Avrasya uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt: 4 •Sayı: 9•Temmuz 2016•Türkiye есімді бұйрықты сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі175.21 Kb.
#451509
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
10.33692-avrasyad.509480-620916



Makalenin Dergiye Ulaşma Tarihi:10.04.2016

Yayın Kabul Tarihi:

 09.05.2016

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4 •Sayı:9•Temmuz 2016•Türkiye

ЕСІМДІ БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР

Doç.Dr.Şolpan KARSIBEKOBA



АННОТАЦИЯ 

Қандай да бір сөйлемнің мақсаты (мейлі ол етістікті немесе есімді сөйлем болсын) 

– айтушының түрлі мақсаттан туындаған хабарын жеткізу. Ол өз бойында шындық болмыс 

жағдаяты  туралы  ақпарат,  я  болмаса  бір  нәрсе  туралы  сұрақ  немесе  сөйлесу  барысына 

қатысушы екінші тұлғаны   іске қосу мақсатын қамтуы мүмкін. Соның нәтижесінде сөйлем: 

хабарлы,  сұраулы  және  бұйрықты  сөйлемдер  сияқты  функционалды  типтерге  бөлінеді. 

Егер  хабарлы  сөйлемде  сөйлеу  актісіне  қатысушы  тұлғалардың  тікелей  байланысын 

қажет  етпесе  (яғни  айтушының  өзі  хабарлап  отырған  ақпаратты  нақты  бір  адресатқа 

бағыттауы міндетті емес), сұраулы және бұйрықты сөйлемдерде жағдай басқаша. Мұнда, 

қалыпты  жағдайда,  сөйлемнің  нақты  адресатқа  бағытталуы,  сөйлеу  актісіне  қатысушы 

екінші  тұлғаның  (сұхбаттас  адамның)  белсенді  реакциясын  қажет  етеді.  Ол  белгілі  іске 

қосу  үшін  екінші  тұлғаға  бағытталған  сұраулы  немесе  бұйрықты  сөйлемнің  мағынасында 

ашық немесе жасырын (имплицитті) түрде көрініс береді. Бұл оларды (сұраулы, бұйрықты 

сөйлемдер)  өз  кезегінде  хабарлы  сөйлемнен  ажырататын  басты  белгілердің  бірі  болып 

табылады..





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет