Автоматты топтасқан өлшеу қондырғысының (АТӨҚ) жұмыс жасау әдісі


Автоматты топтасқан өлшеу қондырғысының (АТӨҚ) жұмыс жасау әдісі



бет2/2
Дата25.01.2024
өлшемі15.66 Kb.
#489842
1   2
АӨҚ жұмысы

Автоматты топтасқан өлшеу қондырғысының (АТӨҚ) жұмыс жасау әдісі

МГК объектілері үшін өлшеу құрылғыларын жоспарлау өнімнің қабылданған әзірленім сызбасын, физикалық-химиялық қасиетін және ұңғымалардың өнімділігін ескере отырып жүргізіледі.


АТӨҚ техникалық сипаттамасы дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес, жұмыстың нақты шарттарына және МГК қауіпсіз пайдалануына сәйкес болу қажет. Күкіртті сутек бар кен орны үшін тотығуға қарсы орындау және ұңғыма өнімдерін ингибирлеу, зиянды заттарды жою және қайта пайдаға асыру қарастырылады.
Мұнайгаз кеніштерді өңдеуді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қарастырылатын шаралар:
1) жабдықтың, технологиялық процестердің, қызметкерлердің жарылыс өрт қауіпті учаскілерінде үнемі болуды жоятын және объекттің техникалық жағдайы туралы ақпараттың, МГК өндірудің технологиялық өлшемдердің алуын және тіркеуін апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныстың автоматтандырудың барынша деңгейі;
2) қауіпті және апаттық жағдайлар кезіндегі жұмыс істейтін блоктау жүйесі, алдын ала және дабылдамад құрылғылардың көп деңгейлі жүйесі;
3) ауа ортасының автоматтандырылған бақылауы және жұмыс аймағындағы саңылаусыздығын, газдалғанды, адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсердің қаупін ерте анықтау;
4) автономдық авариялық байланыс және хабарландыру жүйесі, персоналдар мен халыққа мүмкін болатын қауіп туралы жедел хабар беру.
Күкіртті сутектің барымен ТПАЖ мыналарды көздейді:
1) ұңғыманың, аппараттың, жабдықтың, технологиялық желінің, қондырғының апаттық жағдайында технологиялық орталардың газ жинау жүйесіне және шырақ желісіне технологиялық орталардың ауыстырылуымен автоматты және қолмен ажыратылуы;
2) технологиялық желісін, қондырғының, жабдықтың кезекші оператордың пультынан қашықтықтан тоқтату және күкіртті сутектің шығарылуын жоятын қауіпсіз жағдайына ауыстыру;
3) технологиялық процесстердің негізгі өлшемдерін қашықтықтан бақылау және үздіксіз автоматты тіркеу;
4) технологиялық ортаның қысымын және автоматты реттеу, қауіпсіздіктің рұқсат берілген шегінде;
5) белгіленген рұқсат берілген мағыналардан технологиялық өлшемдерін өзгерткен кезде автоматты дыбыс және жарық дабылдамасы, ауа ортасының газдануы, қосқыштардың орнатылған жерлерінде және оператордың пультында дабылдаманың хабарлауыш дыбыстардың берілуімен күкіртті тетікті анықтау.
Автоматтандырудың аспаптары мен құралдары жасаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық және климаттық ережелерге сәйкес пайдаланылады.
Басқару бекеттерінде мына функцияларды қамтамасыз ететін аппаратура көзделген:
1) қауіпті апаттық тәртіптер туралы апаттық дабылдама және технологиялық кешеннің әр блогы бойынша автоматты қорғаныстың жұмыс жасауы;
2) технологиялық процестердің өлшемдерін өзгерту және белгіленген тәртіптен ауытқу туралы дабылдама;
3) технологиялық өлшемдердің автоматты түрде реттелуі;
4) технологиялық блоктарды, агрегаттарды, тиектеулі арматураны, орындаушылық құрылғылар мен тетіктерді қашықтықтан басқару;
5) жұмыс орындаушыларына ақпаратты тіркеу және беру және МГК өндіру объектілерін басқару деңгейі бойынша.
Операторлық және диспетчерлік бекеттер тиісті коммуникациялары бар, қуат жабдықтау, байланыс, телеметрия, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпті және апаттық жағдайларда сыртқы әсерден күзет және қорғанысы бар ең қауіпсіз орындарда орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет