2007 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2008 жылғы міндеттері туралы анықтама
Ауыл шаруашылығы
Өткен жылы аудан экономикасының дамуында ауыл шаруашылығын дамытуға, ірі де мықты шаруашылықтардың құрылуына, шаруа қожалықтарын несие көмегімен қамтамасыз етуге, азаматтардың жеке ауласын дамытуға көп көңіл бөлінді.
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы Өңірлік бағдарламаға сәйкес агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. Жыл басынан бері аудан шаруашылықтарының машина-трактор паркін жаңалу үшін «КазАгро» холдинг компаниясы арқылы лизинг бойынша 61,4 млн. теңгеге 25 бірлік әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның шінде: 8 млн. 900 мың теңгеге 3 трактор, 41 млн. 500 мың теңгеге 5 комбайн және 11 млн. теңгеге 17 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Банктік несие және жеке қаржы есебінен 11,9 млн. теңгеге 7 бірлік техникалар сатып алынды, соның ішінде: 1 КАМАЗ, трактор және 5 бірлік басқа да ауыл шаруашылық техникалары. Ағымдағы жылы осы мақсатқа 100 млн. теңге бөлу қарастырылған.
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті арзандатылған жанар-жағар май және басқа да материалдық-техникалық құндылықтарға 49,9 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде дәнді дақылдар 18,9 млн. теңге, күнбағысқа - 13,8 млн. теңге, мал азықтық дақылдарға - 17,2 млн. теңге жәрдемқаржы бөлінді.
Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның қатысуымен шағын несиелік ұйым құрылды, аудан тұрғындарын несиелеу сомасы 48 млн. теңгені құрады. «Калинин», «Мало-Нарымка» ЖШС-і және «Баян» шаруа қожалығы құрылтайшылар болды.
Кішігірім шаруа қожалықтарына қызмет көрсету үшін 4 шағын МТС құрылды: Большенарым ауылындағы №22 кәсіптік мектептің базасында, «Өрнек» шаруа қожалығында, «Айдын» және «Калинин» жауапкершілігі шектеулі серіктестік базасында құрылды, олармен шағын ауылшаруашылығы құрылымдары үшін 10570 мың теңгенің жұмыстары орындалды. Шаруа қожалықтарын нығайту бойынша жұмыстар ары қарай жалғасуда.
«Катонқарағай» ауылдық несие серіктестігі арқылы ауданның 22 шаруашылығы 100 млн. 94 мың теңге көлемінде несие алды. 2007 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан аудан тұрғындарына ауылшаруашылық малдарын сатып алуға 25 млн. 90 мың теңге несие берілді.
2007 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5239,3 млн теңені құрады немесе 2006 жылдың деңгейінің 122 пайызы, оның ішінде мал шаруашылығы 3504,2 млн. теңге және егін шаруашылығы 1935,1 млн. теңге. Бүгінгі күні ауылшаруашылық өндірісімен 1347 шаруа қожалықтары айналысады.
Өткен жылы жаздық егістік жұмыстары 41,7 мың га алқапқа жүргізілді. Оның ішінде 24,3 мың га дәнді дақылдар, күнбағыс 13,7 мың га алқапқа, картоп және көкөністер 1269 га алқапқа және мал азықтық дақылдар 17,0 мың гектарға егілді. Күзгі дақылдарды егу 928 гектарға жүргізілді.
Ылғал қорын сақтау технологиясы бойынша 5,2 мың га дәнді дақылдар себілген. «Жас-Қанат» тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде. 35,9 мың га егістікке сақтандыру шаралары жүргізілді немесе ол егістік алқабының 100 пайызын құрады, 14,9 мың га алқаптың сүдігері жүргізілді.
Өткен жылы шаруа қожалықтарымен 84 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынып пайдаланылды, 7,4 млн. теңгеге гербицидтер сатып алынып, 17,6 мың гектар ауылшаруашылық дақылдарының алқабы өңделді. 50 мың гектар егістік алқабына қауіпті және зиянды организмдерге қарсы арнайы тексеру науқаны жүргізілді.
Дәнді дақылдар өнімінің жалпы жиынтығы (өңделгеннен кейінгі) 40,3 мың тоннаны құрады. 2007 жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарынан 16,8 центнерді құрады. Картоптың жалпы өнімі 14,2 мың тоннаны құрады, көкөніс - 3,9 мың тонна. Күнбағыс толығымен жиналды, орылғаны 7,6 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі – гектарынан 5,5 центнер.
Шаруа қожалықтарын әнді дақылдардың меншікті тұқымымен қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінеді. 5,3 мың тонна қамбаға құйылды, ол қажеттіліктің 100 пайызын құрады.
Мал қыстатуды ойдағыдай өткізу үшін аудан бойынша 170 мың тонна шөп даярланды немесе ол тапсырманың 117 пайызын құрады, 3,5 мың тонна сүрлем даярланды.
2007 жылы 11649 тонна ет өндірілді, сүт – 39448,7 тонна, жұмыртқа – 8,44 млн. дана, жүн - 181,4 тонна.
Өткен жылмен салыстырғанда ет 107,4 пайызға, сүт – 103,5 пайызға, жүн – 105,2 пайызға, жұмыртқа – 104 пайызға өндірілді.
Сонымен қатар, 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы ірі-қара мал басы 7 пайызға төмендеп 35402 бас құрады, жылқы басы – 0,1 пайызға төмендеп 19159 бас құрады, қой мен ешкі - 0,3 пайызға төмендеп 77479 бас құрады, шошқа басы – 21,4 пайызға төмендеп 6292 бас құрады, құс саны – 1,9 пайызға төмендеп 68250 бас құрады, марал мен бұғы басы – 0,9 пайызға төмендеп 6771 бас құрап отыр.
Ауданның барлық шаруашылықтарында 8,7 мың ара омарталары бар, балдың жалпы жиыны 360 тоннаны құрады немесе өткен жылдың деңгейінің 138,5 пайызын құрады.
Ауданда 2 мал бордақылау алаңы құрылды, олар «Надежда» шаруа қожалығы базасында 100 басқа және «Жас Қанат» шаруа қожалығында 150 басқа. Бұл шаруа қожалықтарында мал азығы дақылдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтар кешенді шешіледі.
2007 жылы 6 жасанды ұрықтандыру пункттері ашылды, атап айтқанда Ново-Хайрузовка, Солоновка, Большенарым, Ново-Березовка, Катонқарағай және Белое ауылдық округтері ашылып отыр.
«Надежда» шаруа қожалығында сүтті бағыттағы сиырлардың симменталь тұқымды тобын құру шаралары өткізілді, 83 бас асыл тұқымды құнажындар сатып алынды. Сүтті-тауар фермасының жұмысы ұйымдастырылды.
Бюджеттің орындалуы
2008 жылдың 1-ші қазанындағы мәлімет бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 100,3 % орындалды. Аудан бюджетіне жоспарланған болжамдағы 1423336,0 мың теңгенің орнына, 1428144,4 мың теңге түсті, оның ішінде болжанған 296118,0 мың теңгенің орнына, өзіндік кірістер 301912,7 мың теңгеге орындалды немесе орындалуы 102,0 пайызды құрады. Барлық ауылдық әкімдіктерде бюджетке салықтық түсімдер бойынша болжамдар орындалды.
Ауданда 2007-2010 жылдардағы ауданның даму бағдарламасы және субвенциясыз жұмысқа көшудің іс-шаралары түзілді.
Бұл құжаттардағы басты назар экономиканың нақты секторын дамытуға және осының негізінде аудан бюджетіне түсетін салықты және салықтық базаны арттыруға бағытталды.
Салық базасын арттыру үшін аудан әкімімен 2007 жылы 15 мамырда « Салық комитетімен өзара іс-қимыл жасау туралы» №885 өкімі шығарылды. Ауылдық округ әкімдері шағын және орта бизнес саласында жаңадан іске қосылған өндірістік объектілері туралы ай-сайын ақпараттар беріп тұрады. Бұл бюджетке салықты уақытында есептеуге және бөлуге ықпалын тигізеді.
Ағымдағы жылы ауданның өздік кірістері 292048 мың теңгені құрады. Экономиканың нақты секторынан салықтық төлемдердің болжамдағы үлес түсімі 117 млн. теңгені құрады немесе 40 пайызы.
Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу жаңадан ашылған 10 дүкен, жанар-жағар май құю станциясы, Ново-Хайрузовка және Үлкен-Нарын ауылдарындағы ет өнімдерін қайта өңдеу цехтары, үш шағын наубайхана, екі кафе, техникалық қымет көрсету станциясы, «Рахман қайнары» санаториясына аудандық салық комитетінде қайта тіркеу, және оның қызметінің кеңеюі, сонымен бірге «Швинт» ЖК-де сүт өнімдерін шығаруды арттыру, Большенарым, Катонқарағай және Белқарағай ауылдарындағы үш кірпіш зауытынң құрылыстарының іске қосылу есебінен қол жеткізіліп отыр.
Ықшамдандырылған процедуралардың нәтижесінде кәсіпкерлік белсенділіктің артуы күтілуде, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістері кеңейіп ары қарай дамиды.
2008-2010 жылдарға арналған аудан бюджетінің кіріс бөлігі Қазақстан Респубикасы Президентінің халыққа жолдауында нұсқаған, нақты салық салу базасында және салық салуда өзгертулер есебінен қалыптастырылады.
2009 жылы бюджеттік кеңістіктегі қызметкерлердің еңбекақы төлемі 25 пайызға, 2010 жылдан бастап тағы да 25 пайызға артады.
ҚР Үкіметінің Бағдарламасының келісімімен, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша әзірленген, салықтық төлемдерді көтермей мемлекеттік бюджетте ең жоғарғы түсімдерді арттыру «электрондық үкімет» қалыптары мен әдістерін енгізу, салықтық және басқа да тиісті төлемдердің түсімінен ақпараттық технология және электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен қол жеткізіледі.
2009 жылы бюджетке түсім 338404 мың теңгеге болжамдалған немесе 2008 жылы 16 пайызға өседі.
2010 жылы бюджетке түсім 393684 мың теңгеге жоспарланған немесе 2008 жылы 16 пайызға өседі.
Ауданның басты бағыты ауылшаруашылығымен айналысу болып саналады және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде, салық салуда өзіндік ерекшеліктері бар.
Сол үшін 2008-2010 жылдарға аудан бюджетіне түсетін қосымша салықтық төлемдер және жұмысшы орындарын құру бойынша нақты жоспардың іс-шаралары әзірленді.
Сонымен, жоспарды жүзеге асыру 2008 жылы өнеркәсіп өнімдерін шығару көлемін қосымша 1 млн. 200 мың теңгеге арттыруға ықпал етеді, осының есебінен 363 мың теңгенің салықтық төлемдері түседі. Ауылшаруашылығында қосымша объектілердің іске қосылуы 222 жұмыс орыдарының ашылуына жол ашады. Шығарылған өнімдердің көлемі қосымша 13 млн. 600 мың теңгені құрайды, жергілікті бюджетте түсімнің өсуі 6 млн. 364 мың теңгені құрайды. Кәсіпкерлік объектілерінің іске қосылуы есебінен 120 жұмыс орындары құрылады, күтілудегі шығарылтын өнімнің көлемі 4 млн.100 мың теңгені құрайды, жергілікті бюджеттегі түсім 51 млн. 266 мың теңгені құрайды. Жыл бойы қосымша 448 жұмыс орны құрылатын болады, шығарылатын өнімнің көлемі 18 млн. 900 мың теңгені құрайды, аудан бюджетіне 58 млн. 003 мың теңге түседі.
2009 жылы өнеркәсіпте шығарылатын өнім көлемі қосымша 1 млн. 600 мың теңгеге өседі, аудан бюджетіне 240 мың теңге түседі. Ауылшаруашылығында қосымша 5 объектінің іске қосылуы 66 жұмыс орындарының ашылуына ықпалын тигізеді, шығарылатын өнім көлемі 26 млн. 900 мың теңгені құрайды, жергілікті бюджетке түсетін түсім 4 млн. 557 мың теңгеге өседі. Кәсіпкерлік саласында 184 жұмыс орындарын құру жоспарланған, күтілудегі шығарылатын өнім көлемі 1 млн. 900 мың теңгені құрайды, жергілікті бюджетке түсетін түсім 50 млн. 209 мың теңгені құрайтын болады. 2009 жылы барлығы 361 жұмыс орындары құралатын болады, шығарылатын өнім көлемі 30 млн. 400 мың теңгені құрайды, аудан бюджетіне 64 млн. 006 мың теңге түседі.
2010 жылы өнеркәсіпте қосымша 20 жұмыс орындары құрылатын болады, аудан бюджетіне 1 млн. 944 мың теңге түседі. Шығарылған өнім көлемі 13 млн. 500 мың теңгені құрайтын болады. Ауылшаруашылығында қосымша 6 объекінің іске қосылуынан 89 жұмыс орындарын құру жоспарланған, шығарылатын өнім көлемі 219 млн. 200 мың теңгені құрайды, жергілікті бюджетке түсетін түсім 6 млн. 852 мың теңгеге өседі.
Кәсіпкерлік саласында 135 жұмыс орындарын құру жоспарлаған, шығарылатын өнім көлемі 51 млн. теңгені құрайтын болады, жергілікті бюджетке түсетін түсім 64 млн. 370 мың теңгені құрайды. 2010 жылы 359 жұмыс орындары құрылатын болады, шығарылатын өнім көлемі 283 млн. 700 мың теңгені құрайды, аудан бюджетіне 83 млн. 166 мың теңге түсім түседі.
2008-2010 жылдарда осы іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде қосымша барлығы 851 жұмыс орындары ашылатын болады, шығарылатын өнім көлемі 333 млн. теңгені құрайды және аудан бюджетіне қосымша түсетін салықтық төлемдер 205 млн. 175 мың теңгені құрайды.
2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы, қызметі, тауар шығаруы 664 млн. теңгені құрайды немесе 2007 жылмен салыстырғанда 118,1 пайызға өседі, ал 2010 жылы олармен 930,5 млн. теңгенің өнімдері өндіріледі немесе 2007 жылдың 165,5 пайызын құрайды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бюджетке түсетін салықтық төлемдерді жыл сайын 10 пайызға көбейту жоспарланған.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа айлық еңбекақы төлемі 28496 теңгені құрады немесе 2006 жылға қарғанда 137,9 пайызға өсті.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту атқарушы органдардың тұрақты бақылауына алынған. Ауданда 2006 жылғы 18 шілдедегі №22/11-III аудандық мәслихаттың сесиясының шешімімен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасы нәтижелі түрде жүзеге асырылуда және аудан әкімдігінің отырыстарында және аудан әкімінің аппараттық кеңестерінде жүйелі түрде қаралады. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауданда 2022 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді немесе өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артты, оның ішінде 98 заңды тұлға немесе 15 пайызға артты, 549 жеке кәсіпкерлер немесе 5 пайызға артты, 1347 шаруа қожалықтары немесе 6 пайызға артты. Шағын бизнес саласында 4195 адам қамтылған немесе 2006 жылдың 110 пайызын құрайды, оның ішінде заңды тұғалардағы жұмысшылардың саны 19 пайызға, жеке кәсіперлерде 17 пайызға және шаруа қожалықтарында 0,2 пайызға өсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 50 млн. 903 мың теңгенің салықтық түсімдері түсті немесе 2006 жылдың 116,4 пайызын құрады. Әр-түрлі тауар айналымының көлемі 735,5 млн. теңгені құрады немес 2006 жылға қатысты 4 пайызға өсті.
Аудан аймағында 236 дүкен, 4 базар, 19 қызмет көрсету кәсіпорны, 8 дәріхана дүңгіршегі, 15 ЖҚС, 23 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмыс істейді. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 108 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май өндіру орны, 19 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цех.
2007 жыл бойы ауданда 9 дүкен, дүңгіршек (киоск) және 3 дәмхана ашылды. 2007 жылы арақ-шарап сусындарын сатуға 9 рұқсат қағазы берілді. Аудан орталығында «Шат» әсемдік салоны ашылды. «Тұлпар» шаруа қожалығында әлсіз минералдандырылған су құятын цех ашылды, оның қуаты күніне 3-4 мың шөлмек өнім шығаруға есептелген, сонымен бірге 20 орындық пантымен емдейтін мейманхана кешені жұмыс істейді.
Облыс орталығынан ұшақты қабылдау үшін Катонқарағай ауылындағы әуежайдың жұмысы қайта жандандырылды.
Қазіргі уақытта аудан аймағында 9 пантымен емдеу мейманханасы жұмыс істейді, олардың ішінде қазіргі заман талабына сай құралдармен жаңартылған ең ірі «Долина царей» пантымен емдеу мейманханасы, «Маралды» және «Олений парк» шаруа қожалықтарының пантымен емдеу мейманханасы, «Үш-Бұлақ» ЖШС, «Ақсу» АҚ –ын айтуға болады.
2007 жылы республикалық бюджеттен Берел тарихи-мәдени қорығының құрылысына 40,0 млн. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлікті дамытуда туризмді өркендетуге айырықша орын берілген. Сонымен, 2006 жылы аудандық мәслихаттың сессиясында 2007-2009 жылдарға арналған туризмді дамытудың Аймақтық бағдарламасы әзірленіп және бекітілді.
Ақмарал ауылында «Катонқарағай сауықтандыру-туристік кешенінің» құрылысы басталды, онда 150 жұмыс орны құрылды. Катонқарағай ауылындағы бұрынғы банк ғимараты пантамен емдеу және мейманханаға лайықталып жабдықталуда. Сол сияқты Репной шатқалында пантымен емдеу және туристік- аңшылық, Язовая ауылында сауықтыру туристік кешенінің, Өрел ауылында жылқы ұстайтын туристік базаның құрылыс жұмыстары жоспарлануда.
Өткен жылдың басынан бері 3 пәтерді дүкенге айналдыруға рұқсат етілді. Большенарым ауылындағы бұрынғы балабақша ғимараты сенімділік басқаруға бөлінді. Ол жиһаз және пластикалық терезелер шығаратын цех, қонақ үй, дәмхана және дүкен ашуға лайықталып жабдықталды. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында қараусыз қалған 16 пәтерлік тұрғын үй сатып алынып, құрылысы қайта өзгертіліп салынды. Бүгінде бұл ғимаратта балалар музыкалық мектебі орналасқан.
Шағын және орта бизнесті несиелеу жақсаруда. Аудан кәсіпкерлеріне екінші деңгейдегі банктерден 148,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 23,3 млн. теңгенің көлемінде несиелер берілді.
Ауданда аудандық әкімдіктің 2006 жылғы 6 қыркүйекте №2474 «Кәспкерлік сұрақтары бойынша сараптама кеңесі туралы» қаулысы қабылданды. Сонымен, есеп беру кезеңінде аудан әкімінің кәсіпкерлермен кездесулері ұйымдастырылып өткізілді, бұл кездесулерге аудандық қызмет жетекшілері қатысып салық саясаты, шағын және орта бизнес объектілердің санитарлық жағдайлары, несие жеңілдіктері төңірегінде туындайтын сұрақтар талқыланды. Ауданда өндірілетін ең үздік тауарларды анықтау бойынша конкурстар өткізіледі. Сонымен, ауданда жыл қорытындысы бойынша ең үздік тауарды В. Швиндт «Большенарым» ЖШС-нің сары май және сыр өндіретін май зауыты жеңіп алды. «Ауданның ең үздік кәсіпкері» конкурсының жеңімпазы анықталды.
Аудан әкімдігінде тұрғындардың арасында құнсыздану үрдістерін тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық-насихат тобы құрылды. Осы жөнінде ақпарат жүйелі түрде «Арай-Луч» газеттерінің беттерінде жарияланып тұрады.
2007 жылы ауданның кәсіперлері мен өндірісшілерінің қатысуымен құнсыздану үрдістерін тежеу бойынша аудандық штабтың 23 отырысы өткізілді. 2007 жылға арналған құнсыздану үрдістерін тежеу бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Күнсайын негізгі азық-түлік тауарларына баға мониторингі өкізіліп тұрады.
Аудан орталығында және Катонқарағай ауылында азық-түлік тауарларына бағаны тежеу мақсатында өндірісшілердің өздерінің көкөніс тауарарын саудалау үшін жәрмеңке ұйымдасырылған болатын. Осындай ұйымдастырылған жәрмеңкелердің нәтижесінде баға айтарлықтай төмендеді.
Катонқарағай аудандық әкімдігі және кәсіпкерлер арасында негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру жөніндегі сұрақтарға бірлесіп жұмыс істеу үшін меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумның негізінде екі жақ азық-түлік тауарларына сауда бағасын 10-15 пайыздан көтермеуге келісім жасасты.
1997 жылғы 25 тамыздағы №335 ҚР Әділет Басқармасында бекітілген өндірістік және өнімдер мен қоғамдық тамақтандыру (қызметі) Ережелеріне сәйкес, сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде сауда Ережелері, санитарлық тазалықты сақтау бойынша мониоринг жүргізіледі.
«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын орындау барысында айтарлықтай жұмыстар жүрізілді. Аудандық комссиямен 8992 өтініш қаралды, оның ішінде, тұрғын үй – 7700 және тұрғын емес 507 өтініш қаралды. Жарияланған мүліктің жалпы құны 1178180 мың теңгені құрады. Барлық қаралған объектілер уақытында ресімделіп және әділет ұйымында тіркелді.
Құрылыс және ТКШ
2007 жылы жалпы көлемі 2247,3 шаршы метр 33 тұрғын үй қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 115,2 пайызы. Үйлер құрылысшылардың жеке қаржы есебінен салынды. Жаңа-Үлгі ауылында орталау мектеп қолданысқа берілді.
2007 жылы елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға және санитарлық тазалықты ұстап тұруға 1828,0 мың теңге игерілді. Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша айлықтар өткізу барысында ауданның елді мекендерінен – 14530 тонна сұйық түрдегі тұрмыстық қалдық тасылды. 58 орынсыз төгілген күл-қоқыстар жойылды, 36 бастаулар мен құдықтар тазаланып және көркейтілді, елді мекендердің ішінде 58 көпірге жөндеу жүргізілді, 38 бұзылған ғимараттардың орнына тегістеу жұмыстары жүргізілді.
«Жасыл ел» Өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 29200 жас талдар мен көшеттер отырғызылды, оның ішінде: көктемде – 20386 дана, күзде – 8814 дана. Бюджеттік мекемелер мен мектептердің маңына гүл көшеттері жасалды.
Ағымдағы жылы 2008-2009 жылдарға арналған ауданның елді мекендерін көгалдандыру бойынша аудандық бағдарлама әзірленіп және бекітілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 45 мыңнан астам ағаштар мен көшеттердің алуан түрлісі отырғызылатын болады. Бюджеттен осы мақсатқа 1650 мың теңге бөлінді.
2007 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ұстап тұруға 21 млн. 599 мың теңге бөлінді және игерілді. Оның ішінде қыс кезінде автокөлік жолдарының жергілікті жүйесінің атқарған жұмыстары, соның ішінде қардан және қысқы бораннан тазарту жұмыстары, көктайғақты болдырмау үшін материалдар себу, жергілікті автокөлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары орындалды. Осы аталған жұмыстарды орындауға бюджеттен бөлінген 7 млн. 002 мың теңге толығымен игерілді. Ағымдағы жылы 78000 шаршы/метр көлемге «Согорное-Печи-Белое», «Жаңа-Үлгі – Жамбыл - Берел», «Ново-Хайрузовка - Парамоновка», «Солоновка - Ново-Поляковка» учаскелерінде 7713,0 мың теңгеге жергілікті желілердегі автокөлік жолдарына бағыттағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп орындалды. Жаңа-Үлгі ауылына 1200,0 мың теңгеге 6000 шаршы/метр көлемге көшелерге құмтас төсеу және Большенарым ауылында 9400 шаршы/метр көшеге 10680,0 мың теңгеге қара жамылғы төсеу жұмыстары жүргізілді.
«Большенарым - Күршім» автожолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ұстап тұруға облыстық бюджеттен 550,0 мың теңге бөлініп және ол қаржы толығымен игерілді.
Есеп беру кезеңінде темір жол көпірінің күрделі жөндеу жұмыстарына және Шыңғыстай ауылындағы Көк-Терек өзенінің жағасын бекіту жұмыстарына 4000,0 мың теңге, бөлінді және игерілді.
«Жергілікті желідегі автомобиль жолдарының іс-қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша барлығы 29 млн. 362 мың теңге бөлінді және игерілді.
Ағымдағы жылы «Согорное-Белое» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына 122 млн. теңге қарастырылған, сонымен бірге «Большенарым-Күршім» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ түзетуге 3000 мың теңге ақшалай қаржы бөлінді.
2008 жылы жергілікті маңыздағы жолдарды қысқы және жазғы айларда ұстап тұруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 63978 мың теңге жоспарланған. Облыс әкімінің тапсырмасының келісімімен аудандық бюджеттен қосымша 6000 мың теңге бөлінді.
2007 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызметі 37612,6 мың теңгені құрады, оның 35789,1 мың теңгесі жылумен, 1823,5 мың теңге сумен қамтудан түсті. Тұрғындарға 4393,6 мың теңгенің қызметі көрсетіліп, оның ішінде жылудан 3293,5 мың теңге, сумен қамтудан 1100,1 мың теңге түсті.
2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» Өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2007 жылы сумен қамту желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына Ново-Поляковка ауылына – 2752,6 мың теңге, Жамбыл ауылына –1911,3 мың теңге, Берел ауылына – 3300 мың теңге, Жаңа-Үлгі ауылына – 4400 мың теңге, Ново-Хайрузовка ауылына –3970,7 мың теңге, Катонқарағай ауылына- 5000 мың теңге бөлінді және игерілді. Сонымен бірге, Большенарым және Приморск ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын сатып алуға 3671,0 мың теңге бөлінді және игерілді.
2008 жылы Большенарым және Приморск ауылдарындағы су өткізу жүйелері және ғимараттарды қайта жаңарту көзделген, Большенарым ауылында сметалық құны – 31,2 млн. теңге, Приморск ауылында сметалық құны – 5,8 млн. теңге. Катонқарағай ауылында 15,0 млн. теңгеге су өткізу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
Ағымдағы жылы көшелерді жарықтандыруға 4911,0 мың теңге бөлініп игерілді және 150 жарық шам орнатылды, оның ішінде Большенарым ауылында – 47, Катонқарағай ауылында – 15 және басқа ауылдық окугтердің әрқайсысына 10 жарық шамнан орнатылды. Іс жүзінде барлық ауылдық округтердің орталықтары толығымен жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен Большенарым ауылындағы орталық бу қазандыққа және жылу жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 15 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта бөлінген қаржы толығымен игерілді, аудандық әкімдіктің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарынан - 34,8 млн. теңге және тас көмір сатып алудан – 10,0 млн теңге игерілді.
Ауданның көлік жүйесінің жетекші орнын автокөліктер алып отыр, олар ауданда барлық халық-шаруашылық жүктерін тасымалдауды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың есептік кезеңі бойында 207,35 мың тонна көлемінде әр түрлі жүктер тасымалданды, жүк айналымы 1646,0 мың тонна/км-ді құрады. 27 млн.030 мың теңге кіріс түсті.
Оның ішінде: «Большенарым АКК» ЖШС-і, ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 13 млн. 200 мың теңгенің қызметін көрсетті, оның ішінде 29,35 мың тонна жүк тасымалданды және жүкайналым 971,1 мың тонна/ км құрады.
«Дархан» ЖШС-мен, есеп беру кезеңінде 178,0 мың тонна жүк тасымалданды, оның ішінде жүкайналым 675,0 мың тонна /км құрады және 13 млн. 830 мың теңге кіріс түсті.
Ауданда ары қарай дамуды байланыс құралдары алып отыр. Сонымен, ауданда Катонқарағай, Большенарым, Солдатова ауылдарында үш жаңа цифрлік телефон станциясы іске қосылды. Ауданның көптеген тұрғындары ұялы байланысын қолданады.
Орман шаруашылығы
Большенарым мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. құрайды, оның ішінде 29386 га. орман алқаптары алып жатыр. 2007 жылғы орман шаруашылығының қорынан бөлінген 8350 текше метр ағаштардың, 5506,1 мың теңгенің немесе 5047 текше метр ағашы дайындалған, оның ішінде – 3130,8 мың теңге сомасында, өңдеуге жарамды ағаш - 1644 шаршы метр. Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 197 рейд жүргізіліп, 164 тексеру өткізілді, осының нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасында 20 заң бұзу оқиғалары анықталды, 34920 мың теңге айып-пұл салынып, бюджетке қайтарылды. Басқадай пайдаланудан 135,9 мың теңге түсті.
2007 жылдың қаңтарында қорықта 0,1 гектар көлемге қайың, Ново-Березовка орман шаруашылығында 15,5 гектар көлемге кәдімгі қарағай отырғызу жүргізілді. 2006 жылы 80 мың дана қайың отырғызуға орын қазылып дайындалды. 2130,0 мың теңге сомасында отырғызу материалдарын жүзеге асыру жүргізілді.
Өртке қарсы іс-шаралары бойынша ауылшаруашылық құрылымдарына және жеке тұлғаларға 122 ескертулер берілді.
Ауданда Катонқарағай Ұлттық Табиғи Паркі жұмыс істейді. Катонқарағай Ұлттық Табиғи Паркінің мамандары мен инспекторлары табиғи ресурстарды сақтап қорғауда 187 рейдттер, 89 тексерулер жүргізді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 20 хаттамалар түзілді, оның ішінде: 2 өз еркімен ағаш жыққан және 9 балық аулаған, қоршаған табиғи ортаны қорғауда 2 тәртіп бұзу факт, табиғатты қорғау тәртібінде жерді пайдалану қажеттілігінде 1 тәртіп бұзу факт, өз еркімен мал жаюда 2 факт, өз еркімен шөп шапқан 1 факт, заңсыз бал қарағай жинауда 1факт, емдік шөптерді заңсыз жинауда 2 факт анықталды.
Ұлттық паркте өртке қарсы іс-шаралары бойынша жүйелі түрде әңгімелер жүргізіліп тұрады, жерілікі тұрғындардың арасында өрт қауіпсіздігі ережелерінен үзінділер және ескертулер, үндеухаттар таратылады. Тұрғындармен жиі қатынайтын орындарға және негізгі жолдарға 21 аншлагтар орнатылды. 30 км мин. белдеулер салынды, 120 км мин. белдеулерге күтім жасалды, өртке қарсы 45 км жергілікті маңызды жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық паркте барлығы 8 өрт сөндіру автомашинасы, 8 мотопомп, 390 РЛО, 6 стационарлық және 8 мобильді радиостанция бар.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
Аудандағы ең басты қол жеткізген нәтижелердің бірі аудан тұрғындарының тұрмысы мен әл-ауқатының жақсаруы болып табылады. Ең негізгі атқарылған істердің бірі кедейлік пен жұмыссыздықтың азаюы. Аудан бойынша кедейліктің саны - 13,1 % кеміді, 2006 жылға қатысты 2321 адамды құрады.
Қазіргі заман талабына сай әлеуметтік саясатты өткізу «2005-2007 жылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамту» аумақтық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, ондағы негізгі бағыт төменгі сатыдағы тұрғындарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көтеру, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
2007 жылдың басынан бері 755 жаңа жұмыс орындары құрылды, жоспарды орындау 191,6 % құрады. Әлеуметтік қорғаудың ең маңызды саласының бірі ретінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 260 жұмыссыз тартылған.
Кәсіптік оқуларға 26 адам жіберілді, соның ішінде 22 – КМ-тің жанынан 16 жұмыссыз газ дәнекерлеуші мамандығы бойынша, 5 адам «хатшы-референт» мамандығы бойынша, 1С есепші мамандығы бойынша 4 адам, 1 адам Өскемен қаласындағы «Белиссима» ЖШС базасы жанынан ашылған курсқа қатысып кең профильді шаштараз мамандығы бойынша оқыды. Оқыту курстары аяқталған соң 12 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның орындалуы 104 пайызды құрады.
«Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуында мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпалын тигізеді, оларға кәсіптік білімді таңдауға көмектеседі, ал жұмыспен қамтушыларға кез келген мамандық бойынша болашақ мамандарды таңдауға мүмкіндік береді. Осы жылы «Жастар тәжрибесі» атты бағдарламаны енгізу жұмыстары жалғасын тауып, оған 7 жұмыссыз қатысты, оның үшеуі әйел. Олар «Катонқарағай ауданының әділет мекемесінде», «Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы мекемесінде», Рыков атындағы орта мектепте, аудандық телекоммуникация торабында іс-тәжрибеден өтті. Іс-тәжрибе біткеннен кейін 5 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 адам тәжрибеден өткен жерге және 2 адам мемлекеттік кәсіпорындарын тіркейтін жылжымайтын Орталыққа, Ново-Хайрузовка ауылындағы бала бақшаға орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындары күзетші мен жай жұмысшы мамандықтары бойынша құрылды. «Әлеуметтік жұмыс орындары» атты бағдарламаға 11 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындары келесі ұжымдарда ұйымдастырылған: «Нива» ШҚ, «Қалиева Г.М.» ЖК, «Абілғажинов» ЖК, «Кашкенова» ЖК. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тұрғындарды жұмыспен қамтудың өсуіне, еңбек нарығында мақсатты топтарда жұмыссыздықтың бәсекелестігіне, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың санының төмендеуіне әсерін тигізеді.
Аудандық атқарушы биліктің тиімді шаралар қабылдау мақсатында жұмыссыздықтарды қорғау жұмыссыздардың санын 1,3 пайыздан 1,0 пайызға дейін азаюына ықпал етті.
Ауданда тұрмысы төмендерді қолдау үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету іске асырылған. 2007 жылы аудандық бюджет бойынша МАӘК-ті төлеуге 26900 мың теңге қарастырылған. 2008 жылдың 1-ші қаңтарында МАӘК алуға 619 отбасына төленді немесе 2122 алушыға 26900,0 мың теңге. МАӘК- тің орташа мөлшері 1056,39 теңгені құрады.
Тұрғын- үй көмегіне 1660 мың теңге қарастырылған. 2007 жылы 224 отбасына 1660 мың теңгеден тұрғын-үй көмегі төленді. 2007 жылғы тұрғын-үй көмегінің орташа мөлшері 617,55 теңгені құрады.
2007 жылы балалар жәрдемақысын төлеуге 24000 мың теңге қарастырылған. Есеп беру кезеңінде балалар жәрдемақысы 2574 балаға 24000 мың теңге көлемінде төленді. Балалар жәрдем ақысының орташа мөлшері 777 теңге.
«Мүгедектерді оңалтудың 2005-2007 жылдарға арналған» Өңірлік бағдарламасы шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылды. 2008 жылдың 1-ші қаңтарында 40 мүгедек-бала 2758,0 мың теңгенің материалдық көмегін алды. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедек- балалардың саны 3,8 пайызға артты. 2008 жылдың 1-ші қаңтарында мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз етудің орташа мөлшері 7581 теңгені құрады.
Ағымдағы жылы МАӘК-ті төлеу үшін 25000 мың теңге, балалар жәрдемақысына 39175 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 6156 мың теңге жоспарланған.
Денсаулық саласы
Адамдардың денсаулығы бұрынғыдай нағыз бағалы байлық болып қалуда. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау обьектілерінің саны бұрынғы қалпында. Аудан бойынша дәрігерлердің жалпы саны - 68, орта медициналық қызметкерлер саны – 265. 2007 жылдың 12 айында емделген аурулардың саны 4865, 2006 жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 5209 болған, арулармен 45023 төсек/ күн жүргізілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3328 төсек/күнге аз. Дәрігерге қатынау – 198164 адам болды, өткен жылдың тиісті кезеңінде дәрігерге қатынау 200479 адам болған. 362 сәби дүниеге келді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 27 балаға кеміп отыр. 2006 жылдың тиісті кезеңінде 377 адам қайтыс болса, 2007 жылы 395 адам қайтыс болды немесе өткен жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар 18 адамға артық.
2007 жылы кепілді ақысыз медициналық көмек 274450,1 мың теңгені құрады.
АҚТҚ-жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ауданда АҚТҚ жұқпалы ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, қазіргі уақытта АҚТҚ жұқпалы ауруымен науқастанғандар жоқ.
Білім беру саласы
Қазіргі күні ауданның атқарушы билігінің назары мемлекеттік білімнің потенциалын сақтауға бағытталған. Білім мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайту, сапалы білім беру үшін барлық қолдан келген жағдайларды жасау негізгі мәселелер болып отыр.
2007 жылы білім беруде нақты бюджет 962254,5 мың теңгені құрады, оның ішінде мектеп бюджеті 956455,5 мың теңге.
2007 жылдың 1-ші қаңтары бойынша білім беру саласындағы кассалық шығын 713768,3 мың теңгені құрады, оның ішінде мектептерге 698405,7 мың теңге. Материалдық – техникалық базаны нығайтуға 30444 мың теңге бөлінді, білім беру обьектілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 16353,5 мың теңге, оқулықтар сатып алуға және оларды жеткізуге 9362 мың теңге бөлінді.
Білім беру саласын дамытуда компьютерлендіру үлкен роль атқарады. Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 60 компьютер сыныбы және 11 мультимедий кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі барлық компьютерлер саны 606.
2007 жылғы 1-ші желтоқсандағы мәлімет бойынша аудан бойынша 50 мектеп Интернет желісіне қосылған немесе 92,3 пайызы. Оның ішінде 25 мектепке Интернет торабына қосылу үшін жабдықтар сатып алынған. 25 мектепке Интернет торабына қосылу үшін модемдер орнатылған.
2007-2008 оқу жылдарының басында ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың құрамы (мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы оқушыларды қоса алып есептегенде) 6458 оқушыны құрады, 2006-2007 оқу жылдарымен салыстырғанда 798 оқушыға аз.
1 оқушыға шаққандағы шығын мөлшері 125333 тенгені құрады. Білім беру саласындағы орташа жұмысшылардың саны 1940 мың адамды құрады. Білім беру саласында 1 қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 30136 теңгені құрады.
2007 жылы жалпыға бірдей оқу қорынан 7662 мың теңге бөлу жоспарланған, 6761 мың теңге игерілді, оның ішінде 972 оқушыға аяқ киім мен киімдер сатып алуға – 3568,3 мың теңге, 30 мың теңгеге аз қамтылған от басыларының балаларына емделуге ақшалай қаржы көмегі көрсетілді, Катонқарағай ауылындағы мектеп жанындағы интернатқа аз қамтылған отбасыларының балаларын азықпен қамтамасыз етуге – 1645 мың теңге, мектеп жанындағы лагерлерге аз қамтылған отбасыларының балаларын азық-түлікпен қамтамасыз етуге - 938 мың теңге және « Лотошное» сауықтыру-демалу лагеріне – 1299,2 мың теңге бөлінді.
Өткен жылы облыс бойынша аудан біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша бірінші орынды иемденді. Аудан бойынша орташа бал 74,65 балды құрады. 607 мектеп бітірушілердің 335-сі жоғарғы оқу орындарына, 163 оқушы колледждерге түсті. 233 оқушы грант иегері атанды.
Ағымдағы жылы білім беру объектілеріне күрделі жөндеуге 19626 мың теңге бөлінді, оның ішінде Мало-Нарым ОМ – 826 мың теңге, Аршаты ОМ – 5000 мың теңге, Огнева орталау мектебіне – 1500 мың теңге, Белқарағай ОМ – 2800 мың теңге, Юбилейное ОМ – 1500 мың теңге және Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы ОМ – 8000 мың теңге және білім беру объектілерінің мтериалдық-техникалық базасын нығайтуға – 29391 мың теңге бөлінді. Мало-Нарым ауылындағы бала бақшаны ашуға кететін шығындарға 13444 мың теңге және Катонқарағай ауылындағы екінші бала бақшаны ашуға 15152 мың теңге қарасырылған. Жалпы құны 280 млн. теңге тұратын 320 орынды Өрел орта мектебінің құрылысы басталады.
2007-2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарды дамытудың Өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруда, Катонқарағай ауданынының аумағына төмендегі іс-шаралар іске асырылды;
Білім беру саласында Белқарағай ОМ, Печи ОМ, Үш-Төбе орталау мектебіне, Шыңғыстай ауылындағы Әбдікерім атындағы ОМ, Еңбек ОМ, Берел ОМ, №1 Большенарым бала бақшасына, Ново-Хайрузовка бала бақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Аршаты орта мектебіне, Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектепке, Юбилейное ОМ, Огнева орталау мектебі және Яры орталау мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 13949,6 мың теңгенің ЖСҚ сатып алынды. Сонымен бірге, төтенше жағдайлар бағыты бойынша облыстық бюджеттен Солдатова ОМ, Приморск орталау мектебіне және Солоновка ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 5897,5 мың теңге бөлінді және игерілді.
2007 жылы мектеп ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6601 мың теңге игерілді. Жыл бойы 22230 мың теңгеге - 7 физика кабинеті, 3260 мың теңгеге - химия кабинеті, 3700 мың теңгеге - биология кабинеті, 18898,3 мың теңгеге – лингафондық-мультимедия кабинеттері, 1300 мың теңгеге – асханаға 2 құрал-жабдықтар, 852,6 мың теңгеге - интерактивті кабинет сатып алынды.
Сумен қамту саласында 21334,6 мың теңгеге 6 елді мекендерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 3671 мың теңгенің ЖСҚ сатып алынды.
Мәдениет және спорт саласы
Ауданда жыл сайын спорттық- бұқаралық жұмыстар нығайып даму үстінде. Өткен жылы ауданда спорттық жарыстарды аудандық және облыстық деңгейде өткізуге аудан бюджетінен 2 млн. 577 мың теңге бөлініп және толығымен игерілді.
Жыл сайын ауданда 25-30 ірі спорттық жарыстар өткізіледі. Жыл басынан бергі кезеңнен аудан спортсмендері 30 облыстық, 2 республикалық жарыстарға қатысты. Өткен жылы айта кетерлік үлкен жетістікердің бірі Жакупов Саматтың Пекин қаласында өтетін жазғы олимпиадалық ойынға жолдаманы жеңіп алуы.
Ауданда дене шынықтыру мен бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 142 спорттық нысандар мен 25 спортзалдар, 18 тир, 17 қосымша спорт залдары, 11 хоккей қорабы жұмыс істейді.
Экономикалық мәселелерді шешумен қатар аудан тұрғындарының рухани байлығын дамытатын мәдениеттің маңыздылығы, тарихи-мәдениеттілік мұраны дамыту және сақтау, орталық мәдени ақпараттық кеңестікті құру мәселелері ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл аталған мәселелер «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде шешілуде.
Жыл сайын мәдениет саласын қаржыландыру көлемі ұлғаюда. 2007 жылы мәдениет мекемесінің бюджеті 29 млн.657 мың теңгені құрады.
Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасы нығаюда: аудандық мәдениет үйіне 205 мың теңгеге сценалық костюмдер, 80 мың теңгеге сахналық киімдер және 4500 мың теңгеге видеомобиль сатып алынды.
2007 жылы Большенарым ауылында модельді нұсқада балалар кітапханасы, Үш-Төбе мен Ново-Березовка ауылдарында ауылдық клубтар ашылды.
Ағымдағы жылы мәдениет саласында Өрел ауылында - 800 мың теңгеге клуб ғимаратын, 750 мың теңгеге - оркестр, 500 мың теңгеге сценалық костюмдер сатып алу қарастырылып отыр.
Аудан кітапханалары 10800 оқырмандарға қызмет көрсетті, 225000 дана кітап берілді, кітап қоры – 190529 дана, оның ішінде қазақ тілінде – 57015 дана кітап бар.
Есеп беру кезеңінде аудан кітапханаларымен 1120 бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Ауданда әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын орындауда ынталандыру мақсатында 2007 жылы 31 мамырда аудан әкімдігінің «2007 жылға арналған ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы» № 2833 қаулысы қабылданды. Осы Қаулыда 2007 жылға арналған рейтингтік бағалаудың көрсеткіштері бекітілді және ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік қорытындыларын шығару үшін аудандық жұмыс тобы құрылды.
Тоқсандық қорытынды рейтинг көрсеткіштері ұпайларының мөлшеріне қарай шығарылады, ал жыл қорытындылары ағымдағы жыл тоқсандары орындарының жиынтығы бойынша шығарылады. Сонымен бірге осы қаулыда жыл қорытындысы бойынша I- орынға – 2 компьютер, II- орынға - 1 компьютер, III – орынға сканер беруге шешім қабылданды.
Қаулыны орындау барысында 2007 жылға арналған ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік қорытындысы шығарылды, ол аудандық «Арай-Луч» газеттерінің беттерінде жарияланатын болады.
Ауданда қазіргі уақытта тұрғындарға қызмет көрсету үшін 2 орталық жұмыс істейді. Оларда 20 ашық терезе жұмыс істейді, олардың барлығы қазіргі заман талабына сай техникамен, компьютерлермен және ақпараттық құралдармен жабдықталған.
Тек соңғы бес айдың ішінде 5500-ден артық заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын ресімдеуге қызмет көрсетілді.
Құқықтық тәртіп
Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай алдын алу іс-шаралары өткізілді. 2007 жылғы тіркелген қылмыстық істер 179, ашылған қылмыс 89,3 пайызды құрады.
Тәртіп бұзудағы алдын-алу шаралары төңірегінде туындайтын сұрақтар қоғамның, атқарушы биліктің тұрақты қадағалауына алынған. Қылмыстық жағдайлар аудандық әкімдіктің отырыстарында жүйелі түрде қаралады және ауылдық округтерде қылмыстың алдын-алу іс-шаралары үнемі жүргізіліп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |