Ауылға барғанда
Мәтінді оқыңдар.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Жылда жазғы демалыста ауылға атам мен әжеме барамын. Ауыл таудың етегінде орналасқан. Оның жанында өзен ағып жатыр. Өзеннің суы күзде өте салқын, жазда жылы. Ауылдың шетінде орман бар. Орманның ішінде биік қарағай, аққайың, емен өседі. Қалың көк шөптің арасында қызыл, сары гүлдер жайқалып тұр.
Төрт түлік мал: сиыр, қой, жылқы, түйе жайлауда жайылып жүр. Ауылдың ауасы таза. Қыста суық, қар жауады. Күзде желді, жаңбыр жауады, тұман болады. Ал жазда ыстық, ауыл әдемі. Ауыл маған өте ұнайды.
1-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Өзеннің суы күзде
|
суық
|
Ауылдың ауасы қыста
|
жылы
|
Ауылдың ауасы күзде
|
ыстық
|
Өзеннің суы жазда
|
желді
|
Ауылдың ауасы жазда
|
салқын
|
2-тапсырма. Сурет бойынша жауап беріңдер.
Таудың жанында ағып жатыр.
Орманның ішінде жайқалып тұр.
Шөптің арасында өседі.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңдер.
Таудың
|
шетінде
|
Орманның
|
ішінде
|
Ауылдың
|
арасында
|
шөптің
|
жанында
|
оның
|
етегінде
|
4-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.
Сенің атаң мен әжең қандай адамдар?
Олар қайда тұрады?
Сен оларды жақсы көресің бе?
Достарыңызбен бөлісу: |