Аягөз ауданының 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі16.03 Kb.
#6821
Аягөз ауданының 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

(жеделдетілген деректер бойынша)


2009 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында аудан өнеркәсіптері бойынша қолданыстағы бағамен 3578,0 млн.теңгенің тауарлық өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылық өнімдері 5567,5 млн. теңге құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға артты.

2010 жылдың 1 қаңтарына барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 69133 бас, оның ішінде аналығы 30871, қой мен ешкі – 267751, жылқы – 18705, құс –28085 бас. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 3,6%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 6,8%-ға артқан.

Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 13915,7 тонна (2008 жылғы денгейге қатысты 107,3%), сүт өндіру – 44829,6 тонна (105,8%), жүн 495,7 тонна (116,8%), жұмыртқа алу – 3791,6 мың дана (104,5%) құрады.

2009 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1825,0 млн.теңгені құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 340 адам болды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61 адамға аз. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,9% болып қалыптасты.

2009 жылдың қаңтар-қараша айларында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 50376 теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға өсті. Жалақының ең жоғарғы денгейі көлік және байланысқа қарасты мекемелерде, ал ең төмені әлеуметтік және коммуналдық қызмет мекемелерінде.

2009 жылдың 12 айында жалпы аумағы 3962 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артты.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 127 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 73.

Құқық қорғау органдары бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына 314 қылмыстық іс тіркеліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,4%-ды құрады. Ашылу денгейі 62,8%.



2009 жылдың 12 айында жергілікті бюджетке 1230,5 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 102,2% құрап отыр.

Жыл басынан бері 1443,7 млн.теңге субвенция алынды, 467,1 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 247,9 млн.теңге даму трансферттері алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет