Ақуыз биосинтезі. Генетикалық код және оның қасиеттері. Ақуыз биосинтезінің тетіктері (механизмі)


Сонымен рибосомада 4 белсенді орталықтар кездеседі



бет12/36
Дата01.02.2022
өлшемі4.5 Mb.
#455000
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
№2,3.Ақуыз биосинтезі. Ген. код.

Сонымен рибосомада 4 белсенді орталықтар кездеседі:

Сонымен рибосомада 4 белсенді орталықтар кездеседі:

  • 1) а-РНҚ байланысатын орталық (М-орталық), ол а-РНҚ-ның 5'-трансляцияланбайтын учаскесінің 5-9 нуклеотидіне комплиментарлы 18Ѕ р РНҚ-ның бір учаскесі болып табылады.
  • 2) Пептидил орталығы (П-орталық). Трансляция басталар алдында осы орталықпен инициаторлық аминоацил –т-РНҚ, яғни инициаторлық аминоацил т-РНҚмет байланысады . Кейінірек П-орталықта өсіп келе жатқан полипептид тізбегіне енді –ғана қосылған пептедил-тРНҚ орналасады.
  • 3) Аминқышқылы орталығы (А-орталық) – бұл орталықпен кезекті аа-т-РНҚ байланысады.
  • 4) Пептедилтрансферазалық орталық (ПТФ-орталық) -полипептидтің АҚ-дары арасында пептидтік байланыстарды пайда етуші және полипептидті бір АҚ-ына ұзартатын орталық.
  • Осы 4 орталық рибосома бөлшектерінде әртүрлі орналасқан: кіші бөлшекте –түгелдей М-орталық, А-орталықтың негізгі бөлігі және П-орталықтың шамалы бөлігі орналасқан; үлкен бөлшегінде - П және А орталықтардың қалған бөліктері, яғни П-орталықтың негізгі бөлімі, А-орталықтың шамалы бөлімі және түгелдей ПТФ орталығы орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет