«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызмет стандарты

Дата03.07.2016
өлшемі264.76 Kb.
#175734
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 22 шілдедегі

848 қаулысына

3-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 29 желтоқсандағы

2223 қаулысымен

бекітілген

«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызметі жергілікті әскери басқару органдарымен (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбелері осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.

ЖӘБО жоқ елді мекендерде әскерге шақырылушыларды есепке алуды және одан шығаруды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтің әкімдері қамтамасыз етеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ереженің 34-71-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 19) тармақшасының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау түрі тіркеу туралы куәлікте әскери есепке алу/шығару туралы белгі (мөртаңба) қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

2) әскери міндеттілікті атқарудан босатылғандарды;

3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтейтіндерді;

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - өтініш беруші ЖӘБО-ға өтініш жасаған сәттен бастап 10 минут;

2) кезекте күту уақыты - осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезде 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу үшін күту - өтініш беруші өтініш жасаған сәттен бастап 10 минут;

Орталыққа өтініш жасаған кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - қажетті құжаттар ЖӘБО-ға келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте барынша жол берілетін күту уақыты - 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:

аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

Қабылдау кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

Орталыққа өтініш жасаған кезде:

жексенбіні қоспағанда, түскі үзіліссіз, аптасына алты күн сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында немесе Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Өтініш берушілер әскери есепке алу және одан шығару үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

ЖӘБО-ға:

1) әскери есепке қою үшін:

белгіленген үлгідегі өтінішті;

жеке куәлігінің түпнұсқасын;

бұрынғы әскери есепте тұрған жерінен әскери есептен шығарылғаны туралы белгісі бар тіркеу туралы куәлікті;

жүргізуші куәлігін (ол бар болған кезде);

2) әскери есептен шығару үшін:

белгіленген үлгідегі өтінішті;

тіркеу туралы куәлікті;

Орталыққа:

1) әскери есепке қою үшін:

белгіленген үлгідегі өтінішті;

жеке куәлігінің көшірмесін;

бұрынғы әскери есепте тұрған жерінен әскери есептен шығарылғаны туралы белгісі бар тіркеу туралы куәлікті;

жүргізуші куәлігінің көшірмесін (ол бар болған кезде).

2) әскери есептен шығару үшін:

белгіленген үлгідегі өтінішті;

жеке куәлігінің көшірмесін;

тіркеу туралы куәлікті.

Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады, сондай-ақ өтініш бланкісінде жүргізуші куәлігінің (ол бар болған кезде) деректері көрсетіледі.

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталықтың қызметкері куәліктің көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарады.

12. ЖӘБО-да әскери есепке қою және одан шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және ЖӘБО қызметкерлерінде болады.

Орталықта әскери есепке қою және одан шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда және Орталықтың консультанттарында болады.

Әскери есепке қою және одан шығару үшін өтініш бланкілерінің үлгілері осы Стандартқа 4, 5-қосымшаларда көрсетілген және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz.интернет-ресурсында орналастырылады.

13. ЖӘБО-да (Орталықта) құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің (Орталық инспекторының) тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

14. ЖӘБО құжаттарды қабылдау туралы растама бермейді.

Өтініш берушіге өтініш жасаған сәтте мыналарды көрсете отырып, әскери билетке немесе уақытша куәлікке (әскери билеттің орнына) әскери есепке қабылдау немесе одан шығару туралы белгі (мөртаңба) қойылады:

1) күні және ЖӘБО-ның атауы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің қолы.

Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) құжаттардың нөмірлері мен қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

15. Өтініш берушіге өзі келген кезде «терезелер» арқылы ЖӘБО қызметкері әскери есепке қабылданғаны немесе одан шығарғаны туралы белгісі бар куәлікті қолына береді.

Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.

16. Құжаттарда қателер, түзетулер, өшірулер анықталған кезде ЖӘБО қызметкері өтініш берушіге әскери есепке қабылдаудан немесе одан шығарудан бас тарту себебін ауызша жеткізеді. Өтініш беруші әскери есепке қабылдау және одан шығару мерзімдерін бұзған жағдайларда ЖӘБО қызметкері өтініш берушіні құжаттарымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 508 және 510-баптарында көзделген шараларды қабылдау үшін ЖӘБО бастығына жібереді. ЖӘБО бастығы тиісті шараларды қабылдағаннан кейін өтініш беруші белгіленген тәртіппен әскери есепке қабылданады немесе одан шығарылады.

Орталықтан келіп түскен құжаттарда жоғарыда көрсетілген кемшіліктер анықталған кезде немесе осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған кезде ЖӘБО құжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.

Егер өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайларда Орталық оларды өтініш берілген күннен бастап 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

17. ЖӘБО-ның және Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

қызметтік міндеттерін атқарған кезде заңдылықты сақтау;

сыпайылық;

түпкілікті және толық ақпарат беру;

ақпараттың сақталуын, қорғалуын және оның құпиялылығын қамтамасыз ету;

құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

19. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20. ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмыстары жөніндегі көмекшілері (заң консульттары) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен талап- арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.

Орталық инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу туралы шағым Орталық директорының атына беріледі.

22. ЖӘБО-да дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайларда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмегені туралы шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталықтардың мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген. ЖӘБО мен Орталықтардың жұмыс кестелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

23. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде, сондай-ақ электрондық түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

Шағымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның пошталық мекенжайы және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш берушінің қолы қойылған немесе оның электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған болуға тиіс.

24. Жазбаша өтініш жасаған өтініш берушіге өтініштің қабылданған күнін және уақытын, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып талон беріледі.

Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады.

Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.

Берілген шағымды қарау барысын және оған жауапты ЖӘБО-дан білуге болады.

Орталыққа келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

ЖӘБО бастығы, жоғары тұрған уәкілетті орган немесе Орталық директоры қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

25. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 9-тармағында көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

Орталықтардың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.

«Әскерге шақырылушыларды әскери

есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

95%

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібінің сапасына және ол туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

80%

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

50%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

95%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

«Әскерге шақырылушыларды әскери

есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

Облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті әскери басқару органдарының мекенжайлары мен телефондары

Р/с

Облыстар, Астана және Алматы қалалары қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің атауы

ҚІД орналасқан мекенжай

Телефон нөмірлері

1

2

3

4

1

Астана қаласының ҚІД

010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 5 а

8(7172)72-18-54 38-27-09

2

Алматы қаласының ҚІД

050000, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 96

8(7272) 72-86-47 72-86-48

3

Ақмола облысының ҚІД

020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 42

8(7162) 25-77-82 40-16-82

4

Ақтөбе облысының ҚІД

030020, Ақтөбе қаласы, 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 12

8(7132) 54-54-64 54-74-13

5

Алматы облысының ҚІД

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33

8(7282) 21-06-78 21-09-67

6

Атырау облысының ҚІД

060007, Атырау қаласы, Канцев көшесі, 3

8(7122) 32-32-21 32-59-85

7

Шығыс Қазақстан облысының ҚІД

070019, Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі, 18

8(7232) 24-93-66 24-55-39

8

Жамбыл облысының ҚІД

080003, Тараз қаласы, Ленин көшесі, 59

8(7262) 43-17-96 45-04-78

9

Батыс Қазақстан облысының ҚІД

090001, Орал қаласы, Шевченко көшесі, 54

8(7112) 51-10-18 51-05-67

10

Қарағанды облысының ҚІД

100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 9

8(7212) 56-02-62 56-33-56

11

Қостанай облысының ҚІД

110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150

8(7142) 50-14-66 50-18-11

12

Қызылорда облысының ҚІД

120016, Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, 134

8(7242) 24-73-38 24-42-66

13

Маңғыстау облысының ҚІД

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 2-үй

8(7292) 43-24-81 43-32-51

14

Павлодар облысының ҚІД

140000, Павлодар қаласы, Чкалов көшесі, 20/1

8(7182) 68-31-70 68-31-80

15

Солтүстік Қазақстан облысының ҚІД

150000, Петропавл қаласы, Егемен Қазақстан даңғылы, 1

8(7152) 46-65-91 46-48-23

16

Оңтүстік Қазақстан облысының ҚІД

160011, Шымкент қаласы, Сарбаздар көшесі, 8

8(7252) 54-95-88 55-81-29

«Әскерге шақырылушыларды әскери

есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

Облыстар, Астана және Алматы қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен телефондары

Р/с

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының атауы

Орталықтар орналасқан мекенжай

Телефон нөмірлері

1

2

3

4

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй

8(7162) 40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8(7132) 56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

8(7282) 24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6-үй

8(7122) 28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

8(7232) 51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

8(7232) 33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

8(7262) 43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

8(7112) 23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

8(7212) 41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

8(7142) 54-10-20

11

Қызылорда облысының хқо

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй

8(7242) 23-08-46

12

Маңғыстау облысының хқо

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй

8(7292) 31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

8(7182) 33-47-55

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

8(7152) 33-31-03

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй

8(7252) 30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

8(7272) 63-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

8(7272) 48-17-77

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

8(7273) 78-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

8(7272) 39-65-52

20

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

8(7272) 34-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

8(7172) 37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

8(7172) 40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

8(7172) 32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81-көше, 85-үй

8(7172) 37-74-34

«Әскерге шақырылушыларды әскер

есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

__________________________________қорғаныс

(ауданы, қаласы)                       

істері жөніндегі бөлімінің (басқармасының)

бастығына

__________________________________________

(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты,          

__________________________________________

туған күні, айы, жылы,                 

__________________________________________

туған жері - селосы, кенті, қаласы, аудан         

__________________________________________

облысы, республикасы)                 

ӨТІНІШ

Мені тұрғылықты жерімді ауыстыруыма және/немесе ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан (ҚР ҚК, ІІМ ІӘ, ҚР ТЖМ, ҚР ҰҚК, ҚР РҰ) запасқа шығуыма, 3 айдан астам мерзімге уақытша келуіме (керектісінің асты сызылсын) байланысты әскери есепке қоюыңызды сұраймын.

Келген жерім___________________________________________________________________________________________________________

(әскери міндетті немесе әскерге шақырылушы келген қорғаныс істері

______________________________________________________________________________________________________________________

жөніндегі бөлімінің (басқармасының), әскери құралымының нақты атауы, олардың орналасқан орны көрсетілсін)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Тұрғылықты жері_______________________________________________________________________________________________________

(нақты мекенжайы, телефоны көрсетілсін)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Оқу, жұмыс орны және лауазымы__________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орнының атауы, ұйымның орналасқан жерінің нақты мекенжайы, телефоны көрсетілсін)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Білімі, азаматтық мамандығы______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Отбасылық жағдайы_____________________________________________________________________________________________________

(әйелінің (күйеуінің), балаларының тегі, аты,

______________________________________________________________________________________________________________________

әкесінің аты, туған жылы, күні, айы)

Әскери қызмет өткерген (әскер түрі, тегі, бөлімінің нөмірі) және/немесе оқу орнының әскери кафедрасында оқыған кезеңі көрсетілсін (ӘЕМ көрсетілсін)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Туыстарында тұратын әскерге шақырылушылар үшін олардың Т.А.Ә.,

туған жылы мен туыстық дәрежесі көрсетілсін_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Тұрғылықты жерімді ауыстырған жағдайда 7 күн мерзімде мекенжайымды хабарлауға міндеттенемін.

Қосымша: әскери билет, уақытша куәлік немесе тіркеу туралы куәлік.

20 ___ ж.«___»___________ _____________________/______________

«Әскерге шақырылушыларды әскери

есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

__________________________________қорғаныс

(ауданы, қаласы)            

істері жөніндегі бөлімінің (басқармасының)

бастығына

__________________________________________

(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты,

__________________________________________

туған күні, айы, жылы,        

___________________________________________

туған жері - селосы, кенті, қаласы, ауданы,

___________________________________________

облысы, республикасы)        

ӨТІНІШ

Мені___________________________________________________________________________________________________________________

(тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы, оқу орны, телефоны көрсетілсін)

_______________________________________________________________________________________________________________________

______________кетуіме байланысты әскери есептен шығаруыңызды сұраймын

Мынадай себептер бойынша_______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Әскери есептен шығару кезінде маған әскери есепке алу қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жеке ескертілді және 7 күн мерзімде жаңа тұрғылықты жерім бойынша әскери есепке тұруға міндеттенемін.

Менің жақын туыстарымның тұратын жері:_________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(жақын туысының тегі, аты, әкесінің аты, оның нақты мекенжайы, телефоны)

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша: әскери билет, уақытша куәлік немесе тіркеу туралы куәлік.

20.___ ж. «____» ______________ _____________________/___________

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет