ДТЖЖО
_________А.Е.Дуйсенгалиева
«____» ________ 2022 ж.
Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»
Куратор: Н.М.Макишева
Орал – 2022
Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік» Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, студенттер, бүгінгі кештің қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1-студент: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
(Әнұран орындалады) 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
2- студент: Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағат, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.