Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы «__» ________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
2-қосымша
«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасымен өтінім көрсетілетін қызметті берушіге кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы тапсырған сәттен бастап, жүгінген кезде:
авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру – күнтізбелік алпыс күн;
авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік телнұсқасын беру – күнтізбелік он күн;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (куәліктің телнұсқасы).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызған кезде - қағаз түрде;
көрсетілетін қызметті алушы порталда авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (куәліктің телнұсқасы) электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.
Штат санына байланысты авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 743 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш;
2001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі* екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
Ескерту: *женіл және аса женіл авиация пайдаланушылар төлем жинау тек бастапқы сертификаттау кезінде жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті алушы порталға мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштермен жүгінген кезде келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
4) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері;
5) өтініш берушінің мынаны:
өтініш беруші қызметінің негізгі орнын;
ұшудың болжамды түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігін қамтитын ақпараты;
6) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә.А., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
7) мынадай:
ұшу қызметі;
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;
ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі;
сапаны бақылау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі басшылар тағайындалғанын растайтын құжаттар;
8) типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері, ұшуға жарамдылық сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергілікті жердегі (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетілген әуе кемелерінің тізімі. Әуе кемелерін жалға алған жағдайда, жалға алу (лизинг) шарттарын көрсету қажет;
9) ұшу персоналын және жердегі персоналды даярлау мен аттестаттауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат;
10) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылатын немесе жеке құжат ретінде әзірленген персоналды алғашқы даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарлама (нұсқау);
11) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы;
13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
14) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы 5700 кг. астам әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқау;
15) байланыс рәсімдерін (dispatch) қоса алғанда, ұшудың орындалуын басқару және оған бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат;
16) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
17) пайдаланушының өз авиациялық қызметінің қажетті түрлерін қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
18) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
19) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы құжаттар;
20) пайдаланушының өзі немесе шарттық негізде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат;
21) жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
22) сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылығын қолдауға арналған шарттардың көшірмелері.
Құжаттардың бәрінің қағаз көшірмелері мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, өтінішті ұсынады.
Порталға:
авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (телнұсқасын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта тізбеленген электрондық түрдегі құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.
Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Авиациялық жұмыстарды орындауға
арналған куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына
__________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкті
алуға өтiнiм 1.____________________________________________________________
(авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу (қолдану мерзiмiн ұзарту) мақсатында ____________________сертификаттау жүргiзудi сұраймын. (өтiнiш берушiнiң толық атауы)
2. Өтініш берушінің ЖСН/БСН_______________________________
3. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның банк деректемелерi: ______________________________________________________
4. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның орналасқан жерi (мекенжайы)
немесе өтiнiш берушi жеке тұлғаның тұрғылықты жері:____________________
5. Өтініш берушінің пошталық мекенжайы (нақты): _______________
6. Байланыс телефоны/факс/электрондық поштаның мекенжайы, АФТН
коды: _______________________________________________________________
7. ӘК орналасқан әуеайлақ (алаң): _____________________________
8. Мәлiмделетiн авиациялық жұмыс түрлерi: _____________________
9. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс ұшу
өңiрлерi: ___________________________________________________________
10. Ұшуды бастаудың жоспарланған күні _________________________
11. Басқарушы персонал
Лауазымы
|
Т.А.Ә.А., туған жылы, телефон
|
Тағайындалуы туралы бұйрық
|
Білімі
|
Маманның сертификаты (куәлігі)
|
|
|
|
|
| 12. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшу құрамы
Лауазымы
|
Т.А.Ә.А., туған жылы
|
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
|
Маманның куәлігі (медициналық қорытындылары)
|
Жалпы ұшуы
|
Ұшуға және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсаты
|
|
|
|
|
|
| 13. Инженерлік-техникалық персонал
Лауазымы
|
Т.А.Ә.А.
|
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
|
Маманның куәлігі
|
Жалпы жұмыс өтілі
|
Жұмыстарды орындауға рұқсаты
|
14. Әуе кемелері
ӘК типі және борттық нөмірі
|
Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі
|
Мемлекет, қала және орналасу әуежайы
|
Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі
|
|
|
|
|
15. Шет мемлекеттерде авиациялық жұмыстарды орындау
Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі
|
Жалға алушы (тапсырыс беруші)
|
Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы
|
Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі
|
|
|
|
|
16. Өтiнiш берушi:- сертификаттау рәсімдерін орындауға;
- сертификаттық талаптарға сай болуға;
- азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға ұшуды ұйымдастыруға, қамтамасыз етiлуi мен орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.
____________________________________________________________________
өтiнiш берушi заңды тұлғаның (басшының лауазымы, Т.А.Ә.А., қолы)
М.О.
____________________________________________________________________
өтiнiш берушi жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., қолы
Достарыңызбен бөлісу: |