Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы


Авиациялық персонал куәліктерін тоқтату және қайтару тәртібі



бет2/3
Дата22.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#153169
1   2   3

3. Авиациялық персонал куәліктерін тоқтату және қайтару тәртібі
      37. Авиациялық персонал авиациялық уақиғаға немесе қақтығысқа немесе ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіруге әкеліп соққан ұшуды орындау, қызмет көрсету және қамтамасыз ету нормалары мен қағидалары бұзылған жағдайларда, азаматтық авиация саласындағы Уәкілетті орган тергеу аяқталғанға және шешім қабылданғанға дейін куәліктің күшін уақытша тоқтатады. Куәліктің күшін уақытша тоқтату осы куәліктердегі біліктілік белгілерінің күшін тоқтатады.
      Егер куәлік алуға, оның мерзімін ұзартуға және/немесе жаңа жазбалар енгізуге өтініш білдіруші Уәкілетті органға көрінеу жалған және дұрыс емес ақпарат, сондай-ақ өтірік немесе қолдан істелген құжаттарды немесе олардың көшірмелерін тапсырса, маманның куәлігі тоқтатылуы және қайтарылуы мүмкін.
      38. Уәкілетті орган авиациялық персонал куәліктерінің күшін мына жағдайларда тоқтатады:
      1) ӘК ұшу жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындау технологиясының сақталмауы;
      2) тексеру кезінде айқындалған кәсіптік даярлықтың жеткіліксіздігі;
      3) ұшуды қамтамасыз еткенде және орындағанда, әуе қозғалысына қызмет көрсеткенде және техникалық қызмет көрсеткенде белгіленген талаптардың жүйелі немесе бір рет өрескел бұзылуы;
      4) жазбаларды және олармен байланысты қызметтік міндеттерді орындауға қатысты деректерді қолдан жасау;
      5) әуе кемесін басқарумен, ӘК ТҚ, ӘКҰ байланысты қызметті алкогольдік, нашақорлық және (немесе) уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болғанда орындау.
      39. Куәліктің күшін тоқтатқан Уәкілетті тұлға Акт (ұйғарым) ресімдейді және оны аталған авиациялық персоналдың бағыныштылығындағы азаматтық авиация ұйымының басшысына жібереді.
      40. Уәкілетті орган берілген куәліктерді келесі жағдайларда қайтарады:
      1) оның берген құжаттарын қолдан жасау жолымен куәлікті (мойындау туралы шешімді) алғанда;
      2) қызметтік міндеттерін орындауға қатысты жазбаларды және олармен байланысты қызметтік міндеттерді орындауға қатысты деректерді қолдан жасағанда;
      3) авиациялық персоналдың куәлігі жоғалғанда, тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда) өзгерту себепті және басқа техникалық себептер бойынша оны айырбастағанда;
      4) денсаулығы жағдайына байланысты зейнетке шыққанда немесе қайтыс болғанда (жұмыс орнынан деректер бергенде);
      5) жұмыста 5 жылдан артық үзіліс болғанда;
      6) соттың шешімі бойынша.
     41. Уәкілетті орган авиациялық персонал куәлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, Тізілімде «Ескерту» бағанында күні көрсетіліп куәлікті қайтару туралы жазба жасалады.
      42. Азаматтық авиация ұйымы Уәкілетті органның куәлікті қалпына келтіруі туралы өтініш жібереді.
      43. Жоғалған, ұрланған, бүлінген жағдайларда куәлік қалпына келтіріледі.
      44. Жоғалған немесе ұрланған жағдайда куәліктің күші жаңа куәлік алғанға дейін тоқтатылады.
      45. Жоғалған (бүлінген) куәлікті айырбастау үшін, азаматтық авиация ұйымдары Уәкілетті органға осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес құжаттармен, сондай-ақ куәліктердің жоғалғанын, ұрланғанын, бүлінгенін растайтын құжаттармен бірге өтініш жібереді.
      46. Уәкілетті орган құжаттарды түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырады және олар бойынша сәйкес шешім қабылдайды.
      47. Қолдаушы персонал сияқты, сертификаттау өкілеттіктерін жүзеге асыратын персонал, мұндай тексерістерге уәкілетті болатын Уәкілетті орган өкілінен сұрату алғанда, өзінің біліктілігін растау мақсатында 24 сағат ішінде куәлік береді.
Авиациялық персонал куәліктерін беру
және қолданылу мерзімін ұзарту  
қағидаларына 1-қосымша      
Авиациялық мамандар куәліктерінің сериялық әріптік кодтарының
және түстерінің кестесі



Коды (Сериясы)

Мамандығы

Түсі

ПИЛОТТАР

РРL(А)

Жеке пилот (ұшақ)

жасыл

LAPL (A)

Жеңіл әуе кемесінің пилоты (ұшақ)

қара көк

СРL(А)

Коммерциялық авиация пилоты (ұшақ)

күңгірт жасыл

АТРL (А)

Желілік пилот (ұшақ)

көгілдір

РРL (Н)

Жеке пилот (тікұшақ)

жасыл ақ фонда күңгірт сұр түсті екі жолақ

LAPL (A)

Жеңіл әуе кемесінің пилоты
(тікұшақ)

қара көк ақ фонда күңгірт сұр түсті екі жолақ

СРL(Н)

Коммерциялық авиация пилоты (тікұшақ)

күңгірт жасыл ақ фонда күңгірт сұр түсті екі жолақ

АТРL(Н)

Желілік пилот (тікұшақ)

көгілдір ақ фонда күңгірт сұр түсті екі немесе бірнеше жолақ

LAPL (В)

Жеңіл әуе кемесінің пилоты
(жылулық әуе шары)

қара көк

LAPL (As)

Жеңіл әуе кемесінің пилоты
(дирижабль)

қара көк

LAPL (S)

Жеңіл әуе кемесінің пилоты
(планерист)

қара көк

Ұшқыштар экипажының мүшелері

FN

Штурман

Қызыл

FE (FE(А)

Бортинженер (бортмеханик)

Қоңыр

FR

Бортрадист

Қызғылт сары

FE(Н)

бортмеханик

Қоңыр ақ фонда күңгірт сұр түсті екі жолақ

Ұшқыштар экипажының мүшелерінен басқа персонал

FO

Бортоператор

Ақ мәрмәр

FA

Бортсерік

Ақ мәрмәр

AML

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маман

Сарғылт

ТС

ӘҚҰ диспетчері

Сары

ASO

Авиациялық станция операторы
(теңіз қондырғысында орналасқан)

Көк

Аса жеңіл авиация (АЖА)

ULP

АЖА пилоты

Сарғыш

Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
қағидаларына 2-қосымша      
Нысан
ӘК техникалық қызмет көрсету куәлігіне арналған
өтініш



ӘК техникалық қызмет көрсету куәлігіне және куәлікке қатысты әрекеттерге (бірінші рет/өзгертулер мен толықтырулар енгізу/жаңарту немесе ұзарту) арналған өтініш

Өтініш берушінің деректері
Аты .............
Мекен-жайы .............
Азаматтығы ............. туылған күні және жері.................

AML куәлігін нақтылау (егер қолданылса)
Лицензия № .... Берілген күні ......
Куәлікке берілген қосымшаның № .....

Жұмыс орны туралы нақтылау:
Ұйымның атауы .............
Мекен-жайы .............
ӘК ТҚ бойынша ұйымның мақұлдау сертификатының нөмірі ............
Тел ............ Факс .............

Өтініштің мақсаты (сәйкес бокс):
Бастапқыда берілуі  өзгертулер//толықтырулар енгізу Куәлікті жаңарту (ұзарту)
Рейтинг                    А       В1     В2    В3   С
Реактивті қозғалтқыштары бар ұшақ
Піспекті қозғалтқыштары бар ұшақ       
Реактивті қозғалтқыштары бар тікұшақ
Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық        
Ең көп ұшу массасы 2 тонн а және одан төмен піспекті
Қозғалтқышы бар герметикалық емес ұшақ              
Ауыр ұшақтар                                                
Ауырға қарағанда, өзге ұшақтар                              
ӘК типін жазу/ Рейтингті жазу/ Шектеулерді алу (егер қолданылса):
...........................................................................................

Мен осы нысанды жоғарыда айтылғандай, куәлікті бірінші рет беру/өзгертулер мен толықтырулар енгізу/жаңарту немесе ұзарту үшін қолдануды қалаймын және өтінішті берген сәтте осы нысанға енгізілген ақпараттың дұрыстығын растаймын.
Осымен мен төмендегіні растаймын:
Менде басқа елдерде шығарылған, олардың кез келгенінде қайтарылған немесе тоқтатылған куәлік болған жоқ.
Сондай-ақ мен кез келген дұрыс емес ақпараттың мені AML куәлігін иелену құқығынан айыратынын түсінемін.
Қолы .............. Аты ..................
Күні ...........................

Мен келесі кредиттерді сұратуды қалаймын (егер қолданылса): .......................
Уәкілетті орган мақұлдаған оқытушы ұйымда оқыту үшін кредиттік тәжірибе ...........................
Емтиханға балама сертификаттарға арналған емтихандық кредиттер.
...........................
Сәйкес сертификаттарды қоса беруіңізді өтінеміз

Ұсыныстар (егер қолданылса): осымен өтініш берушінің білімі мен техникалық қызмет көрсету тәжірибесі бойынша ҚР сәйкес талаптарына сәйкес келетіні расталады және Уәкілетті органның куәлікті беруі немесе оған жазба жазуы ұсынылады.
Қол қойылды ............. Аты..........................
Лауазымы ................ Күні.........................

Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
Қағидаларына 3-қосымша      
Нысан
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның
жеке журналы



ӘК типі ............. ӘК ТҚ бойынша ұйым............

Күні

ӘК тіркеу нөмірі

Жұмыс нөмірі

Орындалатын міндетті нақтылау

Орындаушының деректері

Міндеттердің орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның деректері (егер қолданылса)

Қолы, аты-жөні, лауазымы, ұйымы, жеке мөртабанның немесе сертификаттың нөмірі (егер бар болса)

Қолы, аты-жөні, лауазымы, ұйымы, жеке мөртабанның немесе сертификаттың нөмірі (егер бар болса)

Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
қағидаларына 4-қосымша      
Нысан
ҰСЫНЫМ
(азаматтық авиация ұйымы)
куәлік беруге
_____________________________________________________________________
                       (куәліктің атауы)
_____________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
атқаратын лауазымы:
_____________________________________________________________________
Бөлімше:_____________________________________________________________
Әуе кемесінің типі (тері): __________________________________________
Туылған күні:________________________________________________________
Жалпы білімі: _______________________________________________________
Арнайы білімі және соңғы қайта даярлығы:_____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (оқу орнының, курстардың атауы, бітірген айы, жылы)
ӘҰЕК ұшу жұмысына жарамды деп танылған: _______________________ дейін
Жалпы ұшу: ______ сағат, оның ішінде түнде: ______ сағат
Өз бетімен ұшу: ____ сағат, оның ішінде түнде: _______ сағат: _______
ӘК типтері бойынша өз бетімен ұшу: __________________________________
Берілген ауа-райы минимумы:_______________________________________
Авиациялық уақиғалардың бар болуы: __________________________________
                                       (сипаты, ӘК типі, күні)
ӨНДІРІСТІК МІНЕЗДЕМЕ
ТҰЖЫРЫМ: өзінің адамгершілік-іскерлік қасиеттері бойынша қайта оқытуға лайықты
Басшы _______________ ______________ __________________
          (тегі)           (қолы)          (күні)
Авиациялық персонал куәліктерін беру
және қолданылу мерзімін ұзарту  
қағидаларына 5-қосымша       
Нысан
ҰСЫНЫМ
Объективті деректер
      1. Тегі, аты, әкесінің аты
      2. Туылған күні
      3. Куәлік нөмірі/куәліктің қолданылу мерзімі
      4. ӘК ТҚ бойынша куәлікке берілген қосымшаның нөмірі
      5. Куәлікке берілген қосымшаның негізінде куәліктің санаты
      6. Базалық білімі (оқу орны/мамандығы/бітірген жылы)
      7. ӘК техникалық қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі (кезеңі / лауазымы)
      8. ӘК типіне оқыту (ӘК типі/қозғалтқышы/рейтингі/ күні)
      9. Өтінішті берген сәттегі жұмыс орны
      10. Куәлікке берілген қосымша негізінде шектеулер (бар немесе жоқ)
      11. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері – базалық білім бағдарламасындағы курс / 9-модуль бойынша жеке курс (керегінің астын сызу) / курстан өткен күні
      1-ескерту – «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері» курстары дипломмен /сертификатпен расталуы тиіс.
      2-ескерту – куәлікті алу және/немесе оған рейтинг енгізу үшін қажетті ең аз тәжірибе өтініш берушімен құжат түрінде расталады.
      Күні / Өтініш берушінің қолы
Авиациялық персонал куәліктерін беру
және қолданылу мерзімін ұзарту  
қағидаларына 6-қосымша      
Нысан
Авиациялық персонал куәліктерін беру тізілімі





Куәлік типі

Куәлік №

Тағайындалуы

Берілген күні

Пайдаланушы

Жарамдылық мерзімі
Licence

Меншік иесі
(Иесі)

Мед.
куәлік мерзімі

Біліктілікті жоғарылату курстары
(БЖК)

Ескерту

1

CPL

В № 0000

Авиациялық жұмыстар















2

ATPL

Р№ 0000

Жолаушылар















3

AML

0000

ӘК ТҚ









Қолданылмайды





4

FAL- Atten- dant

СА № 000

қызмет көрсету














Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
Қағидаларына 7-қосымша      
Нысан
Авиациялық персонал куәлігіне қосымша беттің үлгісі



XII. Ratings

 
 
 
 
 
 
 
 
 

P №0001


XIII Special remarks



XIII Особые отметки
Special remarks

P №0000


XIV

Other details

Place of works
P №0000




I.



Republic
of Kazakhstan

II. ATTACHMENT
to the airline  transport
pilot licence

III. P №0000

IV. Name of holder in full
____________________

IX. The licence holder is granted to exercise the duties and act as prescribed under the item II and


XII.
LICENCE VALIDITY………..
X. Licensed Officer
XI. Stamp

            Signature


Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
Қағидаларына 8-қосымша      
ӘК ТҚ маманының куәлікке қажетті құжаттары



Р/к


Атауы

Атауын түсіндіру

1-ескерту

2-ескерту

1

ӘК ТҚ куәлігі

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігі – белгіленген үлгідегі құжат, онда оны беруге, оған жазбалар енгізуге, оларды жоюға, тоқтатуға ерекше құқық Уәкілетті органға тиесілі болады.

ӘК ТҚ бойынша куәлік міндетті, бірақ жұмыстарды орындаған соң сертификатты оның иегері әрі қарай пайдалануға рұқсатты беруді қосқанда, әуе кемелеріне, қозғалтқыштарға және олардың компоненттеріне маманның техникалық қызмет көрсетуі үшін жеткіліксіз құжат болып табылады.





Оқыту

Теориялық және практикалық бөлімдер кіретін белгіленген бағдарламалар бойынша білім беру және алу, ұйымдастыру процесі.





3

Теориялық оқыту (теориялық элемент немесе теориялық бөлім) / Theory

Теориялық оқытудың екі түрін ажыратады:





1

ӘК ТҚ куәлігін алуға кандидаттарды оқыту

Кім өткізеді:
1.оқытушы ұйым
2. өз бетімен
Мақсаты:
куәліктің бастапқы берілуі

Екі жағдайда да оқыту Уәкілетті орган мақұлдаған төмендегі бағдарламаларымен жүргізіледі:
1. Оқыту бағдарламасы (бағдарламалары)
2. Оқыту орталықтары (оқыту бағдарламасын өз бетімен зерделегенде тармақ қолданылмайды)

2

Обучение на тип ӘК для обладателя свидетельства ӘК ТҚ

Кім өткізеді: оқытушы ұйым
Мақсаты:
куәліктің «Rating» бағанына біліктілік белгісін енгізу

4

Теориялық курс

Теориялық оқытуды құраушы.





5

Емтихан / Examination

Емтихан – тыңдаушы өткен соң ол аяқталған соң жүргізілетін теориялық курс білімін тексеру. Емтихан Уәкілетті орган бекіткен емтиханды өткізу тәртібі, әдістемелер және мақұлданған бағдарламалар бойынша өткізіледі.

Кім өткізеді:
1. оған Уәкілетті орган мұндай құқық берген оқыту ұйымы, немесе
2. Уәкілетті орган



6

Практикалық оқыту (практикалық элемент немесе практикалық бөлім) / Practical

Практикалық оқыту – тыңдаушының теориялық оқыту нәтижелері бойынша білімін бекіту мақсатында авиациялық техникада өткізілетін теориялық оқытудың қосымша бөлімі, қосымша, «В» типті практикалық оқыту жүргізгенде – ӘК ТҚ дағдылар алу.
Практикалық оқытудың екі түрін ажыратады:
А. ӘК ТҚ бойынша куәлікті бастапқыда беру мақсатымен практикалық оқыту, оқытушы ұйым өзінің меншікті шарттарында немесе ӘК ТҚ (ӘК, аудандары, жайлары немесе цехтары) бойынша ұйым жағдайларында «Оқытушы ұйымның қызметі бойынша нұсқауға» (МТОЕ) сәйкес және осындай ұйыммен шарт негізінде өткізеді.
В. ӘК типіне оқытқанда практикалық оқыту, оқытушы ұйым өзінің меншікті шарттарында немесе онымен оқытушы ұйымның шарты бар ӘК ТҚ бойынша ұйым жағдайларында өткізеді.
Оқытушы ұйымда жағдайлар немесе осындай оқыту жүргізуге құқық болмағанда, оқытушы ұйым тыңдаушының теориялық бөлімді өткені туралы ғана сертификат береді, ал «В» типті практикалық оқыту ӘК ТҚ кез келген басқа ұйымында жүргізілуі мүмкін, бұл ретте осындай ұйымды таңдау құқығы онда маман жұмыс істейтін ӘК ТҚ бойынша ұйымда немесе маманның өзінде қалады.

«А» және «В» типті практикалық оқыту кезінде оқытушы ұйымның өзі Уәкілетті органның мақұлдауына жатады, бұл ретте:
1. практикалық оқыту бағдарламасы (бағдарламалары)
2. практикалық оқытуды бағалаушылар мақұлданған болып саналады
Ескерту: бұл жағдайда бағдарлама мен бағалаушыны жеке мақұлдау талап етілмейді.

ӘК ТҚ бойынша ұйыммен таңдалған басқа ұйымдарда немесе маманның өзі «В» типті практикалық оқыту жүргізгенде:
1. Практикалық оқыту бағдарламасы
2. Практикалық оқытуды бағалаушы (бағалаушылар) Уәкілетті органның мақұлдауына жатады.
Ескерту:
ӘК ТҚ бойынша ұйымның оқытуға талап етілген ӘК типтері және маманды практикалық оқытуға қажет көлемнен кем емес, оларда рұқсат етілген жұмыстардың көлемдері.

7

Практикалық оқыту дағдыларын бағалау / PRACTICAL Assessment

Практикалық оқыту дағдыларын бағалау, төмендегілер үшін өткізіледі:





1. ӘК ТҚ куәлігін алуға кандидат

Кім өткізеді: практикалық оқытуды бағалаушы (PRACTICAL Assessor I)
Не бағаланады:
«А» типті практикалық оқыту

Бағалаушы қалай және кіммен мақұлданады - Осы кестенің 6-тармағының
«1-ескерту» бағанын қараңыз.

2. ӘК типіне оқытқанда ӘК куәлігінің иегеріне

Берілген бағалау ӘК жеңіл де, ауыр да типтері үшін қолданылады

Кім өткізеді:
ӘК типіне оқытқанда практикалық оқытуды бағалаушы (PRACTICAL Assessor II)
Не бағаланады:
«В» типті практикалық оқыту

Бағалаушы қалай және кіммен мақұлданады
Осы кестенің 6-тармағының
«1-ескерту» және «2-ескерту» бағандарын қараңыз.

8

Практикалық машықтану дағдыларын бағалау / OJT Assessment

OJT Assessment - практикалық машықтану дағдыларын бағалау, төмендегілерді енгізу мақсатында жүргізіледі:

Берілген бағалау тек ӘК ауыр типтері үшін ғана қолданылады

1. ӘК ТҚ куәлігіне ӘК ауыр типті 1-ші рейтинг

Кім өткізеді: ӘК практикалық машықтануды бағалаушы (OJT Assessor)

Практикалық машықтану өткізгенде Уәкілетті орган мақұлдайды:
1.берілген практикалық машықтану жүргізуге ұйымдастыру
2.маманның практикалық машықтану бағдарламасын
3. берілген ұйымның практикалық машықтануын бағалаушыны
1-ескерту. Практикалық машықтану бағдарламасы (бағдарламалары), сондай-ақ егер Уәкілетті орган ӘК ТҚ бойынша ұйымның өзі мақұлдаса, оны бағалаушылар мақұлдаған болып саналады.
2-ескерту.
Бағалаушылар онда машықтану жүргізілетін және ол үшін қолайлы тәсілмен мақұлданған ӘК ТҚ бойынша ұйыммен көзделуі тиіс.

2. ӘК ТҚ куәлігіне ӘК ауыр типті 1-ші рейтингтен кейінгі

Кім өткізеді: ӘК практикалық машықтануды бағалаушы (OJT Assessor)
Берілген бағалау, берілген практикалық машықтану сияқты міндетті болып табылмайды және ӘК ТҚ бойынша ұйымның қарауынша жүргізіледі.

9

Куәлікті алуға кандидаты практикалық оқытуды бағалаушы / PRACTICAL Assessor I

«А» типті практикалық оқыту жүргізу кезінде персоналды бағалауға оқытушы ұйым қызметі бойынша нұсқау (МТОЕ) арқылы Уәкілетті орган мақұлдаған тұлға.

Бағалаушыны мақұлдау ерекшеліктері – Осы кестенің 6-тармағының
«1-ескерту» бағанын қараңыз.

10

ӘК типіне оқытқанда практикалық оқытуды бағалаушы / PRACTICAL Assessor II

«В» типті практикалық оқыту жүргізу кезінде персоналды бағалауға оқытушы ұйым қызметі бойынша нұсқау (МТОЕ) арқылы Уәкілетті орган мақұлдаған тұлға.

Бағалаушыны мақұлдау ерекшеліктері - Осы кестенің 6-тармағының
«1-ескерту» бағанын қараңыз.

11

Практикалық оқытуды бағалаушы OJT / Assessor

Бағалауға «ТҚ және РАТ бойынша ұйым қызметі бойынша нұсқау» (МОЕ) арқылы Уәкілетті орган мақұлдаған машықтану жүргізілетін ӘК ТҚ аса тәжірибелі маман.

Бағалаушыны мақұлдау ерекшеліктері - Осы кестенің 8-тармағының
«2-ескерту» бағанын қараңыз.

12

Ауыр ӘК

5700кг тең және одан артық ең көп ұшу массасы бар ӘК





13

Жеңіл ӘК

5700кг төмен ең көп ұшу массасы бар «Ауыр ӘК» санатына кірмейтін ӘК





14

Ауыр ӘК практикалық машықтану / OJT

OJT – ӘК ТҚ маманы куәлігінің «Rating» бағанына кандидаттың ӘК ауыр типті 1-ші белгіні алу мақсатында ӘК ТҚ бойынша ұйым шарттарында және тек оның мамандары (ӘК практикалық машықтануды бағалаушылар) өткізетін ӘК практикалық машықтану.

OJT өткізу принциптері
1. Практикалық машықтану кезінде жаттықтырғыштарға рұқсат етілмейді.
2. Машықтану бағдарламасы Уәкілетті органмен мақұлданады.
3. Машықтану бағдарламасына ӘК немесе оның компоненттерінде нақты міндеттерді орындау кіреді.
4. Бағдарлама ӘК типіне және машықтанушы куәлігінің санатына қатысты базалық емтихандар стандартының 50% міндеттерін жабуы тиіс.
Машықтанушының тәжірибесін кеңейту үшін, мүмкіндігінше, практикалық оқытуды өту шеңберіндегіге қарағанда, өзгеше міндеттер іріктеледі.
5. Емтихан тапсырғанға дейін 50% дейін машықтану орындалуы мүмкін.
6. Машықтану рәсімдері «ТҚ және АТ жөндеу бойынша ұйымның қызметі бойынша нұсқауға» (МОЕ) енгізілуі тиіс.
7. ӘК ТҚ бойынша ұйым ӘК ТҚ бойынша ұйымның рұқсат сертификатына енгізілген ӘК типтеріне жүргізілуі мүмкін.

15

Оқытушы ұйымда оқытудан өтетін кандидат үшін ӘК ТҚ куәлігін алуға қойылатын ең аз талаптар

1. Бастапқыда куәлік беру мақсатында кандидаттың теориялық оқудан өтуі
2. Теориялық курс және теориялық оқыту аяқталған соң кандидаттың емтихандарды белгіленгеннен төмен емес (өтпелі) деңгеймен сәтті тапсыруы.

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған дипломның немесе сертификаттың көшірмелері

3. Кандидаттың «А» типті практикалық оқытудан өтуі

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған сертификаттың көшірмелері

4. ӘК ТҚ куәлігінің мәлімделген санаты/санат бөлігі үшін ӘК техникалық пайдаланудағы жұмыс тәжірибесінің критерийлерге сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Жұмыс тәжірибесін растайтын дәлелдеу құжаттамасының көшірмелері

5. Осы Қағидалардың куәліктерді беру бойынша критерийлер мен талаптарға сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Осы Қағидалардың 16-т. Талаптарына сәйкес қажетті құжаттама пакеті

16

Өз бетімен оқудан өтетін кандидат үшін ӘК ТҚ куәлігін алуға қойылатын ең аз талаптар

1. ӘК ТҚ куәлігінің кандидат мәлімдеген санатына білім беру бағдарламасын өз бетімен меңгеру
2. Кандидаттың емтихандарды белгіленгеннен төмен емес (өтпелі) деңгеймен сәтті тапсыруы

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған емтихандарды тапсыру туралы құжаттың көшірмелері

3. ӘК ТҚ куәлігінің мәлімделген санаты/санат бөлігі үшін ӘК техникалық пайдаланудағы жұмыс тәжірибесінің критерийлерге сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Жұмыс тәжірибесін растайтын дәлелдеу құжаттамасының көшірмелері

4. Осы Қағидалардың куәліктерді беру бойынша критерийлер мен талаптарға сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Осы Ережелердің 16-т. талаптарына сәйкес қажетті құжаттама пакеті

17

ӘК ТҚ куәлікті ұзартуға қойылатын ең аз талаптар

1. Осы Қағидалардың куәлікті иелену бойынша критерийлер мен талаптарға сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Осы Қағидалардың 16-4 т. талаптарына сәйкес қажетті құжаттама пакеті

18

ӘК ТҚ куәлігінің «рейтинг» бағанына ӘК ауыр типінің 1-ші жазуын енгізу үшін ең аз талаптар

1. Кандидаттың ӘК типіне оқу мақсатында теориялық оқудан өтуі
2. Теориялық курс және теориялық оқыту аяқталған соң кандидаттың емтихандарды белгіленгеннен төмен емес (өтпелі) деңгеймен сәтті тапсыруы.

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған диплом немесе сертификат

Теориялық және практикалық бөлімдер бір сертификатта берілуі мүмкін.

3. Кандидаттың «В» типті практикалық оқудан өтуі

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған сертификат.

4. Кандидаттың ӘК практикалық машықтанудан өтуі

Уәкілетті органға беріледі:
Практикалық машықтану парақтарының көшірмелері

5. ӘК ТҚ куәлігінің мәлімделген санаты/санат бөлігі үшін ӘК техникалық пайдаланудағы жұмыс тәжірибесінің критерийлерге сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Жұмыс тәжірибесін растайтын дәлелдеу құжаттамасының көшірмелері

6. ӘК ТҚ маманының куәлігін иелену

Уәкілетті органға беріледі:
Куәліктің және оған берілген қосымшаның түпнұсқасы

19

ӘК ТҚ бойынша маманның «Rating» бағанына ӘК бірінші ауыр типінен кейін әрбір келесі жазуды енгізу үшін ең аз талаптар

1. Кандидаттың ӘК типіне оқу мақсатында теориялық оқудан өтуі
2. Теориялық курс және теориялық оқыту аяқталған соң кандидаттың емтихандарды белгіленгеннен төмен емес (өтпелі) деңгеймен сәтті тапсыруы.

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған диплом немесе сертификат

Теориялық және практикалық бөлімдер бір сертификатта берілуі мүмкін.

3. Кандидаттың «В» типті практикалық оқудан өтуі

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған сертификат



4. ӘК ТҚ куәлігінің мәлімделген санаты/санат бөлігі үшін ӘК техникалық пайдаланудағы жұмыс тәжірибесінің критерийлерге сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Жұмыс тәжірибесін растайтын дәлелдеу құжаттамасының көшірмелері



5. ӘК ТҚ маманының куәлігін иелену

Уәкілетті органға беріледі:
Куәліктің және оған берілген қосымшаның түпнұсқасы



20

ӘК ТҚ бойынша маманның «рейтинг» бағанына ӘК бірінші жеңіл типінен кейін бірінші және әрбір келесі жазуды енгізу үшін ең аз талаптар

1. Кандидаттың ӘК типіне оқу мақсатында теориялық оқудан өтуі
2. Теориялық курс және теориялық оқыту аяқталған соң кандидаттың емтихандарды белгіленгеннен төмен емес (өтпелі) деңгеймен сәтті тапсыруы

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған диплом немесе сертификат

Теориялық және практибөлімдер бір сертификатта берілуі мүмкін.

3. Кандидаттың «В» типті практикалық оқудан өтуі

Уәкілетті органға беріледі:
Уәкілетті орган мойындаған сертификат







4. ӘК ТҚ куәлігінің мәлімделген санаты/санат бөлігі үшін ӘК техникалық пайдаланудағы жұмыс тәжірибесінің критерийлерге сәйкестігі

Уәкілетті органға беріледі:
Жұмыс тәжірибесін растайтын дәлелдеу құжаттамасының көшірмелері





5. ӘК ТҚ маманының куәлігін иелену

Уәкілетті органға беріледі:
Куәліктің және оған берілген қосымшаның түпнұсқасы

21

Сертификатталған персонал

А, В1, В2, В3 немесе С санатты қолданыстағы куәліктер және жеке сертификаттық рұқсаттар негізінде ӘК жұмыстарды орындаған соң әрі қарай пайдалану үшін ӘК жіберетін персонал



22

Қолдаушы персонал

Базалық ӘК ТҚ жұмыс істейтін, сертификаттау құқықтарын (артықшылықтарын) білуі міндетті емес, сәйкес ӘК рейтингі бар, В1, В2 және/немесе В3 санатты куәлікті иеленуші персонал.



23

ӘК ТҚ бойынша маманның құқықтары (артықшылықтары)

Азаматтық авиация ұйымымен күшіндегі лицензияны және ӘК ТҚ орындауға сертификаттық рұқсатты қолданушыға ресми берілген, шектелген құқықтар мен міндеттер.



24

Пайдалануға рұқсат ету сертификаты

Олардың ұшуға жарамдылығын растау мақсатында ӘК ТҚ бойынша жұмыстарды оның компоненттерін орындаған соң маманмен берілген ӘК пайдалануға рұқсат. Пайдалануға рұқсат сертификаты маманның жеке қолы немесе ӘК ТҚ бойынша ұйым маманға берген жеке мөртабан қою арқылы іске асырылады.



25

Кредит

Маман меңгерген базалық білім бағдарламасын ҚР-да бекітілген «Базалық білім бағдарламасының» талаптарымен салыстыру жолымен Уәкілетті орган құрастырған «Кредит туралы есептің» негізінде емтихан өткізбей, сынақ алу және «Базалық білім бағдарламасының» қандай да бір модулін мойындау.



26

Оперативті
ӘК ТҚ

«Оперативті ӘК ТҚ» (Желілік ӘК ТҚ) ретінде ӘК өндірушісінің ТҚ Регламентімен (ӘК ТҚ бағдарламасымен) анықталған, ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жиынтығы.



27

Базалық ӘК ТҚ

«Мерзімді ӘК ТҚ» (Базалық ӘК ТҚ) ретінде ӘК өндірушісінің ТҚ Регламентімен (ӘК ТҚ бағдарламасымен) анықталған, ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жиынтығы.



28

Сертификаттық рұқсат

Берілген сертификаттық рұқсатпен анықталған өкілеттіктер (артықшылықтар) шегінде ӘК немесе оның компоненттеріне текникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындаған соң, пайдалануға рұқсат ету сертификатын беру құқығымен, азаматтық авиация ұйымы ӘК ТҚ куәлігінің иегеріне берген рұқсат. Сертификаттық рұқсат жеке беріледі және жеке бланкіде басылып шығарылады.



29

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ)

ӘК немесе оның компоненттерінде аталған әрекеттердің кез келгенін немесе комбинациясын білдіреді – күрделі жөндеу, жай жөндеу, тексеру, айырбастау, ұшу алдындағы инспекцияны қоспағанда, ӘК немесе оның компоненттерінде өзгерту немесе жарамсыздықты жою.



30

ӘК жай ақаулары

Уәкілетті орган белгілеген тізбе.



31

Сәйкес ӘК және/немесе компоненттері

ӘК ТҚ немесе компоненттерінің маманның жеке сертификаттық рұқсатында анықталғанын білдіреді.



32

ӘК

Әуе кемесі, қозғалтқыш және оның компоненттері.



33

Рейтинг

ӘК ТҚ бойынша маман куәлігінің «Rating» бағанында В1, В2, В3 немесе С санаттарының бірі, сондай-ақ ӘК типті (өндіруші тобының бөлімі) және оның қозғалтқышы бойынша біліктілік белгісі.

Ажыратады:
1. жеке типті ӘК рейтингі

Қолданады:
ауыр ӘК үшін

2. ӘК өндірушісі тобы бөлімінің рейтингі

жеңіл ӘК үшін

34

Нақты ӘК ТҚ / Нақты ӘК ТҚ жұмылдыру

ӘК ТҚ қолданыстағы куәлігі бар ӘК маманының жұмысын және сертификаттық рұқсат өкілеттіктерін пайдалануды және/немесе ӘК тура осындай типінде немесе жеке сертификаттық рұқсатпен анықталған ӘК жүйелерінің топтарында ТҚ нақты орындауды білдіреді.



35

Модуль

ӘК техникалық қызмет көрсету бойынша куәлік алуға кандидаттың «Базалық білім бағдарламасының» жеке алынған бөлімі.



36

Маман ӘК ТҚ орындаған соң орындалған жұмыстарды сертификаттау құқығын беретін құжаттар

1. Қолданыстағы ӘК ТҚ куәлігі
2. Қолданыстағы сертификаттық рұқсат
3. Оған берілген санаттарымен бірге ӘК ТҚ жөніндегі маманның куәлігіне қосымша

Сертификаттық рұқсатқа куәлікке қосымшада көрсетілген куәлік санаттарының рейтингтері кіруі тиіс, осыдан, ӘК ТҚ жөніндегі маманға өз құқықтарын (артықшылықтарын) жүзеге асыруға рұқсат етілуі мүмкін.

37

Мамандардың

кәсіптік деңгейін қолдау



ӘК техникалық пайдаланумен байланысты тақырыптарды, ӘК ТҚ ережелері мен рәсімдерін, ӘК ТҚ саласындағы озық тәжірибені, авиациялық техниканың істен шығуы мен жарамсыздықтарын, ӘК болған қақтығыстарды зерделеу процесі, нақты ӘК ТҚ жұмылдырылған мамандардың білімін жинақтау мақсатында адамның ӘК ТҚ нәтижелеріне әсері. Тақырыптардың принциптері және ең аз бағдарламасы төменде келтірілген тізбеге сәйкес келеді.
Принциптері.
1. Мамандардың кәсіптік деңгейін қолдау үшін жауапкершілік ӘК ТҚ бойынша ұйымға жүктеледі.
2. Тақырыптарды зерделеу әдісі оқытушы мен тыңдаушылардың тікелей қатынасуы арқылы интерактивті және аралас болуы мүмкін.
3. Курстың ұзақтығы 2-ші жазғы күнтізбелік циклдің аяғына қарай аяқталады.
4. Персоналдың шамадан тыс жүктемесін және персоналдың жұмыс бастылығының ӘК ағымдағы пайдалануға оқытуға әсерін қоспағанда, курс бүкіл зерделеу кезеңіне біркелкі бөлінеді.
4. Оқытуды бағдарламалар бойынша оқытушылар жүргізеді, бұл ретте оқытушыларды және бағдарламаларды Уәкілетті орган осындай оқытуды өткізуге ӘК ТҚ бойынша ұйымның қызметі бойынша нұсқау (МОЕ) арқылы мақұлдайды.







Бағдарлама.
1. ӘК ТҚ қатысты адамның мүмкіндіктері мәселелері.

Осы Қағидалардың 16-т. 10–тармақшасында талап етілген курс Бағдарламаның берілген тармағын ауыстырмайды, дербес болып табылады және Мамандардың кәсіптік деңгейін қолдау бағдарламасынан тыс жүргізіледі.

2. Авиациялық заңнама мәселелері



3. ӘК ТҚ саласындағы саясат, ӘК ТҚ ұйымының құрылымы, ӘК ТҚ бойынша ұйымның рәсімдері және олардағы өзгерістер.



4. ӘК ұшуға жарамдылығын қолдау ережелері.



5.Ұшуға жарамдылық деректемелерінің, сервистік бюллетеньдердің және сервистік хаттардың мазмұны

Тармақ ӘК ТҚ бойынша ұйым қызмет көрсететін ӘК, қозғалтқыштарға және компоненттерге қатысты қолданылады





6. Сертификаттаушы және қолдаушы персоналдың өкілеттіктері



7. ӘК істен шығуы мен жарамдылықтарын және ӘК болған қақтығыстарды талдау.



8 Шетелдік ӘК қауіпсіздікті бағалау бойынша есептер (SAFA reports)

Егер бар болса

9 ӘК ТҚ бойынша ұйым, сапа кепілдігі бөлімі және персоналдың зерделеуі тиісті ұшу қауіпсіздігі бөлімі шығарған құжаттар, соның ішінде «қол қойып» зерделеуге тиісті құжаттар



10. Басқа тақырыптар

ӘК ТҚ бойынша ұйымның қарауына

38

Сертификатталмайтын персоналдың құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері және рұқсат етілген жұмыстарының көлемдері.

Мұндай персоналдың құқықтары, міндеттері, ӘК жұмыстарды орындауға рұқсат етілген жұмыстарының көлемдері ӘК ТҚ бойынша ұйымның рәсімімен анықталады.

Жұмыстарды сертификаттау бағанында қол қою құқығынсыз орындау бағанында қол қою құқығымен сертификатталушы персоналдың бақылауымен жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі.

39

Права, обязанности и полномочия персонала, не обладающего свидетельством и сертифика-ционным разрешением

Мұндай персоналдың құқықтары, міндеттері, ӘК жұмыстарды орындауға рұқсат етілген жұмыстарының көлемдері ӘК ТҚ бойынша ұйымның рәсімімен анықталады.

Қандай да бір құжаттамаға қол қою құқығынсыз сертификатталушы персоналдың бақылауымен жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі.

41

Практикалық машықтану супервайзері

ӘК ТҚ бойынша ұйым машықтанушы практикалық машықтану өткізгенде жеке міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру және оған қажетті дағдыларды беру үшін тағайындаған маман

Практикалық машықтану супервайзерін арнайы мақұлдау талап етілмейді. Супервайзер функцияларын орындауға мамандарды іріктеу үшін критерий ӘК талап етілетін типінің рейтингін иелену, куәліктің талап етілетін санаты, сондай-ақ олар бойынша машықтану жүргізілетін жұмыстарды жүргізудегі жеткілікті тәжірибе болып табылады.

Авиациялық персонал куәліктерін беру


және қолданылу мерзімін ұзарту  
Қағидаларына 9-қосымша      
Қосымша нөмірі ХХ ХХ ХХ (нөмірлеу ұсынылады – жылы және нөмірі реет бойынша, мысалы, 13 00 01, 13 00 02 және т.б., нөмірлеу жыл басынан қайта басталады)
XV. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігіне қосымша.
1. ӘК ТҚ бойынша куәлік иегерінің толық аты
2. Оған осы қосымша берілген куәліктің нөмірі
3. Шарттар.
3.1 Куәлікке оның иесі қол қояды және оны фотосуреті қоса беріледі.
3.2 Осы Қосымшаның «Санаттар» бөліміне енгізілген санаттар туралы белгілері оның иегеріне әуе кемесін пайдалануға рұқсат ету сертификатын шығаруға рұқсат етпейді.
3.3 «Рейтинг» бөліміне енгізілген жазбалары бар куәлік ИКАО Annex 1 талаптарына сәйкес келеді.
3.4 Осы куәлік иегерінің құқықтары Қазақстан Республикасының ұлттық ережелерінде сипатталған.
3.5 Егер оған дейін куәліктоқтатылмаса немесе жойылмаса, куәлік осы Қосымшаның «Шектеулер» бағанында анықталған күнге дейін жарамды болып қалады. Егер шектеулер жоқ болса, куәліктің қолданылу мерзімі жалпы тәртіппен анықталады.
3.6 Егер алдыңғы 2 жылдық кезеңде куәлік иесінің куәлікпен қамтамасыз етілген құқықтарға сәйкес ӘК техникалық қызмет көрсетуде 6 ай тәжірибесі болмаса, немесе сәйкес құқықтарды бастапқыда бергенде шарттарды орындамаса, осы куәліктің құқықтары іске асырылмайды.
3.7 Куәлік берілген қосымшасыз жарамсыз болып табылады.
3.8 Қосымшаның жеке нөмірі куәліктің «Арнайы белгілер» бөлімінде көрсетіледі.
4. Куәліктің санаттары



Санаттары

А

В1

В2

В3

С

Реактивті қозғалтқыштары бар ұшақтар





Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Піспекті қозғалтқыштары бар ұшақтар





Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Реактивті қозғалтқыштары бар тікұшақтар





Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Піспекті қозғалтқыштары бар тікұшақтар





Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

ӘК авиациялық және радиоэлектрондық жабдығы

Қолданылмайды

Қолданылмайды



Қолданылмайды

Қолданылмайды

Ауыр ӘК

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды



Ауыр ӘК қарағанда, өзге ӘК

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды



Ең көп ұшу массасы 2000 кг және одан төмен герметикалық емес піспекті ұшақтар

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды



Қолданылмайды

3. Шектеулер: (егер шектеулер бар болса, олар көрсетіледі / егер шектеулер жоқ болса, онда «жоқ» деп жазылады)


Қосымшаның берілген күні.
Уәкілетті органның жауапты тұлғасының қолы
Уәкілетті органның мөрі
Авиациялық персонал куәліктерін беру
және қолданылу мерзімін ұзарту  
Қағидаларына 10-қосымша     

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет