Doç.Dr.Şolpan KARSIBEKOBA
56
қолданылып есімді бұйрықты сөйлем болып тұр. Бұл сияқты бұйрық мәнді
сөйлемді Ж.А. Жакупов «бұйрық атаулы сөйлем» деп берген болатын (Zhakupov,
1999: 47).
ә) Бұйрықты сөйлемдер бағыт мәнін білдіретін барыс септікті жанама
толықтауыш немесе мекен, мақсат пысықтауыштарынан болады: — Маған!..
Маған!.. Маған!.. – деп шуласқан қайыршы балалар у-шу болып таласты да
қалды («Жас Алаш»).
Пистолетін жоғары көтерген қалпы, қарлығыңқы дауыспен айқайлап
жіберді:
— Батырлар, гвардеецтер, алға! (Ә. Сәрсенбаев).
Сол сәтте дабыл қағылды. Әскер лек-лек боп сапқа тұрды.
— Алға! – деді Сауық. – Ұлы Шыңғыс аруағы қолдай көр! (І. Есенберлин).
Сансыз қол қылышын жарқылдатып, шуылдасып кетті.
— Ұрағша-а-а! Алға-а-а! (Х. Әдібаев).
Достарыңызбен бөлісу: |