«Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы
Апачиди Константин Николаевич «Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі.
«Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы 1197 жылы тіркелген болатын.
Мәдени орталықтың негізгі мақсаты:
жастардың тәрбиесі мен білімін жіті қадағалап, оларға қолдау көрсету;
-
Қазақстан Республикасында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың өзара мәдени құндылықтармен алмасуға көмек көрсету.
Орталық жанында демалыс мектебі жұмыс істейді. Онда үлкендер мен балалар жаңа грек тілін меңгеріп, өз тарихи отанының рухани мәдениетіне атсалысады. Демалыс мектебінде этникалық гректер ғана емес, сондай-ақ грек мәдениетіне қызығушылық білдіріп, грек тілінде оқып, жазып үйренуге ынта-ықылас білдірген қазақ, орыс, неміс, украин халықтарының өкілдері де дәріс алып жүр.
«Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының белсенділері Греция өнері, әдебиеті мен мәдениетінің жетістіктерімен таныстыратын тақырыптық көрмелер, фестивальдер мен кештердің ұйымдастырушысы. Орталықтың шығармашылық ұжымы республикалық және облыстық көлемде өткізілетін барлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
Грек орталығының қызметі өзге этномәдени бірлестіктермен сындарлы серіктестік орнтауға бағытталған. Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті тарихи-мәдени орталығымен және Долинка елді-мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына еске алу мұражайымен бірлесіп, қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосуда.
Достарыңызбен бөлісу: |