Онкология негіздері



Дата31.08.2023
өлшемі78.14 Kb.
#476331
онология құжаттар

  • Тақырыбы:Онкология негіздері,есепке алу,есеп беру,қажетті құжаттарды толтыру

Онкология негіздері

  • Онкологиялық қызметтің құрылымы;
  • Аурулардың клиникалық топтарға бөлінуі;
  • Диспансерлік жүйе бақылау мерзімі;
  • Онкологиялық кұжаттарды толтыру,ауруларды есепке алу;
  • Профилактикалық тексеру,көру, және онкологиялық көмекті ұйымдастыру,

Онкологиялық диспансерлер

  • Ірі және көп жақты емдеу мекемелер.Олардың құрылысы ауру төсектер санына және онкологиялық аурулардың таралу жиіліктеріне тығыз байланысты.Облыстық немесе қалалық онкодиспансерлер 5 немесе 6 бөлімнен іш,кеуде,урологиялық,бас және жұмсақ тіндер ісіктеріне,гинекологиялық ауруларға арналған бөлімшелерден тұрады.Және химиотерапиялық,радиологиялық,паллиативтік медициналық көмек көрсететін бөлімшелер бар.Диагностикалық бөлімдерде эндоскопиялық,рентгенологиялық,ультрадыбыстық тексерістер жүргізіледі.Арнайы клиникалық,биохимиялық,гистологиялық,цитологиялық зерттеулер қамтамасыз етілген. Гамма және электрон шығаратын құрылғыларбар.

Диспансердің негізгі қызметі

  • Диагностикалық,емдік,ауруды есепке алу,профилактикалық шараларды жүргізу,емдеу-сақтандыру мкемелеріне оқу әдістемелік басшылық жасап,онкологиялық көмекті ұйымдастыру.Онкңологиялық бөлмелер қалалық, аудандық емханалардың кез-келгенінде болу керек.Олардың негізгі қызметі:
  • -дәрігерлік кеңес;
  • -диагностикалық жұмыстар;
  • -ауруларды есепке алу;

Диспансердің негізгі қызметі

  • Диспансерлік бақылауды ұйымдастыру;
  • Онкодиспансердің нұсқауы бойынша емдік бақылау шараларын жүргізеді;
  • Ракка қарсы үгіт-насихат жұмыстар және халық арасында профилактикалық тексерістер жүргізу;
  • Онкологиялық бөлімдер егер облыстық орталық қашықта орналасса онда ірі емханаларда ұйымдастырылады.Мұнда хирург,гинеколог,химиотерапевт,эндоскопист,рентгенолог,цитолог-дәрігерлер жұмыс жасайды.Көру бөлімі сақтандыру бөліміне кіреді,егер ол жоқ болса,емхананың бір бөлімі болып саналады.Бұл жерде акушерка немесе акушер-гинеколог жұмыс жасайды.

Онкологиялық аурулардың клиникалық топтары

  • Iа-онкологиялық ауруға күдік туғандар;
  • Iб-қатерсіз ісіктерді және ісік алды аурулары барлар;
  • II-қатерлі ісігі дәлелденген және арнайы емді қалайтындар;
  • IIa-радикалды емге мұқтаж болғандар;
  • III-қатерлі ісіктен жазылып шыққандар;
  • IV-дерті асқынып,паллиативті ннемесе симптоматикалық ем қабылдайтыдар;

Клиникалық топқа байланысты дәрігерлік іс-әрекеттер:

  • 1а клиникалық топ-онкологиялық ауруларға күдік болса,онда күн ішінде диагностикалық тексерістер жүргізіліп,диагноз қойылады немесе ауру жоқ деп есептелінеді.Егер диагноз нақты дәлелденсе II немесе IY клиникалық топқа көшіріледі.
  • 1б клиникалық топ-ісік алды аурулар және қатерсіз ісіктер бар адамдар.Ісік алды аурулардың тек нақты облигатты түрі жатады.Бұл топтағыларды дәрігер емдеп шығарады.

Клиникалық топқа байланысты дәрігерлік іс-әрекеттер:

  • II және IIа клиникалық топтар.Аурулар арнайы емде болады,ол диагноз қойылғаннан соң 7-10 күн ішінде жүргізіледі.Жазылғаннан кейін III-топқа көшіріледі,ал метастаз болса,онда IY топқа ауыстырылады.Егер ауру адам емге қарсы болса немесе арнайы ем қабылдамаса,онда IY топқа көшіріледі.Арнайы емге II топ сәуле,химио+гормон тәсілдері,ал радикалды емге II а топ тек онкологиялық ережеге сәйкес толығынан жасалынған операциялар жатады.

Клиникалық топқа байланысты дәрігерлік іс-әрекеттер:

  • III топтағылар жазылып шыккандар,шартты түрде өмір бойы тіркеуде тұрады-сырт орналасқан ісіктерде құрғанда 10 жыл ,ал ішкі мүшелерде –бес жылдан кем емес уақытта.Бұл топтағылар диспансерлік көруден дүркін өтіп тұрады:
  • -көруге шақырылатын уақыт:
  • Бірінші жылы 3 айда 1 рет;
  • Екінші –ушінші жылы 6 айда 1 рет;
  • Төртінші және басқаларда жылына 1 рет.

Есіңізде болсын!

  • Қатерлі ісіктерден жазылып шыққандар тіркеуде мәңгі тұрады.Тек тері рагында Базалиома ғана 5 жылдан кейін тіркеуден алынады.
  • Егер рецидив және метастаз болса,онда олар II немесе IV топқа орналасады.

Есептік құжаттар

  • 090\у -үлгісі “өмірінде бірінші рет онкологиялық аурумен ауырған адам туралы хабарлама”.Бұл құжат барлық онкологиялық ауруға дәлелденгеннен кейін толтырылады,тіпті рактың нөлдік өсу дәрежесінде ,in situ кезінде.

Есептік құжаттар

  • 027-1\у-”ауруханадан шыққан аурудың медициналық картасынан көшірме”.
  • 027-2\у-”дерті асқынып кеткендерге толтырылатын хаттамалар”.Бұл құжат дерттің ішкі мүшелерінде орналасқанда IV-өсу,ал сыртқы мүшелерде III және IY –өсу дәрежелерінде болғанда толтырылады.
  • 61 Ж үлгі рак және қатерлі ісіктер туралы есеп.

Есептік құжаттар

  • 030-6\у “диспансерлік бақылау туралы медициналық карта “.
  • 030-ГРР үлгісі осы құжаттың кеңейтілген түрі “мемлекеттік түрде есепке алу”.Электронды есепке алу үшін қолданады;оған қосымша талон беріледі.
  • 030-6\ТД-”сынақ картасына қосымша талон”.Бұл құжаттардың барлығы онкодиспансерде сақталады,аурудың денсаулығы,қандай ем алғандығытуралы мәлімет алынады.

Профилактикалық тексеру құжаттары

  • Журнал
  • Карта
  • Талон

Аударғандарыңызға рахмет!

Назар


Назар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет