Ауылда экологиялық ахуал ауыр: Жанайқай/М.Әбілов // Орталық Қазақстан. 2001. 27 қазан



Дата04.07.2016
өлшемі48.08 Kb.
#178610
Әбілов М.

Ауылда экологиялық ахуал ауыр:Жанайқай/М.Әбілов // Орталық Қазақстан.-2001.-27 қазан

¥лытау ауданының Аманкелді ауылы Байқоңыр ғарыш айлағының зы-мыран үшатын бағытының бойында орналасқан елді мекен.

ҚР¥лттық ғарыш агенттігінің ақпараты бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1995 жылы үшырылған 19 зымырантасығыштың 18-інің, 1996 жылғы 16-сының 14-інің, 1997 жылғы 20-сының 17-сінің, 1998 жылғы 19-ның 16-сының, 1999 жылғы 23-інің 19-ының бірінші сатысы біздің аймақтарға түскен болатын. Зымырантасығыштың отыны ретінде адамға, табиғатқа, жалпы тіршілік атаулыға зиянды заттар қолданылады. Мысалы: «Шатл»сутегі-оттегімен, «Союз» керосинмен, кейбір зымыраңдар қатты отынмен, оқ-дэрімен үшырылады. «Энергия», «Протон», «Циклон»-дарға симметриялы емес димитилгидразин қолданылады. Оны қысқаша «Гептил» деп атайды. Олардың эрбірсатысы бөлінген кезде жанбай қалған 2-3 тонна отынның жартысы ауаға тарап, жартысы бөлшекпен бірге жерге түседі. Гептилдің улылығы сондай, бір текше километр ауаға 1 кг тарағанда ғана қауіпсіз. Ал жаңа «Протон» зымырантасығышы қалған отынды ауаға бірден таратып жібереді екен. Бұ_л өте қауіпті. Ауаға тараған гептил қыс кезіңде болса қармен біргежергетүсіп, ол еріген кезде өзен-тоғандарға қүйылады. Гептил затының жылдам тарап кетуіне біздің қүрғақ жэне желді ауа-райымыз қолайлы эсер етуде.

Қазақстан Республикасының ¥лттық ғылым академиясының физиология жэне еңбек гигиенасы институтының 90-шы жылдары жүргізген зерттеулері тартылып қалған Арал теңізінің табанынан көтерілген шаң-тозаңдардың қүрамында айналадағы ортаға жэне адам денсаулығына өте зияңды ауыр металдардың түздары бар екенін анықтаған. Жыл мезгілінің 130-140 күні жел соғады.Осының эсерінен Арал өңірінен көтерілген зиянды түз тозаңы небэрі 150 км қашықтықта жатқан жерімізге келіп шөгіп, ақтаңдақ сордың көлемі жылдан жылға үлғаюда. Экологиялық апат аймағы деп толық айтуға болады. Өзен, қар сулары, тоған тартылып, орман-тоғайлар сиреп, қуаңшылыққа үшырауда. Аманкедці кеңшарында 5 ферма болды. Сол уақыттарда малдың өлімі эсіресе, осы зымырантасығыштар түсетін негізгі аймақта көп болды. «Үмбет» фермасында туған қозылар жетілмеген, эртүрлі кемтар, қызылшақа күйінде тууы, ірі қарада қүтырма ауыруына үқсас белгі болғаңдықтан улы шөп жегендіктен шығар деген жорамалдар болды. Ол уақытта зымыран-тасығыштардың бөлшектері қасыңда жайылған малдарға эсерінің бар екендігін айтуға мүмкіндік болмады. Бүрынғы Кеңестер Одағындағы сола-қай саясаттың кері эсері де болмай қалған жок. Мысалы: 1987 жылдың көктем айыңда «Энергия» атты зымырантасығыш Аманкелді кеңшарының түрғындарының денсаулығына кері эсерін тигізді. Адам жэне мал шығындары көп болды. Ауыл халқының арасында сол мезетте тері аурулары

көбейіп Жезқазған, Қарағанды қалаларынан жоғары дэрежелі мамандар келіп, тексерістер жасалып, корытындысы «Коревая краснуха» деген жалған ауруларды тіркеген болатын. Ол зымырантасығыштардың эсерінен екені кейін ғана дэлелденіп жүр.

Жекелеген мысалдар келтірсек, Аманкелді кеңшарында Шоманова Индираның 1990 жылы 6 желтоқсанда туған сэбиі шетінеп, бір тэулік ішінде медициналық сарап жүргізілгенде жүрегінде 0,8x0,5 см. көлеміңде тесік болған. Екі қабат эйел Аманкелді кеңшарынан Жезқазған қаласына сани-тарлық үшақ арқылы жіберілгенде сэбиде туа біткен кемтарлық анықталып, оған «Конское копыто» деген диагноз қойылған. Дэрігер мамандардың қорытындысы бойынша сэбилердің өліміне ата-аналарының радиацияның мөлшері көп ауылда түруына байланысты болған деп дэлелденген.

Амалсыздан осы апат жағдайларын ғылыми түрде дэлелдеу үшін Қазақтың үлттық мемлекеттік Әл Фараби атындағы университетпен келісім-шартқа отырып, 1991-1992 жылдары совхоздан арнайы қаржы бөліп тексерттік. Топырақтан-94, қарды-суды тексеруге-32, балық, өсімдік, ет-шөпті тексеруге 11 үлігі алынып, университеттің лабораториясында бірнеше эдіспен тексерілді. Тексеріс қорытындысында зымыран түскен аймақтарда гептилдің жэне басқадай отын түрлерінің барлығы жэне стронций-137, цезий, мышьяк деген радиоактивті элементтердің , эртүрлі ауыр металдардың нормадан тыс көп екенін анықтап берді. 1993 жылдан бастап совхоз тарап, одан эрі тереңірек тексеруге ақша қаражатының жоқтығынан басталған іс аяғына жетпей қалды. Қолда бар аурулар анықтамалары мен лабораториялық тексеріс қорытындылары жөніңдегі арнаулы кітапша кезінде ¥лытау ауданы-ның жэне бүрынғы Жезқазған облысының экология жэне биоресурстар комитетіне бердік. Өкініштісі, сол үсынылған лабораториялық тексеріс қорытындысы облыс тарап кетті де, қозғалыссыз қалды. Ауыл көлемінде соңғы он жыл аралығында экологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан эртүрлі аурулардың, қатерлі дерт сырқаттарының жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны байқалады. ¥лытау ауданы Қазақстан Республикасы Үкіме-тінің 11 мамыр 1999 жылғы №561 қаулысымен экономикасы тоқыраған аудандар санатына жатқызылған болатын. Алайда, сонан бері өткен екі жылдың көлемінде Республика Үкіметі тарапынан нақты көмек көре алмай келеміз, Ел арасында бүрын-соңды естіп білмеген аурулар жайлап, адамдардың кенеттен қайтыс болуы, жүйке ауруының өршуінен, өзіне-өзі қол жүмсау көптеп орын алуда. Жалпы, осы мерзім ішінде аурудың деңгейі бірнеше есеге өскен. Жүкті эйелдердің күніне жетпей босануы, сэбилердің шала тууы соңғы жылдары жиілеп кетті. Аурулар түріне байланысты мүгедектікке шығу 23-ке өсіп отыр. 1999 жылы аудандық денсаулық сақтау мамандары мен «денсаулық поезі» бригадасы елді мекендердің денсаулығын тексерістен өткізген. Былтырғы 2000 жылдың маусым айында облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанынан үйымдастырылған «Космодром-денсаулық» бригадасы халық денсаулығын анықтап, эртүрлі кеңестер берді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша қүрылған Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ғалым-

дэрігерлері Аманкелді кеңшарының барлық фермалары мен елді мекендерін жэне ауыл түрғындарының 534-ін тексерістен өткізді, оның ішіңде балалар саны — 313. Комиссия эртүрлі ауру түрлерінің көбеюін зымырантасығыш-тарға байланыстырып отыр.Мэлімет қорытындыларын жинақтап,Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Парламентіне тапсыру жөнінде нақты келісімдерін берген болатын. Егерде мамандардың қорытындысын Парламент депутаттары, үкімет басшылары қолдап, экологиялық апат аймағы мэртебесі берілген жағдайда халыққа көмегінің орасан зор екені дэлелденбек. Мысалға: ауылда жарық бар, су бар, малы бар, айлық табысы, зейнетақысы бар деген кісілердің өзі осындай апат зардаптарынан қорқып, ауру-сырқаулығына байланысты қалаға көшіпжатыр. Аманкелді кеңшарында бүрындары су қүбыры жүйелері болған. Қазіргі жағдайда істен шығуына байланысты жекелеген үйлердің жанындағы қүдықтардың суы пайдаланылады. Санитарлық-гигиеналық тазалықтарды бүзу салдарынан эртүрлі жүқпалы ауру түрлерінің таралуы мүмкін. Осыған байланысты үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, су қүбырлары іске қосылса халықтың элеуметтік, экологиялық-экономикалық ахуалдарының жақсаруына зор септігін тигізері сөзсіз. Қазіргі экологиялық жағдайдың шиеленісуі ауыл түрғындарының алаңдаушылығы мен наразылығын тудыруда. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы Кеңестер Одағының ерекше қүпияландырылған эрекеттерінің зар-дабын жою аса күрделі мэселе екендігі де сөзсіз. Алайда, «Қүдайдың салғаны осы»деп қол қусырып отыра беруге болмайтындығы да ақиқат. «Ауруын жасырған өледі» — дейді дана халқымыз. Ауру адамдар экономикамызды қалыптастыра, өркендете алмайтындығын ел түтқасын үстап отырғандар бір мезетке де естерінен шығармайт кезек күттірмес бүл проблемамен жүйелі түрде айналысуға тиіс.



¥лтымыздың үясы, ¥лытау өңірі халқының тілегі де талабы да — осы. Ал «Байқоңыр» ғарыш айлағының басшылары, оларды иеленуші Ресей үкіметі экологиялық ахуалды жақсартуға, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге асығар емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет