Аусыл аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, ол желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік (афта) пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы аша тұяқты жануарлардың вирустық ауруы. Аусыл
АУСЫЛ - аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, ол желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік (афта) пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы аша тұяқты жануарлардың вирустық ауруы.

Індеттік ерекшеліктері.
Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бұғы және көптеген жабайы ашатұяқтылар ( сайғақ, бұлан, елік). Бірлі – жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шылдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусылмен адам да ауырады. Жас малдың бейіімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді. Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аурудың бірінші белгісі жануарлардың ыстығы 41 ˚ C – қа көтеріледі. Ауырған мал қатты қиналып, тамыр соғысы жиілеп, аузының кілегейлі қабығы мен коньюктивасы қызарады, күйіс қайыруы тоқтап, сүті қайтады тұяқ көбесі домбыға бастайды. Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуіктер (афта) көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Тұяқтың көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауықтар пайда болады да, өсе келе көгершіннің жұмыртқасындай болады. Мал ақсап, белін бүгіп, аяқтарын бауырына қарай жинап тұрады. Емшектері жіті домбығуға шалдығады. Желіні ісініп, мал қатты ауырсынады.