалық жатырды және цервикалды каналды тазаалу
С. Консервативті гемостаз, гемотрансфузия
D.Гемостаз утеротоникпен, гемотрансфузия
E. Лапароскопия, гистерэктомия қосалқыларсыз
68. Әйел 48 жаста, отбасылық амбулатория дәрігеріне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінідіге, жалпы әлсіздікке шағымданып қаралды. Соңғы жыл ішінде ұзақ көп мөлшерде етеккірді байқайды. PV – жатыр мойыны цилиндр тәрізді, ауызы ашық. Жатыр 14-15 апталық жүктілікке дейін үлкейген, қозғалмалы, ауырсынусыз, төмпешікті. Қосалқылар білінбейді. Күмбез терең. Қандай диагноз аса ықтимал?
А.Интерстициалды жатыр миомасы
В. Жатыр миомасы көлемі үлкен
С. Субсерозды жатыр миомасы
D.Аденомиоз
E.Жатыр денесінің обыры
69.Әйел 33 жаста, жыныс жолдарынан көп мөлшерде бөліндіге шағымданады. Қараған кезде сыртқы жыныс жолдары дұрыс дамыған, қабыну белгілері жоқ. Айнада: қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойыны қызарған, ісінген, көп мөлшерде бөлінді, іріңді, сыртқы ауызы жабық, цервикалды каналда бөлінді жоқ. АСА ықтимал диагноз қандай?
А. Кольпит
В. Параметрит
С. Эндометрит
D. Сальпингоофрит
E. Пельвиоперитонит
70.ЖТД қабылдауында босанғанудан кейін 12 тәулікте босанған әйел дене қызуының 38,0 С дейін көтерілуіне, қалтырауға, екі тәулік бойын сүт безінің ауыруына шағымданып келді. Сүт безінде 2х3 см ауыратын тығыздалу білінеді, терісі қызарған. АСА ықтимал диагноз қандай?
А. Флегмоналы мастит
В. Инфильтратты мастит
С. Іріңді мастит
D. Лактостаз
E. Серозды мастит
Достарыңызбен бөлісу: |