Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округiне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы



Дата11.07.2016
өлшемі14.24 Kb.
#191383
Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округiне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 04 мамырдагы N 253 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң Аягөз аудандық әдiлет басқармасында 2012 жылғы 28 мамырда N 5-6-162 тiркелдi



      РҚАО ескертпесi.
      Мәтiнде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бидайық ауылдық округiнде iрi қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округiнде iрi қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Б. Мусафирбеков), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен мiндеттi ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкiмiнiң орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмi                                Ә. Мұхтарханов


 
 

      Келiсiлдi:

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетiнiң Аягөз аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Б. Мусафирбеков

      4 мамыр 2012 жыл



      Аягөз аудандық санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Д. Жұмақанов

      4 мамыр 2012 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет