Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі - аумақтық орган) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 13-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның стендтерінде;
3) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын беру мемлекеттік қызметті алуға өтініш келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет демалыссыз және мейрам күндерісіз тәулік бойы ұсынылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуді дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, күту орындары және қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден көшірілген (үзінділер), орналастырылған стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыру орындары бар уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы сертификаттың 1-3 бағандарын толтырады.
12. Сертификат бланкін көлік құралының жүру бағытында орналасқан уәкілетті орган береді.
13. Толтырылған сертификат бланкісі уәкілетті органның қызметкеріне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат көзделмеген.
15. Сертификат мемлекеттік қызмет алушыға жеке өзі келгенде беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері қарастырылмаған.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпараттарды ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялық қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, сапалы және тиімді көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушы осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мекен-жай және телефондар арқылы уәкілетті орган басшылығына жүгінеді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына қағаз тасығышта, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, ktk@mtc.gov.kz. электрондық пошта бойынша беріледі.
22. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген телефондары мен мекенжайлары бойынша беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар еркін түрде жазбаша нысанда пошта арқылы жолданады.
25. Мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымының қабылданғанын растауға шағымды қабылдаған адам нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі мен орны, шағымның қарастырылу барысы туралы білуге мүмкін болатын лауазымдық тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон береді.
26. Уәкілетті органның сенім телефоны 8 (7172) 242909 және call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметі «электрондық үкімет» 1414.
«Жүк көлік құралдарын
өлшеудің халықаралық сертификатын
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша стационарлы таразы жабдығымен
жабдықталған стационарлы көліктік бақылау бекеттерінің
тізбесі
Өлшеу станция коды
|
Өлшеу станция атауы
|
Облыстың немесе қаланың атауы
|
Автожолдың атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
01
|
Семей
|
Шығыс Қазақстан
|
Омск - Майқапшағай, 751 км
|
02
|
Шығанақ
|
Жамбыл
|
Екатеринбург - Алматы, 2061 км
|
03
|
Молодежный
|
Қарағанды
|
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км
|
04
|
Жезқазған
|
Қарағанды
|
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км
|
05
|
Денисовский
|
Қостанай
|
Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км
|
06
|
Ақтай
|
Қызылорда
|
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км
|
07
|
Бейнеу
|
Маңғыстау
|
Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км
|
08
|
Ленинский
|
Павлодар
|
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км
|
09
|
Қызыл Ту
|
Оңтүстік Қазақстан
|
Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км
|
10
|
Қызыл Жар
|
Астана қаласы
|
Екатеринбург - Алматы, 1278 км
|
11
|
Бурабай
|
Ақмола
|
Астана - Петропавл, 241 км
|
12
|
Еркін
|
Алматы
|
Алматы - Өскемен, 270 км
|
«Жүк көлік құралдарын
өлшеудің халықаралық сертификатын
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнi
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерi
|
Көрсеткіштің нормативтік мәнi
|
Көрсеткіштің кейінгі жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісi
|
4.1. Белгіленген мерзімде қанағаттанған тұтынушылардың негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Жүк көлік құралдарын
өлшеудің халықаралық сертификатын
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының
тізбесi
Р/с
№
|
Бөлімше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95
|
8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz
|
2.
|
«Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 16
|
8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz
|
3.
|
«Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107
|
8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114
|
8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz
|
5.
|
«Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131
|
8 (7282) 24-55-01
ktk_alm@mtc.gov.kz
|
6.
|
«Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11
|
8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz
|
7.
|
«Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15
|
8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz
|
8.
|
«Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Ақтау қаласы, 1-шағын ауданы, 1
|
8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz
|
9.
|
«Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4
|
8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz
|
10.
|
«Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 1
|
8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz
|
11.
|
«Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 А
|
8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz
|
12.
|
«Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87
|
8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz
|
13.
|
«Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесі,105 А
|
8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz
|
14.
|
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122
|
8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz
|
15.
|
«Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5
|
8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz
|
16.
|
«Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28
|
8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |