|
Аян ертегі,ал Диана одан ертегі артық оқыды. Диана неше ертегі оқыды?
|
бет | 1/2 | Дата | 24.01.2023 | өлшемі | 55 Kb. | | #468669 |
| 1-сыныпқа арналған сөз есептер жинағы.
1.Аян 5 ертегі,ал Диана одан 4 ертегі артық оқыды.Диана неше ертегі оқыды?
|
1. Сыныпта 17 ұл бала және одан 7-еуі кем қыз бала ойнап жүр.
Сыныпта неше қыз бала ойнап жүр?
|
2. Алимжан 7 сурет,ал Лана одан 3 сурет кем салды.Лана неше сурет салды?
|
2. Үстелде 13 кітап,сөреде 5 кітап кем жатыр.Сөреде неше кітап жатыр?
|
3. Қорада 6 үйрек және одан 4-еуі артық тауық жүр.Қорадағы тауық нешеу?
|
3. Гүлжанда 25 кәмпит бар.Ал Сымбатта 5 кәмпит кем.
Сымбатта неше кәмпит бар?
|
4. Қоймада 10 қап бидай болды.
Оның 8 қап бидайы сатылды.
Қоймада неше қап бидай қалды?
|
4. Арланда 14машина,
Тамерланда 10 машина бар.
Оларда барлығы неше машина бар?
|
5.Атамның 18 теңгесіі бар еді.Ол 13 теңгесін жұмсады.Оның қанша теңгесі қалды?
|
5. Арайлымның қолында 15 шар бар еді.Ол Наргизаға 7 шар берді.Арайлымда неше шар қалды?
|
6.Атамның шапаны 17теңге,ал әкемнің шапаны 13 теңге тұрады.Атамның шапаны әкемнің шапанынан қанша қымбат?
|
6. Аулада 7 бала доп ойнап жүр еді.3 бала үйіне кетті.Аулада неше бала қалды?
|
Ойыншық жасау үшін Айбек 10 см қызыл және 5 см жасыл жолақша қиып алды.Қызыл жолақша жасыл жолақшадан неше сантиметр ұзын?
Ағашқа 10 торғай және одан 8-і кем сауысқан қонып отыр.Сауысқан нешеу?
Гүлбаршын 5 см қызыл және 6 см жасыл жолақша қиып алды да,ойыншық кеменің бүйіріне желімдеді.Гүлбаршын барлығы неше сантиметр жолақша желімдеді?
Алдаркөсе 7 алтын ақшаға шапан және 3 алтын ақшаға етік сатып алды.Алдаркөсенің етігі шапанынан қанша арзан?
Байдың шапаны 9 алтын ақша,ал Алдаркөсенің шапаны 3 алтын ақша тұрады.Байдың шапаны мен Алдаркөсенің шапаны барлығы қанша ақша тұрады?
Бір қорапта 12 дәптер,ал екінші қорапта 10 дәптер бар.Екінші қорапта неше дәптер кем?
Асханаға 13 банка алма шырыны,ал одан 3 банка кем өрік шырыны әкелінді.
Асханаға неше банка өрік шырыны әкелінді?
Әжесі 60 жаста,ал немересі одан 50 жас кіші.Немересі неше жаста?
Балалар бірінші жүйекке 30,ал екіншісіне одан 10 көшет артық отырғызды.Екінші жүйекке неше көшет отырғызылды?
аналар күніне арналған мерекеде 6 бала би биледі,ал 4 бала өлең айтты.Барлығы неше бала өнер көрсетті?
Аулада 6 қарағай,одан 2-еуі кем қайың өсіп тұр.Аулада неше қайың өсіп тұр?
Мүгүлсім 3 пломбир және 6-ауы артық эскимо балмұздағын сатып алды.Ол неше эскимо балмұздағын сатып алды?
Асқар 18 қап картоп жинады,ал Дәулет одан 3 қап картоп кем алды.Дәулет неше қап картоп жинады?
Ермек 15 жаста,ал інісі одан 5 жас кіші.Інісі неше жаста?
Бірінші сыныпта 13 парта,ал екінші сыныпта 1 парта кем.Екінші сыныптағы парта қанша?
Автобуста 12 бала және одан 8-і артық үлкен кісі отырды.Автобуста үлкен кісі неше?
Асылзат 15 жаста.Нағашы ағасының жасы оның жасындай екеу болады.Нағашысы нешеде?
Айман терезенің 7 көзін жуды,ал Мәрзия одан 2 көз кем жуды. Мәрзия неше терезе жуды?
сыныпта барлығы 18 парта.кезекшілер 12 парта сүртті.Сүртетін неше парта қалды?
Сәуленің үйінде 9 ақ тауық,одан 2-еуі кем шұбар тауық бар.Сәуленің үйінде неше шұбар тауық бар?
Айтысқа 10 ұл бала,одан 5-еуі кем қыз бала қатысты.Ақындар айтысына неше қыз бала қатысты?
Ұста бірінші күні 15 таға,ал екінші күні одан 1 таға артық соқты.Екінші күні неше таға соқты?
Қорада қозы 10,ал лақтың одан 3-еуі кем.Қорада неше лақ бар?
Мектеп ауласында 10 терек және 4 шырша өсіп тұр.Теректің шыршадан нешеуі артық?
Себетте қызанақ 10 және 6 қияр бар.Қиярдың қызанақтан нешеуі кем?
Наурыз мерекесіне Абай ауылы 4 киіз үй,ал Жамбыл ауылы 5 киіз үй тікті.Барлығы неше киіз үй тігілді?
Терезенің алдында 5 қызыл және 4 ақ раушан гүлдеп тұр.Барлығы неше раушан гүлдеп тұр?
Салтанат гүлзардағы 8 қалампыр гүлінің 5-еуін қиып алды.Гүлзарда неше қалампыр гүлі қалды?
Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды.Айдос неше ойыншық бояды?
Кәмшат 6 ою ойып алды.Гүлнар одан 2 ою кем ойды.Гүлнар неше ою ойды?
Математика сабағында Малика 7 тапсырма,ал Жанат 5 тапсырма орындады.Малика неше тапсырма артық орындады? Жанат неше тапсырма кем орындады?
Бақта 9 түп алма ағашы және одан 5-еуі кем алмұрт ағашы бар.Бақтағы алмұрт ағашы нешеу?
Динараның сөмкесінде 5 қалам,3 дәптер бар.Динараның сөмкесінде неше оқу құралы бар?
Күнсұлу бірінші шелекке 6 алма,екінші шелекке сонша алма салды.екі шелекте неше алма бар?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|