Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени
даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
қаулысы
Астана қаласы 21 мамыр 2012 жыл
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының
халықты жұмыспен қамту жөніндегі
жұмысы туралы
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қалада халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Елордада жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіштерін төмендету бойынша ықпалды шаралар қабылданып жатыр. Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы және Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру орталығы құрылып, жұмыссыздарға көмек көрсетуде. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды. Елорда тұрғыны 2011 жылдың 1 наурыз айына 752,3 мың адамды құрады, оның ішінде 15 жас және одан үлкен жастағы халықтың экономикалық белсенді тобы 415,9 мың адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны – 391,9 мың адам, халықтың экономикалық белсенді емес тобы 163,4 мың адамды құрайды, олардың негізгі үлесін жоғары оқу орындарында, колледжерде, кәсіптік лицейлерде күндізгі оқу бөлімінде оқитын жастар, зейнеткерлер құрайды. Жұмыссыз азаматтардың саны 24,0 мың адамды құрайды.
Белсенді әлеуметтік қорғау шараларының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 6,2 пайыздан 2012 жылдың бірінші тоқсанында 5,8 пайызға дейін төмендеді. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 11,2 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеді.
2012 жылдың басынан Жұмыспен қамту орталығына 5 500-ден астам адам келді. Олардың ішінде 1200-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, 577 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. 5000-нан астам адам ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Елорданы дамытудың түрлі жобаларын іске асыру жаңа жұмыс орындарын жасауға мүмкіндік береді. Есептік кезеңде 6037 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде шағын бизнес саласында 4088 орын ашылды немесе 67,7 % құрады.
2010 жылдың қаңтарынан жоғары білікті жұмыссыздарды шағын және орта бизнестің негіздеріне оқыту бойынша халықаралық жоба іске асырылуда, жоғары білімі бар 172 жұмыссыз оқытудан өтті, 113 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, оның ішінде 26 адам өзінің жеке ісін ашты.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және жұмыспен аз қамтылған халықты жұмысқа орналастыруға оқыту және жәрдем көрсету бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында, 23 білім беру ұйымының базасында 57 мамандыққа оқыту жүргізілді. Олардың ішінде білім алған 1898 адамнан 707-сі жұмысқа орналастырылды. 2012 жылдың басынан оқытуға 234 адам жіберілді.
Елорданың жастарын жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында, бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі, онда 2011 жылы елорданың 10 мыңнан астам азаматы тартылса, 2012 жылы – 4000-нан астам адам тартылды.
Жүргізілген мониторингке сәйкес, мектептердің, кәсіптік лицейлердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының 31,3 мың адамды құрайтын 2011 жылғы бітірушілерінің жалпы санынан 1690 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қажет етеді. Қалалық жұмыспен қамту мекемелеріне өтініш білдірген жоғары оқу орындары мен колледждердің 1336 түлегінен 621 адам жұмысқа орналастырылды, 812 бітіруші жастар практикасына жіберілді.
Жұмыссыз халықтың санын айқындау және оларға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді нысандарына ұсыныстар жасау мақсатында, қаланың 9218 тұрғыны арасында сауалнама жүргізілді, сұралғандардың ішінен 5269 жұмыссыз айқындалды немесе жалпы сұралған адамдардан 57 %-ын құрады.
Сұранысқа ие мамандықтарға сұраныс пен ұсынысты есептеу және күтілетін болжамды анықтау үшін жоғары оқу орындарының бітірушілері бойынша талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мамандарды дайындауға мүдделі құрылымдарға тиісті ұсыныстар жолданды. Кәсіптік лицейлердің бітірушілерін жұмысқа орналастыру 100 пайызды құрайды.
Жұмыссыздық проблемасын шешудегі пәрменді құрал жұмысқа орналастыру бойынша портал жасау болып табылды. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, билбордтарда орналастырылды, Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы бойынша бірқатар бейнероликтер жасалды. 1 000-нан астам жұмыс орны апта сайын қалалық газеттерде орналастырылады.
Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша қалалық атқарушы органдардың тиімді жұмыстарына қарамастан, Астана қаласының тексеру комиссиясы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын іске асырумен байланысты бірқатар проблемаларды айқындады:
біріншіден, уәкілетті орган – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бойынша толық ақпараттың болмауы;
екіншіден, қаланың еңбек нарығы бойынша бар деректер базасы пассивті сипатта, яғни деректер базасын кеңейту бойынша ешқандай әрекеттер жасалмайды;
үшіншіден, оқыту жұмыспен аз қамтылған, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты өнімді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетудің белсенді бағдарламаларына тартумен байланысты «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбей жүргізіледі. Сонымен, бағдарлама бойынша оқытылғандардың жалпы санынан барлығы 71 адам немесе 3,8 % жұмысқа орналастырылды.
Төртіншіден, уәкілетті органның басқа жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасы жоқ. Мысалы, Тексеру комиссиясының бақылауымен Денсаулық сақтау басқармасында медициналық персоналдың 900-ден астам штаттағы бос орнының бар екендігі анықталды, алайда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағжарламалар басқармасының еңбек нарығы бойынша деректер базасында 20 медбике мен 18 дәрігерге сұраныс туралы ақпарат ба.
Уәкілетті орган жұмысқа қабілетті жасқа толмаған (16 жас) тұлғалармен, орта білім беретін мектептердің 9-сынып бітірушілерімен әлеуметтік келісім-шарттар жасасқан, олар өз жастарына байланысты әлеуеттік келісім-шарттар жасасуға құқығы жоқ және жұмыспен аз қамтылған, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған санаттарға жатқызылмайды.
Жұмыссыздардың көпшілігінің жоғары білімі бар, бұл білім беру қызметтері нарығы мен еңбек нарығында сұраныстың сәйкеспеуін білдіреді. Гуманитарлық, экономикалық және заң мамандықтарына сұраныс төмен болып табылады. Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс іздеп өтініш білдірген жұмыссыздар еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға оқуға қалау білдірмейді.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы етеді:
-
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
-
Астана қаласының әкімдігіне, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, мекемелер мен ұйымдарға Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын орындау бойынша іс-шараларды толық іске асыру ұсынылсын. Елорданы дамытудың түрлі жобаларын іске асыру кезінде қосымша жұмыс орындарын жасау арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға жәрдем көрсетсін, кәсіпкерлікті белсенді дамытуға және кеңейтуге, шағын бизнесті дамытуға жәрдем көрсетсін.
-
Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына елорда халқына мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысын жақсарту және жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан қорғауға жәрдем көрсетуде кепілдіктерді ұсынсын. Қала халқына еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бойынша және қолданыстағы деректер базасын реттеуде толық ақпаратты ұсыну мақсатында, басқа жергілікті атқарушы органдармен, қалалық ұйымдармен және мекемелермен өзара тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етсін. Халыққа еңбек нарығы туралы ақпарат беруді дамытуда заманауи ақпараттық технологиялар мен жарнаманы пайдалансын. Азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған тобына ерекше назар аударсын.
-
Қалалық білім басқармасына жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен бітірушілерімен кәсіптік бағдарлары және болашақ мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысына сәйкес таңдауы бойынша жұмысын жақсарту ұсынылсын.
Әлеуметтік-мәдени дамыту
мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байгенжин
Достарыңызбен бөлісу: |