Аягөз ауданының 2010 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата22.02.2016
өлшемі29.64 Kb.
#1719
Аягөз ауданының 2010 жылдың 7 айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2010 жылдың 1 тамызына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 1950,8 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93,7% құрады.

Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3164,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 13%-ға немесе 364,6 млн.теңгеге артты.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 7443,0 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,6% құрады. 24709,7 тонна сүт (2009 жылдың 1 тамызына қатысты 102,6%), 2307,6 мың дана жұмыртқа (102,8%), 501,6 тонна қой жүні (101,2%) өндірілді.



Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2010 жылдың 1 тамызына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 721,1 млн.теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-шілде айының деңгейіне 142,5% немесе 239,5 млн.теңгеге артты.

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2090,8 млн.теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 515,2 млн.теңгеге немесе 32,7%–ға артты.

Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 тамызына тіркелген шағын кәсіпорындар саны 124 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 66 немесе 53,2%, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 3,6%-ға төмен.

Тіркеуде тұрған шаруа қожалықтарының саны – 1090, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 1040.



Құрылыс және коммуналдық қызметтер. 2010 жылдың 7 айында жалпы аумағы 1810 шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланса, қосылғаны 1049 шаршы метр, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 58,1% құрайды. Тұрғындар қаражаты есебінен 17,8 млн.теңге тұрғын үй құрылысына жұмсалған.

Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 63-ті немесе өткен жылға қатысты 112,5% -ды құрап отыр.

Былтырғы жылдың 7 айында 1 ана өлімі тіркелсе, биылғы жылы ана өлімі тіркелмеген.



Эпидемиологиялық жағдай. 2010 жылдың 1 тамызына жұқпалы аурулармен науқастанғандар саны 581 болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 адамға аз.

Жартыжылдықта жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары 58-59% орындалды.



Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 тамызына 229 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2009 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 27,2%-ға артық. Ашылу деңгейі 71,1% құрап, өткен жылдан 7,3%-ға артқан.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 тамызына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 280 адам. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 209 адамға аз, немесе 57,3% құрайды. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың деңгейінен 0,6%-ға кеміді.

Жыл басынан бері 900 адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан 139 адамға артық. 2010 жылдың қаңтар-шілдесінде 522 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 1 тамызға 543 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2009 жылдың 1 тамызынан салыстырғанда 3 адамға артық.



Еңбекақы. 2010 жылдың 1 шілдесіне жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 54133 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%–ға жоғарылаған.

Жалақының ең жоғары деңгейі көлік және байланысқа қарасты мекемелерде, ал ең төмені әлеуметтік және коммуналдық қызмет мекемелерінде.



Қаржы. 2010 жылдың 1 тамызына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 711,6 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 89,3%-ы.

Жыл басынан бері 735,0 млн.теңге субвенция, 111,9 млн.теңге даму трансферттері және 383,1 млн.теңге ағымдағы трансферттер алынды. Бюджеттің игерілуі 96,9%–ды құрады.



«Жол картасы» бағдарламасы. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 33 жоба құрылып, бағдарлама бойынша барлығы 456090,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 311494,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 12969,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 131627,0 мың теңге.

Жоспарланған қаржыдан 281540,4 мың теңге игерілді: республикалық бюджеттен 202648,5 мың теңге, облыстық бюджеттен 6682,6 жергілікті бюджет есебінен 72209,3 мың теңге.

Бағдарлама бойынша сәуір-шілде айларында 500 жұмыс орнын ашу көзделсе, нақты ашылғаны 517.

421 адам жұмыс орындарына орналасты, мұның ішінде жұмыссыздық арқылы орналасқандары – 303.

Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 35 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жіберу жоспарланса, нақты жіберілгендер саны 40 болды.

Әлеуметтік жұмыс орындарының жоспары 80 адам, орналасқандар 87.



Аягөз аудандық экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бастығы К.Уәлиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет